Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау



Pdf көрінісі
бет40/93
Дата07.09.2023
өлшемі8,26 Mb.
#106544
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   93
Байланысты:
v13008424 2.17-10-2018.kaz


Глава 13. Требования к уровню подготовки обучающихся 10 класса
53. Предметные результаты.
54. Обучающиеся будут знать:
1) профили и артикуляции звуков;
2) нормы и правила орфоэпии русского языка;
3) правила выделения синтагм в самостоятельной речи.
55. Обучающиеся будут уметь:
1) воспринимать на слух весь программный речевой материал в разных условиях на
расстоянии: с 1 степенью тугоухости без индивидуальных слуховых аппаратов 8 метр; 
1 степенью тугоухости с аппаратами 12-13 метр; со 2 степенью тугоухости без 
аппаратов 4 метр; 2 степенью тугоухости с аппаратами 11 метр; 3 степенью тугоухости 
без аппаратов 0,5-0,6 метр; 3 степенью тугоухости с аппаратами 8-9 метр;
2) воспринимать на слух речевой материал популярных радиопередач;


3) воспринимать на слух диалогическую и монологическую речь по телефону.
56. Личностные результаты отражаются в:
1) самостоятельной речи и воспроизведении речевого материала с соблюдением 
речевых норм произношения;
2) передаче различных эмоциональных оттенков высказывания, произносить слова 
слитно, с ударением, реализуя умения воспроизведения звукового состава и соблюдая 
орфоэпические правила;
3) сформированных коммуникативных компетенциях обучающихся, готовых к 
самостоятельной независимой жизни;
4) ведение диалога с учителями, с друзьями;
5) управлении владением культурой общения, проявлении инициативности, 
ответственности.
57. Системно-деятельностные результаты отражаются в умениях и навыках 
владения всеми видами речевой деятельности, а также в овладении общеучебными 
умениями, полученными на уроках родного языка:
1) умении воспринимать и опознавать на слух и выделять основную мысль текста, 
структурные элементы текста (зачин, основная часть, концовка);
2) на слух восстанавливать деформированный текст, воспроизводить пересказ 
прочитанного по плану; составлять рассказы по серии картин на слух, устное 
сочинение по картине;


3) умении вести диалогическую речь, постепенно увеличивая количество реплик; 
выразительно читать небольшие стихотворения; петь детские песни на русском языке.
Қазақстан 
Республикасы
Білім 
және 
ғылым 
министрінің
2013 
жылғы 

сәуірдегі
№ 115 бұйрығына 332-қосымша
Есту қабілеті бұзылған (нашар еститіндер, кейін естімей қалған) білім 
алушыларға арналған негізгі орта білім беру деңгейінің 5-7 сыныптары үшін "
Түзету ырғағы" пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы
(оқыту қазақ тілінде жүргізілетін сыныптар үшін)
Ескерту. Бұйрық 332-қосымшамен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым 
министрінің 27.07.2017 
(1, 2, 6, 8, 9, 10, (11, 12)-сыныптарының ерекше білім 
№ 352
беруге қажеттіліктері бар білім алушылары үшін 05.09.2017, 3-сыныптың ерекше білім 
беруге қажеттіліктері бар білім алушылары және 10-сыныптың білім алушылары үшін 
01.09.2018, 4-сыныптың ерекше білім беруге қажеттіліктері бар білім алушылары, 
сонымен қатар 11-сыныптың білім алушылары үшін 01.09.2019 бастап қолданысқа 
енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Түсінік хат
1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы
№ 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта 
білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті 
сәйкес әзірленген.
стандартына
2. Оқу пәнінің мақсаты – білім алушылардың есту және дауыс шығару 
мүмкіндіктерін дамыту, үйлесімді, икемді және ырғақпен қозғалуға, ән тыңдауға және 
кез-келген қозғалысқа еркін қосылуына баулу.
3. Оқу пәнінің міндеттері:


1) есту кемістігі бар балаларды жан-жақты дамытумен қатар әлеуметтік өмірге де 
бейімделуіне ықпал ету;
2) балалардың жалпы дамып, жетілуіне ықпал етіп, дене кемістігін түзеуге жалпы 
және тілдік моториканың көңіл-күйдің дамыту;
3) эстетикалық тәрбие береді және жағымды қылықтарға (тәртіптілікке, татулыққа, 
достыққа) тәрбиелеу, білім алушыларға керекті негізгі қимылдарды үйрету;
4) музыкаға деген құштарлығын арттыру;
5) музыканың әр түрлі жанрларын қабылдауды үйрету;
6) этикалық көзқарасын қалыптастыру.
4. Арнайы нашар еститін балаларға арналған мектепте "Түзету ырғағы" пәні білім 
алушылардың рухани және адамгершілік тұлғасын қалыптастыратын негізгі пәндердің 
біріне жатады. "Түзету ырғағы" – нашар еститін балаларды жан-жақты дамытумен 
қатар әлеуметтік өмірге де бейімделуіне ықпал етеді, балалардың жалпы дамып, 
жетілуіне ықпал етіп, дене кемістігін түзеуге жалпы және тілдік моториканың 
көңіл-күйдің дамуына эстетикалық тәрбие береді және жағымды қылықтарға 
тәрбиелейді. "Түзету ырғағы" сабағында музыканы тыңдауға музыкамен әр түрлі дене 
қозғалыстарын орындап, өлең айтуға, би билеуге қарапайым музыкалық аспаптарда 
ойнауға үйренеді. Доппен, дөңгелекпен, жіптермен, шарлармен жаттығулар жасап, дене
қозғалыстарын дәл орындауға, ептілік пен шапшаңдық қимылдарын да дамытуға 
болады. Ырғақты қимылдар жасату арқылы есту кемістігі бар баланың жан-толғанысын
тудырып, олардың ой-өрісін, білімін, есту қабілетін, сөйлеу тілін дамытады.
5. Нашар еститін балаларға эстетикалық тәрбие берудің де басты бір жолы – түзету 
ырғағы сабағын жүргізу болып табылады. Сабақ барысында нашар еститін балалар 
дыбыс күшейткіш аппараттар көмегімен музыканы қабылдап, биді, гимнастикалық 
жаттығуларды дұрыс орындай алады. Сонымен қатар, музыка ырғағын дұрыс қабылдап


, ән айтып, өздерінің еститін құрбыларындай өмірге бейімделеді. Композитор, 
әншілерімен танысып, классикалық және замана талабына сай қазіргі кезең музыкасын 
да қабылдай алады.
6. Музыкалық шығармаларды тыңдау арқылы білім алушының ой-өрісі, есту 
қабілеті, сөйлеу тілі дамиды.
7. "Түзету ырғағы" сабағында музыканы тыңдауға музыкамен әр түрлі дене 
қозғалыстарын орындап, өлең айтуға, би билеуге қарапайым музыкалық аспаптарда 
ойнауға үйренеді және дене қозғалыстарын дәл орындауға, ептілік пен шапшаңдық 
қимылдарын да дамытуға болады.
8. "Түзету ырғағы" сабағы нашар еститін балаларға эстетикалық тәрбие берудің 
басты бір жолы болып табылады. Нашар еститін балалар сабақ барысында дыбыс 
күшейткіш аппараттар көмегімен музыканы қабылдап, биді, гимнастикалық 
жаттығулар орындайды. Сонымен қатар, композитор, әншілерімен танысып, есту 
қабілетін дамыту мақсатында сабақта классикалық және замана талабына сай 
музыканы да алады.
9. "Түзету ырғағы" бағдарламасы әр түрлі коррекциялық жұмыс түрлерін қамтиды: 
музыканы тыңдап-ажыратып айту, музыка арқылы негізгі қимылдарды үйрену, өлеңді, 
әнді мәнерлеп айтуды үйрену, фонетикалық ырғақ жаттығуларын пайдаланып, сөйлеу 
тілі дағдыларын қалыптастыру, сөздік материалдарды қабылдау, сөйлеу тіліне 
қойылатын талаптарды орындау. Сонымен қатар, музыканы сенсорлық негізде есту, 
көріп-есту арқылы музыкалық фрагменттерді қабылдауға, әйел, ер адамның даусын 
ажырата білуге үйрету.
10. Нашар еститін балалардың есту, көріп-есту қабілетін және дыбыстарды анық 
айтуын, сөйлеу тілін қалыптастыру үшін түзету ырғағы сабақтарында дыбыстарды 
дағдыландырғанда фонетикалық ырғақ жаттығуларының берері мол. Жаттығулар 
жасаған кезде балалар дөңгелене, мұғалім артикуляциясын бәрі көре алатындай болады
. Балалар шеңбер құрып тұрып, жүріп, отырып, бірнеше рет сөздік материалдарды 
қайталап, оны қимыл-қозғалыс арқылы (бір орында жүріп-тұрудың қарапайым түрлері, 
дене мүшелерін жан-жақты дамытатын жаттығулар түрлері, музыка-ырғағына сай би 
қимылдарын) көрсетеді. Сөз арқылы және сөзсіз қимылдар арқылы қарым-қатынас 


жасау дағдысын қалыптастырады. Бұл қарым-қатынас түрлерінің оқыту іс-әрекетінде 
әлеуметтік тәжірибенің өзара байланысын меңгеруге көмектеседі. Вербальді 
қарым-қатынасты дамытуға және ұсақ моторикаларды көру, қозғалу үйлесімділігін 
және зейінді, сенсориканы дамытуға есту қабілетін дамытуға (сөздік, сөзге жатпайтын 
дыбыстарды) музыканы ой ес-қиял элементтерін дамытуға (әнді тыңдап қабылдап, есте
сақтап, қайталау) көмектеседі.
11. Нашар еститін балаларға арналған "Түзету ырғағы" бағдарламасында өлеңді, 
әнді мәнерлеп айту жолдары да жан-жақты берілген (өлеңді тыңдауға үйрету, үш-төрт 
буынды өлеңдерді музыка ырғағымен айта білу, өлеңді жай, асықпай, қарапайым 
дауыспен айтуға үйрету). Үш-төрт буынды сөйлемді, сөз тіркестерін дұрыс бір тыныста
сөздерді бөлмей айту, дауыс күшін, биіктігін және тембірін сақтап, қайталап айтуға 
үйрету. Есту арқылы ритмикалық-интонациялық сөйлеу қалпын сақтап, қайталауды 
ұғындыру. Сонымен қатар, білім алушының сөздік тіліндегі бар дыбыстарды, дыбыс 
тіркестерін, сөздік материалдарды бекітіп отырады. Дауыспен айтылатын дауыссыз 
үнді дыбыстардың айтылуына көңіл бөліп, білім алушыны естіп қабылдай білуге 
үйрету.
12. Музыкалық білім беру мазмұнының негізінде келесі ұстанымдар іріктелген:
1) музыканы тыңдау арқылы бала музыканың көңілді, мұңды екенін бағалап, 
қабылдайды;
2) музыканың жан-күйІне түсініп, қозғалыс тәсілдері мен жаттығуларды 
түрлендіріп, өзгертіп отырады;
3) музыканың сүйемелдеуімен өлең оқу, ыңылдап ән айту, музыкалық ертегілер 
қойылымына рольдерге бөлініп, ойнап, көрсету баланың дұрыс тыныс алып, бір 
тыныста сөздерді бөлмей сөйлеуіне және тілдік моторикасының дамуына жағдай 
жасайды;
4) музыка тыңдап, би билеу тек эстетикалық тәрбие беру ғана емес, бимен айналысу
дене саулығын түзеу арқылы, дене сымбатын жақсартып, бұлшық еттерін бекітіп, тез 
қимылдауға, әдемі қозғалыстар жасауға ықпал етеді.


13. Музыка сабағындағы негізгі әрекеттердің түрлері:
1) биге үйрену арқылы дүние танымы кеңиді. Білім алушылар бидің әр түрлерімен 
танысып, оларды бір-бірінен ерекшеліктері бойынша ажырата бастайды;
2) музыка ырғағын дұрыс қабылдап, ән айтып, өздерінің еститін құрбыларындай 
өмірге бейімделеді;
3) композитор, әншілерімен танысып, классикалық және замана талабына сай 
қазіргі кезең музыкасын да қабылдай алады;
4) музыкалық шығармаларды тыңдау арқылы білім алушының ой-өрісі, есту 
қабілеті, сөйлеу тілі дамиды;
5) білім алушылар "Түзету ырғағы" сабағында білім алушылар жан-жақты 
дамытатын жаттығулар жасаумен қатар, дыбыстарды қадағалап, бір тыныста бөлмей 
дұрыс, мәнерлеп оқуға үйренеді;
6) музыканы сенсорлық негізде (музыканың тембірін, күшін, ұзақтығын, биіктігін 
әр түрлі жағдайда) есту, көріп-есту арқылы музыкалық фрагменттерді қабылдауға, әйел
, ер адамның даусын ажырата білуге үйрету;
7) музыкалық материалдар білім алушының естіп-қабылдау деңгейіне және жас 
ерекшелігіне сай таңдалады. Музыканы бірнеше рет тыңдау арқылы бала музыканың 
сипатын (көңілді, сергек, қуанышты, байсалды, мұңды, қайғылы) ажырата білуге 
үйренеді.
14. "Түзету ырғағы" бағдарламасы әр түрлі түзету жұмыс түрлерін қамтиды:
1) музыканы тыңдап-ажыратып айтуды үйрену;


2) музыка арқылы негізгі қимылдарды үйрену;
3) өлеңді, әнді мәнерлеп айтуды үйрену;
4) фонетикалық ырғақ жаттығуларын пайдаланып сөйлеу тілі дағдыларын 
қалыптастыру;
5) сөздік материалдарды қабылдау, сөйлеу тіліне қойылатын талаптарды орындау.
15. Есту кемістігі бар балалардың жас ерекшеліктеріне және психо-физиологиялық 
ерекшеліктеріне байланысты сыныптан сыныпқа өткен сайын бағдарлама 
тақырыптарына байланысты жұмыс түрлері күрделене береді, сөздік материалдар да 
қарапайым сөздерден бастап күрделене береді. Соған байланысты білім алушының 
сөйлеу тіліне де ерекше талаптар қойылады:
1) сөздік материалдарды анық, бөлмей, бір тыныста айту;
2) дауыс биіктігін, күшін және тембрін дұрыс сақтап, эмоциялық көңіл-күйін 
білдіру;
3) орфографиялық ережелерді сақтау;
4) сөйлемдердегі сөздерді 2-3 буыннан 10-12 буынға дейін өсіріп, логикалық және 
синтагмдік екпіндерді ажыратып, музыкалық (ән) контурын сақтап, өз бетінше немесе 
мұғалімнің көмегімен айта білуге үйрету;
5) хабарлы, сұраулы, лепті сұраулардың интонациясын сақтап, айтқызу;
6) ара қашықтыққа байланысты сөздік материалды сыбырлап, жай, дауыстап айта 
білуге үйрету;


7) білім алушының сөздік тіліндегі дыбыстарды, дыбыс тіркестерін, сөздік 
материалдарды бекітіп, дұрыс айта білуге үйрету. Бағдарлама нашар еститін білім 
алушылардың психо-физиологиялық даму ерекшеліктерін, олардың білімі мен 
икемделік деңгейін ескере отырып жазылды. Материалдар білім алушылардың білімі 
мен икемділігін және құзыреттілігін дамытуға берілген тапсырмалар мен жаттығулар 
көлемі біртіндеп ұлғайып, оңайдан күрделіге қарай өрби береді.
16. "Түзету ырғағы" бағдарламасы 6 бөлімнен тұрады:
1) музыкалы-ырғақты қимыл қозғалыс;
2) музыканы анықтап қабылдау;
3) өлеңді қабылдап, есте сақтап, қабылдау;
4) қарапайым музыкалық аспаптарда ойнау;
5) фонетикалық ырғақты пайдаланып, сөйлеу тілі дағдыларын қалыптастыру;
6) сөздік материалды түсініп, қолдану.
17. Бөлімдер бойынша әртүрлі жаттығулар көлемі белгіленіп, бір жүйеге келтірілген
және белгілі бір тақырыпта меңгеретін білім көлемі мен икемділігі, көрсетілген. Әр 
сабақта бағдарламада берілген бөлімдер бойынша ретімен жұмыс түрлері жүргізіліп 
отырады:
1) "Түзету ырғағы" сабағы қажетті құралдармен, музыкалық аспаптармен, 
магнитофон, кассета, дискілермен (күйтабақтармен) жабдықтап, жаттығу барысында 
қолданылатын гимнастикалық құралдар (шеңберлер, шарлар, жалаушалар, доптар, 
жіптер, гимнастикалық таяқшалармен) және шулы ойыншықтармен қамтамасыз етіледі
;


2) "Түзету ырғағы" сабағын арнайы қосымша музыкалық білімі бар сурдопедагог 
жүргізеді. Сабаққа білім алушылар спорт киімдерін киіп қатысады. Бөлімдер бойынша 
әр түрлі жаттығулар көлемі белгіленіп, бір жүйеге келтірілген және белгілі бір 
тақырыпта меңгеретін білім көлемі көрсетілген. Әр сабақта бағдарламада берілген 
бөлімдер бойынша ретімен жұмыс түрлері жүргізіліп отырады. Сабақ барысында қазақ 
сазгерлерінің музыкалық шығармалары орындалып, пайдаланылады. Ескерте кететін 
жағдай: нашар еститін балаларға барлық жиіліктегі орындалатын шығармаларды 
қабылдай алады (125 Гц-8000 Гц). Сонымен қатар, бағдарламада берілген 
материалдарды есту кемістігі дәрежесіне сәйкес арақашықтықта қабылдайды:
1-дәрежелі нашар еститін 6-7 метр;
2-дәрежелі нашар еститін 5-6 метр;
3-дәрежелі нашар еститін 3 метр.
18. "Түзету ырғағы" сабағын арнайы қосымша музыкалық білімі бар сурдопедагог 
жүргізеді. Сабаққа білім алушылар спорт киімдерін киіп қатысады.
19. Оқу жүктемесінің көлемі:
1) 5-сынып – аптасына 1 сағат, жылына - 34 сағат;
2) 6-сынып – аптасына 1 сағат, жылына - 34 сағат;
3) 7-сынып – аптасына 1 сағат, жылына - 34 сағат.
2-тарау. Оқу пәнінің 5 - сыныптағы базалық білім мазмұны
20. Музыка арқылы негізгі қимылдар үйрету (5 сағат):


1) музыкамен қарапайым би композициясын анық, дұрыс, ритмге сәйкес орындау;
2) би қимылдарын еркін және жеңіл орындай білу;
3) қарапайым күрделі емес халық билерін, вальсті, ритмді билерді үйретіп, орындай 
білу;
4) әр түрлі музыкаға би композицияларын орындай білу.
21. Музыканы тыңдап, қабылдауға үйрету (6 сағат):
1) музыкалық шығармаларды тақырыптар бойынша тыңдау: мысалы, "Музыка 
ертегілер әлемінде", концерт залы, театр, кино музыкалары;
2) тыңдаған музыкаларды темпіне, биіктігіне, тембріне байланысты ажырата білу;
3) пьесаларды, музыкалық (3-5) шығармаларды олардың орындалу ерекшеліктеріне 
байланысты ажырата білу;
4) музыканың авторларымен, орындаушыларымен таныстыру;
5) музыка, музыка авторлары жайында газет, журналдарда жазылған мақалалармен 
(мұғалім, тәрбиешінің көмегімен) білім алушыларды таныстыру.
22. Өлеңді, әнді мәнерлеп айту (5 сағат):
1) өлеңді, әнді тыңдауға, айтуға үйрету;
2) бірнеше буынды өлеңді музыка ырғағымен айта білуге үйрету.


23. Өлеңді асықпай, қарапайым дауыспен айтуға үйрену (6 сағат):
1) А.Меңжанова "Қоңырау";
2) И.Нүсіпбаев "Біз осылай өсеміз";
3) И.Нүсіпбаев "Мейірбан ұстаздар";
4) И.Мухамеджанов "Қазақстан";
5) К. Дүйсекеев "Ана тілін сүйеміз!".
24. Фонетикалық ырғақты пайдаланып, сөйлеу тілі дағдыларын қалыптастыру (8 
сағат):
1) есту арқылы дауыс модуляциясының биіктігін, күшін ажырата білу;
2) есту арқылы сөйлеу тілінің ритмикалық-интонациялық қалпын қабылдап, дәл 
қайталау;
3) ұзын сөйлемдерде тыныс паузаларын дұрыс бөлу;
4) сөз тіркестерінде логикалық және синтагмдік екпінді дұрыс қоя білу;
5) сөздің дұрыс құрамын және ырғақты-интонациялық қалпын сақтай отырып, 
сөйлеу темпін өзгерте білу;
6) білім алушының сөздік тіліндегі бар дыбыстарды, сөздік материалдарда 
қадағалап бекіту.


25. Ән-өлең сөздерін мәнерлеп оқып және эмоционалды көңіл-күйін білдіріп жатқа 
айту (4 сағат):
1) сөздік материалдардың анық айтылуын, түсінікті тілмен айтылуын, дауыс 
биіктігін, күшін және тембірін дұрыс сақтап, эмоционалды көңіл-күйін білдіріп айтуын,
орфоэпиялық ережелерді сақтай білуін;
2) сөйлемдердегі сөздің 10-12 буынға дейін өсіріп, логикалық және синтагмдік 
екпіндерді ажыратып, музыкалық (ән контурын сақтап өз бетінше, мұғалімнің 
көмегімен айта білуге үйретуді талап етеді.
26. Сөздік материал: биді жеңіл (әдемі, көңілді) орындаңдар. Біз ... биін үйренеміз. 
Музыканы тыңдап, қимылдарды ойлап тап. Мұқият тыңдаңдар. Музыка көңілді (
қайғылы, әсерлі). Пьесаны хор (оркестр, халық аспаптар оркестрі) орындайды. 
Симфониялық оркестрдің музыкасын тыңдаңдар. Пьесаны орындаған ... . Әнді 
орындаған ... . Біз Құрманғазының "Балбырауын" күйін тыңдадық. Біз Н.Тілендиевтің 
шығармасын тыңдадық. Біз "Сазген" ансамблінің шығармаларын тыңдадық. Өлеңді 
ақын ..., сазгер ... жазды.
27. Музыкалық материалдар:
1) Б.Ғизатовтың "Балдырған маршы";
2) Л. Хамидидің "Балдырған полькасы";
3) Б.Байқадамовтың "Айгөлек";
4) Л. Хамидидің "Маусымжан";
5) К.Қуатбаевтың "Айжан қыз".


3-тарау. Оқу пәнінің 6 - сыныптағы базалық білім мазмұны
28. Музыка арқылы негізгі қимылдар үйрету (5 сағат):
1) екі аяқты кезек жоғары, екі жанға созып, қайта отыру;
2) тізерлеп тұрып, шалқайып, қайта тұру; бір аяқты оң (сол) жаққа созып, тізені 
бүгіп, қайта тік жүру;
3) саусақтарды айқастыра ұстап тұрып, бір аяқпен алға, артқа аттап өту;
4) аяқтың ұшымен, өкшені кезек көтеру, аяқтың басын кезек алға, артқа созып, 
айналдыру, башпайлармен әр түрлі қимылдар жасап, таяқты, допты домалатып ұстап 
көтеру;
5) доппен, лентамен, таспамен, шеңбермен әр түрлі қимылды жаттығулар жасау;
6) қолды әр түрлі қалыпта ұстап тұрып созылып, аяқтың ұшымен көтеріліп отырып,
тізені құшақтап отыру, қолды алға созып ұстап тұрып, аяқты сермек тигізу;
7) қолды екі жаққа созып, шалқайып, екі тізесін қапсыра құшақтау;
8) бір аяқты артқа созып, тізені бүгіп отырып, қолды екі жаққа созып, қайта тік 
жүру;
9) екі қолды тіреп, жүресінен отырып, аяқты артқа созып, етпетінен денені тік ұстап
, қайта жүресінен отырып-тұру,бірнеше рет қайталау.
29. Музыканы тыңдап, қабылдауға үйрету (6 сағат):


1) "Балаларға арналып жазылған музыкалар", "Табиғат көріністерін сипаттайтын 
әндер мен күйлер", "Халық музыкасы". Тыңдаған музыканың (көңілді, көңілсіз, 
салтанатты, қайғылы) түрлерін ажырата білу;
2) ерлер мен әйел дауысын ажырата білу, домбыра, фортепиано, скрипка, 
симфониялық, халық аспаптар оркестірінің музыкалық үндерін, дауыс саздарын 
ажырата білу;
3) музыканың орындаушыларымен, авторларымен, таныстыру;
4) білім алушылардың қазақ халық музыкаларымен және Қазақстанда тұратын басқа
ұлт өкілдерінің және шет ел музыкаларымен таныстырып, тыңдату;
5) музыкаларды темпіне, биіктігіне, тембіріне байланысты ажырата білу;
6) музыкалық (3-5) шығармаларды, пьесаларды,олардың орындалу ерекшеліктеріне 
байланысты ажырата білу;
7) музыканың орындаушыларымен, авторларымен таныстыру және музыка 
авторлары жайында газет, журналдарда жазылған мақалалармен таныстыру.
30. Өлеңді, әнді мәнерлеп айту (6 сағат):
1) тынысты дұрыс пайдалануды үйрену;
2) өлеңді, әнді тыңдауға,айтуға үйрету;
3) әнді созып, әндетіп, бірқалыпты айтқызуға үйрету;


4) дыбыстарды қадағалап, өлең мәтініндұрыс түсініп, барлығы бірігіп айта алуға 
үйрету;
5) хор айтуға үйрету.
31. Өлеңді асықпай, қарапайым дауыспен айтуға үйрену (6 сағат):
1) Ш.Қалдаяқов, Ж.Нәжімеденов, Н.Назарбаев "Қазақстан Республикасының 
Мемлекеттік әнұраны";
2) Ә.Бейсеуов, Т.Молдағалиев "Ұстазым";
3) К.Дүйсекеев, Ш.Сариев "Туған жер";
4) халық күйі "Келіншек", "Салкүрең" А.Жұбанов "Ақ көгершін";
5) халық әні "Жар-жар", халық әні "Сәулем-ай", халық күйі "Салкүрең";
6) А.Жұбанов "Ақ көгершін";
7) Ш.Қалдаяқов "Ана туралы жыр".
32. Фонетикалық ырғақты пайдаланып, сөйлеу тілі дағдыларын қалыптастыру (5 
сағат):
1) дауыстың бірқалыпты биіктігін, күшін тынысты дұрыс алуды (дауыс биіктігін, 
күшін, модуляциясын қайталап айта білуді) дамыту;


2) есту арқылы сөйлеу тілінің ырғақты-интонациялық қалпын, тыныс алуды, ұзын 
сөйлемді айтуды, дұрыс дауыс екпініне, ырғағына бөліп айтуды үйрету;
3) логикалық және синтагмдік екпінді сөз тіркестерінде анық айтып, ән негізін 
дұрыс сақтай білуге үйрету;
4) сөздік материалдарда білім алушыларға қойылған дыбыстарды қадағалап, бекіту;
5) ұзын сөйлемдерде тыныс паузаларын дұрыс бөлуді үйрету;
6) сөз тіркестерінде логикалық және синтагмдік екпінді дұрыс қоюды үйрету.
33. Ән-өлең сөздерін мәнерлеп оқып және эмоционалды көңіл-күйін білдіріп жатқа 
айту (6 сағат):
1) әнді және оның орындалуын талдай білу, ән айту ережелерін сақтау;
2) халықтық және кәсіби жанрлардың ерекшелігін білу, хор және оркестр түрлерін 
тыңдау арқылы айыра білу;
3) музыкалық аспаптардың тембрлік ерекшеліктерін білу, музыканы тыңдау.
34. Музыкалық материалдар:
1) С.Тойлыбаев,А.Исағұлова; "Отаным – Қазақстан";
2) Абай; "Желсіз түнде жарық ай", "Көзімнің қарасы";
3) А.Жұбанов "Тәжік биі".


35. Сөздік материал: халық әнін үйренеміз. Әдемі, жеңіл биле (-ңдер). Біз ... биін 
орындадық. Денені дұрыс ұста (тік ұста, еңкей, оңға, солға бұрыл). Би қимылын өзің 
ойлап тап. Музыканы мұқият тыңда (-ңдар). Кешікпеңдер. Анар ... биін көңілді 
орындады. Музыка көңілді (салтанатты, баяу). Симфониялық оркестрдің орындауында 
әншіні (хорды, ансамбльді) тыңда (-ңдар). Біз Құрманғазы күйін тыңдап отыр (-мыз). 
Біз халықтың халық әнін тыңдадық. Біз ұлт-аспаптар оркестірінің орындауында "..." 
күйін тыңдадық. Ән қалай аталады? Авторы кім? Сазгер кім? Мен хормен айтқан әнді 
тыңдадым. Мен жеке әншінің әнін тыңдадым. Маған ән өте ұнады (ұнамады). Дауыстап
(жай, қуанышты көңіл-күймен, таңырқай, мәнерлеп) сөйле(-ңдер). Өлеңді оқы (-ңдар). 
Алмас өлеңді мәнермен (жақсы) оқыды. Әсел енді дауыс-тап, жайәсерлі айтты.
4-тарау. Оқу пәнінің 7 - сыныптағы базалық білім мазмұны
36. Музыка арқылы негізгі қимылдар үйрету (7 сағат):
1) музыканың ритміне қарай: қарапайым би композициясын анық, дұрыс, орындату;
2) би қимылдарын музыка ритмне қарай: еркін, жеңіл орындату;
3) қарапайым күрделі емес халық билерін, вальсті, ритмді билерді үйретіп, орындай 
білу;
4) әртүрлі музыкаға би композицияларын билеуге үйрену.
37. Музыканы тыңдап, қабылдауға үйрету (5 сағат):
1) халық күйлері, классикалық, эстрадалық әндер "Музыка ертегілер әлемінде";
2) өлең айтқанда: тік, әдемі отыру, иықты артқа жіберіп, екі қолды тізе үстіне қойып
отыру, бір жаймен, бір тыныста, сөздерді бөлмей, дыбыстарды дұрыс айту, мәтінді 
дұрыс оқып, айтуды;


3) музыкаларды темпіне, биіктігіне, тембіріне байланысты ажырата білу;
4) домбыра,ойыншық, сырнай,сыбызғы дауыстарын ажырата білу;
5) ұлттық аспаптарда қарапайым жаттығуларды ойнауға жаттықтыру;
6) қарапайым ырғақ суреттерін аккордеонда бір октавада орындау;
7) есту арқылы, әннің графикалық жазуына сүйене отырып, ән фрагменттерін (
қайырмасын) ажыратып айта білу;
8) музыка авторлары жайында газет, журналдарда жазылған мақалалармен білім 
алушыларды таныстыру.
38. Өлеңді, әнді мәнерлеп айту (7 сағат):
1) өлең мәтінін дұрыс орындату, жаймен, бір тыныста, сөздерді бөлмей, 
дыбыстарды дұрыс айтып, мәтінді дұрыс оқып,бірнеше буынды өлеңді музыка 
ырғағымен айта білуге үйрету;
2) өлеңді асықпай, қарапайым дауыспен айтуға үйрену.
39. Өлең материалдары:
1) "Құстар әні" (Н.Тілендиев);
2) Х.Талғаров. И.Нүсіпбаев. "Домбырасыз сән қайда";
3) Құрманғазы "Сарыарқа", "Адай", "Балбырауын", "Кісен ашқан";


4) Н. Нүсіпбаевтың "Дос болайық бәріміз";
5) Мұқан Төлебаевтың "Біржан Сара" операсынан үзінді тыңдату;
6) К.Дүйсекеев "Ана".
40. Фонетикалық ырғақты пайдаланып, сөйлеу тілі дағдыларын қалыптастыру (7 
сағат):
1) есту арқылы ырғақты-интонациялық сөйлеу қалпын: 2-6 буынды сөздерді, 
синтагмдерге бөлінген сөз тіркестерін қабылдау;
2) есту ара қашықтығына байланысты, бөлме көлемінде сөздік материалдарды, 
сыбырлап сөйлеу арқылы қабылдау;
3) білім алушының сөздік тіліндегі бар дыбыстарды, дыбыс тіркестерін сөздік 
материалда бекіту: симфониялық оркестр, композитор, орындаушы, тыңдаушы, сазгер;
4) қимылдарды дұрыс,әдемі, баяу, көңілді, бірқалыпты жаса(-ыңдар): "Музыканы 
тыңда(-ңдар)". "Музыка қайғылы, көңілді, жай, баяу, салтанатты".
"Симфониялық оркестр, композитор, орындаушы, тыңдаушы, сазгер";
5) сөздің дұрыс құрамын және ырғақты-интонациялық қалпын сақтай отырып, 
сөйлеу темпін өзгертіп, айта білу.
41. Ән-өлең сөздерін мәнерлеп оқып және эмоционалды көңіл-күйін білдіріп жатқа 
айту (8 сағат):


1) сөйлемдердегі сөздің 12-13 буынға дейін өсіріп, логикалық және синтагмдік 
екпіндерді ажыратып, музыкалық (ән) контурын сақтап өз бетінше, мұғалімнің 
көмегімен айта білуге үйрету;
2) өлең сөздерін дұрыс айтып, эмоционалды көңіл-күйін білдіріп айта білуге үйрету.
42. Сөздік материал: қимылдарды дұрыс, әдемі, баяу, көңілді, бірқалыпты жаса(-
ыңдар). Музыканы тыңда(-ңдар). Музыка қайғылы, көңілді, жай, баяу, салтанатты. 
Симфониялық оркестр, композитор, орындаушы, тыңдаушы, сазгер. Өлеңді ақын ..., 
сазгер ... жазды. Өлеңнің бірінші бөлімін жайлап айт. Қимылдарды дұрыс жасаңдар, 
музыканың басталуын мұқият тыңда (-ңдар) қазақ халқының билерінің қимылдарының 
қарапайым түрлерін жасау. Жұп болып әсем жүру әдісін үйрету.
43. Музыкалық материалдар:
1) Л. Хамиди, А.Сарсенбаева; "Туған ел";
2) Ақан Сері; "Маңмаңгер";
3) "Ақ дариға" қазақ халық әні;
4) Н. Тлендиев "Ата толғау".
5-тарау. 5-сынып білім алушыларының дайындық деңгейіне қойылатын 
талаптар
44. Пәндік нәтижелер.
45. Білім алушылар:


1) сөз тіркестерін бөлмей, буындарды біртіндеп өсіріп 15-16 буынға дейін жеткізуді;
2) сөйлемдерді мұғалімге еліктеу арқылы және өз бетінше паузаға, синтамге бөліп 
айтуды;
3) дауыс биіктігін, күшін, тембірін сақтап айтуды;
4) білім алушы сөздік тіліндегі бар дыбыстарды, дыбыс тіркестерін сөздік 
материалдарда бекітіп, дұрыс айтуын қадағалап айтуды;
5) музыканың ритміне қарай: би композициясын, анық, дұрыс орындауды білетін 
болады.
46. Білім алушылар:
1) есту арқылы ырғақты-интонациялық сөйлеу қалпын: 2-4 буынды сөздерді, 
синтагмдерге бөлінген сөз тіркестерін қабылдап орындау;
2) сөздік материалдарды есту ара қашықтығына байланысты және бөлме көлеміне 
байланысты сыбырлап сөйлеуді қабылдап орындау;
3) білім алушының халық билерін, вальс, ритмді билерді өз бетінше орындау;
4) тыңдаған музыкаларды: темпіне, биіктігіне, тембіріне байланысты ажырату 
дағдыларын меңгеретін болады.
6-тарау. 6-сынып білім алушыларының дайындық деңгейіне қойылатын 
талаптар
47. Пәндік нәтижелер.


48. Білім алушылар:
1) туған өлкесінің музыкалық мәдениетін ән дәстүрін орындауды;
2) музыкалық шығармаларды қабылдап, музыкаға деген өз көзқарасын білдіруді;
3) әртүрлі бағыттағы, классикалық және қазіргі заманғы музыкалардың және 
олардың әр түрлі жанрлары мен стильдерінің мағынасын білетін болады.
49. Білім алушылар:
1) күнделікті өмірде кездесетіні әуеннің рөлі туралы түсініктерін қалыптастыру;
2) әлемдік музыкалар туралы білім алушының ой-өрісін қалыптастыру;
3) музыкалық өнерге деген қызығушылығын және көркемөнерлік талғамын дамыту;
4) театрландырылған қойылым кезіндегі музыкалық бейнелерді сезініп, орындау 
дағдыларын меңгеретін болады.
7-тарау. 7-сынып білім алушыларының дайындық деңгейіне қойылатын 
талаптар
50. Пәндік нәтижелер.
51. Білім алушылар:
1) білім алушы өміріндегі музыканың, әуеннің рөлі туралы түсініктерін 
қалыптастырып, тыңдауды;


2) әлем музыкасының мазмұны туралы түсініктерін қалыптастырып, тыңдауды;
3) музыкалық пластикалық әуен және теартрландырылған қойылым кезіндегі 
музыкалық бейнелерді сезіне білетін болады.
52. Білім алушылар:
1) әртүрлі бағыттағы музыкалық әуендерге эмоционалды және түсінікпен қарап, 
орындау;
2) әртүрлі жанрлар мен стильдегі шығармалардың интонациялы бейнелік 
мағынасын түсініп, қабылдау;
3) есту арқылы ырғақты-интонациялық сөйлеу қалпын: 6-10 буынды сөздерді, 
синтагмдерге бөлінген сөз тіркестерін естіп, қабылдау дағдыларын меңгеретін болады.
53. Тұлғалық нәтижелер. Білім алушылар:
1) білім алушының туған еліне, жеріне деген мақтаныш сезімінің артуы;
2) қазіргі заман талабына сай, қазақ композиторларының шұрайлы музыкалық 
мұраларын, ұлттық және этникалық мұраларды ұғынуы;
3) халық музыкалары негізінде, мәдени бағыттарға, табиғат түрлеріне, әлемге деген 
тұтас әлеуметтік бағытталған көзқарастарының артуы;
4) білім алушы тұлғасының дұрыс қалыптасуына қажетті ұлттық және жалпы адами
құндылықтар туралы алғашқы түсініктерді білу;


5) жағымды мінез-құлықтарды қалыптастыра отырып, достарымен қарым-қатынас 
орнату;
6) Қазақстан Республикасында тұратын ұлттардың, салт-дәстүрін білуі және оларға 
түсіністікпен қарау;
7) қозғалыс режимдерін сақтай отырып, дене шынықтыру негіздерін, жеке 
санитарлық гигиенаны сақтауға дағдылану;
8) сабақтан және сыныптан тыс музыкалық эстетикалық қызметтер кезінде, ырғақ 
сабақтарында әртүрлі музыкалық шығармашылық тапсырмаларды орындау кезінде 
жолдастарымен бірігіп шешімін табу;
9) қарым-қатынас пен ақпараттың (музыкалық бағдарламаны оқытатын электронды 
оқулықтарды, білім берудің сандық ресурстары, мультимедиалық презентациялар, 
интерактивті тақтамен жұмыс сияқты әр түрлі құралдарын қолдана отырып тәжірибелік
, танымдық және ақпараттық әрекеттерін жүзеге асыру біліктілігі дағдыларын 
танытады.
54. Жүйелік-әрекеттік нәтижелер білім алушылардың:
1) музыка орындалып жатқан кезде нақты негізгі гимнастикалық, би қимылдарын 
анық және ырғақпен орындауды, темпті сақтай білуінен;
2) үйренген жаттығуларды "Түзету ырғағы" сабағында өз бетімен орындай білуінен;
3) музыканың темпімен ырғағын анықтай отырып, есту қабілетіне сүйеніп 
музыканың сипатын анықтай білуінен;
4) есту қабілеттеріне сүйеніп, "Түзету ырғағы" сабағының мазмұнына байланысты 
сөйлеу тілінің материалын қабылдауынан;


5) музыкалық тақырыптарды импровизациялауды меңгере білуінен көрініс табады.
Қазақстан 
Республикасы
Білім 
және 
ғылым 
министрінің
2013 
жылғы 

сәуірдегі
№ 115 бұйрығына 333-қосымша
Есту қабілеті бұзылған (нашар еститіндер, кейін естімей қалған) білім 
алушыларға арналған негізгі орта білім беру деңгейінің 5-7 сыныптары үшін "
Түзету ырғағы" пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы
(оқыту орыс тілінде жүргізілетін сыныптар үшін)
Ескерту. Бұйрық 333-қосымшамен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым 
министрінің 27.07.2017 
(1, 2, 6, 8, 9, 10, (11, 12)-сыныптарының ерекше білім 
№ 352
беруге қажеттіліктері бар білім алушылары үшін 05.09.2017, 3-сыныптың ерекше білім 
беруге қажеттіліктері бар білім алушылары және 10-сыныптың білім алушылары үшін 
01.09.2018, 4-сыныптың ерекше білім беруге қажеттіліктері бар білім алушылары, 
сонымен қатар 11-сыныптың білім алушылары үшін 01.09.2019 бастап қолданысқа 
енгізіледі) бұйрығымен.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   93




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет