Глава 7. Требования к уровню подготовки обучающихся 7 класса
42. Предметные результаты.
43. По окончании 7 класса обучающиеся будут знать:
1) комплекс упражнений по ритмической гимнастике;
2) названия музыкальных инструментов, предусмотренных программой;
3) названия нот первой октавы;
4) танцевальные движения 4 танцев;
5) куплетные формы: запев, припев;
6) фамилии и имена композиторов;
7) характер музыкальных произведений: песня, танец, марш;
8) звучание музыкальных инструментов: фортепиано, домбра, электроорган, баян.
44. По окончании 7 класса обучающиеся будут уметь:
1) воспринимать на слух речевой материал, связанный с организацией учебной
деятельности обучающихся типа: идите парами, цепочкой; идите за ... (друг за другом);
бежать, двигаться галопом, поскоком; о чем говорится в песне; какая звучит музыка;
2) воспринимать на слух различные интонации в речи учителя (вопросительную,
радостную, грустную, удивленную, жалобную, требовательную) и воспроизводить ее,
используя естественные жесты в собственном произношении на различном речевом
материале;
3) воспринимать на слух звучание различных музыкальных инструментов,
определять национальный характер музыки;
4) соблюдать словесное и фразовое ударение, интонационную выразительность;
5) охарактеризовать услышанную музыку или песню и задать друг другу вопросы о
прослушанном;
6) определять характер, темп, форму прослушанных пьес;
7) произносить речевой материал слитно, голосом разговорной громкости;
8) пропевать звукоряд в сторону повышения и в сторону понижения, петь ноты
первой октавы вверх и вниз, показывать движением руки направление звуков;
9) соблюдать нормальный темп при произнесении речевого материала, произносить
речевой материал голосом разговорной громкости, соблюдая словесное ударение,
интонацию;
10) приближенно (по возможности более точно) интонировать мелодии песен;
11) аккомпанировать на музыкальных и шумовых инструментах, воспроизводить
мелодию на фортепиано, электрооргане (с помощью учителя).
45. Личностные результаты выражаются в:
1) уважительном отношении к истории, культуре, традициям народов Казахстана;
2) сформированности музыкально-эстетических потребностей, ценностей и чувств;
3) ориентации в культурном многообразии окружающей действительности;
4) сформированности эмоционального отношения к музыкальному исскуству,
понимании его функций в жизни человека и общества.
46. Системно-деятельностные результаты выражаются в:
1) умении воспринимать музыку как составную часть других видов деятельности:
музыкально-ритмических движений, игр на музыкальных инструментах, декламации
песен;
2) умении согасованного с музыкой исполнения танцев;
3) способности воспринимать различные музыкальные произведения;
4) умении применять полученные знания в практической деятельности.
Қазақстан
Республикасы
Білім
және
ғылым
министрінің
2013
жылғы
3
сәуірдегі
№ 115 бұйрығына 334-қосымша
Көру қабілеті бұзылған (көрмейтін және нашар көретін) білім алушыларға
арналған негізгі орта білім беру деңгейінің 5-6 сыныптары үшін "Емдік дене
шынықтыру" пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы
Ескерту. Бұйрық 334-қосымшамен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым
министрінің 27.07.2017
(1, 2, 6, 8, 9, 10, (11, 12)-сыныптарының ерекше білім
№ 352
беруге қажеттіліктері бар білім алушылары үшін 05.09.2017, 3-сыныптың ерекше білім
беруге қажеттіліктері бар білім алушылары және 10-сыныптың білім алушылары үшін
01.09.2018, 4-сыныптың ерекше білім беруге қажеттіліктері бар білім алушылары,
сонымен қатар 11-сыныптың білім алушылары үшін 01.09.2019 бастап қолданысқа
енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Түсінік хат
1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы
№1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта
білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті
сәйкес әзірленген.
стандартына
2. Оқу пәнінің мақсаты емдік дене шынықтырудың арнайы әдістемесін қолдану
аркылы көру қабілеті бұзылған білім алушының жан-жақты және толыққанды дамуын
оның дене және психикалық-дене қабілеттерін қалпына келтіру мен жетілдіру жолымен
камтамасыз ету.
3. Оқу пәнінің міндеттері:
1) көру қабілетінің патологиясы бар балалардың деңсаулығын нығайту, үйлесімді
дене дамуына ықпал жасау;
2) жүрек-тамыр және тыныс алу жүйелерінің кызметтерін белсендіру;
3) тірек-қимыл аппаратының қызметін жақсарту және нығайту;
4) көрмейтін және нашар көретін білім алушылырдың өз бетінше кеңістіктік
бағдарлауына қажетті дағдырларын қалыптастыру;
5) көздің бұлшықет жүйесінің кызметін жақсарту;
6) сақталған талдағыштардың айналадағы заттарды және қоршаған ортаны
қабылдауға дайындығын дамыту;
7) көру қабілетінің ауытқуына шалдыққан балалардың табысты әлеуметтенуіне
қажетті болатын өмірлік дағдыларды қалыптастыру.
4. Көру қабілетінің бұзылуы кеңістік бағдарлауды қиындатады, қимыл-қозғалыс
дағдылардың қалыптасуын тежейді, қозғалыс және таным белсенділіктің әлсіреуіне
әкеледі.
5. Емдік дене шынықтыру сабақтарының мәні көру қабілеті бұзылған балалардың
дене және функционалды дамуындағы кемшіліктерін түзету мен компенсациялаудың
тиімді және ықпалды жолдарын іске асыруда. Көру қабілетінің бұзылыстары бар
балаларға дене жаттығуларды қолданудың мүмкіндігі баланың бұлшық ет жүйесінің
барлық өмірлік іс-әрекетінде атқаратын манызды рөліне байланысты. Қозғалыс
белсенділігі ішкі мүшелердің қалыпты жұмыс жасауының қажетті шарты болып
табылады.
6. Баланың орта мектеп жасы дене өсуі мен мөлшерлерінің қарқынды артуымен
сипатталады. Бұл кезеңде бұлшық ет мөлшері де қарқынды дамиды. Қыздар мен
ұлдардың жыныстық даму мерзімінде айтарлықтай айырмашылықтар байқалады.
Жасөспірімдерде жыныстық жетілу кезеңінде тыныс алу жүйесі ең жоғары
қарқынымен дамиды. Жасөспірімдік жас - моторлық қабілеттерінің қозғалғыш
жетілуінің жалғасу кезеңі. Сондықтан, емдік дене шынықтырудың міндеті – бұл дене
дамуындағы кемшіліктерін түзету мен орнын толтыру ғана емес, сонымен бірге бұл
орта мектеп жасындағы балалардың қарқынды (жасына сай) дене дамуына ықпал
жасаудың жолы.
7. Емдік дене шынықтыру сабақтарын аптасына 2 рет топтармен (3-5 адам) өткізеді,
топтарды білім алушылардың даму деңгейіне қарай құрастырады; кейбір күрделі
жағдайда сабақтар жеке түрінде өткізіледі. Сабақтардың ұзақтығы - 45 минут.
8. Оқу жүктемесінің көлемі:
1) 5-сынып –аптасына 2 сағат, оқу жылына 68 сағат;
2) 6-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылына 68 сағат.
9. "Емдік дене шынықтыру" пәнінің сабақтары дене шынықтыру сабақтарымен
тығыз байланысты.
2-тарау. Оқу пәнінің 5-сыныптағы базалық білім мазмұны
10. Теориялық білімінің негіздері (2 сағат).
11. Қозғалыс функцияларының бұзылыстарын түзету (18 сағат):
1) қолдың ұсақ моторикасын дамыту;
2) майтабандықтың алдын алу және түзету;
3) жүрудің бұзылуын түзету;
4) мүсіннің ауытқуларын түзету;
5) қол-аяқ буындарының қозғалыстарын дамыту.
12. Кеңістік бағдарлауды дамыту (10 сағат).
13. Тыныс алу функциясын калыпқа келтіру (8 сағат).
14. Ойын-терапиясы (түзету-дамыту ойындары) (10 сағат).
15. Сақталған функцияларды дамыту (12 сағат).
16. Қалдық көру қабілетін дамытуға бағытталған арнайы жаттығулар (8 сағат).
3-тарау. Оқу пәнінің 6-сыныптағы базалық білім мазмұны
17. Теориялық білімнің негіздері (2 сағат).
18. Туынды қозғалыс бұзылыстарын алдын алу және түзету (22 сағат):
1) қолдың ұсақ моторикасын дамыту;
2) майтабандықтың алдын алу және түзету;
3) мүсіннің ауытқуларын алдын алу және түзету.
19. Вестибулярлық аппаратын дамыту (10 сағат).
20. Тыныс алу функциясын қалыпқа келтіру (14 сағат):
1) бұлшықет – буын аппаратын дамыту (аяқ-қолдың, арқаның, иықтың және іштің
бұлшықеттерін нығайтатын жаттығулар);
2) релаксация (босаңсу жаттығулары).
21. Ойын-терапия (тузете-дамытатын жаттығулар) (10 сағат):
22. Қалдық көру қабілетін дамытуға бағытталған арнайы жаттығулар (10 сағат).
4-тарау. 5-сынып білім алушыларының дайындық деңгейіне қойылатын
талаптар
23. Пәндік нәтижелер.
24. Білім алушылар:
1) спорт залында өтетін сабақтардың қауіпсіздік техникасын;
2) салауатты өмір салтының компоненттерін;
3) дене жаттығулардың ағзаға тигізетін ықпалын;
4) жүру кезінде аяқ табандарын дұрыс қоюды;
5) мүсіннің дұрыс қалпын;
6) түзету бағыттылығы бар қозғалыс ойындардың ережелерін;
7) спорт залында орналасқан сипап-сезу арқылы қабылданатын нысаналарды;
8) қалдық көру қабілетін алдын алу маңыздылығын білетін болады.
25. Білім алушылар:
1) ұсақ моторикасын дамытуға арналған жаттығулар кешенін орындау;
2) омыртқаны түзетуге бағытталған жаттығуларды орындау;
3) тыныс алу жаттығуларын жасау;
4) қалдық көру қабілетін дамытуға бағытталған арнайы жаттығуларды орындау;
5) денсаулығын нығайтуға бағытталған жаттығулар түрлерін орындау дағдыларын
меңгеретін болады.
5-тарау. 6 - сынып білім алушыларының дайындық деңгейіне қойылатын
талаптар
26. Пәндік нәтижелер.
27. Білім алушылар:
1) дене жаттығулардың емдік және гигиеналық маңыздылығын;
2) қолдың ұсақ моторикасын дамытатын жаттығулар кешендерін;
3) табан күмбезін нығайтуға бағытталған жаттығуларды;
4) мүсіннің дұрыс қалпын қалыптастыратын жаттығулар кешендерін;
5) вестибулярлық аппаратын дамытатын жаттығулар кешендерін;
6) бұлшықет пен буын аппаратын дамытуға арналған жаттығулар кешендерін;
7) мүсінді, омыртқаны, кеңістікте бағдарлау қабілетін дамытуға бағытталған
қозғалыс ойындарының ережелерін;
8) жүріс-тұрысына қимыл әсерінің маңызын;
9) қалдық көру қабілетін сақтауға және дамытуға бағытталған жаттығулар
кешендерін білетін болады.
28. Білім алушылар:
1) релаксация үшін қолданатын тыныс алу жаттығуларын орындау;
2) спортзал алаңында есту, сипап сезу, иіс сезу талдағыштарын пайдалану;
3) мүсіннің дұрыс қалпын қалыптастыратын жаттығуларды орындау;
4) вестибулярлық аппаратын дамытатын жаттығуларды орындау;
5) бұлшықет пен буындар аппаратын дамытатын жаттығуларды жасау;
6) қалдық көру қабілетін сақтауға бағытталған жаттығуларды орындау дағдыларын
меңгеретін болады.
29. Тұлғалық нәтижелер. Білім алушылар:
1) еріктік қасиеттерін тәрбиелеу;
2) өмірлік-маңызды қозғалыс біліктері мен дағдыларын игеруінен және түзету;
3) кеңістіктік бағдарлау дағдыларының даму;
4) бұлшық ет-буын сезімінің жетілу;
5) дұрыс жүруді, мүсінді дұрыс қалыпта ұстау;
6) спорт залы/алаңы жағдайындағы кеңістікте бағдарлау;
7) өз денсаулығына сауатты қарау;
8) жүгіру және жүру кезінде аяқ табанын дұрыс қоюынан, мүсіннің дұрыс қалпын
бақылау;
9) денеге күш салу кезінде сақталған анализаторларын пайдалана білу;
10) қимыл ойындарын өз бетінше жүргізу дағдыларын танытады.
30. Жүйелік - әрекеттік нәтижелер білім алушылардың:
1) салауатты өмір салтын сақтауынан;
2) коммуникативтік және танымдық әрекеттерін дамытуынан;
3) қимыл-қозғалыс және бағдарлау әрекеттерінде сақталған анализаторларды
қолдануынан көрініс табады.
Қазақстан
Республикасы
Білім
және
ғылым
министрінің
2013
жылғы
3
сәуірдегі
№ 115 бұйрығына 334-қосымша
Көру қабілеті бұзылған (көрмейтін және нашар көретін) білім алушыларға
арналған негізгі орта білім беру деңгейінің 5-6 сыныптары үшін "Қалдық көру
қабілеті мен көру түйсігін дамыту және сақтау" пәнінен үлгілік оқу
бағдарламасы
Ескерту. Бұйрық 334-қосымшамен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым
министрінің 27.07.2017
(1, 2, 6, 8, 9, 10, (11, 12)-сыныптарының ерекше білім
№ 352
беруге қажеттіліктері бар білім алушылары үшін 05.09.2017, 3-сыныптың ерекше білім
беруге қажеттіліктері бар білім алушылары және 10-сыныптың білім алушылары үшін
01.09.2018, 4-сыныптың ерекше білім беруге қажеттіліктері бар білім алушылары,
сонымен қатар 11-сыныптың білім алушылары үшін 01.09.2019 бастап қолданысқа
енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Түсінік хат
1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы
№1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта
білім) жалпыға міндетті мемлекеттік
сәйкес әзірленген.
стандартына
2. Оқу пәнінің мақсаты – көру елестерінің қорын байыту мен оны ары қарай дамыту
негізінде қоршаған орта туралы біртұтас түсінігін қалыптастыру.
3. Оқу пәнінің міндеттері:
1) жаңа технологияларды пайдалана отырып, көру қабілеті бұзылған балалардың
көру біліктілігі мен дағдыларын дамытуға мотивациясын қалыптастыру;
2) көру қабілетін сақтау мен дамытудың мүмкіндіктері туралы білімдерін кеңейту;
3) әлеуметтік бейімделуіне және жалпы оқу құзіреттілігінің дамуына көмектесу.
4. Көру қабілеті бұзылған балаларды арнайы оқыту мен тәрбиелеудің басты бағыты
- көру қызметінің бұзылуын түзету, көру қабілетін сақтау және көру түйсігін жүйелі
компенсаторлы дамыту болып табылады.
5. Қазіргі уақытта қалдық көру қабілетін сақтау мен дамыту түсінігі көру қабілетін
әрі қарай төмендетпей, керісінше көру қабілетінің төмендеуін алдын алуға және оны
дамытуға бағытталған кешенді емдік-гигиеналық және психологиялық-педагогикалық
іс-шаралар ретінде түсіндіріледі.
6. Қалдық көру түйсігін сақтау мен дамыту бойынша коррекциялық-педагогикалық
жұмыстың бағыты келесі функцияларды дамыту болып табылады: сақтау-гигиеналық
іс-шаралар және көру жүктемесінің тәртібін сақтау; қалдық көрудің іздеу-бағдарлау
функциялары ақпараттық-танымдық функциялар, көру қызметін бақылайтын және
реттейтін функциялар. Осы бөлімдер бойынша жұмыс мазмұны көру қабілетін пішінді,
стереоскопиялық тереңдігі болып табылатын, сондай-ақ перифериялық көру қабілетін
дамыту көптүрлілігіне, кеңістіктік көруін дамытуға көмектеседі.
7. Курстың негізгі мазмұны төмендегі бөлімдерде жүзеге асырылады:
1) диагностика;
2) көру қабілетін сақтау;
3) түстерді қабылдау;
4) пішінді қабылдау;
5) шаманы қабылдау;
6) қабылдаудың біртұтастылығы мен егжей-тегжейлілігін дамыту;
7) сюжетті суреттер мен картиналарды қабылдау;
8) күрделі іс-қимылдарды қабылдау.
8. Түзету сабақтары нашар көретін балалармен (көру өткірлігі 0,05 және одан
жоғары) және қалдық көруі бар (көру өткірлігі 0,01-0,04), яғни медициналық
көрсеткіші бойынша Брайль жүйесімен оқытылатын білім алушылармен жүргізіледі.
Білім алушыларды топтарға бөлу олардың көру мүшесінің ауруының сипаты, негізгі
функцияларының жағдайы, көру өткірлігі мен түйсігінің қалыптасу деңгейі және
жалпы психикалық дамуы есепке алынып құрылады.
9. Білім алушылардың жетістігін бағалау баллдық емес, білім алушылардың өз
мүмкіндігінің деңгейінде, қалдық көру қабілетін сақтау мен көру түйсігін дамыту
құзіреттілігінің жетістігі мен қалыптасу мониторингіне негізделген оқытудың сапалы
сипатында болады.
10. Көру қабілеті бұзылған балаларды оқытуда міндетті құралдарымен
жабдықталған арнайы оқу бөлмесінің болуы талап етіледі:
1) психофизиологиялық әдістермен жұмыс жасайтын арнайы фотостимулятор;
2) түрлі пішіндегі және түстегі мозаика мен конструктордың элементтері (ақ, қара,
қанық қызыл, қанық сары, қанық жасыл, және көк түсті);
3) заттардың ақ-қара және түрлі-түсті бейнелі жинағы және сюжетті жағдаяттар;
4) шынайы заттардың біртұтас және бөлінбелі модельдерінің муляждары;
5) жеке пайдалануға арналған компьютер;
6) түрлі-түсті фломастерлер, қарындаштар, маркерлер;
7) жарықтандыру құрылғылары, люксометр;
8) синоптофор.
11. "Қалдық көру қабілеті мен көру түйсігін дамыту және сақтау" пәні бойынша
ұзақтығы 30 минуттан тұратын, ал үзіліссіз көру жүктемесі 5-10 минуттан аспайтын
сабақтар аптасына бір рет жүргізіледі. Көру жұмыстарын ұйымдастырудың маңызды
аспектілері - жұмыс орнының қажетті жарықтануы, мойын және арқа бұлшықеттерінің
шаршауының алдын алу, көру жүктемелерінің тәртібін сақтау болып табылады.
12. Оқу жүктемесінің көлемі:
1) 5-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;
2) 6-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат.
2-тарау. Оқу пәнінің 5-сыныптағы базалық білім мазмұны
13. Диагностика (1 сағат):
1) көру қабілетін сақтаудың мәні туралы білім алушылардың білімдерін нақтылау;
2) білім алушылардың көру түйсігінің даму деңгейін бағалау.
14. Көруді сақтау (4 сағат):
1) көру анализаторларының маңыздылығы туралы әңгіме, көру қабілетінің
нашарлауы мен жоғалту қаупі туралы факторлар;
2) түзетудің оптикалық құралдарын күту (көзілдірік, лупалар, линзалар);
3) көздің шаршағанын басу үшін қарапайым манипуляцияларды және амалдарды
үйрету: көзді жиі жыпылықтату, жұму, қабақты жеңіл жабу, жұмулы көзді саусақтың
ұшымен сипалау, жайлап басу, алақанмен уқалау және қыздыру жаттығулары, көру
жұмыстарына мақсатты түрде үзіліс жасау және;
4) аккомодацияға жаттығулар, белгісі бар әйнекке қарап жаттығу;
5) көру аймағы ұғымы (жанынан көру, орталық көру, көру аймағының тарылуы),
көру өрісін анықтайтын құрал – периметр;
6) келбетті пішіннің көруді сақтауға әсері;
7) дене шынықтыру режимі, көруді сақтау үшін оны орындау.
15. Түстерді қабылдау (4 сағат):
1) жарықтық пен қанықтықтың өсуі/төмендеуі жағдайында түстерді қабылдау
жаттығулары;
2) негізгі үш спектрдің ауданында (қызыл, көк, жасыл) дифференцалдық
сезімталдығын дамыту;
3) түстерді араластыру арқылы түстің жаңа реңін алу;
4) оюларды, клеткаларды, геометриялық фигураларды әртүрлі түстермен бастыру;
5) бөліктерден бүтінді құрастыру, өрнектерді бояу және құрастыру;
6) көру жадысын жетілдіруге арналған жаттығулар мен тапсырмалар;
7) "Жаратылыстану" пәнінің бағдарламасына сәйкес "Ағаштар", "Бұталар", "
Шөптесін өсімдіктер", "Гүлдер" жайлы көріністерін нақтылау және қалыптастыру.
16. Пішінді қабылдау (6 сағат):
1) геометриялық фигуралардың (жұлдыздар, түрлі конфигурациядағы сопақтар)
ұлғаю диапазоны;
2) нүктесінің жылжыған кездегі бейнелерді ажырату жаттығулары (оңға-солға,
жоғары-төмен, алыс-жақын);
3) жазық және көлемді бейнелердегі кескіндерді тану жаттығулары;
4) көлемді және бейнеленген заттардың суреттерін салыстыру.
17. Шаманы қабылдау (6 сағат):
1) көптеген заттардың ішінен берілген мөлшердегі затты бөлу (қабылдайтын
заттарды өсу саны, қабылдайтын затқа дейінгі арақашықтық);
2) көрнекіліктерге сүйене және сүйенбей, заттарды шамасына қарай ажырату;
3) стереоскопиялық көру қабілетін дамытуға арналған жаттығулар: шаманың үш
параметрі бойынша көлемді затты бағалау;
4) бұрышы өзгергендегі затты қабылдаудың мәнін анықтауға арналған жаттығулар;
5) мәндік ұғымдарды бекітуге арналған дидактикалық ойындар және жаттығулар.
18. Қабылдаудың біртұтастылығы мен егжей-тегжейлілігін дамыту (8 сағат):
1) көз қозғалысының функциясын дамытуға, аккомодация деңгейін жоғарылатуға,
көруді қарқындатуға әсер ететін жаттығулар мен тапсырмалар;
2) талдап байқауды дамытуға арналған жаттығулар: заттарды қабылдау, бүтін
бөлікті бөлшекке бөлу, заттың дифференциалдық сапасы мен қасиеттері, қабылдаудың
сөздік сипаттауы ("менің орамалым қызыл, ал сенікі көк; менікі үшбұрышты, ал сенікі
шеңбер, менікі тегіс, ал сенікі оюмен");
3) толтырылған суреттер мен кескіндерді салыстыру жаттығулары; артық затты
бөлу, бірнеше айырмашылығы бар, ұқсас суреттерді біріктіру;
4) бүтін бөліктің көлемді жартыларын жинау;
5) затты алдынан және артынан бейнелейтін суреттердің жартыларын жинау (
қуыршақ артынан және алдынан, рюкзак алдынан және артынан);
6) синоптофордағы жаттығулар: бір заттың екі суретін (әрқайсысының бөлек
бөлшегі бар) тұтас суретке біріктірудегі іс-қимылдар қызметі.
19. Сюжетті суреттер мен картиналарды қабылдау (4 сағат):
1) белгілі алгоритм бойынша сюжетті суреттерді кезеңмен біртұтас қылып
қабылдауды үйрету: сюжеттің тақырыбын анықтау; сюжеттік суреттегі болып жатқан
оқиғаның уақыты мен орнын нақтылау; суреттегі оқиғаның негізгісін және
қосымшасын анықтау; сюжеттік іс-әрекеттің динамикасын анықтау.
20. Диагностика (1 сағат):
1) білім алушылардың көру арқылы қабылдауының даму деңгейін бағалау.
3–тарау. Оқу пәнінің 6-сыныптағы базалық білім мазмұны
21. Диагностика (1 сағат):
1) білім алушылардың көру арқылы қабылдау деңгейін бағалау.
22. Көру қабілетін сақтау (4 сағат):
1) оптикалық құралдарды күту біліктіліктерін бекіту;
2) денсаулық пен көруді сақтауға саналы қатынастың мәні туралы әңгіме;
3) көздің сыртқы бұлшық еттеріне арналған жаттығулар;
4) көздің ішкі бұлшық етіне жаттығу;
5) айналасындағы бұлшық еттерге жаттығу;
6) Бейтс-әдісі бойынша жаттығу;
7) көз шаршауының алдын-алуға ұсынылған жаттығулар;
8) көзді демалдыруға арналған жаттығулар;
9) көзге арналған жалпы нығайту жаттығулары;
10) көру қабілетін сақтау үшін орындалатын физикалық жүктемелердің тәртібі.
23. Түстерді қабылдау (4 сағат):
1) жарықтық пен қанықтықтың өсуі/төмендеуі жағдайында спектрдің негізгі
түстерін және оның реңдерін қабылдау жаттығулары;
2) түстерді араластыру арқылы түстің жаңа реңін алу;
3) өрнектерді құрастыру және бояу;
4) іс-әрекеттегі көру эталондарымен еркін өңдеуге арналған жаттығулар;
5) "Жаратылыстану" пәнінің бағдарламалық материалына сәйкес "Жануарлар", "
Құстар", "Балықтар", "Жәндіктер" жайлы көріністерін нақтылау.
24. Пішінді қабылдау (4 сағат):
1) жазық және көлемді бейнелердегі заттарды салыстыру;
2) жазық бейнелерді салыстыру;
3) бейнеленген ұқсас заттық бейнелерді салыстыру;
4) "Жаратылыстану" пәнінің бағдарламалық материалына сәйкес "Жануарлар", "
Құстар", "Балықтар", "Жәндіктер" жайлы көріністерін қалыптастыру.
25. Шаманы қабылдау (4 сағат):
1) көптеген заттардың ішінен берілген мөлшердегі затты бөлу (қабылдайтын
заттарды өсу саны, қабылдайтын затқа дейінгі арақашықтық);
2) стереоскопиялық көру жаттығулары: заттардың биіктік/тереңдік параметрлерін
және ол туралы түсініктерді салыстыру;
3) қоршаған ортадағы заттарды, оның қалыптасқан түсініктерін салыстыру.
26. Қабылдаудың біртұтастылығы мен егжей-тегжейлілігін дамыту (6 сағат):
1) қоршаған әлемдегі заттар туралы елестерін кеңейту, олардың сапалы
мінездемелері мен әрекет ету тәсілдері;
2) заттарды ажырату, оларды мәнді белгілеріне қарай топтастыру;
3) заттарды мәндік бөлімдеріне қарай тану; затты бөлшектеу;
4) құрастыру;
5) мозаика жинау;
6) заттық бейнелерді ажырату, талдау, сипаттау, салыстыру;
7) затты және суретті сөздік сипаттама бойынша табуға арналған жаттығулар;
8) бейнелерді үзінді бойынша ажырату, суреттердегі "қателерді" табу;
9) көп кескіндердің ішіндегі "жасырын" бейнелерді табуға арналған жаттығулар;
10) көріп бақылаумен берілген суреттерді жазықтық үстінде құрастыру (қағаз
бетінде, грифель тақтасында).
27. Сюжетті суреттер мен картиналарды қабылдау (6 сағат):
1) статикалық және динамикадағы сюжетті суретті қабылдау үшін компьютерлік
техниканы: сюжетін өзгертіп, бейнелеудің пішінін, мөлшерін, түсін, жарықтығын,
шектеулерін өзгертіп пайдалану;
2) көру арқылы қабылдау жылдамдығын және қасиеттерін кинофильм көрсету, оны
талқылау және сюжетін әңгімелеу жолымен жаттықтыру.
28. Күрделі іс-қимылдарды қабылдау (4 сағат):
1) адамның толыққанды өмір сүруіндегі белсенді қозғалыстың мәні;
2) басқа адамның мимикасына, қимылына және ишарасына қарап, оның
эмоционалды күйін ажыратуды және қабылдай білуді бекіту;
3) өзінің сезімін қозғалыс және ишара арқылы адекватты білдіруді үйрету.
29. Диагностика (1сағат):
1) білім алушылардың көру арқылы қабылдауынының даму деңгейін бағалау.
4-тарау. 5-сынып білім алушыларының дайындық деңгейіне қойылатын
талаптар
30. Пәндік нәтижелер.
31. Білім алушылар:
1) оптикалық құралдарды күту ережесін;
2) көру анализаторларының жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталған, көздің
шаршауын алдын-алуға арналған кешенді жаттығуларды;
3) спектрдің негізгі түстері және олардың реңдерін;
4) түстің жаңа реңін алу тәсілдерін;
5) негізгі геометриялық фигуралар және олардың бейнелерін;
6) шамалардың үш параметрін;
7) сюжетті суретті, картинаны қабылдау алгоритмін білетін болады.
32. Білім алушылар:
1) түзетудің оптикалық құралдарын күту;
2) көздің шаршауының алдын-алуға арналған көру аккомодациясын, көру
анализаторларын жаттықтыруға арналған жаттығуларды орындау;
3) түстердің және олардың реңдерін дифференциялау, араластыру арқылы түстің
жаңа реңін алу;
4) бүтіннің бөліктерін ажырату, олардан біртұтас зат құрастыру;
5) параметрлер бойынша тірі және өлі табиғаттың заттарын қатыстыру және
салыстыру;
6) геометриялық фигуралардың бейнелерін тану, олардың жылжығандағы шамасын
анықтау;
7) көптеген заттардың ішінен көрсетілген пішіндегі, түстегі, шамадағы заттарды
бөлу;
8) шаманың үш параметрі бойынша көлемді заттарды бағалау;
9) қабылдауды елеулі және елеусіз белгілерін көрсете отырып сипаттау;
10) сюжетті картинаны белгілі алгоритм бойынша қабылдау және сипаттау
дағдыларын меңгеретін болады.
5-тарау. 6-сынып білім алушыларының дайындық деңгейіне қойылатын
талаптар
33. Пәндік нәтижелер.
34. Білім алушылар:
1) көздің көруін жоғалтып алу факторларын;
2) көру анализаторларының бұзылуының орнын толтыру туралы;
3) көру анализаторларының жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталған, көздің
шаршауын алдын-алуға арналған кешенді жаттығуларды;
4) спектрдің негізгі және қосымша түсі және олардың реңдерін;
5) стереоскопиялық және пішінді көруді дамытуға бағытталған кешенді
жаттығуларды;
6) қоршаған ортадағы заттардың сапалы қасиеттері және олармен әрекет ету
тәсілдерін;
7) көзбен бақылап отырып, жазықтықтағы берілген суреттерді құрастыру тәсілін;
8) динамикадағы және статикадағы сюжетті суреттерді қабылдау алгоритмін білетін
болады.
35. Білім алушылар:
1) түзетудің оптикалық құралдарын күту;
2) көз бұлшық еттерін жаттықтыруға арналған жаттығуларды орындау;
3) дене шынықтыру жүктеменің тәртібін ұстау;
4) түрлі жағдайлардағы спектрдің түстері мен олардың реңктерін айыра білу;
5) өрнек құрастырып, бояу;
6) күнделікті іс-әрекеттегі көру эталондарымен өңдеу;
7) негізгі параметрлер бойынша тірі және өлі табиғаттың заттарын қатыстыру және
салыстыру;
8) заттарды бөліктеріне қарап тану, оның бөліктерін танып құрастыру;
9) мозаиканы жинақтау және құрастыру;
10) заттық бейнелерді салыстыру және сипаттау;
11) сөздік сипатама бойынша суреттерді табу;
12) жасырын кескінмен бейнелерді табу;
13) фильмнің сюжетін мазмұндау, сюжетті сурет бойынша әңгіме құрастыру
дағдыларын меңгеретін болады.
36. Тұлғалық нәтижелер. Білім алушылар:
1) көру анализаторларының мәні, көздің көруінің нашарлап кетуі мен жоғалтып алу
қауіпті факторлары туралы кешенді білімді меңгеру;
2) көру біліктері мен дағдыларын дамытуға ынталандыру;
3) өзіне және өз денсаулығына жауаптылық дәрежесін түсіну;
4) күнделікті және зияткерлік әрекеттегі көріністердің қорын еркін пайдалану
дағдыларын танытады.
37. Жүйелік - әрекеттік нәтижелер білім алушылардың:
1) пән бойынша жүйелі білімді меңгеру, оны іс жүзінде қолдануынан көрініс табады
;
2) танымдық, зияткерлік және шығармашылық қабілеттерінің белсендірілуінен
көрініс табады.
Қазақстан
Республикасы
Білім
және
ғылым
министрінің
2013
жылғы
3
сәуірдегі
№ 115 бұйрығына 336-қосымша
Көру қабілеті бұзылған (көрмейтін және нашар көретін) білім алушыларға
арналған негізгі орта білім беру деңгейінің 5-10 сыныптары үшін "
Әлеуметтік-тұрмыстық бағдар" пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы
Ескерту. Бұйрық 336-қосымшамен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым
министрінің 27.07.2017
(1, 2, 6, 8, 9, 10, (11, 12)-сыныптарының ерекше білім
№ 352
беруге қажеттіліктері бар білім алушылары үшін 05.09.2017, 3-сыныптың ерекше білім
беруге қажеттіліктері бар білім алушылары және 10-сыныптың білім алушылары үшін
01.09.2018, 4-сыныптың ерекше білім беруге қажеттіліктері бар білім алушылары,
сонымен қатар 11-сыныптың білім алушылары үшін 01.09.2019 бастап қолданысқа
енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Түсінік хат
1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы
№ 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта
білім) жалпыға міндетті мемлекеттік
сәйкес әзірленген.
стандартына
2. Оқу пәнінің мақсаты - қоршаған орта туралы біртұтас түсініктің қалыптасу
негізінде адекватты мінез-құлық жүйесін қалыптастыру; көру қабілеті бұзылған
т ұ л ғ а л а р д ы
қ а з і р г і
ө м і р
ж а ғ д а й л а р ы н а
әлеуметтік-психологиялық жағынан бейімдеу.
3. Оқу пәнінің міндеттері:
1) көру қабілеті бұзылған тұлғалардың өзіне-өзі қызмет етуге, жеке гигиена
сақтауға, үй шаруасын жасауға, қоршаған ортада бағдарлауға қажетті дағдыларын
қалыптастыру және жетілдіру;
2) әлеуметтік ортаның ерекшеліктерін дұрыс түсініп бағалауды және өз
мінез-құлығын, жүріс-тұрысын өздігінен бақылау мен өзін-өзі реттеу дағдыларын
қалыптастыру;
3) дүниетанымы мен ой-өрісін кеңейту, жүріс-тұрыстың адамгершілік-этикалық
нормаларын қалыптастыру, эстетикалық талғамын дамыту;
4) әлеуметтік-мәдени мекемелеріне жататын кәсіпорындары іс жүзінде таныстыру;
5) адамгершілік-тұлғалық қасиеттерін тәрбиелеу: еңбекқорлық, басқалардың
қайғысы мен сезімдеріне ортақ бола білу, үлкендерді сыйлау, патриоттық сезімдер.
4. Қөру қабілеті бұзылған балаларды әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлауға үйрету –
бұл олардың әлеуметтік бейімделу және интеграция аясына жататын өзекті және
күрделі мәселелердің бірі. "Әлеуметтік-тұрмыстық бағдар" пәні көру қабілеті
зақымдалған (көрмейтін және нашар көретіндер) балаларды арнайы оқыту мен
тәрбиелеудің түзету бағыттағы пәндердің бірі болып табылады.
5. Көру қабілетінің бұзылуына шалдыққан тұлғаларды әлеуметтік-тұрмыстық
бағдарлауға дағдыландыру арнайы ұйымдастырылған оқыту жүйесі, оның негізінде
тұлғаның қалыптасу процесіне жағымды ыкпал тигізетін және оның қоршаған ортамен
әрекеттесуін қамтамасыз ететін құзыреттіліктер қалыптасады.
6. Әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлауды оқыту бағдарлама мазмұнын анықтауда
кешенділікті және "Емдік дене шынықтыру", "Кеністіктік бағдар", "Мимика және
пантомимиканы дамыту" пәндерімен өзара байланысты жүзеге асыруды қарастырады.
Сабақтың нәтижелі болуы педагогтың ата-аналармен тығыз байланыс орнату кезінде
ғана қамтамасыз етіледі.
7. Оқу бағдарламасы концентрикалық тәсілі бойынша құрылған, яғни оқу
материалы онда бірнеше рет ұсынылғанымен, білім беру мазмұны қайталанған сайын
күрделенеді және кеңейтіледі, жеке элементтерінің нақтылануы және тереңдетілуі
көзделген.
8. Әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлауды оқытудың негізгі ұйымдастыру формасы
коррекциялық сабақ болып табылады. Дегенмен, бағдарламалық материалды нәтижелі
меңгеру қалыптасқан икемдер мен дағдыларды сабақтан тыс уақытта бекітуді талап
етеді.
9. "Әлеуметтік-тұрмыстық бағдар" курсының базалық мазмұны келесі бөлімдерден
тұрады:
1) тамақтану: ас ішу ережелері; асүй/ас ішу бөлмесінде бағдарлау; асүйдің
жабдықтануы; азық-түлік/шырын-сусындар; ас дайындау; қазақ ұлттық тағамдары;
дастарханға тағамдарды реттеп қою;
2) тұрмыстық бейімделу: жеке тазалық; киім және аяқ киім; үйдің/пәтердің
жиһаздары мен жабдықтары; үй жинау; қазақ халқының ұлттық дәстүрлері; бюджет;
3) әлеуметтік әрекеттесу: қарым-қатынас ережелері мен этикеті; гендерлік тәрбие;
әлеуметтік желілер ішіндегі қарым-қатынас; туыстық/отбасылық қатынастар;
4) әлеуметтік-мәдени мекемелерде және көлік аясындағы әлеуметтік әрекеттесу;
5) нормативтік-құқықтық сауаттылық.
10. Көру қабілеті терең бұзылған білім алушыларға дифференциалыі және жеке
оқытуды жүзеге асыру жағдайындағы олардың жетістіктерін бағалау балдық емес,
сапалық-сипаттау, эмоциональді түрде болып, әлеуметтік бағдарлаудағы
құзіреттілігінің қалыптасу мен даму мониторингіне негізделеді.
11. Көрмейтін және нашар көретін білім алушыларды әлеуметтік-тұрмыстық
бағдарлауға оқыту арнайы жабдықталған кабинеттің болуын талап етеді.
12. Әлеуметтік-тұрмыстық бағдар пәні бойынша сабақтар аптасына 1 рет өткізіледі.
Оқу жүктемесінің (сағаттар санының) бөлінуі білім алушылардың тақырыпты меңгеру
деңгейіне байланысты өзгеруі мүмкін.
13. Оқу жүктемесінің көлемі:
1) 5-сынып – аптасына 1сағат, оқу жылына 34 сағат;
2) 6-сынып – аптасына 1сағат, оқу жылына 34 сағат;
3) 7-сынып – аптасына 1сағат, оқу жылына 34 сағат;
4) 8-сынып – аптасына 1сағат, оқу жылына 34 сағат;
5) 9-сынып – аптасына 1сағат, оқу жылына 34 сағат;
6) 10-сынып – аптасына 1сағат, оқу жылына 34 сағат.
2-тарау. Оқу пәнінің 5-сыныптағы базалық білім мазмұны
14. Тамақтану (5 сағат):
1) ас ішу кезіндегі ережелер: ас ішу саймандары мен құралдары; оларды қолдана
білу, ас ішу ережелерін сақтау, түскі және кешкі асқа дайындалған тағамдар мен ас ішу
саймандарын дастарханға дұрыс қою, астан қалған ыдыстарды жуу және дастарханды
жинау;
2) асүй/ас ішу бөлмесінде бағдарлау: асүйлік жиһаздардың, құрал-саймандардың
және ыдыстардың жалпы орналасуы;
3) аспазшының жұмысы, асүйдің жабдықтары: кастрөл, мультипісіргіш және
оларды пайдалану ережелері; көретін серіктестің көмегімен осы аспаптарды қолдану
арқылы қарапайым тағамдарды дайындау;
4) негізгі азық-түлік және оларды сақтау ережелері: сусындар – шай, кофе, какао,
кисель, компот; шай демдеу, кофе әзірлеу;
5) ас әзірлеу: тиімді тамақтанудың негіздері; тамақ ішу тәртібі; суға піскен
жұмыртқа; таңғы асқа дайындалған бутербродтар;
6) қазақ халқының ұлттық тағамдары: қышқыл сүттен дайындалған тағамдар (құрт,
ірімшік, қатық).
15. Тұрмыстық бейімделу (7 сағат):
1) жеке тазалық: дененің барлық мүшелерін тазалай білуге және дұрыс күтуге
дағдыландыру; дене шынықтыру;
2) деңсаулықты және қалдық көру қабілетін жыл мезгіліне байланысты сақтау
ережелерін білу; өз диагнозын, көру талдағыштың ауруын білу және соның негізінде
деңсаулығы мен қалдық көру кабілетіне зиян келтірмес үшін өзіне-өзі күш салу
нормасын, өзіне жарамды спорт түрлерін таңдау;
3) киім және аяқ киім: киімдегі таңбалар, ақ және түрлі-түсті кір киімдерді жуу
ережелері, кір жуатын машинаның жұмыс тәртібі, ұсақ бұйымдарды жуу, жуылған
кірді кептіру, дымқыл аяқ киімді құрғату;
4) үйдің/пәтердің жабдықтануы: негізгі жиһаздардың бөлменің ішінде орналасуы;
5) үйді жинастыру мен тазалау: құрғақ және ылғал тазалап жуудың тәртіптері; кітап
сөресін, кіші шкафтарды жинау; жууға арналған химиялық құралдарын қауіпсіз
қолданудың ережелерімен танысу.
16. Әлеуметтік әрекеттесу (12 сағат):
1) қарым-қатынас ережелері мен этикеті: қарым-қатынас формалары, тілдесу
кезіндегі мимика мен ымдарды қолданудың маңыздылығы; қарым-қатынас барысында
денені дұрыс қалыпта ұстауды бекіту;
2) тілдесу кезінде ымдар мен мимиканы дұрыс пайдалану; қол алысу (тең құқықты,
үстем, құрметтеуші);
3) ұлттық этикеттегі айырмашылық (қазақ, еуропалық, шығыс);
4) көретін адамдармен қарым-қатынасты жасаудың этикеті; көретіндермен бірге
бағдарлау; алып жүруші адаммен бірге жүрудің ережелері; алып жүрудегі
қарым-қатынастың этикасы;
5) жатақхана ережелері, интернатта тұрудың ерекшелігі;
6) көрмейтін және нашар көретіндердің еріксіз "қосарласқан қозғалыстары", оларды
түзету жолдары;
7) туыстық қатынас/отбасы: туысқандық байланыстар, отбасының ататегі,
отбасылық дәстүрлер, ата-аналарымен бірге өткізілетін іс-шаралар.
17. Әлеуметтік-мәдени мекемелеріндегі және көлік аясындағы әлеуметтік
әрекеттесу (10 сағат):
1) тілдесуде замануи құралдарды пайдалану;
2) шаштараз: шашты сәндеп тарауда өзара көмектесу; шашты, теріні күтіп қарау;
3) медициналық көмек: медициналық қызмет қөрсету (аурухана, клиника, емхана,
дәріхана, медициналық жедел жәрдем қызметі 103, алғашқы жәрдем қорабы (мақта,
бинт, жасыл дәрі (зеленка), жабыстырғыш (пластырь);
4) көше қиылысы, бағдаршамның жарық белгісі мен дыбыстық сигналы; көше
қиылысын өту ережесі, жолдың жиегімен жүру; көліктің негізгі түрлері; көшені өту
үшін көмек сұрай білу.
3-тарау. Оқу пәнінің 6-сыныптағы базалық білім мазмұны
18. Тамақтану (6 сағат):
1) ас ішу кезіндегі ережелер: ас ішу кезінде әдеп сақтау ережелерін бекіту, қонақты
шақыра білу, қонаққа шақыруды қабылдай алу, қонақ күту тәртібін білу;
2) асүйде/ас ішу бөлмесінде бағдарлау: асүйдің/ ас ішу бөлмесінің
санитарлық-гигиеналық ережелерін сақтау, таңғы және түскі ас дастарханын әзірлеу;
3) асүйлік жабдықтары: ыдыс-аяқ түрлері (шәугім, шәйнек, электршәйнек, таба,
казан), оларды қолдана білу;
4) тамақ әзірлеу: тамақ дайындаудың санитарлық-гигиеналық ережелерін сақтау (
қол жуу, алжапқыш пен орамал тағу); жарма, жарма түрлері, мультипісіргіште ботқа
пісіру; көкеністер, олардың түрлері, көкеністердер салат дайындау;
5) кешкі ас дастарханын әзірлеу; шайды демдей алуды, ерігіш кофе дайындай білу;
қонақтарға салқын сусындарды ұсынып беруді үйрету;
6) қазақтың ұлттық тағамдары: қышқыл сүттен жасалған сусындар (қымыз, шұбат,
айран).
19. Тұрмыстық бейімделу (6 сағат):
1) жеке тазалық: санитарлық-гигиеналық ережелер; көру қабілетін қорғау ережелері
және гигиенасы, салауатты өмір салтын сақтау маңыздылығы; зиянды әдеттер: ішімдік
ішу, есірткі қабылдау, шылым шегу;
2) киім және аяқ киім: күнделікті киетін киімді мөлшерге, қажетті үлгіге, маусымға
сәйкес таңдай білу, оны күту; кірді қолмен жуу; іш киімді, шұлықты күнделікті
ауыстыру;
3) үйдің/пәтердің жабдықтануы: бөлмені/пәтерді безендіру, бөлменің ішкі көрінісін
құрайтын ірі және ұсақ заттары;
4) үйді тазалау: шансорғыш, үйді құрғақ тазалау және тазалап жуудың дағдыларын
бекіту, жұмсақ жиһаздарды, корпустық жиһаздарды күтіп, тазалау.
20. Әлеуметтік әрекеттесу (10 сағат):
1) қарым-қатынас жасаудың/тілдесудің ережелері мен этикеті: өзін-өзі бағалау,
өзін-өзі бақылау ұғымдары, өзін-өзі сырттан қарап бағалау ("басқа жақтан көзқарас");
2) қарым-қатынастың, әлеуметтің маңыздылығы жайлы әңгімелесу; сөйлеу тілдің
мәдениеті, тілдесуде әдеп сақтау. "Амандасу", "Қонақ күту", "Қонақтарды шығарып
салу" тренингтері;
3) әлеуметтік желі жүйелерінде қарым-қатынас жасау; әлеуметтік желілерді,
электронды поштаны пайдалана білу; әлеуметтік желілер жүйелерінде қарым-қатынас
жасаудың қауіпсіздігі; "Виртуалдық алаяқты қалай тануға болады" тренингі;
4) телефон арқылы тілдесу, СМС жіберу арқылы қарым-қатынасқа түсу; "тірек"
сөздерді, этикет фразаларын телефон арқылы сөйлеуде қолдана білу; туыс-тумаларға,
жақын адамдарға жылы ықылас білдіру; көру талдағыштың көмегінсіз телефон нөмерін
теру;
5) көрмейтін балалардың қоршаған ортасының кеңею барысында жаңадан қосылған
мұғалімдерді, тәрбиешілерді, құрдастарды, туысқандарды қабылдай алу мен тану
икемін бекіту. "Жүрістен тану", "Мені таныдың ба?", "Дауыстан тану" тренингтері;
6) гендерлік тәрбие: ұлдар мен қыздардың жыныстық жетілуі; етеккір циклі, етеккір
циклдің күнтізбесін жүргізу; поллюция; етеккір және поллюция кезінде тазалық
ережелерін сақтау; жеткіншек жас кезеңіндегі тершеңдік пен тері аурулардан сақтану;
7) туыстық қатынас/отбасы: тілдесудегі мимиканың, мәнерліліктің маңыздылығы;
жақындармен және бейтаныс адамдармен кездесуде, бейтаныс жерге барғанда, қоштасу
кезінде жүріс-тұрыстың алгоритмі.
21. Әлеуметтік-мәдени мекемелеріндегі және көлік аясындағы әлеуметтік
әрекеттесу (10 сағат):
1) автожолға саяхат, көлікті дыбыстан тану: троллейбус, автобус, трамвай, жеңіл
көлік; жол жүру ережелері; "Біз көшеде жүрміз" атты тәжірибелік сабақ: түрлі
бағдарлағыштарды пайдаланып (күннің орналасуын, жапырақтардың сыбдырын,
көліктің шуын) таныс бастапқы жерден таныс соңғы жерге дейін өз бетінше бару;
2) қоғамдық көліктің белсенді өмір сүру үшін маңыздылығы; қоғамдық көліктің
аялдамалары; қоғамдық көліктің ішінде жүрудің ережелері.
22. Нормативті-құқықтық сауаттылық (2 сағат):
1) Қазақстан Республикасының негізгі нормитивті-құқықтық құжаттары, Қазақстан
Республикасы
, "Баланың құқықтары туралы" БҰҰ Конвенциясы; көру
Конституциясы
қабілетінің бұзылуынан болған мүгедектерге берілген жеңілдіктер.
4-тарау. Оқу пәнінің 7-сыныптағы базалық білім мазмұны
23. Тамақтану (7 сағат):
1) ас ішу кезіндегі ережелер: қонақта болған кезде кездесу/жиынның бабына қарай (
той, ас, Наурыз, туған күн) жүріс-тұрыс ережелерін сақтау, әдеп сақтау;
2) асүйде/ас ішу бөлмесінде бағдарлау: ыдыстарды тазалау, ыдыс-аяқтың
түр-түрлерін жуу; стакандарды, шынаяқтарды, тостағандарды, кастрөлдерді, табаларды
және сол сияқты ыдыстарды өз орындарына қою;
3) азық түлік/сусындар: ботқа пісіруді, салат дайындауды бекіту; ет азықтар және
оларды сақтау ережесі; макарон бұйымдары, олардың түрлері және әзерлеу амалдары;
сүт және сүттен жасалған өнімдер, оларды сақтау; дәмдеуіштер, астатым, тұздықтар;
4) тамақ дайындау: сорпа, сорпаның түрлері, ет қайнату мен тауық пісіру ережелері;
көкөністер мен еттен жасалған бірінші берілетін тағамдар (кеспе, борщ, окрошка); түскі
дастарханды дайындап, безендіру.
24. Тұрмыстық бейімделу (7 сағат):
1) жеке тазалық: жеке тазалықты сақтауды дағдыларын бекіту, шашқа және теріге
күнделікті күтім жасау; косметикалық құралдар, жас өспірімдік теріні күту ережелері;
порфюмерия, хош иісті таңдай білу, дезодорантты, спрейді қолдану;
2) киім және аяқ киім: жағдаятқа сай киім таңдау (мерекелік, күнделікті,
сапар-саяхатқа шығуға арналған, спорттық), киімді тазалап, ұстаудың амалдары мен
ережелері; кір жуудың опцияларын дұрыс таңдау (түрлі түсті киімдер үшін, ақ киімдер
үшін, жүн бұйымдарға арналған); киімді үтіктеу;
3) үйдің/пәтердің жабдықтануы: жатын бөлменің интерьер бұйымдары; жиһазды
тиімді орналастыруда және интерьер жасауда көзі көрмейтін адамның мүмкіндіктерін
еске алу;
4) үйді тазалау: көйлек-көншек шкафын, тумбочканы тазалау; корпустан жиналған
жиһазды тазалап, күту; бөлменің ішін жуып тазалау; құрғақ тазалау мен жуудың
ережелері, қітап сөрелерін жинап, тазалау; жууға арналған химиялық құралдарын
қауіпсіз қолданудың дағдылары;
5) қазақтың ұлттық дәстүрлері: үлкендерге, қарияларға құрмет көрсету, ұлттық
салттар: "Бесік той", "Тұсау кесу", "Сүндет той".
25. Әлеуметтік әрекеттесу (10 сағат):
1) қарым-қатынас/тілдесудің ережелері мен этикеті: туған күнін тойлау, қонақ күту,
сыйлықтарды қабылдай алу, сыйлық беру;
2) сөйлеу этикеті, "Дұрыс және мәнерлі сөйле", "Әңгімені жалғастыра біл!"
тренингтері; боямалылық пен жақсы мәнерлер; тілдесудің формалары мен стильдері;
сөйлесу кездегі жағымсыз эмоциялардың көрінуі және оларды тежей білу;
3) дау-жанжал жағдайлар және олардан шығу алгоритмі; балалардың көңілін
қосарласқан еріксіз қозғалыстардан теріс аудару мақсатында ұйымдастырылған
ойындар, әңгімелер; басқа іс-әрекетке ауыса білу;
4) гендерлік тәрбие: жігіттер мен қыздар арасындағы қарым-қатынастың мәдениеті,
танысуда әдеп сақтау, мерекелер мен қоғамдық іс-шаралар кезінде жүріс-тұрыстың,
мінез-құлықтың модельдері; жігіт пен қыздың танысу жағдаятын модельдеу;
5) әлеуметтік желістерде қарым-қатынас жасау; әлеуметтік желістерді, электронды
поштаны тиімді және қауіпсіз пайдаланудың ережелері; тірек сөздерді, этикет
фразаларын телефон арқылы сөйлеуде қолдана білу; туыс-тумаларға, жақын адамдарға
жылы ықылас білдіру.
26. Әлеуметтік-мәдени мекемелеріндегі және көлік аясындағы әлеуметтік
әрекеттесу (8 сағат):
1) қаланың ірі мәдени-тұрмыстық мекемелер туралы және олардың құрамына
кіретін заттар жайлы түсініктер: кинотеатр (фойе, көрермендер залы, сахна),
супермаркет (азық-түлік секциялары мен сөрелері, кассалар, азық-түлікке арналған
себеттер), базар (азық-түлік бөлімі, өндіріс және шаруашылық бұйымдар бөлімі), емдеу
мекемелер; "Сіз жоғалып қалсаңыз" тренингі;
2) аялдамада бағдарлау, қоғамдық көлікке мінудің және одан түсудің алгоритмі;
көзі көрмейтін адамдар үшін коғамдық көлікпен жүру ережелері.
27. Нормативті-құқықтық сауаттылық (2 сағат):
1) Қазақстан Рсепубликасы Үкіметінің кедергісіз ортаны қалыптастыруға
бағытталған іс-шаралары; көру қабілетінің бұзылуынан болған мүгедектерге арналған
оңалту орталықтары; Қазақстандық зағиптар қауымдастығы.
5-тарау. Оқу пәнінің 8-сыныптағы базалық білім мазмұны
28. Тамақтану (6 сағат):
1) ас ішу ережелері: ас ішу ережелерін түрлі жағдаяттарда сақтауды модельдеу;
2) асүйдің жабдықтануы: азықты сақтау контейнерлері, оларды қолдану;
3) азық-түлік/сусындар: тамақтанудың дұрыс мөлшерін сақтау; балық, балықты
тазалау және сақтау; дәмдеуіштер; дастарханды әзірлеу/безендіру заттары; мерекелі
дастарханды әзірлеу; жемістер, оларды сақтау ережелері;
4) қазақтың ұлттық тағамдары: еттен жасалған бұйымдар – бесбармақ, қуырдақ,
сірне.
29. Тұрмыстық бейімделу (6 сағат):
1) жеке тазалық: иіс сезу мәдениеті, хош иісті таңдай білу және дұрыс жағу/себу;
денеге, шашқа жағатын косметикалық сұйықтар мен қоспалар;
2) сауатты өмір салтына дағдыландыру; зиянды әдеттерден (шылым шегуден,
ішімдік, есіртке қабылдаудан) сақтану;
3) киім және аяқ киім: жағдайға, жағдаятқа сай киінуді дағдыландыру, киімді өз
мағынасына қарай қолдану, киімді таза және ұқыпты киіп жүру; киімді дұрыс жуу және
үтіктеу;
4) үйдің/пәтердің жабдықталуы: қонақжай бөлменің ішкі көрінісі – интерьері;
жиһаздарды және интерьерді құрайтын заттарды көзі көрмейтін адамның
мүмкіндіктеріне сәйкес және тиімді орналастыра білу;
5) үйдің ішін тазалау: жұмсақ жиһаздарды, кілемдерді тазалау мен күтудің
ережелері;
6) қазақтың ұлттық дәстүрлері: құда түсу, қызды ұзату, беташар.
30. Әлеуметтік әрекеттесу (8 сағат):
1) қарым-қатынас ережелері мен этикеті: ересек пен балалар арасындағы
қатынастар; даулылықсыздықтың негіздері; дау-жанжалды шешуде жас ерекшеліктерін
есепке алу;
2) туыстық катынастар/отбасы: отбасының ішіндегі қарым-қатынас жайлы
түсініктерді кеңейту және бекіту; көрмейтін немесе нашар көретін баланың өз
отбасының ішіндегі сау аға-інілерімен, әпке-сіңлі-қарындастарымен араласуы,
қарым-қатынасқа түсуі.
31. Әлеуметтік-мәдени мекемелеріндегі және көлік аясындағы әлеуметтік
әрекеттесу (10 сағат):
1) тілдесудің сөйлеу және сөйлеуден тыс құралдарын пайдаланып қарым-қатынас
жасаудың мәдениеті; көпшілік алдында сөз сөйлеу мәдениетін тәрбиелеу. Жағымсыз
эмоцияларды тыя қоюды білу;
2) жолаушылар көліктің жүру бағыттарын зерделеу әдістері; көрмейтін адамның
аялдамада жүріс-тұрысы; қала қөлігіне міну және одан түсу ережелері; көлік салонында
жүріп-отыру; жолаушылар көлігінің салонында таяқтың көмегімен жүріп-отыруды
үйрену және жаттықтыру; автобуспен 2-3 аялдамаға дейін өз бетінше жүріп қайту.
32. Нормативті-құқықтық сауаттылық (4 сағат):
1) қалалық, жергілікті өкіметтің тарапынан көрсетілетін нақты көмегін (көлікке
қолжетімділік, мүгедектігіне байланысты зейнетақы алу, тұратын үймен қамтамасыз
ету) алу үшін жиналатын құжаттар пакетін дайындауға көмектесу.
6-тарау. Оқу пәнінің 9-сыныптағы базалық білім мазмұны
33. Тамақтану (8 сағат):
1) ас ішу ережелері: дастархан басында өзін-өзі еркін ұстай алу, әңгімеге қосылып,
жалғастыра білу;
2) асүйдің/ас ішу бөлменің жабдықталуы: асүйлік құрал-жабдықтарын (газ плитаны,
газ сорғызу аспабын, духовканы, сенсорлық плитаны, электр пешті, тоңазыткышты)
тазалау, күту ережелері;
3) азық-түлік/сусындар: фарш, оның түрлері және сақтау ережесі; тартылған еттен -
фарштан жасалған тағамдар түрлері (котлет, долма, манты, фрикаделькалар, ішіне
күріш және фарш салыңған болгар бұрышы) және оларды дайындау тәртібі; гарнир
түрлері: картоп езбесі, пісірілген күріш, пісірілген қарақұмық; күнделікті және
мерекелік дастарханды әзірлеуді бекіту;
4) қазақтың ұлттық тағамдары: фарш қосылған тағамдар – манты, самса, бәліш.
34. Әлеуметтік бейімделу (6 сағат):
1) жеке тазалық: косметика құралдарын пайдалану ережелері мен эстетикасы;
2) киім және аяқ киім: сәннің өзекті үрдістерін түсіну, іш киімді дұрыс таңдау,
киімді (көйлекті немесе кофта мен белдемшені, шұлықты және аяқ киімді) өзара
үйлестері білу;
3) үйдің/пәтердің жабдықтануы: кабинеттің/үй кітапханасының көрінісі – интерьері;
жиһазды, интерьер заттарын орналастыру, кітаптарды сөрелерге реттеп қою;
4) үйді тазалау: құрғақ, ылғал тазалау мен тазалап жуудың дағдыларын бекіту; түрлі
заттардың әйнектен жасалған, жылтырақ үстілерін дұрыс тазалап, күту; сәндік
өсімдіктерге күтім көрсету, оларды суғару, құнарландыру және қайта отырғызу
тәртіптері;
5) қазақ халқының ұлттық дәстүрлері: қазақтың ұлттық мерекелері - Наурыз тойы,
Айт мерекесі.
35. Әлеуметтік әрекеттесу (8 сағат):
1) карым-қатынастың/тілдесудің ережелері мен этикеті: стрестер, стрестік
жағдаятарды модельдеу және олардан шығу амалдары, психотерапевтік коррекция;
2) гендерлік тәрбие: адамның сексуалды физиологиясы мен психологиясы; адамның
гигиенасы; жас кезіндегі ерте жүктіліктің және венерологиялық аурулардың алдын алу;
3) туыстық қатынастар/отбасы: ата-анасының біреуі көру қабілетінің бұзылуына
шалдыққан жағдайдағы отбасының ішкі қарым-қатынасы.
36. Әлеуметтік-мәдени мекемелеріндегі және көлік аясындағы әлеуметтік
әрекеттесу (8 сағат):
1) концерт залдарына, спорттық кешендеріне, кинотеатрларға, кафелерге барып
жүру, билет сатып алуды, билетке тапсырыс беруді, сұраныс жіберуді, шотті төлеуді
жаттықтыру және бекіту;
2) жолаушылар көліктің жүру бағыттарын зерделеу әдістерін меңгеруді бекіту;
жолаушылар көлігінің салонында таяқ таянып жүруді, жүріп-отыруды үйрену және
жаттықтыру; автобуспен 2-3 аялдамаға дейін өз бетінше жүріп қайтуды бекіту.
37. Нормативті-құқықтық сауаттылық (4 сағат):
1) көру қабілетінің зақымдануынан болған мүгедектердің әлеуметтік-құқықтық
қорғауы;
2) қалалық, жергілікті үкіметтің тарапынан көрсетілетін нақты көмегін (қөлікке
қолжетімділік, мүгедектігіне байланысты зейнетақы алу, тұратын үйімен қамтамасыз
ету) алу үшін жиналатын құжаттар пакетін дайындауға көмектесу.
7-тарау. Оқу пәнінің 10-сыныптағы базалық білім мазмұны
38. Тамақтану (6 сағат):
1) асүй жабдықтары: ыдыс жуатын машина, оны пайдалану ережесі, қауіпсіздік
техникасы; духовканы пайдалану тәртібі, тазалау амалы;
2) азық-түлік/сусындар: қамыр, оның түрлері (ашымаған – тұщы, сұйық, ашыған,
ашымаған-тәтті); қамырдың қопсытқышы; ашымаған тәтті және сұйық қамырдан
жасалатын тағамдарды дайындау (печенье, бисквиттер);
3) қазақ халқының ұлттық тағамдары: қамырдан жасалатын тағамдар – бауырсақ,
шелпек, чак-чак; шай дастарханын әзірлеу.
39.Тұрмыстық бейімделу (10 сағат):
1) жеке тазалық: маникюр, педикюр; шаштаразға экскурссия, маникюр және
педикюр шеберіне бару; денедегі түкке, сақал-мұртқа қарау;
2) киім және аяқ киім: сән талаптары мен беталыстары жайлы хабардар болу;
киімдерді киіну стиліне, жыл маусымына, түстердің өзара жарасымына сәйкес таңдауға
жаттықтыру;
3) үйдің/пәтердің жабдықталуы: асүйдің ішкі көрінісі – интерьері; жиһаздарды және
интерьерді құрайтын заттарды көзі көрмейтін адамның мүмкіндіктеріне сәйкес және
тиімді іріктеп алу, орналастыра білу;
4) үйді тазалау: асүйлік сөрелерін, шкафтарын, тоңазытқыш сөрелерін жуып тазалау
мен құрғақ сүртіп тазалай алуды және тазалау барысында әр затты өз орнына коя білуді
бекіту;
5) үйдегі жануарлар: жетелеуші ит, қажет болған жағдайда бөлмені санитарлық
өңдеуден өткізу;
6) қазақтың ұлттық дәстүрлері: үлкендерге, қарияларға құрмет көрсету, ата-ананы
қадірлеу, туған жерін сүю;
7) бюджет: бюджет туралы түсінік; шығыстың негізгі баптары, бір күнге, бір аптаға,
бір айға бюджет қаражатын бөлу.
40. Әлеуметтік әрекеттесу (6 сағат):
1) қарым-қатынас ережелері мен этикеті: қөпшілік алдында сөз сөйлеу дағдысын
машықтандыру;
2) эмоциялардың топтастырылуы; экстремалды жағдайда үрейге бой бермеу,
өзін-өзі дұрыс ұстауды үйрену: эмоциялық қозуды тежей білу, басқа тақырыпқа
ауысып кету, ойды іштей жинақтап, тұжырымдау; "Бейнелер" тренингі;
3) туыстық қатынастар/отбасы: туыстық деңгейлері (ағалар, інілер, әпкелер,
сіңлілер, қарындастар, келіндер, жеңгелер, қайын ене, балдыз); отбасылық
қарым-қатынастың мәдениеті.
41. Әлеуметтік-мәдени мекемелеріндегі және көлік аясындағы әлеуметтік
әрекеттесу (10 сағат):
1) тұрғындарды қорғау және қызмет көрсету органдарға, қалалық және аппаттан
құтқарушы қызметтерге телефон арқылы хабарласу;
2) көлік аясындағы әлеуметтік әрекеттесу: қалалық қоғамдық көлігінің жүру
бағыттарын білу; онлайн режимінде билетке тапсырыс беру; авто және темір жол
вокзалында бағдарлаудың ерекшеліктері.
42. Нормативті-құқықтық сауаттылық (2 сағат):
1) мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы Заңның негізгі баптарымен танысу және
еңбекке жарамсыз болып қалудың деңгейін анықтау мен мүгедектікті рәсімдеу
алгоритмдері.
8-тарау. 5-сынып білім алушыларының дайындық деңгейіне қойылатын
талаптар
43. Пәндік нәтижелер.
44. Білім алушылар:
1) ас ішу ережелерін;
2) асүйдің жабдықтыры мен ыдыстардың қолдану мағынасын;
3) жаңа азық-түліктерді және сусындарды, олардың сақтау тәртібін;
4) жеке тазалықты және қалдық көру қабілетін сақтау ережелерін;
5) үйдің/пәтердің ішінде бағдарлаудың ережелерін;
6) құрғақ тазалау мен тазалап жуудың ережелерін;
7) қарым-қатынас этикетінің ережелерін білетін болады.
45. Білім алушылар:
1) асты әзірлеу және ішу кезенде өзіне-өзі қызмет жасауды, ас ішудің ережелерін
сақтау;
2) жеке тазалық тәртібін сақтау дағдыларын, деңсаулық пен қалдық көру қабілетін
сақтау ережелерін қолдану;
3) өзінің киімі мен аяқ киімін, жеке заттарын тану; оларды күтіп ұстау және
әрқайсысын өз орнына салу;
4) қоғамдық мекеме-ұйымдарда, көлікте, қарым-қатынас кезінде жалпыға бірдей
ережелерін білуді және соларға сай жүріп-тұру дағдыларын меңгеретін болады.
9-тарау. 6-сынып білім алушыларының дайындық деңгейіне қойылатын
талаптар
46. Пәндік нәтижелер:
47. Білім алушылар:
1) асүй аспаптары мен құрал-жабдықтарының түрлерін, оларды қолданудың
ережелерін;
2) ас әзірлеудің гигиеналық талаптарын;
3) көкеніс пен ботқаларды дайындаудың амалдарын;
4) зиянды әдеттердің адам деңсаулығына тигізетін кері әсерін;
5) қарым-қатынастың, сөйлеу тілі мәдениетінің әлеуметтену үшін маңыздылығын;
6) әлеуметтік желіс жүйелерінде қауіпсіз қарым-қатынас жасаудың ережелерін;
7) жақын және бейтаныс адамдармен кездескен кезде өзін-өзі дұрыс ұстаудың,
жүріс-тұрыстың алгоритмін;
8) сыртқы келбетті күту ережелерін, телефон арқылы, әлеуметтік желі жүйелерінде
немесе нақты тілдесуде өзін-өзі ұстауды, жүріп-отыруды қадағалаудың амалдарын;
9) Қазақстан Республикасында көру қабілеті зақымдану салдарынан мүгедек болған
тұлғалардың құқыктарын білетін болады.
48. Білім алушылар:
1) шақыруды қабылдау, қонаққа шақыру;
2) үйді құрғақ тазалаудың және тазалап жуудың дағдыларын меңгеру,
шаңсорғышты пайдалана алу;
3) күнделікті киетін киімдерді қажетті мөлшері мен үлгісіне сай таңдау, киімді
күтіп ұстау;
4) етеккір және поллюция жағдайында гигиеналық талаптарын ұстану;
5) көліктің түрін дыбысы бойынша тану;
6) белгілі және өзіне таныс бағыт бойынша жолымен бас-аяғына дейін жүру
дағдыларын меңгеретін болады.
10-тарау. 7-сынып білім алушыларының дайындық деңгейіне қойылатын
талаптар
49. Пәндік нәтижелері.
50. Білім алушылар:
1) қонақта жүрген кезде жиынның мақсатына сай өзін-өзі ұстаудың,
жүріп-отырудың ережелерін;
2) ет қайнатудың ережесін, көкеністер мен ет азықтарынан тағам дайындаудың
амалдарын;
3) косметикалық құралдардың түрлері мен қолдану мағыналарын;
4) жағдаятқа байланысты киім таңдаудың ережелерін;
5) бөлменің ішкі көрінісін көзі көрмейтін адамның мүмкіндіктеріне сай ойластырып
, жоспардаудың ерекшеліктерін;
6) жуу құралдарын қауіпсіз қолданудың ережелерін;
7) қазақ халқының негізгі ұлттық салт-дәстүрлерін;
8) әлеуметтік желістерді қауіпсіз және тиімді пайдаланудың ережелерін;
9) тұрмыстық-мәдени және емдеу мекемелерінде бағдарлаудың алгоритмін;
10) Қазақстан Республикасындағы көру қабілеті бұзылған тұлғаларды оңалтуға
орталықтардың мақсаты және орналасу орындарын білетін болады.
51. Білім алушылар:
1) санитарлық-гигиеналық нормаларына сай қой, сиыр, тауық етінен сорпа пісіру;
2) асүйде және ас ішетін бөлмеде еркін жүріп, бағдарлау;
3) шаштың, терінің күнделікті күтімін жасау, өз заттарын және жиһазды дұрыс
қалпында, тазалықта ұстау;
4) әлеуметтік желістерді, электронды пошта арқылы қарым-қатынас жасау;
5) мерекелік кештерде, қоғамдық іс-шараларында, өзге жыныс тұлғасымен
танысуда өзін-өзі дұрыс ұстау дағдыларын меңгеретін болады.
11-тарау. 8-сынып білім алушыларының дайындық деңгейіне қойылатын
талаптар
52. Пәндік нәтижелер.
53. Білім алушылар:
1) мөлшермен дұрыс тамақтанудың негіздерін;
2) зиянды әрекеттердің адам ағзасы мен деңсаулығына тигізетін кері әсерін;
3) қарым-қатынас құрудың этикеті мен ережелерін, даулылықсыздықтың негіздерін,
дау-жанжалдан шығу алгоритмін;
4) отбасының мағынасын және туыстық қатынастардың маңыздылығын;
5) қазақ ұлттық салт-дәстүрлерін;
6) сөйлеуден тыс құралдарын пайдаланудың қарым-қатынастың толыққанды болуы
үшін маңыздылығын;
7) күнделікті тіршілікке қажет болатын жолаушылар көлігінің негізгі бағыттарын
білетін болады.
54. Білім алушылар:
1) азық-түліктің негізгі түрлері туралы және оларды сақтаудың орындары мен
ережелері жайлы білімдерін іс жүзінде қолдану;
2) тұрмыста қажет болатын заттарды күтіп ұстау, дұрыс пайдаланудың жетік
қалыптасқан дағдыларын қолдану;
3) тиімді қарым-қатынас жасау үшін тілдесуде сөйлеуден тыс құралдарын
пайдалану;
4) жағымсыз эмоцияларды тыю;
5) үйреншікті бағыт бойынша өз бетінше жүру дағдыларын меңгеретін болады.
12-тарау. 9-сынып білім алушыларының дайындық деңгейіне қойылатын
талаптар
55. Пәндік нәтижелер:
56. Білім алушылар:
1) асүй құрал-жабдықтарын тазалау және күтім жасаудың ережелерін;
2) тартылған еттен (фарштан) жасалған тағамдарды;
3) күнделікті және мерекелік дастарханды әзірлеудің ережелерін;
4) сәндік бөлме өсімдіктерін, әйнектен жасалған және жылтыр үстілерді күтіп
қараудың ережелерін;
5) адамның сексуалдық физиологиясы мен психологиясын; ерте жастан жүкті
болудан және соз аурулардан сақтанудың ережелерін;
6) әлеуметтік-мәдени мекемелерінде және көлік аясында әлеуметтік әрекеттесудің
алгоритмін;
7) қазақ халқының ұлттық салт-дәстурлері мен мерекелерін;
8) көру қабілетінің зақымдануынан мүгедек болған тұлғалардың әлеуметтік
қорғаудың құқықтық негіздерін білетін болады.
57. Білім алушылар:
1) тамақ әзірлеудің санитарлық-гигиеналық нормаларын сақтап, асүйлік түрлі
аспаптарын қолдану арқылы тартылған еттен (фарштан) тағам дайындау;
2) жеке тазалық ережелерін тұрақты сақтау; сән талаптарына сай бола білу;
3) сәндік өсімдіктерге күтім жасай алу;
4) жол жүру ережелерін сақтау; қоғамдық көліктің ішінде бағдарлай алу
дағдыларын меңгеретін болады.
13–тарау. 10-сынып білім алушыларының дайындық деңгейіне қойылатын
талаптар
58. Пәндік нәтижелер:
59. Білім алушылар:
1) асүй аспаптары мен құрал-саймандарын пайдаланудың қауіпсіздік техникасын;
2) қамырдың негізгі түрлерін, оларды дайындау амалдарын;
3) қазақ ұлттық тамағының қамырдан жасалған тағамдарын;
4) шашқа, тырнақтарға, дене терісіне, денедегі түкке, сақал-мұртқа күтіп қараудың
ережелерін;
5) сәннің процестерін;
6) жиһаздарды және интерьерді құрайтын заттарды көзі көрмейтін адамның
мүмкіндіктеріне сәйкес тиімді іріктеудің және орналастырудың ережелерін;
7) шығыстың негізгі баптарын, бюджет қаражатын бөлудің негіздерін;
8) эмоциялар түрлерін, дау-жанжал жағдаяттан шығу алгоритмін;
9) қалалық және аппаттан құтқарушы қызметтерге хабарласудың тәртібін;
10) "Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңның негізгі баптарын және
еңбекке жарамсыз болып қалудың деңгейін анықтау мен мүгедектікті рәсімдеу
алгоритмін білетін болады.
60. Білім алушылар:
1) тамақ әзірлеудің санитарлық-гигиеналық нормаларын сақтап, қамырдың
түр-түрінен тағам дайындау;
2) шаш-тырнаққа, киім мен аяқ киімге, өз заттарына, жиһазына үнемі және тұрақты
күтіп қарау;
3) жол ережесін қолдана білу, қоғамдық түрлі көлігінде бағдарлай алу;
4) тұрғындарды қорғау және қызмет көрсету органдарға, қалалық және аппаттан
құтқарушы қызметтерге хабарласу;
5) қарама-қарсы жыныстылармен қарым-қатынас жасау дағдыларын меңгеретін
болады.
61. Тұлғалық нәтижелер. Білім алушылар:
1) қазақтың ұлттық дәстүрлерін қүнделікті өмірде ұстану;
2) қоғамдық жерлерде өзін-өзі дұрыс ұстаудың ережелерін және қарым-қатынас
этикасы тұрақты сақтау дағдыларын танытады.
62. Жүйелік-әрекеттік нәтижелер білім алушылардың:
1) интеллектуалдық, танымдық және шығармашылық қабілеттерінің белсенуінен;
2) өмірлік ұстанымының белсенуінен көрініс табады.
Қазақстан
Республикасы
Білім
және
ғылым
министрінің
2013
жылғы
3
сәуірдегі
№ 115 бұйрығына 337-қосымша
Көру қабілеті бұзылған (көрмейтін және нашар көретін) білім алушыларға
арналған негізгі орта білім беру деңгейінің 5-10 сыныптары үшін "Кеңістіктік
бағдар" пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы
(оқыту қазақ тілінде жүргізілетін сыныптар үшін)
Ескерту. Бұйрық 337-қосымшамен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым
министрінің 27.07.2017
(1, 2, 6, 8, 9, 10, (11, 12)-сыныптарының ерекше білім
№ 352
беруге қажеттіліктері бар білім алушылары үшін 05.09.2017, 3-сыныптың ерекше білім
беруге қажеттіліктері бар білім алушылары және 10-сыныптың білім алушылары үшін
01.09.2018, 4-сыныптың ерекше білім беруге қажеттіліктері бар білім алушылары,
сонымен қатар 11-сыныптың білім алушылары үшін 01.09.2019 бастап қолданысқа
енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Түсінік хат
1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы
№1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта
білім) жалпыға міндетті мемлекеттік
сәйкес әзірленген.
стандартына
2. Оқу пәнінің мақсаты - көрмейтін және нашар көретін білім алушылардың
кеңістікте бағдарлаудағы жалпылама әдіс-тәсілдерін меңгерту, қоғамда оқшаулануды
жеңе білу, қоршаған әлем туралы біртұтас түсінігін қалыптастыру мен тұлғаның
жеткілікті дамуына ықпал ету болып табылады.
3. Оқу пәнінің міндеттері:
1) сыртқы ортаның тітіркеніштерін адекватты түсінуге үйрету;
2) көру қабілеті бұзылған тұлғалардың заттық және кеңістіктік елестерін дұрыс
қалыптасуына ықпал ету;
3) өмір сүрудегі түрлі жағдайларда қолайлы әрекет ету дағдыларын қалыптастыру.
4. Көру қабілеті бұзылған тұлғаларды кеңістікті бағдарлауға оқыту -әлеуметтік
ортаға бейімделуі мен енуіндегі ең өзекті де қиын мәселелердің бірі. Осыдан, көру
қабілеті бұзылған (нашар көретін және көрмейтін) білім алушыларды арнайы оқыту
мен тәрбиелеуде, "Кеңістіктік бағдар" түзету компонентінің ең маңызды пәндерінің бірі
болып табылады.
5. Кеңістікте бағдарлауға оқыту курсының мазмұнын анықтауда "Емдік дене
шынықтыру", "Әлеуметтік-тұрмыстық бағдар", "Қалдық көру қабілетімен көру түйсігін
дамыту және сақтау" пәндерімен өзара байланысындағы кешенді тәсілдерді
қарастырады. Сонымен қатар, педагогтардың, тәрбиешілердің, ата-аналардың, көру
қабілеті бұзылған білім алушылардың дағдылары мен біліктіліктерін меңгеруіне
қойылатын бірыңғай талаптарын да көздейді.
6. Оқу бағдарлама концентрикалық әдіс бойынша құрылған, яғни оқу материалы
жылдан жылға қайталанып ұсынылғанымен, білім беру мазмұны күрделеніп,
кеңейтіледі, жеке элементтерінің нақтылануын және тереңдетілуін көздейді.
7. Түзету сабағы - кеңістікте бағдарлауды оқытудың негізгі ұйымдастырылған түрі
болып табылады. Дегенмен бағдарлама материалын жақсы меңгеру үшін білім
алушылардың дағды мен біліктіліктерін сабақтан тыс уақытта бекіту ұсынылады.
8. Көру қабілеті бұзылған білім алушылардың кеңістіктік бейнесінің қалыптасуын
шартты түрде үш кезеңге бөлуге болады және олардың әрқайсысы өз алдына
көрнекіліктердің, әдістердің және оқытудың түрлерінің құралдарын қолданатын нақты
міндеттерді қояды:
1) бірінші кезеңде маршруттың алғашқы кеңістіктік бейнесі қалыптасады: маршрут
бойындағы заттардың орналасуы жайлы жалпы елесі, маршруттың бастапқы нүктесі
анықталады, бағыттың конфигурациясы, маршруттың әр бөлігі нақтыланады;
2) екінші кезеңде осы құрылған кеңістіктің жалпылама бейнесі бөлшектеніп,
маршруттың әр бөлігі егжей-тегжейлі зерттеледі;
3) үшінші кезеңде зерттелген маршруттың әр бөлігі біртұтас, адекватты кеңістіктік
бейнеге айналады. Осы жүйемен оқығанның нәтижесінде кеңістіктік бейненің
тұрақтылығы, дәлдігі, толықтығы және адекваттылығы өседі.
9. "Кеңістіктік бағдар" курсының базалық мазмұны төмендегі бөлімдерде жүзеге
асырылады:
1) бағдарлы-мобиляторлы іс-әрекетінің негізгі түсініктері;
2) дұрыс жүрістің тәсілдерін игерту, әртүрлі жағдайларда келбетті пішін мен
дененің дұрыс қалыпта ұстауын қалыптастыру;
3) кеңістікті бағдарлауда сақталған анализаторларды қолдану;
4) шағын кеңістікте бағдарлау;
5) жабық және еркін кеңістікте бағдарлау;
6) топографиялық көріністердің қалыптасуы;
7) ақ тросттің көмегімен бағдарлау;
8) қоғамдық көліктерді пайдалану;
9) қоғамдық әлеуметтік-мәдени орындарында бағдарлауы мен тәртібі;
10) айналасындағы адамдармен бірлескен бағдарлау дағдылары.
10. "Кеңістіктік бағдар" пәні бойынша көру қабілеті бұзылған балаларды оқытуды
бағалау балдық емес, білім алушылардың сапалы-сипаттағы, эмоционалды
ерекшеліктер мүмкіндігінің деңгейінде, кеңістікте бағдарлаудағы құзіреттілігінің
қалыптасу мен даму мониторингіне негізделеді.
11. Көрмейтін және нашар көретін білім алушыларды кеңістікте бағдарлауды
оқытуда құрылғылармен, көрнекілік, дидактикалық және техникалық құралдармен (
рельефті-графикалық карталар, тірек-сызбалар, "Школьник", "Ориентир" құралдары,
айналар, ақ тросттар, тактильді және дыбысты жолдар, дыбыстық сигналдар)
жабдықталған арнайы кабинеттің болуын талап етеді.
12. Кеңістіктікте бағдарлау сабақтары, білім алушылардың даму деңгейінің
негізінде құрылған (3-5 адам) топпен немесе ерекше күрделі жағдайларда – жеке
жұмыс жүргізіледі. Білім алушылардың кемістігінің түзелуіне қарай, оларды топтық
сабақтарға қосады. Сабақ ұзақтығы – 45 минут. Білім алушылардың тақырыпты
қабылдауына байланысты оқу жүктемесін (сағат) бөлу өзгертілуі мүмкін.
13. Оқу жүктемесінің көлемі:
1) 5-сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында 102 сағат;
2) 6-сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында 102 сағат;
3) 7-сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында 102 сағат;
4) 8-сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында 102 сағат;
5) 9-сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында 102 сағат;
6) 10-сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында 102 сағат.
2-тарау. Оқу пәнінің 5-сыныптағы базалық білім мазмұны
14 Кіріспе (6 сағат):
.
1) кеңістікте бағдарлаудың өмірдегі рөлі;
2) білім алушылардың диагностикасы, кеңістікті бағдарлауды оқуға дайындығының
деңгейін зерттеу;
3) әйгілі көрмейтін адамдардың өмірі;
15. Бағдарлы-мобиляторлы іс-әрекеттің негізгі түсініктері (14 сағат):
1) кеңістік түсініктері: "Көлденең, тігінен" "Көлбеу, айналасында" (шахмат
тақтасының,макеттің үлгісінде);
2) көлденең және тігінен тұрған заттар мен обьектілерді анықтау.
3) "солдан - оңға, оңнан - солға" түсініктері;
4) "жол, баған, дәреже, қатар" түсініктері;
5) уақыт түсініктері, "бұрын, кейін", "ертерек, кейінірек".
16. Дұрыс жүрістің тәсілдерін игерту, әртүрлі жағдайларда келбетті пішіні мен
дененің дұрыс қалыпта ұстауына үйрету (16 сағат):
1) білім алушының дене қалпы "тұрып тұрғанда", партада, үстел басында, креслода,
жұптасқан жүрісте, тұрақты бағдардың бойымен өз бетінше қозғалыста (қабырғамен,
баспалдақ қанаттарымен) болуы;
2) оқығанда және жазғанда дене қалпының дұрыстығы, заттарды қабылдауы,
кедергілерді тауып және айналып өтуі;
3) қатармен жүру;
4) бағытты көрсететін дұрыс ишараны қалыптастыру;
5) кедергілерді айналып, дыбыстық сигналға жүру;
6) бөлменің әр бұрышынан берілетін дыбыстық сигналға қарай жүру;
7) бағыты 90, 180 градусқа өзгертілген, 15-20 метрлік қашықтықты жүріп өту;
8) көшбасшы соңындағы және топтағы қозғалысы;
9) баспалдақпен және заттары бар көлбеу жазықтықтағы жүріс;
10) дұрыс жүріс дағдылары.
17. Кеңістікте бағдарлауда сақталған анализаторларды қолдану (18 сағат):
1) кеңістікті сипап сезу арқылы қабылдау;
2) әртүрлі конфигурациядағы заттарды саусақпен, білекпен, алақанмен қабылдау;
бедерлі суреттерді "оқу"; қолдың қадағалау қызметін дамыту жаттығулары; табанмен
жердің түрлі құрылымын анықтау (шөп,асфальт, құм, бос және басылған қар);
3) заттың көлемі, құны, қызуы, беткі құрылымы, материалы сияқты қасиеттерін (
шыны, ағаш, қағаз, темір, мата) ажырату мен салыстыру дағдыларын дамыту;
4) жабық кеңістікте дыбыстың қозғалысын немесе қозғалыссыздығын
локализациялау, қоршаған адамдарды дауыстан танып, ажырату, адамның көңіл- күйін
дауыстан анықтау;
5) қоршаған кеңістікте дыбыстарды танып, локализациялау (мектепте, үйде).
6) дыбыстың шығу жеріне дейінгі қашықтықты анықтау;
7) қала шуын және табиғаттағы дыбыстарды ажырату (шу, ағаштар сыбдыры, үй
құстарының, жануарлардың дауыстыры);
8) көшедегі және ғимарат ішінің түрлі жарықтарына көру анализаторларының
үйрену тәсілдері;
9) заттардың пішінді мен сұлбалы бейнесін қабылдау;
10) таныс кеңістіктегі заттарды қалдық көру қабілетімен тану;
11) заттық және кеңістіктік бағдарлауда иіс пен дәм сезуді қолдану;
18. Еркін және жабық кеңістікте бағдарлау қабілеті (14 сағат):
1) мектеп ғимараты туралы жалпы түсінігі;
2) сынып- кабинеттерінің орналасуы;
3) шеберханалардың орналасуы;
4) сақталған анализаторларды қолдана отырып, жол және қозғалыс карталарын
құрастыру;
5) өз бетімен баспалдақпен түсіп, шығу;
6) белгілі бір жерге дейін бағытты ойша анықтау;
7) мектеп территориясы туралы түсінігін бекіту;
8) мектеп территориясын өз бетімен бағдарлау;
9) ауызша сипаттау арқылы мектеп территориясының жоспарын құру;
10) мектеп территориясының жеке бөлімдерінің жоспарын құру;
11) мектеп территориясындағы заттардың ара қашықтықтығын анықтау;
12) мектеп территориясындағы тұрақты, уақытша, кездейсоқ кедергілерді жеңе білу
;
13) білім алушылардың топографиялық түсініктерінің шынайы жабық кеңістікке
ауысуы және оны бағдарлау;
14) қиылыс;
15) бағдаршамның жарықтық және дыбыстық сигналдары;
16) қиылыстан өту ережесі;
17) жол жиегіндегі қозғалыс.
19. Топографиялық көріністердің қалыптасуы (14 сағат):
1) бедерлі-графикалық оқулық, "Ориентир" құралы және оның көрмейтіндер үшін
қоршаған әлемдегі түрлі заттар туралы түсініктерінің қалыптасуындағы рөлі;
2) бедерлі-графикалық оқулықтар көмегімен сипап сезудің дамуы;
3) негізгі бедерлі-графикалық түсініктермен танысу;
4) масштаб;
5) жабық кеңістіктің бедерлі жоспарын орындау;
6) "Карта-жол" сызбасын құру;
7) топографиялық қабілеттерін жетілдіру, бірінші және екінші қабаттардың
сызба-картасымен жұмыс.
20. Ақ тросттың көмегімен кеңістікте бағдарлау (12 сағат):
1) тросттың түрлері;
2) тросттың мәні, түрлері және қызметі;
3) тростты дұрыс таңдау, дұрыс ұстау ережелері;
4) трость қолданудағы қауіпсіздік ережелері;
5) тросттың көмегімен жүру;
6) трость қолдану барысында келбетті пішінді дұрыс ұстау;
7) тростты күту.
21. Айналасындағы адамдармен бірлескен бағдарлау дағдылары (8 сағат):
1) сүйемелдеуші адамдармен жүру ережелері;
2) сүйемелдеушімен бірге жүрудің амалдары. Сүйемелдеушімен түзу жүріс;
3) сүйемелдеушімен ғимарат ішіндегі жүріс;
4) сүйемелдеушімен ғимаратқа кіру және шығу;
5) сүйемелдеуші адаммен қарым-қатынас әдебі.
3-тарау. Оқу пәнінің 6-сыныптағы базалық білім мазмұны
22. Бағдарлы-мобиляторлы іс-әрекетіндегі негізгі ұғымдар (10 сағат):
1) ұғымдарды бекіту: "көлденең, тігінен, ұзындығы, ені, биіктігі";
2) көкжиек жақтарымен бағдарлау;
3) ауызша ақпарат бойынша кеңістікте өз денесіне қарай бағдарлау;
4) әр түрлі жағдайларда дұрыс жүру амалдарын үйрету, келбетті пішінді және дене
қалпын дұрыс сақтауға үйрету;
5) жазу мен оқу кезінде, отыру, жүру, тұру барысында келбетті пішінді тік ұстауға
үйрету;
6) дыбыстық сигналға кедергісіз және кедергілермен жүру;
7) бағыт 90 және 180 градусқа өзгергенде бағдарлай білу. Топ ішіндегі қозғалыс.
23. Кеңістікте бағдарлауда сақталған анализаторларды қолдану (14 сағат):
1) еркін кеңістікте дыбыстың қозғалысын немесе қозғалыссыздығын
локализациялау;
2) қоршаған ортадағы дыбыстар, олардың дыбыс шығаратын заттармен қатынасын
елестетуі (алыс, жақын, жақынырақ, алысырақ, жақындап келеді, алыстап барады
түсініктері);
3) еркін кеңістікте заттарды қалдық көру арқылы ажырату, кеңістікті
стереоскопиялық емес қабылдаудың тәсілдерін менгерту. Кеңістіктегі заттардың
алыстауын бағалау және оларды суретте (қалыпты және графикалық) бейнелеу;
4) қоршаған ортада кездесетін иістерді анықтау;
5) бұлшық ет сезімдерін дамыту: тұрақты бағдарсыз тура жолды маршрутта
бағытты сақтап жүру.
24. Шағын кеңістікте бағдарлау (10 сағат):
1) кеңістіктік бағыттарды бекіту: солдан оңға, оңнан солға, жоғарыдан төмен,
төменнен жоғары, қиғашынан;
2) кеңістіктегі түсініктерді дұрыс түсіне білу: артынан, астынан, айнала, арқылы,
төменірек, жоғарырақ;
3) бедерлі жоспардағы шартты белгіле;
4) жабық кеңістіктің макетіенде және бедерлі жоспарында бағдарлау.
25. Жабық және еркін және кеңістікте бағдарлау (16 сағат):
1) берілген бағыт бойынша мектеп ауласындағы қозғалыс;
2) кедергілер және оның түрлері: тұрақты, уақытша;
3) мектеп ауласындағы тұрақты, кездейсоқ, уақытша кедергілерінен өту;
4) мектеп ауласындағы бағдарлау дағдысын бекіту;
5) жол белгілері: нұсқау, ескертпе, тыйым салынатын, қызмет көрсету белгілері;
6) жолдың жиегімен және жолсызбен жүру;
7) жер асты және жер үсті өту жолдары;
8) жол жүру ережелері бойынша жарыс ойындары. 2-3 жеңіл маршруттарды
меңгеру (мысалы: мектеп-дүкен, мектеп- автобус аялдамасы);
9) зерттелетін кеңістіктің бедерлі жоспарын пайдалану;
10) зерттелетін кеңістіктің бедерлі жоспарын пайдалана отырып, "карта - шолу"
сияқты түсініктерін қалыптастыру (сызба және аппликация түрінде);
11) кеңістіктік жады және қиялдың дамуына арналған жаттығулар.
26. Топографиялық көріністердің қалыптасуы (10 сағат):
1) бедерлі-графикалық нұсқаулықтар және олардың көрмейтіндер үшін қоршаған
ортадағы түрлі нысандар туралы елесті қалыптастырудағы рөлі;
2) бедерлі -графикалық нұсқаулықтардың көмегімен сипап сезуді дамыту;
3) тұрмыстағы бағдарлауға арналған техникалық құралдар;
4) масштаб;
5) жабық кеңістік жоспарын Брайль жүйесі бойынша орындау.
27. Ақ тросттың көмегімен бағдарлау (10 сағат):
1) тросттың түрлері;
2) тростты таңдау;
3) тростты пайдаланудың негізгі әдістері мен тәсілдері;
4) "Маятник" техникасын меңгеру;
5) "Қарындаш" техникасы бойынша тростты ұстаудың негізі;
6) "Тайғанақтау" тәсілі;
7) "Тигізу" тәсілі;
8) "Диагональ" техникасы;
9) тросттың күтімі.
28. Қоғамдық көлікті пайдалану (14 сағат):
1) автожолға саяхат, дыбысы бойынша көлікті тану: троллейбус, автобус, трамвай,
автокөлік;
2) жолда жүру ережелері "Біз көшемен келеміз" - практикалық сабақтар; таныс
жолды басынан соңына дейін күннің орналасуына және басқа бағдарларға қарай, оның
ішінде жапырақтардың дыбысына, көшедегі жылжыған және жылжымаған көліктердің
дыбысына қарай бағдарлап табу;
3) белсенді өмір сүрудегі қоғамдық көліктердің мәні;
4) қоғамдық көліктердің аялдамалары.
29. Қоғамдық әлеуметтік -мәдени орындарыда бағдарлауы мен тәртібі (12 сағат):
1) бейтаныс орындардағы өзін-өзі ұстау ережелері;
2) бағдарлау кезінде көмек сұрай алу;
3) мейрамханада, кафеде өзін-өзі ұстау ережелері.
30. Айналасындағы адамдармен бірлескен бағдарлау дағдылары (6 сағат):
1) қоғамдық орындарда көрмейтіндердің өзін-өзі ұстау ережелері;
2) айналасындағы құрдастарымен бағдарлау және қарым-қатынас мәдениеті.
4-тарау. Оқу пәнінің 7-сыныптағы базалық білім мазмұны
31. Дұрыс жүрістің тәсілдерін игерту, әртүрлі жағдайларда келбетті пішіні мен
дененің дұрыс қалыпта ұстауына үйрету (8 сағат).
1) қол және аяқ қозғалыс үйлесімдігінің дағдыландыру;
2) жүру кезінде дене жаттығуларын орындату: секіру, отырып жүру;
3) вестибулярлық аппараттың үйлесімдігі, басына жүк қойып жүру;
4) көлбеу жазықтықта жүру;
5) 180 градусқа бұрылып жүру;
6) шұңқыр, арықтар және омбы қарлардан өту;
7) лабиринттің ішімен жүру;
8) қала көшелерінде, көліктерде, қоғамдық орындарда бағдарлаудағы дененің дұрыс
қалпы.
32. Кеңістікте бағдарлауда сақталған анализаторларды қолдану (10 сағат):
1) қоршаған ортадағы дыбыстар, олардың заттарға қатынасы (алыс, жақын,
жақынырақ, алысырақ, оңға, солға, сол жақтан, оң жаққа, алдынан, артынан, жақындап
келеді, алыстап барады );
2) кеңістікті қабылдаудың кезінде стереоскопиялық емес амалдарын қалыптастыру;
3) қалдық көруі бар кезінде түзу жолмен жүруде жарық көлеңкесін қолдану;
4) бұрылу кезінде жарық көлеңкесін қолдану;
5) белгілі бір ғимаратқа кірерде және шығарда қалдық көруін жаттықтыру;
6) әртүрлі жарықтануға үйрену амалдары;
7) қоршаған ортадағы заттарды сипап сезу арқылы зерттеу;
8) түрлі материалдарды танып білу дағдыларын бекіту;
9) иістердің көмегімен кеңістікте бағдарлау;
10) тұрақты бағдарларға сүйене отырып берілген бағыт бойынша қозғалыс.
33. Шағын кеңістікте бағдарлау (10 сағат):
1) кеңістіктік бағыттарды бекіту: қиғаш, диагонал бойынша, айнала;
2) үйренген кеңістіктік ұғымдарды дұрыс түсіне білу. Бедерлі жоспарларды оқи
білу.
34. Жабық және еркін кеңістікте бағдарлау (16 сағат):
1) мектеп ауласының жоспарын құрастыру;
2) орталық кіре берістің маңайындағы кеңістікті меңгеру;
3) қосымша шыға беріс жанындағы кеңістікте бағдарлау;
4) сағат тілінің бағытында мектепті айналу;
5) сағат тілінің бағытына қарсы қозғалыс;
6) стадионға өз бетінше бару;
7) қоқыс контейнеріне өз бетінше бару;
8) кеңістікте нақты берілген уақытпен бағдарлау;
9) қозғалыс кезіндегі техникалық қауіпсіздік дағдылары;
10) территориядағы кедергілерді жеңе білу (арықтар, құдықтар, ағаштар). ауызша
ақпарат бойынша территорияда жүру;
12) мектепке жақын көшелерді бағдарлау;
13) бағдаршамы бар және жоқ көше қиылыстарынан өту ережелері;
14) дүкендерде, поштада, дәріханада, көліктерде өз бетінше бағдарлау;
15) бірнеше бұрылыстан кейін кеңістіктік қатынастардың өзгеруі;
16) шартты суреттеу бойынша еркін және жабық кеңістіктің жоспарын құрастыру;
17) қалыптасқан кеңістіктік ұғымдарды пайдалана отырып, еркін және жабық
кеңістік туралы әңгіме құрастыру.
35. Топографиялық көріністердің қалыптасуы (10 сағат):
1) қоршаған орта, нақты бір жер туралы түсініктің қалыптасуында
бедерлі-графикалық нұсқаулықтардың рөлі;
2) жабық және еркін кеңістіктердің жоспарын құру үшін
бедерлі-графикалықнұсқаулықтарды қолдану (жанама жерлері бар кафе, кинотеатр);
3) "Школьник" құралы және оның көрмейтіндердің мобилді болуындағы рөлі;
4) "шолу - карта", "карта - жол" деңгейінде топографиялық түсініктерін
қалыптастыру;
5) шағын аудан жоспары бойынша бағдарлау.
36. Ақ тросттің көмегімен бағдарлау (10 сағат):
1) көрмейтіндер үшін бағдарлау кезіндегі тросттің рөлі;
2) тросттің әр түрлілігі (телескопиялық жиналмалы, цилиндрлік және конус тәрізді
түтікшелерден жасалынған трость, қысқа тросттер);
3) ұзын трость;
4) өлшем бойынша тростты таңдау;
5) "Маятник" техикасының амалдарын жаттықтыру;
6) "Қарындаш" техникасы бойынша тростты ұстау;
7) "Тайғанақтау" амалы;
8) "Тигізу" амалы;
9) "Диагонал" техникасы;
10) тростты күту;
37. Қоғамдық көліктерді пайдалану (16 сағат):
1) қоғамдық көліктердің аялдамалары;
2) аялдамада бағдарлау;
3) көлікке мінерде, көлікке кіргенде және түсерде тростпен жұмыс істей білу және
бағдарлау;
4) көрмейтіндердің қоғамдық көліктерде өзін-өзі ұстау ережелері;
5) калалық көлік салондарының бедерлі-графикалық сызбасы;
6) көлікте 2-3 аялдама сүйемелдеушімен жүру.
38. Қоғамдық әлеуметтік-мәдени орындарда бағдарлауы мен тәртібі (16 сағат):
1) туған қала немесе ауыл туралы түсініктер;
2) шағын аудан туралы түсінік;
3) жақын маңдағы саябаққа, баққа саяхат;
4) жақын көшелердің бедерлі картасын зерттеу;
5) жақын жерде орналасқан көшелерге саяхат;
6) көше, бульвар, тас жол, даңғыл, тұйық көше, жағалау, алаң, саябақ, гүл бағы -
ұғымдары;
7) мектептің айналасында орналасқан алдындағы ұғымдарды нақтылау;
8) қаладағы ірі мәдени-тұрмыстық орталықтар және оның ішіндегі заттарды
елестете білу: кинотеатр (фойе, көру залы, сахна), супермаркет (азық-түлік секциялары,
кассалар, азық-түлікке арналған корзиналар), базар (азық-түлік бөлімі, тұрмыстық және
өндірістік тауарлар бөлімі);
9) емдік орталықтар;
10) тренинг: "Егер сіз адасып қалсаңыз?";
11) менгерген білім, білік, дағды бойынша тестілеу.
39. Айналасындағы адамдармен бірлескен бағдарлау дағдылары (6 сағат):
1) нашар көретін адам мен көрмейтіннің супермаркеттерде, басқа да қоғамдық
орындарда бағдарлауы;
2) "Азық-түлік сатып алу" тренингі;
3) кафеге, базарға бару;
4) саябақтағы серуен кезінде өтіп бара жатқан адамнан көмек сұрай білу;
5) емханаға экскурссия.
5-тарау. Оқу пәнінің 8-сыныптағы базалық білім мазмұны
40. Дұрыс жүрістің тәсілдерін игерту, әртүрлі жағдайларда келбетті пішіні мен
дененің дұрыс қалыпта ұстауына үйрету (10 сағат):
1) жүру кезінде дене жаттығуларын орындату: келбетті пішінді сақтау: денені
айналдыру, секіру, отырып – тұру;
2) вестибулярлық аппаратты үйлестіру, басқа жүк қойып жүру. Көлбеу жазықтықта
жүру;
3) жолдағы кездейсоқ және тұрған кедергілерден өту;
4) лабиринтпен жүру;
5) қала көшелерінде, көлікте және қоғамдық орындарда бағдарлауда келбетті
пішінді сақтау.
41. Кеңістікті бағдарлауда сақталған анализаторларды пайдалану (10 сағат):
1) кеңістікте бағдарлауда сақталған анализаторларды кешенді пайдалану;
2) бұлшықетті жаттықтыру, тірек-қозғалыс белсенділігін арттыруға арналған
жаттығулар.
42. Жабық және еркін кеңістікте бағдарлау (18 сағат):
1) ғимарат ішін ойша бағдарлау; бір жерден екінші жерге ойша маршрут құрып
әнгімелеп беру;
2) берілген бағыт бойынша жүру;
3) кедергілер және олардың түрлері: тұрақты және уақытша;
4) өз денесіне қарай заттың орналасу бағытын анықтау. Заттардың арақашықтығын
анықтау;
5) қала ішіндегі бірнеше бағытты өздігінен меңгеру;
6) қала көлігінде көмекпен жүру;
7) қала ішіндегі маңызды бірнеше бағытты меңгеру: (емханаға дейін, музыка және
көркем өнер мектептеріне дейін, поштаға дейін, кафеге дейін).
8) жолда жүру ережелері: көшеден өту аймағымен жүру, белгісі жоқ көше
қиылысынан өту;
9) көкжиек бағыттарын компас көмегімен бағдарлау.
43.Топографиялық көріністердің қалыптасуы (10 сағат):
1) "Жол - карта", "жоспар-карта" сияқты топографиялық түсініктерін қалыптастыру;
2) бедерлі жоспар;
3) бедерлі жоспарда бағытты өзгерту;
4) "Тура жүр", "солға қарай жүр", 90Ү және 180Үградусқа бұрылғанда бағытты
және бағдарды өзгерту.
44. Ақ трость көмегімен бағдарлау (12 сағат):
1) көрмейтіндердің бағдарлау кезіндегі ақ түсті тросттің маңызы;
2) трость қызметі және трость түрлері;
3) тростты таңдаудың жеке тәсілдері;
4) тростпен бағдарлау тәсілдері: тростты дұрыс ұстау, тростты пайдалану кезіндегі
техникалық қауіпсіздік;
5) тростпен жүру тәсілдері: маятникті, диагоналды, сырғанау тәсілдері;
6) тростпен баспалдақпен көтерілу және төмен түсу;
7) ғимаратта, көлікте, көретін сүйемелдеушімен жүргенде тростты пайдалану;
8) трость көмегімен кедергіні анықтау.
45. Қоғамдық көліктерді пайдалану (18 сағат):
1) жолаушы көлігінің бағыттарын меңгеру әдістері. Аялдамадағы көрмейтіндердің
тәртібі;
2) дене қалпын дұрыс ұстау;
3) қала көлігіне отыру және шығу ережелері, көлік ішіндегі тәртіп;
4) жолаушы көлігінің ішінде тростті пайдалануға жаттығу;
5) автобуста 2- 3 аялдамаға бақылаушымен жүру.
46. Қоғамдық әлеуметтік-мәдени орындарда бағдарлауы мен тәртібі (18 сағат):
1) қаланың үлкен сауда орындары, мәдени және транспорттық мекемелер; сауда –
ойын орталығы, супермаркеттер, авто және теміржол бекеттері, базарлар;
2) осы нысандардың айналасы және оларды бағдарлау;
3) бейтаныс ғимараттарда бағдарлану;
4) жұмыс орнын бағдарлау;
5) жұмыс орны мен құрылғылардың өзара орналасуын зерттеу;
6) шеберханаларды бағдарлаумен танысу;
7) жоспар бойынша шеберхана туралы түсініктерін бекіту. "Ориентир құралы".
47. Айналасындағы адамдармен бірлескен бағдарлау дағдылары (6 сағат):
1) сүйемелдеушімен бірге айналасындағы адамдармен, бейтаныс кісілермен қарым -
қатынас әдебі.
6-тарау. Оқу пәнінің 9-сыныптағы базалық білім мазмұны
48. Кеңістікте бағдарлауда сақталған анализаторларды қолдану (8 сағат):
1) кеңістікте бағдарлау кезінде сақталған анализаторларды кешенді қолдану;
2) бұлшықетті жаттықтыру, тірек-қозғалыс белсенділігін арттыруға арналған
жаттығулар.
49. Шағын кеңістікте бағдарлау (10 сағат):
1) кәсіптік оқуда пайдаланатын кеңістік туралы ұғымды нақтылау және бекіту:
барлық жер, айнала, төменнен, жоғарыдан, артынан, алдынан, төменгі/жоғарғы
жиегімен, төменнен – жоғары, диагонал бойынша және басқа да түсініктер.
50. Жабық және еркін кеңістікте бағдарлау (18 сағат):
1) жабық бейтаныс кеңістікте бағдарлау (супермаркет, кафе, кинотеатр);
2) сауда орталығына кіру – шығу, баспалдақты, лифтті табу тренингтері;
3) эскалаторды пайдалана білуге үйрету;
4) лифттегі өзін-өзі ұстау ержелері;
5) қала, ауыл, поселке; шалғындық, орман, саябақ; шабындық, өзен, суқойма –
түсініктері;
6) көше, бульвар, тас жол, даңғыл, алаң, жағалау, саябақ – ұғымдарын бекіту;
7) осы ұғымдарды өзінің қоршаған ортасында түсініп, нақтылау.
51. Топографиялық көріністерінің қалыптасуы (10 сағат):
1) "Карта --жол" , "карта- шолу" сияқты топографиялық түсініктері;
2) жергілікті жердің бедерлі жоспары ( ауылдық жер, қала орталығы, қала
аудандарының картасы);
3) өздігінен жоспарларды жобалау, "Ориентир" құралында аппликация жасау.
52. Ақ тросттың көмегімен бағдарлау (10 сағат):
1) тростты таңдаудың жеке тәсілдері;
2) тростпен бағдарлау тәсілдері, тростті пайдалану кезіндегі техникалық қауіпсіздік;
3) тростпен жүру тәсілдерін бекіту: маятникті, диагоналды, тарту, сырғанау;
4) баспалдақпен көтерілу және төмен түсу;
5) ғимаратта, көлікте сүйемелдеушімен жүргенде тростті пайдалану;
6) трость көмегімен кедергіні анықтап, өту.
53. Қоғамдық көліктерді пайдалану (20 сағат):
1) жолаушы көлігінің бағыттарын меңгеру әдістері;
2) аялдамадағы көрмейтіндердің іс-әрекеті;
3) қала көлігіне отыру және шығу ережелері; көлік ішіндегі тәртіп;
4) жолаушы көлігінің ішінде тростті пайдалану амалдарын меңгеру;
5) автобуста 2- 3 аялдамаға өздігінен жүру.
54. Қоғамдық әлеуметтік-мәдени орындарда бағдарлауы және тәртібі (20 сағат):
1) мектеп шеберханасына бару;
2) өндірістік шеберханаларға саяхат (техникалық қызмет көрсету станциясы, ателье,
массаж салоны);
3) қаланың көрнекті жерлерімен танысу;
4) жергілікті жердің маңызды нысандары, жергілікті жердің бедері;
5) жолдан өту арқылы бірнеше көшелермен жүру. көшелерді және жаяу жүргінші
маршруттарын зерттеу, аялдамаларды ажырату;
6) кеңістікті және кеңістіктегі кедергілерді сезіну;
7) қалада/жергілікті жерде орналасқан жерін анықтау жаттығулары.
55. Айналасындағы адамдармен бірлескен бағдарлау дағдылары (6 сағат):
1) өтіп бара жатқан адамдардан көмек сұрау (саябақта, дүкенде);
2) шаштараз, кафе, кинотеатрларда құрдастарымен бірлесіп бағдарлау.
7-тарау. Оқу пәнінің 10-сыныптағы базалық білім мазмұны
56. Жабық және еркін кеңістікте бағдарлау (22 сағат):
1) сауда орталығын кіру – шығу, баспалдақты, лифтті табу тренингтері;
2) эскалаторды пайдалана білу;
3) лифттегі өзін-өзі ұстау ережелері;
4) орман, шабындық, саябақ, өзен, су қойма ұғымдарын бекіту және оларды өзінің
қоршаған ортасында нақтылау;
5) театрда және концерттік залда бағдарлау;
6) көрермен залының жоспарын құру;
7) қала ішінде бірнеше бағытты өздігінен меңгеру;
8) берілген мекен-жай бойынша үйді, пәтерді табу;
9) білім алушылардың көру мүмкіндігін ескере отырып жолда жүру ережесін сақтау
.
57. Топографиялық көріністердің қалыптасуы (12 сағат):
1) "Карта- жол" , "карта- шолу" сияқты бағдарлау дағдыларын дамыту (үлгі
бағыттары: стадион, базар, мешіт, кафе);
2) жергілікті жердің бедерлі жоспары;
3) жергілікті жердің жоспарын өздігінен жобалау.
58. Ақ трость көмегімен бағдарлау (12 сағат):
1) тростпен жүру тәсілдерін бекіту: маятникті, диагоналды, тарту, сырғанау;
2) баспалдақпен, еңіспен көтерілу және төмен түсу;
3) трость көмегімен әр-түрлі кедергіні анықтау және одан өту;
4) трость күтімі.
59. Қоғамдық көліктерді пайдалану (24 сағат):
1) автобуста, троллейбуста, метрода бағдарлауға дағдылардыру;
2) қаланың/ жергілікті қоғамдық көліктерінің бағыттарын зерттеу;
3) авто және теміржол бекеттеріндегі бағдарлау ерекшеліктері;
4) онлайн режимінде билеттерге тапсырыс беру.
60. Қоғамдық әлеуметтік- мәдени орындарда бағдарлауы мен тәртібі (24 сағат):
1) қала/ жергілікті жердің әкімшілігі, мәдени, сауда және емдеу мекемелерімен
толығырақ танысу;
2) саябақтар, көшелер, жағалаулар;
3) алаңдардың, көшелердің орналасуы, қиылысы және көліктердің сол бағытта жүру
тәртібі, олардың өзара байланысы туралы біртұтас түсінік алу.
61. Айналасындағы адамдармен бірлескен бағдарлау дағдылары (8 сағат):
1) сүйемелдеушімен жүргенде, айналасындағы адамдармен қарым-қатынас әдебі;
2) саябақтағы, дүкендегі, кинотеатрдағы және өзін-өзі ұстау ережесі.
8-тарау. 5-сынып білім алушыларының дайындық деңгейіне қойылатын
талаптар
62. Пәндік нәтижелер.
63. Білім алушылар:
1) әйгілі адамдардың өмірбаянын;
2) негізгі кеңістік және уақыт ұғымдарын;
3) сақталған анализаторлардың негізінде қоршаған ортадағы заттардың қасиеттері
туралы толық елестете алу: заттың пішінін, температурасын, құрылысын,беткі бөлігін,
материалын;
4) кеңістікте бағдарлауда тұрақты сенсорлық, дыбыстық, тактилді, иіс сезу
бағдарлардың мәнін;
5) тұрақты мекен-жай мен оқудың орналасқан жеріндегі басты нысандарын;
6) тұрғылықты жері мен мектеп мекен-жайын;
7) көше қиылысынан өту ережесін;
8) кеңістікте бағдарлауда "карта-жол" сызба масштабының мәнін;
9) ақ тросттың түрлерін, қызметі, мәні және оны пайдалану ережесін білетін болады
.
64. Білім алушылар:
1) тұрмыста және оқу қызметінде пайдаланатын қажетті заттармен үйлесімді
қимылдар жасау;
2) кеңістікте өлі табиғат пен тірі табиғат дыбыстарын тану және локализациялау:
3) кішігірім жабық және ашық кеңістікте тікелей сезу арқылы қоршаған ортаны өз
бетінше бағдарлау;
4) кеңістіктегі заттардың қатынасын макет пен жоспарда елестету және көрсету
дағдыларын меңгеретін болады.
9-тарау. 6-сынып білім алушыларының дайындық деңгейіне қойылатын
талаптар
65. Пәндік нәтижелер.
66. Білім алушылар:
1) бағдарлы-мобиляторлы іс-әрекеттің негізгі түсініктерін;
2) бағытты 90, 180 градусқа өзгерткенде заттардың орнының өзгеруі;
3) дыбыстық, көру, тактилді, иіс сезу бағдарларының мақсатын;
4) жабық кеңістікттің бедерлі жоспары және макетін;
5) жолда жүру ережесін;
6) күнделікті қозғалыс үшін қиын емес 2-3 маршрутты;
7) ақ тростты қолданудың негізгі әдістері мен тәсілдерін білетін болады.
67. Білім алушылар:
1) өз бетінше қозғалуға қызығушылық туғызу, қалыптасқан дұрыс келбетті пішін
дағдысы, дұрыс жүріс;
2) қоршаған ортада бағдарлау үшін қалдық көруді және компенсаторлық
мүмкіндіктерді пайдалану;
3) жабық және еркін кеңістікті бағдарлауда, бағыты өзгерсе де, өзгермесе де
қалыптасқан;
4) бағдарлау үшін бедерлі-графикалық нұсқаулықты қолдану;
5) тростты ұстау тәсілдерін меңгеру және оны пайдалануда қауіпсіздік техникасы;
6) кеңістікте бағдарлауда сөздік ақпаратты қолдану дағдыларын меңгеретін болады.
10-тарау. 7-сынып білім алушыларының дайындық деңгейіне қойылатын
талаптар
68. Пәндік нәтижелер.
69. Білім алушылар:
1) кеңістікте бағдарлауда сақталған анализаторлардың мәнін;
2) дұрыс жүріс пен дұрыс келбетті пішіннің тәсілдерін;
3) бағдарлаудағы тұрақты, уақытша, кездейсоқ кедергілерді;
4) бағдаршаммен реттелетін және реттелмейтін көше қиылыстарынан өту ережесі;
5) "карта-шолу", "карта-жол" деңгейіндегі топографиялық нұсқауларды;
6) тұрғылықты жердегі ірі мәдени-тұрмыстық, емдік мекемелерді және олардың
сыйымдылығын білетін болады.
70. Білім алушылар:
1) еркін және жабық кеңістікте, өзгерген немесе өзгермеген бағытпен, өз бетінше
қозғалыс кезінде көру, есту, сипап сезу бағдарларын қолдану;
2) мектепке, үйге жақын көшелерде бағдарлау;
3) кеңістіктің жоспарын құрғанда бедерлі-графикалық нұсқаулықты пайдалану;
4) трость таңдау техникасы және оны қолдану;
5) қоғамдық орында және көлікте, көшеде қарым-қатынас жасау мен бағдарлаудың
іс-жүзіндегі;
6) қалыптасқан кеңістіктік түсініктерді және елестерді пайдалана отырып, таныс
және бейтаныс кеңістік туралы әңгімелеу дағдыларын меңгеретін болады.
11-тарау. 8-сынып білім алушыларының дайындық деңгейіне қойылатын
талаптар
71. Пәндік нәтижелер.
72. Білім алушылар:
1) тура, еңіс жазықтықтардағы кездейсоқ және тұрақты кедергілерді жеңе отырып,
дұрыс жүріс тәсілдерін;
2) жергілікті жерге тиесілі бірнеше маршрутты;
3) көшеден өту ережесін;
4) компастың көмегімен бағдарлаудың ережесін;
5) топографиялық бағдарлауларды;
6) тростпен қозғалыстың түрлі тәсілдері, тростті дұрыс ұстау тәсілдерін;
7) тұрғылықты жердегі ірі сауда, мәдени және көлік мекемелері;
8) шеберханалардағы құрылғылар мен жұмыс орындарының өзара орналасуын
білетін болады.
73. Білім алушылар:
1) қоршаған ортадағы құбылыстарды және қозғалыстарды, заттарды қабылдауда
сақталған анализаторларды белсенді пайдалану;
2) болатын маршрутты ойша жобалау;
3) тұрақты бағдарларға сүйене отырып, еркін және жабық кеңістікте еркін
бағдарлау;
4) топографиялық көріністерді "карта-жол", "карта-жоспар" сияқты жоспарда
көрсету;
5) тростпен бағдарлаудың түрлі тәсілдерін меңгеру;
6) алдыңғы тәжірбиені өзектендіре отырып, бейтаныс кеңістікте бағдарлау;
7) таныс маршрутпен қоғамдық көлікте жүру дағдыларын меңгеретін болады.
12-тарау. 9-сынып білім алушыларының дайындық деңгейіне қойылатын
талаптар
74. Пәндік нәтижелер.
75. Білім алушылар:
1) кеңістікте бағдарлауда сақталған анализаторлардың мәнін;
2) орталық шығу-кіру, қосалқы шығу, орталық баспалдақ, эскалатор, қосалқы
баспалдақ, жолаушылар, жүк лифттерінің қолдану мақсатын;
3) ғимараттарда, көліктерде, сүйемелдеушімен жүргенде тростті пайдалану және
тростпен қозғалыс ережесін;
4) "көше, бульвар, тас жол, даңғыл, жағалау, алаң, саябақ" ұғымдарын;
5) жергілікті жердің негізгі көрнекті жерлері және негізгі нысандарын білетін
болады.
76. Білім алушылар:
1) келбетті пішінді сақтап, дұрыс жүру;
2) өндірістік оқуда қолданатын шағын кеңістік туралы түсініктерді меңгеру;
3) жергілікті жердің көшелерінде жолда жүру ережелерін сақтап, жүру;
4) эскалаторды, лифтті, баспалдақты қолдану;
5) топографиялық түсініктерді нақтылау, жергілікті жердің жоспарын өздігінен
жобалау;
6) қолайлы қозғалысты таңдай отырып,өздігінен жолаушылар көлігінің
маршруттарын зерттеу дағдыларын меңгеретін болады.
13-тарау. 10-сынып білім алушыларыныі дайындық деңгейіне қойылатын
талаптар:
77. Пәндік нәтижелер.
78. Білім алушылар:
1) таныс және бейтаныс кеңістікте бағдарлау ережесін;
2) лифтте, концерт залында, сауда залында сүйемелдеушісіз өзін-өзі ұстау ережесін;
3) қала ішіндегі қоғамдық көліктің бірнеше маршрутын;
4) тұрғылықты жердің бедерлі жоспарын;
5) тростпен бағдарлаудың және қозғалудың ережесін;
6) авто және темір жол бекеттеріндегі бағдарлаудың ерекшеліктерін;
7) тұрғылықты жердің көлік маршруттары мен көшелерін, алаңдардың орналасуы
мен байланысын білетін болады.
79. Білім алушылар:
1) таныс және бейтаныс кеңістікте қауіпсіз бағдарлау үшін сақталған
анализаторларды кешенді және белсенді пайдалану;
2) "карта-жол", "карта-шолу" сияқты жоспар құрастыра білу;
3) трость көмегімен бағдарлау және жүру;
4) жергілікті жердегі бірнеше бағытты өздігінен игеру (емхана, супермаркет, кафе,
базар) дағдыларын меңгеретін болады.
80. Тұлғалық нәтижелер. Білім алушылар:
1) қоғамдық орындарында өзін-өзі ұстау ережелерін және қарым-қатынас әдебін
танытады.
81. Жүйелік- әрекеттік нәтижелер білім алушылардың:
1) көшелердің, алаңдардың орналасуы мен өзара байланысы туралы және көлік
маршруттары жайлы біртұтас түсінігінен;
2) пән бойынша жүйелі білімді меңгеру, оны іс жүзінде қолдануынан;
3) танымдық, интеллектуалдық және шығармашылық мүмкіндіктерінің жетілуінен
көрініс табады.
Қазақстан
Республикасы
Білім
және
ғылым
министрінің
2013
жылғы
3
сәуірдегі
№ 115 бұйрығына 338-қосымша
Көру қабілеті бұзылған (көрмейтін және нашар көретін) білім алушыларға
арналған негізгі орта білім беру деңгейінің 5-10 сыныптары үшін "Кеңістіктік
бағдар" пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы
(оқыту орыс тілінде жүргізілетін сыныптар үшін)
Ескерту. Бұйрық 338-қосымшамен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым
министрінің 27.07.2017
(1, 2, 6, 8, 9, 10, (11, 12)-сыныптарының ерекше білім
№ 352
беруге қажеттіліктері бар білім алушылары үшін 05.09.2017, 3-сыныптың ерекше білім
беруге қажеттіліктері бар білім алушылары және 10-сыныптың білім алушылары үшін
01.09.2018, 4-сыныптың ерекше білім беруге қажеттіліктері бар білім алушылары,
сонымен қатар 11-сыныптың білім алушылары үшін 01.09.2019 бастап қолданысқа
енгізіледі) бұйрығымен.
|