Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау



Pdf көрінісі
бет31/93
Дата07.09.2023
өлшемі8,26 Mb.
#106544
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   93
Байланысты:
v13008424 2.17-10-2018.kaz


Глава 12. Требования к уровню подготовки обучающихся 9 класса
111. Предметные результаты.
112. Обучающиеся будут знать:
1) правила поведения в школе, классе, общественных местах;
2) слова и выражения употребляемые для просьб, поручений в бытовых ситуациях и
социальных действиях;
3) содержание некоторых художественных произведений и статей;
4) правила заполнения деловых бумаг, СМС-сообщений;
5) речевой этикет.
113. Обучающиеся будут уметь:
1) пользоваться разговорной речью в общении со взрослыми и товарищами (вести 
диалоги по заданной теме, по ситуации, расспрашивать об интересующем);


2) выполнять поручения, просьбы, выражать желания при организации личной и 
коллективной жизни в школе-интернате (самообслуживание, питание, уборка 
помещений, взаимопомощь);
3) грамотно оформлять деловые бумаги: заполнять бланки, анкеты, написать 
заявление о приеме на работу, составить резюме, отправить СМС сообщение;
4) самостоятельно выбирать и читать художественное произведение, газетную 
статью, журнал, рассказать их содержание, выразить свое мнение;
5) пользоваться формулами речевого этикета (обращение с просьбой, вежливо 
отказать; писать поздравления, приглашения).
Глава 13. Требования к уровню подготовки обучающихся 10 класса
114. Предметные результаты.
115. Обучающиеся будут знать:
1) правила поведения в школе, классе, общественных местах;
2) нормы речевого общения;
3) различие форм речи в устном и письменном общении;
4) формы письменного общения (заявки, приглашения, поздравления.
116. Обучающиеся будут уметь:


1) пользоваться разговорно-обиходной речью в диалогической, монологической, 
письменной формах;
2) самостоятельно вести диалоги и связно рассказывать о прочитанном и увиденном
;
3) собирать нужный материал в процессе экскурсии, вести диалог и рассказывать об
экскурсии связанно;
4) вести беседу, поддерживать ее, высказать свое мнение, умозаключение.
117. Личностные результаты. Ожидается, что обучающиеся проявят:
1) мотивацию к труду, умение преодолевать трудности;
2) навыки сотрудничества со взрослыми;
3) умение моделировать свое речевое общение в различных ситуациях на 
слухо-зрительной основе;
4) умение соблюдать правила речевого поведения;
5) умение закреплять и совершенствовать свои речевые навыки.
118. Системно-личностные результаты. Ожидается, что обучающиеся овладеют:
1) умением выражать просьбу, желание;
2) умением задавать вопросы и отвечать на них;


3) умением участвовать в диалоге;
4) навыками разговорно-обиходной речи.
Қазақстан 
Республикасы
Білім 
және 
ғылым 
министрінің
2013 
жылғы 

сәуірдегі
№ 115 бұйрығына 330-қосымша
Есту қабілеті бұзылған (нашар еститін, кейіннен естімей қалған) білім 
алушыларға арналған негізгі орта білім беру деңгейінің 5-10 сыныптары үшін "
Сөйлеу тілін қалыптастыру және есту түйсігін дамыту" пәнінен үлгілік оқу 
бағдарламасы
(оқыту қазақ тілінде жүргізілетін сыныптар үшін)
Ескерту. Бұйрық 330-қосымшамен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым 
министрінің 27.07.2017 
(1, 2, 6, 8, 9, 10, (11, 12)-сыныптарының ерекше білім 
№ 352
беруге қажеттіліктері бар білім алушылары үшін 05.09.2017, 3-сыныптың ерекше білім 
беруге қажеттіліктері бар білім алушылары және 10-сыныптың білім алушылары үшін 
01.09.2018, 4-сыныптың ерекше білім беруге қажеттіліктері бар білім алушылары, 
сонымен қатар 11-сыныптың білім алушылары үшін 01.09.2019 бастап қолданысқа 
енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Түсінік хат
1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы
№ 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта 
білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру 
сәйкес әзірленген.
стандартына
2. Оқу пәнінің мақсаты:
1) нашар еститін білім алушыларда дыбыстарды дұрыс айту дағдыларын және 
сөйлеу тілін естіп қабылдауын дамыту болып табылады;


2) қалдық есту қабілетін мүмкіндігінше дамыту, осы негізде ауызша сөздік тілін 
қабылдауға, жаңа естіп қабылдау тірегін құру;
3) нашар еститін баланың сөздік емес дыбыстар әлемі жайлы түсінігін байытып, 
айналасындағы дыбыстар әлемін бағдарлай алуға үйрету.
3. Оқу пәнінің міндеттері:
1) дыбыс күшейткіш аппарат пен жеке есту аппараттары көмегімен және апаратсыз 
қабылдап қайталап айту;
2) оқу іс-әрекетін ұйымдастыруға байланысты қарапайым сөйлеу материалдарын 
қабылдап қайталау;
3) жалпы білім беретін пәндерді оқытуға байланысты материалдарды естіп 
қабылдау, ажырата білу және сөздік материалды қайталап айта білу;
4) сыныптағы сөздерді естіп қабылдау жағдайына байланысты мұғалімнің 
мәтіндерді таңдап алуы;
5) естіп қабылдау және табиғи дыбыстарды естіп қабылдау;
6) білім алушылардың фонетикалық анық, айқындап, мәнерлі ауызша сөйлеу тілін 
қалыптастыру;
7) сөйлеу тіліндегі дұрыс интонацияны, ырғақты, орфоэпияның негізгі ережелерін, 
буын және сөз екпінін сақтау;
8) сөйлеу кезінде дұрыс тыныс алып сөйлеуді қалыптастыру;


9) тыныспен жұмыс, дауыспен жұмыс, дыбыстармен, сөз, сөз тіркестерімен жұмыс 
жүргізу;
10) орфоэпиямен, интонациямен жұмыс жүргізу жолдарын қарастыру;
11) сөзбен, сөз тіркестерімен жұмыс жүргізу;
12) интонациялық сөйлеу тілін қалыптастыру, хабарлы, сұраулы, сөйлемдер 
интонациясын және эмоциональды көңіл-күйді білдіретін сөз, сөз тіркестермен жұмыс 
жүргізу;
13) сөйлеу тіліндегі шығармашылық жұмыстарға қызығушылығын қалыптастыру;
14) сөйлеу тілін қалыптастыру үшін міндетті түрде стационарлық дыбыс күшейткіш
аппаратты, жеке сабақта, сабақтарда, сабақтан тыс уақытта үзбей қолдану;
15) қойылмаған дыбыстардың орнына, уақытша қолданылатын дыбыстарды 
пайдалану: д-т, ш – с, с-ш, с-з;
16) қойылған дыбыстарды буында, сөзде, сөз тіркестерінде дағдыландыру, қатаң, 
ұяң, үнді дыбыстарды дифференциациялау;
17) 5-6 сыныптарда жеке сабақта әр білім алушының дыбыстарды дұрыс айту 
дағдыларын толығымен қалыптастыру;
18) арнаулы сабақтарда әр түрлі методикалық әдістерді қолдану және фонетикалық 
ырғақ және арнайы дыбыстарды қоятын түзету жұмыс түрлерін пайдалану;
19) мұғалімге еліктей отырып дыбыстарды естіп, естіп-көріп қабылдауға үйрету 
және сөздерде, сөйлемдерде дыбыстарды дұрыс айтуын қадағалау.


4. Есту қабілеті бұзылған білім алушыларға арналған арнайы мектептерде ең негізгі 
түзету сабақтардың бірі - "Сөйлеу тілін қалыптастыру және есту түйсігін дамыту" 
болып табылады. Нашар еститін балаларда есту қабілетін дамыту мен ауызша сөйлеу 
тілін қалыптастыру бір-бірімен тығыз байланысты. Ауызша сөйлеу тілін қалыптастыру 
есту және естіп көру негізінде жүзеге асады. Өз кезегінде сөйлеу тілін естіп қабылдау 
дағдысы білім алушылардың дыбыс айтуды қалыптастыру процесінде жетілдіріледі.
5. Берілген бағдарлама екі бөлімнен тұрады:
1) есту қабілетін дамыту;
2) дыбыс айтуға үйрету.
6. Оқу бағдарламасы 1 - 4-дәрежелі (бағдарламаға сәйкес есту қабілетін және сөздік 
қорын байыту мүмкін болған жағдайда) нашар еститін білім алушыларға арналған.
7. Оқу материалының мазмұнын оқу барысында: сөйлеу тілін, дактиль тілін, ауызша
сөйлеу тілін дамыту пәндері және математика, түзету ырғағы сабақтарымен пәнаралық 
байланысы ескеріледі.
8. Түзету жұмысының мазмұны:
1) білім алушыларды сөздік материалды естіп көру және есту арқылы қабылдауға, 
тануға, ажырата білуге және оны қайталап айтуға, өтініш пен тапсырманы орындауға 
үйрету;
2) естіп көріп қабылдауды көмекші құрал ретінде пайдаланылады. 5-10 сыныптарда 
барлық сөздік материалдарды естіп көру арқылы қабылдау және оны сөйлемде естіп 
тани білу;


3) сөйлемдерді, жаңа материалдарды, сөздерді, сөз тіркестерін, сөйлемді, 
математикалық терминдерді ажырата білу;
4) естіп қабылдаған материалдарды тиянақтай, пысықтай отырып, естіп қабылдай 
білу;
5) өтінішті, тапсырмаларды естіп қабылдап орындай білу;
6) 5-10 сыныптарда радио және теледидардан хабарларды тыңдап, қабылдауға 
үйрету;
7) есту қабілетін дамытуға берілген сөздік материалдарының әр білім алушының 
жеке бас ерекшіліктеріне сай болуын ескеру;
8) білім алушылардың мүмкіндіктеріне қарай тапсырма мөлшерін күрделендіру.
9. Оқу жүктемесінің көлемі:
1) 5-сынып- аптасына 16 сағат, оқу жылында - 544 сағат;
2) 6-сынып – аптасына 16 сағат, оқу жылында - 544 сағат;
3) 7-сынып – аптасына 4 сағат, оқу жылында - 136 сағат;
4) 8-сынып – аптасына 4 сағат, оқу жылында - 136 сағат ;
5) 9-сынып – аптасына 4 сағат, оқу жылында - 136 сағат ;
6) 10-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында - 68 сағат.


10. Сөйлеу тілін қалыптастыру және есту түйсігін дамыту бойынша жеке және 
топтық сабақтар 5-6 сыныптарда бір білім алушыға аптасына - 2 сағат, 7-9 сыныптарда 
– 0,5 сағат, 10-сыныптарда – 0,25 сағат өтіледі және осыған орай бағдарлама жоспар 
бойынша жалпы білім беретін пәндерді оқытуға байланысты бір тақырыптағы мәтінді 
бір аптаға берілетінін ескере отырып құрылған. Көлемді тақырыптарды 2-3 аптаға 
алады.
11. Бағдарлама мазмұны келесідей құрал-жабдықтардың болуын қарастырады: 
заттық-сюжеттік суреттер, тақырыптар бойынша кестелер, дыбыстарды қою мен 
дағдыландыруға көрнекі материалдар, дыбыскүшейткіш аппараттар, компьютер, 
магнитофон, ойыншықтар, муляж және тағы басқа әдістемелік, дидактикалық және 
көрнекі әдебиеттер.
2-тарау. Оқу пәнінің 5-сыныптағы базалық білім мазмұны
12. Есту арқылы жеке аппаратпен және аппаратсыз сөздік материалдарды қабылдау 
(136 сағат):
1) оқу іс-әрекетінің ұйымдастырылуына байланысты қолданатын сөздік 
материалдар: "Жазғы каникулды қалай өткіздің?", "Каникулда қайда бардың?", "
Қандай қызықты оқиғалар есіңде қалды?", "Каникулда достарыңмен балық аулауға 
бардың ба?", "Қандай қызықты кітаптар оқыдың?", "Сен қандай теледидар хабарларын 
ұнатасың?", "Неліктен?", "Жанантан сұра, балалар ертенгі сегізде не істейді?".
13. Есту арқылы жеке аппаратпен және аппаратсыз сөздік материалдарды-қабылдау 
(136 сағат):
1) жалпы білім беретін пәндердегі оқылатын тақырыптар бойынша және 
математикалық және грамматикалық терминдерді қолдану: "Ұзындығы 4 см кесінді 
сызық сыз", "45+15,57-18", "Көп нүктенің орнына тиісті жіктік жалғауын қойып оқы".
14. Естіп қабылдау (15-20 сөйлемнен тұратын) және сол тақырыптарға байланысты 
тапсырмалар (136 сағат):


1) шамамен алынған тақырыптар: "Жазғы каникул", "Астана - бас қала", "Табиғат 
аясында", "Мен кім боламын", "Менің достарым". "Табиғатты қорғай біл", "
Мамандықты таңдай біл", "Мектептегі үйірмелер". "Ғажайып қыс", "Наурыз айы - жыл 
басы", "Көгілдір көктем келді күлімдеп", "Аналар - асыл жандар", "Жадырап жаз келеді
", "Табиғаттағы мезгіл аралық өзгерістер", "Жабайы аңдар өмірінен", "Тоқтар 
Әубәкіров - тұңғыш қазақ ғарышкері" және математикалық терминологиялар, 
тапсырмалар.
15. Мәтін бойынша шамамен алынған сұрақтар: "Жазғы каникулды қалай өткіздің?"
, "Каникулда қайда бардың?", "Қандай қызықты оқиғалар есіңде қалды?", "Каникулда 
достарыңмен балық аулауға бардың ба?", "Қандай қызықты кітаптар оқыдың?", "Сен 
қандай теледидар хабарларын ұнатасың? Неліктен?". Математикалық және 
грамматикалық терминдерді қолдану: "45+15, 57-18", "Көп нүктенің орнына тиісті 
жіктік жалғауын қойып, оқы", "Наурыз қандай мейрам?", "Мейрамға ел қалай 
қамданады?", "Наурыз көжені қандай дәмдерден дайындайды?", "Жаңа жыл қай айдан 
басталады?", "Досыңнан сұра, наурыз мерекесін қайда өткізді?", "Наурызда қандай 
қызықты ойын түрлерін көрдің?", "Наурыз айының нешесінде күн мен түн теңеледі?". 
Математикалық, грамматикалық терминдерді қолдану: "54+32, 32-14, 78+12".
16. Естіп қабылдауға шамамен берілген сөздік материалдар: жаз, жазғы каникул, 
ауылға бардым, достарым шақырды, балық ауладым, қызықты оқиғалар болды,
теледидар қарадым, кітап оқыдым, қызық кітап, каникул жақсы өтті.
17. Дыбыстардың айтылуын қалыптастыру (136 сағат). Дұрыс тыныс алу:
1) тыныс паузаларының көмегімен синтагмдерді дұрыс ажыратып, сөздік тілді 
пайдалану.
18. Дауыс:
1) логикалық екпінді диалогтар кезінде сақтау;
2) бірқалыпты дауыспен сөйлеу.


19. Дыбыстар және дыбыс тіркестері:
1) артикуляциясы ұқсас дауыссыз дыбыстарды дифференциациялау;
2) мұрын жолды және ауыз жолды дыбыстар: м-п, м-б, н-ң, н-т, в-д;
3) ұяң және қатаң дыбыстар: ф-в, п-б, т-д, к-г, с-з, ш-ж, қ-ғ;
4) шулы-ызың дыбыстар: с-ш, з-ж;
5) аффрикаттар: ц-ч.
20. Сөз:
1) сөздік тілде дыбыс тіркестерін дұрыс сақтап, айту: -ст (Астана, Қазақстан), -лм (
Алматы, алма, алмұрт) - лш (Алша, қызылша) -нш (әнші, кенші), -сп (аспан, аспаз) -сх (
асхана, Асхат) - лт (алтын, алты) -ан (ынталы, ынтымақ).
21. Қысқа сөйлемдер: әдеби шығармалардың үзінділері мен өлеңдерді жатқа 
мәнерлеп оқу. Сөйлеу тілінің бірқалыптылық темптік дағдысын бекіту. Әдеби 
шығармалардың үзінділері мен өлеңдерді интонацияны сақтап,жатқа мәнерлеп оқу. 
Сөйлеу тілінің бірқалыптылық, ырғақтық, темптік дағдысын бекіту.
3-тарау. Оқу пәнінің 6-сыныптағы базалық білім мазмұны
22. Есту арқылы жеке аппаратпен және аппаратсыз сөздік материалдарды қабылдау 
(181 сағат):


1) оқу іс-әрекетінің ұйымдастырылуына байланысты қолданатын сөздік 
материалдар: "Аслан, Айшадан сұрашы, ол сабақта не істегенді жақсы көреді". "Сен 
қандай ара қашықтықта естисің?".
23. Есту арқылы жеке аппаратпен және аппаратсыз сөздік материалдарды қабылдау 
(181 сағат):
1) жалпы білім беретін пәндердегі оқылатын тақырыптар бойынша және 
математикалық және грамматикалық терминдерді қолдану: негізгі екі буыннан 
құралған еліктеуіш сөзді көрсет. Күрделі сөзді көрсет. "Төрттен бір бөлшегі неше 
процентке сәйкес?". 
24. Естіп қабылдау (20-25 сөйлемнен тұратын) және сол тақырыптарға байланысты 
тапсырмалар (182 сағат):
1) шамамен алынған тақырыптар: "Қазақстан қалалары", "Еңбек бақыты", "
Мектебім өз үйім", "Сары алтындай, сары күз", "Армысың, жаңа жыл", "Табиғат 
байлығы", "Кітап - сенің досың", "Менің елім - Қазақстан", "Туған жерім - менің елім", 
"Қазақстан Республикасының 
", "Наурыз көже", "Білімді адам - өрге 
Конституциясы
озады";
2) мәтін бойынша шамамен алынған сұрақтар: "Қазақстанның қандай ірі қалаларын 
білесің?", "Алматы қандай қала?", "Талдықорған қай жерде орналасқан?", "Оңтүстіктегі
ең үлкен қала қай қала?", "Атырау қаласы неге мұнай қоймасы деп аталады?", "
Қарағаннды қаласы несімен бай?", "Ақтөбе қай облыс орталығы?", "Астана неліктен 
бас қала деп аталады?", "Қандай автордың кітаптарын оқыдың?", "Сен өз достарыңды 
ұнатасың ба?", "Олар саған несімен ұнайды?", "Оқыған кітаптарыңның ішінен, қай 
кітап есіңде қалды?", "Өсімдіктер адам өмірінде қандай орын алады?";
3) математикалық және грамматикалық терминдерді қолдану: "Зат есім деген не?", "
Сөйлемнен тауып оқы". "Ол қалай жіктеледі?", "Сөйлемнің тұрлаулы мүшелерімен екі 
сөйлем құра", "Қазір қай жыл?", "Сағат қанша?", "Есепті шығар.45:3,15:5,50:10".


25. Естіп қабылдауға шамамен берілген сөздік материалдар: Қазақстан, Алматы, 
Талдықорған, Оңтүстік, Атырау, Қарағанды қаласы, Ақтөбе, Астана бас қала, Алматы 
әсем қала, Талдықорған жер жаннаты Жетісуда орналасқан, Атырау Қазақстанның 
мұнай қоймасы, Қостанай –құт, қызыл бидай қамбасы, Шымкент - ыстық оңтүстігім, 
мақталы. Ақтөбе – ақ тарысы мол өлке, Қарағанды - қара алтынның ордасы.
4-тарау. Оқу пәнінің 7-сыныптағы базалық білім мазмұны
26. Есту арқылы жеке аппаратпен және аппаратсыз сөздік материалдарды қабылдау 
(45 сағат):
1) оқу іс-әрекетінің ұйымдастырылуына байланысты қолданатын сөздік 
материалдар: "Сендер қай күні демаласыңдар?", "Демалыс күні сен қайда барасың?", "
Математикадан берілген тапсырманы орындадың ба?".
27. Есту арқылы жеке аппаратпен және аппаратсыз сөздік материалдарды-қабылдау 
(45 сағат):
1) жалпы білім беретін пәндердегі оқылатын тақырыптар бойынша және 
математикалық және грамматикалық терминдерді қолдану. Туынды сөзді көрсет. 
Еліктеудің қай түрі, анықта: біреу оқыс жөтеліп қалса-ақ, ала қашатындай елең-елең 
етіп, ойнақшып келеді. Сағатқа қарап минутқа дейінгі дәлдікпен уақытты анықтау: 46:2
, 25.
28. Естіп қабылдау (20 сөйлемнен және одан жоғары) сол тақырыптарға 
байланысты тапсырмалар ( 46 сағат):
1) шамамен алынған тақырыптар: "Астана – бас қала", "Менің сүйікті республикам 
Қазақстан", "Наурыз -жыл басы", "Шынықсаң, шымыр боласың", "Туған жер табиғаты"
, "Мектебім - алтын ұям", "Алматы - әсем қала", "Анаңды ардақтай біл", "Қазақстан 
тарихы", "Қазақ әдебиеті", "Биология және география", "Математика" пәндеріне 
байланысты мәтіндерді қолдану;


2) мәтін бойынша шамамен алынған сұрақтар: "Қазақстанның астанасы қай қала?", 
"Сен ол жерде болдың ба?", "Қала несімен әдемі?", "Қалада қандай спорттық кешендер 
бар?", "Сен театр, мұражайларда болдың ба?", "Қандай қойылымдарды тамашаладың?",
"Хан шатыры қай көшеде орналасқан?", "Оған қалай баруға болады?", "Қалада көрген 
қызықты оқиғаларың жайында айтып бер", "Қандай автордың кітаптарын оқыдың?", "
Оқыған кітаптарыңның ішінен қай кітап есіңде қалды?", "Оның авторы кім?". 
Математикалық және грамматикалық терминдерді қолдану: "Сын есім деген не?", "
Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелерін ата", "Мәтіннен толықтауыштарды тауып, сөз табына 
қарай талда", "Қазір сағат қанша?", "Есепті шығар.75:3, 95:5, 90:10".
29. Естіп қабылдауға шамамен берілген сөздік материалдар: Астана, Астана – бас 
қала. Мұражай, театр, Хан шатыры, Қабанбай батыр көшесі. Сөйлемнің тұрлаусыз 
мүшелері: анықтауыш, толықтауыш, пысықтауыш, сөйлемнің тұрлаулы мүшелері: 
бастауыш, баяндауыш, септік жалғау, жіктік жалғау, геометриялық денелер: үшбұрыш, 
төртбұрыш, көпбұрыш, тікбұрыш, доғал бұрыш, шаршы, дөңгелек.
5-тарау. Оқу пәнінің 8-сыныптағы базалық білім мазмұны
30. Есту арқылы жеке аппаратпен және аппаратсыз сөздік материалдарды-қабылдау 
(45 сағат):
1) оқу іс-әрекетінің ұйымдастырылуына байланысты қолданатын сөздік 
материалдар: "Сен кезекші болғанда саған кім көмектеседі?", "Мектепте сабақ сағат 
сегізде басталады", "Сен үй жұмысын сағат нешеде орындайсың?", "Сен өз есту 
қабілетіңнің ара қашықтығын білесің бе?", "Математика сабағы саған ұнай ма?", "Бүгін 
сабақтан соң не істейсің?", "Өмірбаянға не туралы жазу қажет?", "Тыңда, сұраулық 
шылау арқылы жасалған сұраулы сөйлемді тап". 
31. Есту арқылы жеке аппаратпен және аппаратсыз сөздік материалдарды қабылдау 
(45 сағат):
1) ауызша сөйлеу тілі материалдарын естіп қабылдау. Серуенге шыққанда көптеген 
қызықты жағдайлар болды. Мектепте өткен кездесуде мынандай қызықты оқиғалар 
болды. Өмірбаян сұраққа жауап беру арқылы жазылады.


32. Тақырыптар бойынша мәтінді естіп қабылдау (46 сағат):
1) сөздік материалдарды әртүрлі дикторларды (мұғалімді, достарын) тыңдап, бірдей
арақашықтықта естіп қабылдау;
2) сөздік материалдарды (жеке аппараатпен) аудиожазбалар арқылы естіп қабылдау;
3) оқу бағдарламасында берілген сөздік материалдарды теледидардан берілетін 
жастарға және жасөспірімдерге арналған хабарларды естіп-көру арқылы қабылдау.
33. Шамамен алынған тақырыптар: "Менің сүйікті мамандығым", "Туған тілім, ана 
тілім", "Астана – көрікті қала", "16-желтоқсан - Қазақстанның тәуелсіздік күні", "
Салт-дәстүрі халқымның", "1 - мамыр мерекесі", "Менің сүйікті ауылым", "9-мамыр - 
Жеңіс күні", "7 - мамыр Ұландар күні", "Республикамның көрікті жерлері", "Қазақстан 
тарихы", "Қазақ әдебиеті", "Биология және география", "Математика" пәндеріне 
байланысты мәтіндерді қолдану.
34. Мәтін бойынша шамамен алынған сұрақтар: "Тәуелсіздік күніне қандай 
дайындық жасадыңдар?", "Жаңа жыл мерекесін қайда қарсы аласың?", "Қыс мезгілінде 
ауа райында қандай өзгерістер болады?", "Қазақ халқының қандай салт-дәстүрлерін 
білесің?", "Қазақстанда тұратын басқа ұлт-өкілдерінің қандай салт-дәстүрлерін білесің?
", "Қазақстанның бас қаласы Астана жайлы не білесің?", "Абылай хан жайында не 
білесің?", "Қазақ хандары жайлы айт", "Картадан Алматы облысын көрсетіп, облыс 
жайында мәлімет бер", "Қылқан жапырақты ағаштардың қандай түрлерін білесің?".
35. Шамамен естіп қабылдауға берілген сөздік материалдар: құттықтау, сыйлық 
беру, туған күн, мен бүгін ... жасқа толдым, "Танысайық, сенің есімің кім?", "Сен қайда 
тұрасың?", "Қайда оқисың?", "Бос уақытыңда немен айналысасың?", "Демалыс күні не 
істейсің?", "Қандай жаңалықтарың бар?", "Мен танысқаныма өте қуаныштымын, 
менімен бірге қыдыруға қалайсың?", "Бос уақытың бар ма?", "Театрге шақырсам 
келесің бе?", "Бүгін жақсы қойылым болады, бірге тамашалайық", "Менімен саяхатқа 
шығасың ба?", "Өзімізбен бірге достарымызды ертіп барайық", "Онда ұйықтайтын 
мөшек, рюкзак, тамақ, балық аулайтын құралдарды өзімізбен бірге алайық".


6-тарау. Оқу пәнінің 9-сыныптағы базалық білім мазмұны
36. Есту арқылы жеке аппаратпен және аппаратсыз сөздік материалдарды қабылдау 
(28 сағат):
1) оқу іс-әрекетінің ұйымдастырылуына байланысты қолданатын сөздік 
материалдар: сөздік материалдарды әртүрлі дикторларды (мұғалімді, достарын) тыңдап
, естіп қабылдау.
37. Сөздік материалдарды аудиожазбалар арқылы естіп қабылдау (28 сағат).
38. Ауызша сөйлеу тілі материалдарын оқу іс-әрекетінің ұйымдастырылуына 
байланысты телефон арқылы естіп қабылдау (28 сағат).
39. Тақырыптар бойынша күрделі мәтіндерді естіп қабылдау (24 сағат).
40. Сөздік материалдарды теледидардан және радиодан хабарларды естіп-көру 
арқылы қабылдау (28 сағат).
41. Шамамен алынатын тақырыптар: "Қазақстан тарихы", "Қазақ әдебиеті", "
Биология және география", "Математика" пәндеріне байланысты мәтіндерді алып 
қолдануға болады.
7-тарау. Оқу пәнінің 10-сыныптағы базалық білім мазмұны
42. Есту арқылы жеке аппаратпен және аппаратсыз сөздік материалды бағдарлама 
сұранысына сәйкес оқу іс-әрекетінің ұйымдастырылуына байланысты және күнделікті 
қолданатын сөздік материалдарды және мәтіндерді әртүрлі жағдайда сыныпта, 
сыныптан тыс жағдайда естіп қабылдау (34 сағат).


43. Радиодан, теледидардан білім алушыларды дамытатын тілдік материалдарды, 
диалогтік және монологтік тіл материалдарын магнитофон үнтаспалары арқылы естіп 
қабылдау (34 сағат):
1) мұғалімнің, достарының айтқан сөздерін, сөйлемдерін және ауызша сөйлеу тілі 
материалдарын есту арқылы қабылдау.
44. Шамамен алынатын тақырыптар: "Қазақстан тарихы", "Қазақ әдебиеті", "
Биология және география", "Математика" пәндеріне байланысты мәтіндерді алып 
қолдануға болады.
8-тарау. 5-сынып білім алушыларының дайындық деңгейіне қойылатын 
талаптар
45. Пәндік нәтижелер.
46. Білім алушылар:
1) оқу іс-әрекетінің ұйымдастырылуына байланысты және күнделікті қолданатын 
сөздік материалдарды естіп қабылдай;
2) сөздік материалдарды есту арқылы қабылдай;
3) қойылған дыбыстардың артикуляциясын біліп, шырайдан тани;
4) жалпы білім беретін пәндердегі оқылатын тақырыптарға байланысты мәтіндерді 
естіп қабылдай білетін болады.
47. Білім алушылар:


1) жеке аппаратпен және аппаратсыз сөздік материалды (сөз, сөз тіркестерін, қысқа 
сөйлемдерді) естіп;
2) жеке аппаратпен 15-20 сөйлемді естіп;
3) аппаратпен - 8-10 метр (2-дәрежелі нашар еститін), 5-6 метр (3-дәрежелі нашар 
еститін) естіп;
4) аппаратсыз 3-3,5 метр жерден (2-дәрежелі нашар еститін) 0,3-0,5 метр жерден (3-
дәрежелі нашар еститін) қабылдай алу дағдыларын меңгеретін болады.
9-тарау. 6-сынып білім алушыларының дайындық деңгейіне қойылатын 
талаптар
48. Пәндік нәтижелер.
49. Білім алушылар:
1) оқу іс-әрекетінің ұйымдастырылуына байланасты және күнделікті қолданатын 
сөздік материалдарды естіп қабылдай;
2) сөздік материалдарды есту арқылы қабылдап;
3) сөздік материалды жолдасының айтуы бойынша және магнитофон арқылы 
жақын арадан естіп қабылдап, орындай алуын;
4) есту арқылы мәтінді (17-20 сөйлемнен тұратын) қабылдап;
5) қойылған дыбыстардың артикуляциясын біліп, шырайдан тани білетін болады.


50. Білім алушылар:
1) жеке аппаратпен және аппаратсыз сөздік материалды (сөз, сөз тіркестерін, қысқа 
сөйлемдерді) естіп;
2) аппаратсыз-3,5 метр жерден (2-дәрежелі нашар еститін), 0,3-0,5 метр жерден (3-
дәрежелі нашар еститін);
3) жеке аппаратпен - 6-10 метр жерден (2-дәрежелі нашар еститін), 5-6 метр жерден 
(3-дәрежелі нашар еститін) естіп қабылдай алу дағдыларын меңгеретін болады.
10-тарау. 7-сынып білім алушыларының дайындық деңгейіне қойылатын 
талаптар
51. Пәндік нәтижелер.
52. Білім алушылар:
1) жалпы білім беретін пәндердегі оқылатын тақырыптарға байланысты мәтіндерді 
естіп;
2) сөздік материалды жолдасының айтуы бойынша және магнитофон арқылы 
жақын арадан естіп;
3) оқу іс-әрекетінің ұйымдастырылуына байланасты жэне күнделікті қолданатын 
сөздік материалдарды естіп;
4) есту арқылы мәтінді (20 және одан да көп сөйлемнен тұратын) қабылдай білетін 
болады.


53. Білім алушылар:
1) жеке аппаратпен және аппаратсыз сөздік материалды (сөз, сөз тіркестерін, қысқа 
сөйлемдерді) естіп;
2) аппаратсыз - 3,5-3 метр жерден аппаратпен 8-10 метр жерден (2-дәрежелі нашар 
еститін) қабылдау, 0,3 – 0,5 метр жерден естіп;
3) аппаратсыз және 6-6,5 метр аппаратпен (3-дәрежелі нашар еститін) естіп 
қабылдай алу дағдыларын меңгеретін болады.
11-тарау. 8-сынып білім алушыларының дайындық деңгейіне қойылатын 
талаптар
54. Пәндік нәтижелер.
55. Білім алушылар:
1) сөздік материалдарды естіп;
2) жалпы білім беретін пәндердегі оқылатын тақырыптарға байланысты мәтіндерді 
естіп;
3) оқу іс-әрекетінің ұйымдастырылуына байланысты және күнделікті қолданатын 
сөздік материалдарды естіп қабылдай білетін болады.
56. Білім алушылар:
1) жеке аппаратпен және аппаратсыз сөздік материалды (сөз, сөз тіркестерін, қысқа 
сөйлемдерді) естіп;


2) жеке аппаратпен 2-дәрежелі нашар еститіндер 9-10 метрден қабылдай алады; 3-
дәрежелі нашар еститіндер 6,5-7 метрден естіп;
3) оптимальды қашықтықта сыбырлап айтқанды естіп;
4) көріп-есту арқылы теледидардан оқу бағдарламасына сәйкес сөздік 
материалдарды жеке аппаратпен естіп қабылдай алу дағдыларын меңгеретін болады.
12-тарау. 9-сынып білім алушыларының дайындық деңгейіне қойылатын 
талаптар
57. Пәндік нәтижелер.
58. Білім алушылар:
1) бағдарлама сұранысына сәйкес оқу іс-әрекетінің ұйымдастырылуына байланысты
және күнделікті қолданатын сөздік материалдарды естіп қабылдай;
2) жалпы білім беретін пәндердегі оқылатын тақырыптарға байланысты мәтіндерді 
естіп қабылдай;
3) ауызша сөйлеу тілі материалдарын есту арқылы қабылдай білетін болады.
59. Білім алушылар:
1) жеке аппаратпен сөздік материалды (сөз, сөз тіркестерін, қысқа сөйлемдерді) 
естіп қабылдай;
2) сөздік материалдарды есту арқылы: жеке аппаратпен 10 метр жерден жеке 2-
дәрежелі нашар еститіндер;


3) 7-8 метр жерден 3-дәрежелі нашар еститіндер естіп;
4) жеке аппаратсыз 4 метр жерден 2-дәрежелі нашар еститіндер естіп;
5) 0,5 метр жерден 3-дәрежелі нашар еститіндер естіп;
6) сөздік материалды телефон арқылы естіп қабылдай алу дағдыларын меңгеретін 
болады.
13-тарау. 10-сынып білім алушыларының дайындық деңгейіне қойылатын 
талаптар
60. Пәндік нәтижелер.
61. Білім алушылар:
1) бағдарлама сұранысына сәйкес оқу іс-әрекетінің ұйымдастырылуына байланысты
және күнделікті қолданатын сөздік материалдарды естіп;
2) жалпы білім беретін пәндердегі оқылатын тақырыптарға байланысты мәтіндерді 
естіп;
3) ауызша сөйлеу тілі материалдарын есту арқылы қабылдай білетін болады.
62. Білім алушылар:
1) жеке аппаратпен сөздік материалды (сөз, сөз тіркестерін, қысқа сөйлемдерді) 
естіп;


2) сөздік материалдарды есту арқылы: аппаратсыз 4 метр жерден қабылдай;
3) аппаратпен 11 метр (2-дәрежелі нашар еститін) қабылдай;
4) аппаратсыз 0,5-0,6 метр және аппаратпен 8-9 метр (3-дәрежелі нашар еститін) 
естіп қабылдай;
5) сөздік материалды телефон арқылы (диалогтік және монологтік) сөздерді естіп 
қабылдай алу дағдыларын меңгеретін болады.
63. Тұлғалық нәтижелер. Білім алушылар:
1) мемлекеттік тілді білуінен, қазақ халқының және Қазақстан аумағында өмір сүріп
жатқан басқа да ұлыстардың тарихына, мәдениетіне, салт-дәстүріне және басқа 
құндылықтарына құрметпен қарау;
2) адамдармен қарым-қатынаста жоғары мәдениеттілік танытуынан, этикалық 
нормаларды сақтай білу;
3) өздігінен білім алуға, өмірден өз орнын табуға қабілеттілігі;
4) әлеуметтік ортаның ерекшеліктерін дұрыс бағалай алу;
5) өздігінен білім алуға, өмірден өз орнын табуға және жасампаз еңбекке 
ынта-ықыласы мен қабілеттілігін таныту;
6) белсенді азаматтық ұстанымын, жоғары патриоттық сезімін көрсете білу;
7) ауызша сөйлеу тілі материалдарын есту арқылы қабылдап, өз ана тілін, 
мәдениетін, салт-дәстүрін және де басқа ұлт-өкілдерінің салт-дәстүрін құрметтеу;


8) жеке аппаратпен сөздік материалды (сөз, сөз тіркестерін, қысқа сөйлемдерді) 
естіп қабылдау арқылы туған елге және туған жердің табиғатына деген сүйіспеншілігін 
арттыру дағдыларын танытады.
64. Жүйелік-әрекеттік нәтижелер білім алушылардың:
1) нақты жағдайға талдау жасап, мәселенің пайда болу себептерін көрсетуінен;
2) мәселені шешуге бағытталған өз әрекеттеріне мақсат қоя отырып, әрекеттің 
жоспарланған өнімін бағалауынан;
3) ұсынылған ақпаратты тапсырмаға сәйкес жіктеп, ұқсастықтары мен 
айырмашылықтарын көрсетуінен;
4) қойылған міндеттерді шешу үшін іріктелген ақпараттардан қорытынды 
жасауынан;
5) нақты міндеттерді шешу үшін белгілі әрекеттер технологиясын қолдануынан;
6) қарым-қатынас мақсатына сәйкес тілдік қатынасқа түсіп, мәтін құрауынан;
7) көпшілік алдында сөйленетін сөздің құрылымын анықтап, өз ойын мазмұнды әрі 
әсерлі жеткізе алуынан көрініс табады.
Қазақстан 
Республикасы
Білім 
және 
ғылым 
министрінің
2013 
жылғы 

сәуірдегі
№ 115 бұйрығына 331-қосымша
Есту қабілеті бұзылған (нашар еститін, кейіннен естімей қалған) білім 
алушыларға арналған негізгі орта білім беру деңгейінің 5-10 сыныптары үшін "
Сөйлеу тілін қалыптастыру және есту түйсігін дамыту" пәнінен үлгілік оқу 


бағдарламасы
(оқыту орыс тілінде жүргізілетін сыныптар үшін)
Ескерту. Бұйрық 331-қосымшамен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым 
министрінің 27.07.2017 
(1, 2, 6, 8, 9, 10, (11, 12)-сыныптарының ерекше білім 
№ 352
беруге қажеттіліктері бар білім алушылары үшін 05.09.2017, 3-сыныптың ерекше білім 
беруге қажеттіліктері бар білім алушылары және 10-сыныптың білім алушылары үшін 
01.09.2018, 4-сыныптың ерекше білім беруге қажеттіліктері бар білім алушылары, 
сонымен қатар 11-сыныптың білім алушылары үшін 01.09.2019 бастап қолданысқа 
енгізіледі) бұйрығымен.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   93




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет