Глава 4. Требования к уровню подготовки обучающихся 5 класса
24. Предметные результаты.
25. Обучающиеся будут знать:
1) звуко-буквенный разбор слов;
2) правильное значение слов;
3) значение синонимов, антонимов, омонимов;
4) способы словообразования;
5) значение средств речевой и неречевой выразительности;
6) правила культурного поведения.
26. Обучающиеся будут уметь:
1) дифференцировать оппозиционные звуки по артикуляции, звучанию;
2) производить звуко-буквенный и морфологический разбор слов;
3) пользоваться на практике синонимами, антонимами, омонимами;
4) согласовывать слова в различных сочетаниях, предложениях;
5) внятно проговаривать фразы/тексты с соблюдением логических пауз, интонаций
с сопровождением мимических, пантомимических движений;
6) составлять связные тексты по теме/плану.
Глава 5. Требования к уровню подготовки обучающихся 6 класса
27. Предметные результаты.
28. Обучающиеся будут знать:
1) звуко-слоговой анализ слова;
2) выразительные интонации, метафоры, сравнения, эпитеты;
3) точное значение названий слов и словосочетаний, переносное значение слов,
явления многозначности слова;
4) признаки связного текста.
29. Обучающиеся будут уметь:
1) производить звуко-слоговой анализ слова;
2) правильно использовать лексико-грамматические конструкции и выбирать
языковые средства при построении связных высказываний;
3) составлять текст по плану, названию, с элементами описания и рассуждения;
4) творчески осмысливать личный опыт и воспроизводить его в форме рассказа.
30. Личностные результаты выражаются в:
1) использовании сформированных навыков общения в свободной практической
деятельности с применением вербальных и невербальных средств общения;
2) проявлении интереса и овладении навыками общения с окружающими людьми.
31. Системно-деятельностные результаты выражаются в:
1) активизации речевой деятельности и проявлении интереса, чуткости и любви к
родному языку;
2) овладении развитыми коммуникативными способностями, языковой культурой.
Қазақстан
Республикасы
Білім
және
ғылым
министрінің
2013
жылғы
3
сәуірдегі
№ 115 бұйрығына 343-қосымша
Тірек-қозғалыс аппаратында бұзылыстары бар білім алушыларға арналған
негізгі орта білім беру деңгейінің 5-10 сыныптары үшін "
Әлеуметтік-тұрмыстық бағдар" пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы
Ескерту. Бұйрық 343-қосымшамен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым
министрінің 27.07.2017
(1, 2, 6, 8, 9, 10, (11, 12)-сыныптарының ерекше білім
№ 352
беруге қажеттіліктері бар білім алушылары үшін 05.09.2017, 3-сыныптың ерекше білім
беруге қажеттіліктері бар білім алушылары және 10-сыныптың білім алушылары үшін
01.09.2018, 4-сыныптың ерекше білім беруге қажеттіліктері бар білім алушылары,
сонымен қатар 11-сыныптың білім алушылары үшін 01.09.2019 бастап қолданысқа
енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Түсінік хат
1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы
№ 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта
білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті
сәйкес әзірленген.
стандартына
2. Оқу пәнінің мақсаты - тірек-қозғалыс аппаратында бұзылыстары бар білім
алушыларда әртүрлі тұрмыстық және әлеуметтік жағдайларда белсенді және дербес
болу үшін арнайы әлеуметтік-бейімделу іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру.
3. Оқу пәнінің міндеттері:
1) білім алушыларда өзіне-өзі қызмет етуге, тамақтануды ұйымдастыруға арналған
дағдыларды қалыптастыру;
2) тұрмыстық еңбек икемдерін қалыптастыру;
3) әлеуметтік нысандардың (сауда, тұрмыстық қызмет, байланыс, мәдениет,
медициналық көмек) және қоғамдық көлік қызметтерін бағдарлау және қолдану
дағдыларын қалыптастыру;
4) жақындарымен және бейтаныс ортада қарым-қатынас орнату икемдерін
қалыптастыру;
5) тәртіптің, мәдениеттің, адамдар арасындағы қарым-қатынастың
адамгершілік-этикалық талаптарын қалыптастыру;
6) бос уақытын ұйымдастыру икемін қалыптастыру;
7) жігерлік қасиеттерін тәрбиелеу: еңбекқорлық, дербестік, өз бастамаларының
болуы, белсенділік, тәртібін реттеу;
8) тірек-қозғалыс аппаратының бұзылыстарымен негізделген психофизикалық
кемшіліктерді түзеуге ықпал ету: ұсақ және ірі моториканы дамыту.
4. Тірек-қозғалыс аппаратында бұзылыстары бар білім алушылардың
психофизикалық даму ерекшеліктері түрлі тұрмыстық дағдыларды меңгеруге және
өзіне өзі қызмет ету әрекеттерін өздігімен орындауда қиындықтар туындатады, ол
жалпы және ұсақ моторикаларының жағдайына байланысты.
5. "Әлеуметтік-тұрмыстық бағдар" түзету курсы әлеуметтік бейімделуге және өз
өміршеңдігін қамтамасыз етуге, қимыл әрекеттерінің кемшіліктерін еңсеруге,
тірек-қозғалыс аппаратында бұзылыстары бар білім алушылардың танымдық
қызығушылықтарын қалыптастыруға бағытталған. Бағдарламаны құрастыру кезінде
білім алушылардың келешек өмірлерін дербес орнатуға арналған білім және
икемдердің қажеттілігі және практикалық маңызы, оқу материалының қолжетімділігі,
меңгеруге ұсынылған әр әрекет түрлерін күнделікті өмірде орындау мүмкіндіктері
ескерілген.
6. Оқу бағдарламасы жаңа әлеуметтік-тұрмыстық икемдер және дағдыларды
қалыптастыруға арналған өткен материалды әр сыныпта қайталап және тереңдетуге
мүмкіндік беретін концентрлік ұстанымына сәйкес жүзеге асады.
7. Оқу жүктемесінің көлемі:
1) 5-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат;
2) 6-сынып - аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат;
3) 7-сынып - аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат;
4) 8-сынып - аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат;
5) 9-сынып - аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат;
6) 10-сынып - аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат.
8. Әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау курсын оқыту барысында келесі пәндермен
пәнаралық байланыс орнатылады:
1) қазақ тілімен: өз ойын, сөйлемдерді, қорытынды және пайымдауларын
құрастыруға қажетті қазақ тілінің ережелерін қолдану;
2) математикамен: есептеу және өлшеуді талап ететін өмірдегі жағдайларды
жандандыру;
3) Қазақстан тарихымен: қазақ халқының салт-дәстүрлерін, тұрмысын көрсететін
жағдайларды қолдану;
4) технологиямен: еңбек дағдыларын қолдану, дербес практикалық, еңбек әрекетін
жоспарлай және бақылай білу.
9. Тақырыпты өту кезеңділігін мұғалім өзі белгілеп күнтізбелік жоспарда көрсетеді.
Әр бөлім бойынша жұмыс мазмұнын анықтау диагностикалық негізінде балалардың
қозғалыс мүмкіндіктерін, нақты сынып білім алушыларының мәліметтенуі және
дайындық деңгейін ескере отырып жүзеге асады. Әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау
пәні екі сабақтан жоспарланып өткізілуі мүмкін, танымжорық өткізу үшін, тағамдарды
дайындау, кір жуу. үшін. Дағдыларды қалыптастырудың маңызды шарты ол білім
алушылардың өздігінен орындай алатын табысты әрекеттерін ұйымдастыру болып
табылады. Сабақта меңгерген икемдер сабақтан тыс уақытта және отбасылық тәрбиеде
бекітіледі. Әлеуметтік-тұрмыстық бағдар пәні арнайы жабдықталған кабинетте өтеді,
яғни шаруашылық-тұрмыстық жұмыстарды орындауға, нақты өмірде кездесетін
жағдайларды көрсететін теориялық сабақтар, жаттығулар, ойындар өткізуге жағдай
жасалады.
2-тарау. Оқу пәнінің 5-сыныптағы базалық білім мазмұны
10. Денсаулық және қоршаған орта (8 сағат):
1) жеке тазалық: білім алушының таңертеңгі және кешкі тазалығы. Шашты күту (
жуу, шаш үлгісі). Құлақтарын тазалау (тазалау, жуу). Ваннада қауіпсіздік ережелері;
2) көру гигиенасы. Теледидар көру, компьютерде жұмыс істеу ережелері. Столда
жұмыс жасағанда арқаны түзу ұстау;
3) жер сілкінісі. Жер сілкіну жағдайында өзін ұстау тәртібі;
4) өрт. Өрт кезінде өзін ұстау.
11. Отбасы (5 сағат):
1) білім алушылардың отбасы құрамы: аттары, тегі, жасы, отбасы мүшелерінің оқу,
жұмыс орындары. Туысқандық қатынастар (ана, әке, аға, әже);
2) отбасылық дәстүрлер, отбасы мүшелерінің туылған күндерін атап өту, сыйлық
таңдау;
3) отбасы мүшелері арасында міндеттерді бөлісу.
12. Бос уақытты өткізу және әуестенулер (5 сағат):
1) әуестенулер (тігу, тоқу, кесте тігу, ағаш күйдіру, құрастыру, үлгілеу);
2) саяхат, спорт секциялары, білім алушылар үйі, стадион және жүзу бассейні.
13. Мерекелер (4 сағат):
1) туылған күн, оны дайындау және өткізу ерекшеліктері;
2) мемлекеттік мерекелер: Жаңа жыл, Халықаралық әйелдер күні, Наурыз мейрамы,
Қазақстан халықтарының ынтымақтастық мерекесі, Жеңіс күні, Отан қорғаушылар күні
, Астана күні, Тұңғыш Президент күні, Конституция күні, Тәуелсіздік күні.
14. Тамақтану (10сағат):
1) азық-түлік, олардың адам ағзасына маңыздылығы;
2) тамақ дайындағанда қойылатын санитарлық-тазалық талаптары;
3) ас үй құрал-жабдықтары, ыдыс. Пайдалану және қолдану тәртіптері;
4) ыдысты күтуге қажеті химиялық құрамдар;
5) тамақтану тәртібі. Таңғы ас. Таңғы ас мәзірі; дастарханды таңғы асқа дайындау;
6) тамақ дайындау: салаттар, салаттар жасау; жұмыртқадан жасалған тағамдар,
жұмыртқаны қуыру, қайнату, қарапайым бутербродтар әзірлеу;
7) тесуге, кесуге арналған құралдармен, қайнаған сумен, ысыған ыдыстармен,
электр және газ плитасын қолданудың қауіпсіздік ережелері.
15. Сауда (4 сағат):
1) азық-түлік дүкендері, арнайы дүкендер;
2) азық-түлік дүкенінде тауарларды сатып алу тәртібі.
16. Тұрғын үй (6 сағат):
1) қалада және ауыл аймақтағы тұрғын үйлер;
2) тұрғын үй, үйдің және мектептің пошталық мекен-жайлары;
3) тұрғын үйдің интерьері.
17. Киім және аяқ-киім (5 сағат):
1) киім және бас киімнің жыл мезгіліне және қажеттілігіне қарай түрлері;
2) киімді күнделікті күту (кірлеудің алдын алу, тазалау);
3) аяқ-киім түрлері, оларды қолдану. Аяқ-киімді тазалау (кептіру, тазалау, мезгілдік
аяқ-киімді сақтауға дайындау).
18. Көлік (5 сағат):
1) мектепке жол жүру (жол сызбасы, көлік түрлері). Аялдамадан автобусқа дейін
қауіпсіз бару ережелері;
2) жол жүру ережелері. тірек-қозғалыс аппаратының ерекшеліктерін ескере отырып
жол жүру тәсілдері және жылжу ережелері;
3) қасындағы адамдармен қалалық көлікте жүргенде көмек көрсетуге байланысты
қатынас орнату түрлері. Өтінішін жеткізу, көмек көрсету тәсілдері.
19. Байланыс құралдары (5 сағат):
1) пошта. Поштамен жіберу түрлері (хаттар, бандерольдар, посылкалар, ақшалай
аудармалар, жедел хаттар). Пошта конверттеріне мекен жайды жазу. Хаттарды жіберу
тәртібі.
20. Отбасылық экономика (5 сағат):
1) ақша. Заманауи ақша түрлері: қағаз ақша, айырбастайтын ұсақ ақша.
Қазақстандық ақшалар (тиын, теңге);
2) отбасы бюджетінің құрамды бөлшектері: кіріс және шығыс. Шығыстың негізгі
бөлімдері.
21. Жұмысқа орналастыру. Іскерлік қатынастар (6 сағат):
1) завод, фабрика, ферма. Сонда жұмыс істейтін адамдардың мамандықтары:
жұмысшы, тігінші;
2) пошта. Көлік. Адамдардың мамандықтары: пошташы, газет таратушы, жүргізуші;
3) құрылыс мамандықтары: сылақшы, бояушы, тас қалаушы.
3-тарау. Оқу пәнінің 6 - сыныптағы базалық білім мазмұны
22. Денсаулық және қоршаған орта (8 сағат):
1) жеке тазалық: ағзаны шынықтыру (жаттығу, сүртіну, мезгілдік киімдер,
денешынықтыру сабақтары). Қолдарды, аяқтарды күту (қолдардың, аяқтардың терісін
және тырнақтарын күту);
2) қайшы және басқа да тырнақ күтіміне арналған құралдарды қолданғанда
қауіпсіздік ережелерін сақтау. Душты қолдану ережелері;
3) медицина мекемелері (емханалар, дәріханалар, ауруханалар), олардың қызметі;
медицина мекемелерінің қызметкерлері (дәрігерлер, медбикелер, дәріхана
қызметкерлері); медициналық көмек түрлері: "жедел жәрдем", үйде көрсетілетін көмек,
амбулаторлық қабылдау, ауруханаға жатқызу, жедел жәрдемді және дәрігерді үйге
шақырту;
4) қарапайым медициналық көмек: дене температурасын өлшеу, жараны өңдеу және
таңу;
5) су тасқыны, су тасқыны кезіндегі әрекеттер.
23. Отбасылық және тұлғааралық қатынастар (4 сағат):
1) ата-аналарға кішкентай балаларды күтуде көмек көрсету;
2) демалыс күндері дем алу түрлері.
24. Мерекелер, салтанаттар (4 сағат);
1) мемлекеттік мерекелер: мемлекеттік мерекелер: Жаңа жыл, Халықаралық
әйелдер күні, Наурыз мейрамы, Қазақстан халықтарының ынтымақтастық мерекесі,
Жеңіс күні, Отан қорғаушылар күні, Астана күні, Тұңғыш Президент күні,
Конституция күні, Тәуелсіздік күні.
25. Бос уақытты өткізу және әуестену (5 сағат):
1) үй және бөлме жануарлары. Үй жағдайында ит және мысықтарды ұстау
ерекшеліктері;
2) аквариумның құрылымы, балықтарды асырау;
3) ауырудың алдын алу шаралары (санитарлы-тазалық талаптарды сақтау,
жануарлардың ауруларының алдын алу).
26. Тамақтану (10 сағат):
1) тамақ дайындау тазалығы. Азық-түлікті және суық тамақтарды сақтау;
2) электр және газ плитасы. Сіріңке және электртұтатқышты қолдану;
3) кесуге арналған құралдармен жұмыс істегенде сақтандыру ережелері және
санитарлы-тазалық талаптары. Ас үй кеңістігінде жылудың қауіпсіздік техникаылық
ережелері;
4) макарон өнімдерінің түрлері. Кеспеден тамақ дайындау;
5) жарма түрлері. Жарманы бірінші және жылумен өңдеу. Ботқаны (қарақұмық)
суда және (ұсақ жарма) сүтте дайындау;
6) көкөністер. Көкөністерді бірінші және жылумен өңдеу. Көкөністерден гарнир
және салаттар дайындау (пюре, бұқтырылған көкөністер).
27. Сауда (4 сағат):
1) базар. Базар бөлімдері. Халықты азық-түлікпен қамтамасыз етуде базардың орны.
Зат сататын базар, ашық, жабық, уақытша, көп мөлшерде, аз мөлшерде сататын;
2) аспазхана. Тауар түрлері.
28. Тұрғын үй (6 сағат):
1) тұрғылықты үйге қойылатын тазалық талаптары және оны қамтамасыз ету
шаралары;
2) білім алушының жұмыс орнын ұйымдастыруға қойылатын негізгі ережелер. Дене
бітімінің ерекшеліктеріне жұмыс орнын бейімдеу. Ойлау және күш жүктемелерін
мөлшерлеу;
3) пәтерді күнделікті жинау (құрғақ және сулы). Шаңсорғыш;
4) төселініміне сәйкес еденді күту (лак, бояу, линолеум);
5) шамдарды күту. Әрекет түрлері. Қауіпсіздік ережелері.
29. Киім және аяқ киім (6 сағат):
1) киімді ұсақ түйек жөндеу (ілгіштерді, түймелерді тігу, сөтілген тігісті тігу);
2) киімдерді кір жуғыш машинада жуу. Кір жууға арналған құралдар;
3) ірі киімдерді, төсегіштерді үтіктеу.
30. Байланыс құралдары (5 сағат):
1) байланыстың негізгі құралдары (пошта, телефон, телеграф). Поштамен жіберу
түрлері (хаттар, бандерольдар, посылкалар, ақшалай аудармалар, жеделхаттар);
2) хаттардың түрлері (жабық, ашық, жай, тапсырыс). Әртүрлі хаттарды жіберу реті;
3) байланыс бөлімшелерінде өзін ұстау тәртібі.
31. Көлік (5 сағат):
1) қалалық және қаламаңындағы көлікті пайдалану. Жол ақысын төлеу
ерекшеліктері (бір реттік, бір айлық жол жүру билеті). Қала маңына жүретін
автобустардың жүру кестесі;
2) қоғамдық көлікте жүру тәртібі (отырғанда, билет алғанда, салондағы және
көшеге шыққан кездегі тәртібі). Автобусқа қауіпсіз отыру ережелері (ұстауға арналған
тұтқаларды пайдалану, жүргізушіге арналған тетік, көмек көрсету туралы өтініш).
32. Отбасылық экономика (5 сағат):
1) ақша. Ақшаның рөлі және қызметі: айырбастау құралы, тауарды немесе қызметті
сатып алғандағы төлем түрі, тауардың бағасы және құнының өлшемі; сақтау және
жинау құралы. Заманауи ақша түрлері: төлеп және төлемсіз (пластикалық карточкалар)
;
2) үй шаруашылығында үнемдеу.
33. Жұмысқа орналастыру. Іскерлік қатынастар (6 сағат):
1) еңбек және жұмыс. Еңбек және еңбек әрекеті;
2) оңай және қиын еңбек, біліктілік.
4-тарау. Оқу пәнінің 7-сыныптағы базалық білім мазмұны
34. Денсаулық және қоршаған орта (10 сағат):
1) жасөспірімнің жеке тазалығы: күн тәртібі, тамақтануы; өзіне арналған тамақ
тәртібін таңдау;
2) үй дәріханасы. Емдік өсімдіктер. Суық тию аурулары. Асқазан-ішек құрылысы
жолдарының аурулары, тіс ауруы;
3) жарақат алғандағы алғашқы көмек: жара, соққы, сүйек шыққанда, сынғанда.
Ауруларды емдегенде халықтық емдер;
4) су тасқыны, су тасқыны кезіндегі әрекеттер.
35. Тұлғааралық және отбасылық қатынастар (5 сағат):
1) сыйлық жасау қазақ халқының салты ретінде;
2) дау-дамайлар. Оның алдын-алу мүмкіндіктері, одан шығу жолдары;
3) ата-ананың міндеті, балаларға деген сүйіспеншілік;
4) кинода, театрда, мұражайда, кітапханада, көшеде өзін ұстау. Әңгімелесу тәртібі.
36. Бос уақыт және әуестену (5 сағат):
1) кітаптар, газеттер, журналдар;
2) теледидар хабарлары, оларды таңдау және көру.
37. Мерекелер, салтанаттар, рәсімдер (5 сағат):
1) мемлекеттік мерекелер: мемлекеттік мерекелер: Жаңа жыл, Халықаралық
әйелдер күні, Наурыз мейрамы, Қазақстан халықтарының ынтымақтастық мерекесі,
Жеңіс күні, Отан қорғаушылар күні, Астана күні, Тұңғыш Президент күні,
Конституция күні, Тәуелсіздік күні;
2) діни мерекелер: Рождество, Пасха, Құрбан-айт.
38. Тамақтану (10 сағат):
1) ас дайындау. Көкөніс, ет және балық өнімдерін өңдеу әдістері; ас дайындағанда
қауіпсіздік техника ережелері; қайнаған сумен, тұрмыс техникасын қолданғанда;
2) үстелді түскі асқа дайындау және асхана құралдарын қолдану ережелері. Үстел
үстінде өзін ұстау;
3) сорпа және етсіз борщ дайындау. Картоптан котлет жасау және көкөністен
гарнир жасау. Кептірілген жемістерден кисель және компот жасау.
39. Сауда (5 сағат ):
1) дүкендер, олардың бөлімдері. Кейбір тауарлардың бағасы, оларды сатып алу
тәртібі. Тауарды сатып алу жолдары: бір данадан, дайын мөлшерден, өлшеп алу.
40. Тұрғын үй (6 сағат):
1) тұрғын үйді жинау. Үйді мезгілдік жинау. Терезе күтімі;
2) жеңіл жөндеу жұмыстары. Терезелерді, есіктерді, еденді бояу.
41. Киім (6 сағат):
1) тондарды және былғарыдан тігілген киімдерді күту. Сақтауға дайындау;
2) тоқылған киімдерді күту. Жуу, кептіру және үтіктеу ерекшеліктері.
42. Байланыс құралдары (5 сағат):
1) бандероль түрлері (қарапайым, құнды, тапсырыс). Посылкалар. Оларды салу реті.
Жіберу бағасы. Түбіртектерді толтыру.
43. Көлік (5 сағат):
1) қалааралық, теміржол көлігі, вокзалдар. Вокзалдардың анықтама бөлімі. Поездар
кестесі. Жолаушы вагондарының түрлері. Түрлі орындарға жол жүру бағасы. Теміржол
билеттерін сатып алу. Жүк сақтау камералары.
44. Жұмысқа орналасу, іскерлік қатынастар (6 сағат):
1) жеке меншік – адам, адамдар және еңбек нысандарының, заттардың арасындағы
қатынас түрлері (жекеменшік объектісі және субъектісі). "Менікі", "сенікі", "біздікі", "
бөтен" түсініктері. Адам және оның жеке меншігі: дене, денсаулығы, ақылы, уақыты,
жеке заттары. Меншік түрлері: мемлекеттік, жеке, бірлесе, шағын кәсіпорындар.
5-тарау. Оқу пәнінің 8-сыныптағы базалық білім мазмұны
45. Денсаулық және қоршаған орта (8 сағат):
1) бет терісінің күтімі. Косметикалық құралдар (лосьондар, кремдер). Қырыну,
қырыну жиілігі, электр қырынғыш және станокпен қырыну. Бет әлпетті бояуға
арналған опа далаптар және оны қолдану;
2) құрт аурулары және олардың алдын алу шаралары;
3) қышыма, алдын алу шаралары, күресу жолдары;
4) қайғылы жағдайларда көрсетілетін алғашқы көмек (жарақаттанған жерді өңдеу
ережелері, тамаққа уланғанда асқазанды жуу. Түрлі деңгейде үсік шалғанда, күн
өткенде қолданылатын шаралар);
5) ашушаңдық нұсқалары, шабуыл жасағанда қашу жолдары және тәртібі.
46. Тұлғааралық қатынастар (4 сағат):
1) көршілермен қарым-қатынас орнату;
2) достық сезімнің пайда болуы; танысу; әңгімелесу. Бойжеткеннің (бозбаланың)
сырт келбеті. Махаббат және ғашықтық, оларды ерекшелейтін сипаттар. Сөз байласу,
бір-біріне қоятын талаптар.
47. Мерекелер, салтанаттар, дәстүрлер (4 сағат):
1) мемлекеттік мерекелер: мемлекеттік мерекелер: Жаңа жыл, Халықаралық
әйелдер күні, Наурыз мейрамы, Қазақстан халықтарының ынтымақтастық мерекесі,
Жеңіс күні, Отан қорғаушылар күні, Астана күні, Тұңғыш Президент күні,
Конституция күні, Тәуелсіздік күні;
2) кәсіби мерекелер: Білім күні, Отан қорғаушылар күні, медицина
қызметкерлерінің күні, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күні,
Қазақстан халықтарының тілдер күні.
48. Бос уақытты өткізу және әуестену (5 сағат):
1) бақша отырғызу. Жерді дайындау, дәнді егуге дайындау (қияр). Көкөністердің
көшеттерін егу. Қыста терезе алдында көкөніс егу.
49. Тамақтану (10 сағат):
1) қамыр түрлері және одан жасалатын өнімдер. Құймаққа арналған қамыр. Одан
жасау. Тәтті нанға арналған қамыр, печенье жасау. Бисквитты қамыр, торт жасау.
Қатпарлы қамыр, торт жасау;
2) тамақты буға пісіру;
3) духовка, қысқатолқынды пеш пайдалану.
50. Сауда (4 сағат):
1) сауда үйлері. Тауар түрлерінің ерекшеліктері. Олардың жұмыс кестесі. Товар
таңдау;
2) аспазхана, тауар түрлері, тауар таңдау.
51. Тұрғын үй (6 сағат):
1) үйді жекешелендіру. Тұрғын үйді жалға алу (жалға беру);
2) ас үйді тазалау, дәретхананы, ваннаны, раковинаны жуу. Жуу құралдары.
52. Киім және аяқ киім (6 сағат):
1) киімнің және аяқ киімнің мөлшерлерін бағдарлай білу. Өлшемді алу, киімдерде
қажетті белгіні табу;
2) кір жуатын орын. Қолдану тәртібі (белгілер, түбіртектерді толтыру). Қызмет
түрлері. Өзіне-өзі қызмет жасайтын кір жуатын орын.
53. Байланыс құралдары (5 сағат):
1) телефон. Телефон анықтамасын пайдалану. Милиция щақыру, өрт сөндіру тобын
шақыру, газ шыққан кезде аппаттық қызметті шақырту. Телефон арқылы ақпарат алу;
2) халықаралық телефон байланысы. Телефон байланысының ақысы. Телефонмен
сөйлесу мәдениеті.
54. Көлік (5 сағат):
1) халқаларалық автокөлік. Автобекет. Негізгі автобустың жол жүру сызбалары;
2) автобустардың жүру кестесі. Билеттерді алу реті. Жол ақысы. Автобекет қызметі.
55. Отбасылық экономика (5 сағат):
1) ірі сатып алуларды жоспарлау (киім, жиһаз). Жазғы демалысты жоспарлау;
2) тұрғын үйді ұстау. Тұрғылықты жердің және коммуналды қызметтер ақысын
төлеу. Банк бөлімшелері;
3) ағымдағы қаражат жұмсаулар және мәдени қажеттілікті қанағаттандыруға
арналған қаражаттар (киноға, театрға билеттер, жол жүру ақысы, жеке тазалыққа
арналған заттар, аяқ киім және киімді жөндеу).
56. Жұмысқа орналасу және іскерлік қарым-қатынастар (6 сағат):
1) жұмысқа орналасу. Өндірістік қарым-қатынастар. Әріпетестерімен қатынас
орнату. Жұмысқа және үйге арналған киім, маңызы, оның ерекшелігі, оны күту.
6-тарау. Оқу пәнінің 9-сыныптағы базалық білім мазмұны
57. Денсаулық және қоршаған орта (8 сағат):
1) темекі шегудің, ішімдіктің, есірткінің зияны;
2) жыныстық қатынас арқылы жұғатын, жұқпалы аурулар және олардың алдын алу
шаралары;
3) ауырған адамдарды күту. Еңбекке жарамсыздық қағазы. Сақтандыру медицинасы
. Диагностикалық орталықтар. Жекеменшік емханалар;
4) емханаға бару, дәрігердің қабылдауына жазылу, талон алу.
58. Тұлғааралық және отбасылық қатынастар (4 сағат):
1) некеге тұру. Дәстүрлер, некені тіркеу. Қазақ халқының үйлену той дәстүрі.
59. Мерекелер, салтанаттар, дәстүрлер (4 сағат):
1) мемлекеттік мерекелер: Жаңа жыл, Халықаралық әйелдер күні, Наурыз мейрамы,
Қазақстан халықтарының ынтымақтастық мерекесі, Жеңіс күні, Отан қорғаушылар күні
, Астана күні, Тұңғыш Президент күні, Конституция күні, Тәуелсіздік күні;
2) мерейтойлар. Зейнетке шығу. Бала туылу.
60. Бос уақытты өткізу және әуестену (5 сағат):
1) гүлзар, оны қалыптастыру, күтім (біржылдық және көпжылдық өсімдіктер,
гүлдердің көбею тәсілдері);
2) коллекция жинау. Жинауға арналған заттар, тәсілдер, таңдау.
61. Тамақтану (10 сағат):
1) тоңазытқыштың күтімі. Мұзды еріту, жуу;
2) қазақ асханасының ерекшеліктері, үстелді дайындау. Ұлттық тағамдарды
дайындау, бауырсақ, палау (етсіз);
3) пісірме және ботқа дайындау;
4) диеталық тамақтану, оның ерекшеліктері.
62. Сауда және қызмет (6 сағат):
1) комиссиялық дүкендер (секонд хэнд, сток). Тауарларға мезгілдік жеңілдіктер;
2) жөндеу шеберханалары. Суретке түсіру ательесі. Сән салондары;
3) негізгі азық-түліктерге және тұрмысқа қажетті заттардың бағалары.
63. Тұрғын үй (4 сағат):
1) интерьер. Пәтерде жиһазды орналастыру. Пәтердегі ағымдық жөндеу жұмыстары
; әктеу, түсқағаз жабыстыру;
2) киіз үйдің іші. Оны безендіруде ұлттық қолданбалы өнер бұйымдары.
64. Киім және аяқ киім (6 сағат):
1) киім үлгісі, сән, сәннің пайда болу тарихы;
2) киімді жаңалау. Киім таңдау, аяқ киімді дүкеннен және базардан сатып алу;
3) химиялық тазалау орны, көрсетілетін қызмет түрлері. Киімдерді өткізуге
дайындау тәртібі;
4) қазақтың зергерлік өнері. Зергерлік бұйымдар ұлттық киімге қосымша ретінде.
65. Байланыс құралдары (5 сағат):
1) ақша аударымдары. Аударым түрлері (поштамен, телеграф арқылы),
түбіртектерді толтыру. Аудармалардың бағасы.
66. Көлік (5 сағат):
1) әуекөлігі. Аэропорт, аэробекет, маршруттар. Билеттерді сатып алу реті (
авиакассалар). Жол жүру құны. Жүкті және қол жүгін рәсімдеу.
67. Отбасылық экономика (5 сағат):
1) сақтандыру - дүние мүлікті және денсаулықты сақтау тәсілі. Міндетті сақтандыру
, ерікті сақтандыру. Сақтандыру келісім шарты, жарналар, қосындысы, сақтандыру
жағдайы;
2) несие беру жүйесі. Несие алуға қажетті құжаттар;
3) жинақтарды сақтау әдістері. Банктерге жинақтау түрлері.
68. Жұмысқа орналасу. Іскерлік қатынастар (6 сағат):
1) жұмысқа орналасу. Жұмысқа орналасуға қажетті құжаттар, оларды рәсімдеу.
Жұмыспен қамту бөлімдері және мекемелер (кадрлар бөлімі, халықты жұмыспен қамту
орталықтары). Уақытша жұмыс, үйде орындайтын жұмыс, шағын бизнес.
Жұмыссыздық, жәрдемақылар.
7-тарау. Оқу пәнінің 10-сыныптағы базалық білім мазмұны
69. Денсаулық және қоршаған орта (8 сағат):
1) демалысты жоспарлау. Табиғатта демалу. Шипажай. Демалыс үйлері. Жолдама
алу және "жабайы" демалыс;
2) сақтану жолдары. Жасанды түсік, оның салдары. Жүктілік, оның белгілері.
70. Тұлғааралық және отбасылық қарым-қатынастар (4 сағат):
1) неке – отбасылық өмірдің негізі. Отбасы бақытының құрамды бөлшегі.
Отбасының психологиялық ахуалы. Отбасылық өмірдің қиындықтары және оны жеңу
жолдары;
2) балалар – отбасының негізі, отбасының бала тууға дайындығы.
71. Мерекелер, салтанаттар, дәстүрлер (4 сағат):
1) мемлекеттік мерекелер: Жаңа жыл, Халықаралық әйелдер күні, Наурыз мейрамы,
Қазақстан халықтарының ынтымақтастық мерекесі, Жеңіс күні, Отан қорғаушылар күні
, Астана күні, Тұңғыш Президент күні, Конституция күні, Тәуелсіздік күні;
2) қазақтың мерекелік ұлттық салт-дәстүрлері: "Бесік той" - "Бала туылуы"; "
Тұсаукесер" - "Баланың тұсауын кесу"; "Сүндет той" - "Ұл баланы сүндеттеу"; "
Тілашар" - "Мектепке баратын кезде". Оларды дайындау және өткізу ерекшеліктері.
72. Бос уақытты өткізу және әуестену (5 сағат):
1) бақша отырғызу, бақша жерін жоспарлау. Жеміс бұталары және ағаштар, оларды
күту.
73. Тамақтану (10 сағат):
1) асхана, дәмхана, мейрамхана. Қызметі және айырмашылығы. Ас мәзірі. Банкет.
Фуршет, Тамақ дайындау және столды безендіру ерекшеліктері;
2) коктейлдер; алкоголсіз сусындарды және фитококтейлдер дайындау. Шейкер,
миксер. Құрылымы, қызметі, қолдану тәртібі.
74. Сауда (4 сағат):
1) жәрмеңкелер: халықаралық, қалааралық, ауылдық;
2) жәрмеңке-көрмелер, үлгілер жәрмеңкелері.
75. Тұрғын үй (6 сағат):
1) үйді сатып алу және сату. Сату-сатып алуды рәсімдеуге қажетті құжаттар. Пәтер
құжаттарын сақтау. Нотариус, нотариус қызметіне ақша төлеу;
2) тұрмыстық қызметтер және басқа да халыққа тұрмыстық қызмет көрсету
мекемелері: заттарды жалға беру, пәтер жөндеу, тұрмыстық техниканы жөндеу.
76. Киім және аяқ киім (6 сағат):
1) жағдайға байланысты киім және аяқ киімді таңдау (жұмысқа, қонаққа, театрға,
спортпен шұғылданғанда, демалысқа);
2) қазақтың ұлттық киімдері.
77. Байланыс құралдары (5 сағат):
1) автоматты түрде номерді анықтайтын телефон (бұдан әрі - АНА);
2) ұялы телефон байланысы. Қызметі. Қолдану тәртібі.
78. Көлік (5 сағат):
1) тасымалдау (транзит). Билеттерді алдын ала алу. Билетті баратын жерге дейін
және қайтарға алу.
79. Отбасылық экономика (5 сағат):
1) жөндеу шеберханалары. Аяқ киім, киім, қолшатыр, телефон жөндеу;
2) фотоателье. Қызметін пайдалану тәртібі.
80. Жұмысқа орналасу. Іскерлік қатынастар (6 сағат):
1) жалақы: уақытылы, кесімді, номиналды, нақты. Келісім шарт бойынша. Ең
төменгі жалақы. Күн көрістің төменгі сатысы. Кедейлік шегі;
2) халықты әлеуметтік қолдау. Еңбек шарттары. Еңбекті қорғау. Жеңілдіктер. Еңбек
тәртібі. Еңбек заңының негіздері.
8-тарау. 5-сынып білім алушыларының дайындық деңгейіне қойылатын
талаптар
81. Пәндік нәтижелер.
82. Білім алушылар:
1) жеке тазалық ережелері, ваннадағы қауіпсіздік ережелерін;
2) жер сілкінгенде және өрт шыққан кезде қарапайым өзін ұстау тәртібін;
3) отбасының құрамы және туыстық қатынастарды;
4) жақындарының туылған күндері және туылған күндер, мерекелерді өткізу
дәстүрлерін;
5) үстелде отырғанда тәртіп сақтау мәдениетін;
6) аялдамадан автобусқа дейін қауіпсіз жету, жолда жүру ережелерін білетін болады
.
83. Білім алушылар:
1) таңертең және кешке жуынады; шаштарын тарап және шаш үлгісін таңдай алады;
дене тазалығы және оның күтіміне байланысты әрекеттерді орындау;
2) аппаттық жағдай орын алғанда ережеге сәйкес әрекет ету;
3) спорттық нысандарда қосалқы бөлмелерді пайдалану (шешінетін орын, душ);
4) сабақтар және секциялардың кестесінде бағдарлау;
5) ересек адамдармен және құрбыларымен әңгімелесу кезінде өзін әдепті және
сыпайы ұстау;
6) сыйлықтар таңдап және оларды сыйға тарту;
7) суретке түсіріп және альбом жасай білу;
8) бутербродтарға қажет азық-түлікті пышақпен кесу; қарапайым салаттарды
дайындау; сүтпен және сүтсіз шай демдеу; жұмыртқаны қайнату және оны қуыру;
9) ас үйге қажет құралдарды, плитаны, ыдысты тазалау, жуу;
10) сатып алынған заттардың ақшасын төлеу;
11) дүкендегі азық-түліктің сақталу мерзімін анықтау;
12) су аяқ-киімді құрғату, оны сақтауға дайындау; крем таңдау және былғары
аяқ-киімді тазалау;
13) қоғамдық көліктерде, дүкенде өзін ұстау тәртібін орындау; жол жүру ережесін
сақтау;
14) конвертте мекенжайды жазу дағдыларын меңгеретін болады.
9-тарау. 6-сынып білім алушыларының дайындық деңгейіне қойылатын
талаптар
84. Пәндік нәтижелер.
85. Білім алушылар:
1) ағзаны шынықтыру ережелерін;
2) тырнақ күтіміне арналған құралдарды қолданғанда, душты пайдаланғанда
қауіпсіздік техника ережелерін;
3) медицина мекемелерінің аттарын және олардың қызметін;
4) су тасқыны кезінде қарапайым тәртіп ережелерін;
5) үй жануарларын ұстау ережелерін;
6) ас үй кеңістігінде қозғалғанда қауіпсіздік техника ережелерін;
7) негізгі байланыс құралдарын және поштамен жіберу түрлерін білетін болады.
86. Білім алушылар:
1) сүлгімен сүртініп және денесіне су құюды; қолдарын жуып, тырнақтарын алып
қолдарының терісіне күтім жасау;
2) дәрігер және "жедел жәрдемді" үйге шақырту;
3) өзінің киіміне және сырт келбетіне қарау; балаларды серуенге киіндіру;
4) кішкене сыйлықтарды өз қолдарымен жасау;
5) үй жануарларын күту; қажет болған жағдайда мал дәрігерінің көмегіне жүгіну;
6) макарон өнімдерін қорапта, этикеткада берілген стандартты нұсқау бойынша
қайнату;
7) ботқаны суда және сүтте қайнату;
8) картопты қайнатып пюре даярлау;
9) түрлі ас мәзірін есепке ала отырып үстелді кешкі асқа дайындау;
10) бөлменің құрғақ және сулап тазалау; кілемдерді; жұмсақ жиһазды, кітап
сөрелерін, батареяларды тазарту;
11) ілгек және түймелерді тігу;
12) киімдерді кір жуғыш машинада жуу;
13) конверттерге мекен-жайды жазу; жеделхаттарды жіберу (мәтінін ересек адамдар
құрастырады);
14) қоғамдық көліктерде; поштада және басқа да байланыс бөлімшелерінде тәртіп
сақтау дағдыларын меңгеретін болады.
10-тарау. 7-сынып білім алушыларының дайындық деңгейіне қойылатын
талаптар
87. Пәндік нәтижелер.
88. Білім алушылар:
1) кейбір емдік шөптердің аталуын;
2) сел кезінде өзін ұстау тәртібін;
3) кейбір тағамдарды қауіпсіздік техника ережелерін сақтап дайындау тәсілдерін;
4) жеңіл жөндеу жұмыстарының кейбір әрекеттерін;
5) посылқалар және бандерольдарды салу ретін;
6) кейбір меншік түрлерін (мемлекеттік, жеке меншік) білетін болады.
89. Білім алушылар:
1) қораптардағы стандартты нұсқауларға сәйкес шөп дәрілерден тұнбалар жасау;
2) жарақаттарды өңдеп және таңа алу;
3) қарапайым сувенирлер дайындау;
4) отбасында демалыс және бос уақытты өткізуді дайындауда қатысу;
5) қонақ қабылдау, қонаққа бару;
6) үстелді түскі асқа дайындау; үстелде өзін ұстау мәдениетін сақтау, ас үй
құралдарын пайдалану, әңгімелесу, құттықтау сөздерін айта алу;
7) қарапайым бірінші, екінші, үшінші тағамдар дайындау;
8) жиһазды тазалау; айна және әйнектерді жуу;
9) бандероль, посылкаларды толтыру;
10) теміржол кассасынан билет сатып алу дағдыларын меңгеретін болады.
11-тарау. 8-сынып білім алушыларының дайындық деңгейіне қойылатын
талаптар
90. Пәндік нәтижелер.
91. Білім алушылар:
1) құрт ауруларының және қышымамен күресудің алдын алу шараларын;
2) жерлеу рәсімінде дәстүрлі әрекеттерін;
3) қамыр түрлері және дан жасалатын тағамдарын;
4) милиция, жедел жәрдем, өрт сөндіру командасы, апаттық қызметтің телефон
номерлерін;
5) қысқатолқынды пеш, духовканы қолданғанда қауіпсіздік техника ережелерін;
6) коммуналды қызмет төлеуге түбіртектерді толтыру ретін білетін болады.
92. Білім алушылар:
1) мақсатына, терісінің ерекшелігіне байланысты косметикалық құралдарды таңдап
және қолдану;
2) қырыну;
3) опа-далапты пайдалана алу;
4) қайғылы оқиға орын алған жағдайда алғашқы көмек көрсете алу;
5) түрлі жағдайларды пайдаланып танысу; бейтаныс адаммен әңгімелесу; өзінің
сырт келбетіне қарау; күтілетін жағдайға сәйкес киіну;
6) жерлеу, еске алу рәсімдерін ұйымдастырып, өткізгенде қажетті көмек көрсете
алады; жерлеу және еске алу ерекшеліктеріне сәйкес: салт-дәстүрге сәйкес өзін ұстайды
, сырт келбеті жағдайға сәйкес болады, көңіл айту және қолдау сөздерін айту;
7) егін егуде жерді және дәнді дақылдарды дайындай алу; көкөністерді, картоп
отырғызуға көшеттерді дайындау;
8) рецепт бойынша қамырдан өнім жасай алу;
9) духовканы, қысқатолқынды пешті пайдалана алу;
10) тамдарды жуып, раковинаны тазалау;
11) кір жуу қызметін пайдалану;
12) өз киімінің және аяқ киімі мөлшерін білу;
13) телефон арқылы анықтамалар алып, уақытты біле алады; телефонмен сөйлесу
тәртібіне сәйкес әңгімелесе алу;
14) билет сатып алады, қалааралық автобустардың кестелерінде бағдарлай алу;
15) санау құралдарының көрсеткіштерін алып пайдаланған электрқұатын және
газды санай алу; түбіртектерді толтыру дағдыларын меңгеретін болады.
12-тарау. 9-сынып білім алушыларының дайындық деңгейіне қойылатын
талаптар
93. Пәндік нәтижелер.
94. Білім алушылар:
1) ішімдіктің, шылым шегудің, есірткінің зияны туралы;
2) түрлі отбасылық салтанатты отырыстарды өткізу ерекшеліктерін;
3) негізгі азық түлік және өндірістік товалар бағасын;
4) заттарды химчиткаға өткізуге дайындау ережелерін;
5) авиабилеттер сатып алу ретін;
6) жұмысқа орналасуға қажетті құжаттар тізімін білетін болады.
95. Білім алушылар:
1) ауырған адамды киіндіріп, жуындырып, тамақтандыру (ересек адамды, баланы);
2) емханаға барғанда тәртіп сақтау;
3) гүлдерді күте алады; бақшадағы зиянды жәндіктермен күресе алу;
4) ұлттық тағамдарды дайындай алу;
5) кішкентай балаларға тамақ дайындай алу; диеталық тағамдар;
6) романтикалық қарым-қатынастар орын алған жағдайда өзін ұстай алу,
ата-анасымен танысу, құда түсу, той;
7) жөндеу шеберханаларының, фотосурет, сән салондарының қызметтерін
пайдалана алу;
8) пәтерде жиһазды орналастыру (тұрғылықты жердің ерекшеліктерін және
мөлшерін ескере отырып, бөлменің қажеттілігін, жиһаздың болуын);
9) жеңіл жөндеу жұмыстарын жүргізе алу;
10) анықтамалардан аэровокзал, аэропорттың телефон номерлерін таба алады;
ұшақтың қонатын уақытын телефон арқылы біле алу;
11) пошта және телеграф аудармаларының түбіртектерін толтыру;
12) сауалнама толтыру; өтініш жазады, өмірбаян жазу, жеке парақшасын толтыру,
кепілдік хат, түсініктеме жазу дағдыларын меңгеретін болады.
13-тарау. 10-сынып білім алушыларының дайындық деңгейіне қойылатын
талаптар
96. Пәндік нәтижелер.
97. Білім алушылар:
1) сақтану тәсілдерін;
2) қоғамдық тамақтану орындарының қызметін және айырмашылығын;
3) халықты әлеуметтік қорғау және еңбек заңнамаларының негіздерін білетін
болады.
98. Білім алушылар:
1) алкоголсіз коктейль дайындау;
2) рецептер кітабын қолданып жеңіл тағамдар дайындау;
3) отбасылық бюджетті жоспарлау;
4) мерекелік көңіл-күйге сәйкес өзін ұстайды; өз қажеттіліктерін және тілектерін
айта алу; құттықтау сөздерін айту;
5) жөндеу шеберханаларының, фотоателье, жинақ кассасының қызметін пайдалану;
6) үйді алып-сату тәртібін біледі; қажетті құжаттарды білу;
7) АНА пайдалану, телефон анықтамасын, телефон қызметін төлегенде
түбіртектерді толтыру;
8) байланыс түрлерінің төлемақысын білу;
9) несие беру шарттарын білу (кепілдік, ақылық, жылдамдық және қайтару);
10) міндетті сақтандыру мен өз еркімен сақтандыруды ажырату; сақтандыру
полисының (келісім шартының) түбіртегін үлгі бойынша толтыру.
11) тарифты біліктілік разрядына қарай жалақыны төлеуді түсіну;
12) еңбек шартының бланкын толтыру;
13) білім алушылар меңгере алатын мамандықтардың еңбек шартын сараптау: бір
күнгі, бір аптада, бір айдағы жұмыс уақытының ұзақтығы; бір жылғы еңбек
демалысының ұзақтығы; жұмыс уақытының сапасы (үзілістердің болуы және ұзақтығы,
жұмыстың кезекшілігі, түнгі кезек, өндірістік зияндық, бөлмеде немесе далада жұмыс
істеу);
14) ішкі тәртіпке бағыну;
15) іскерлік қарым-қатынас жасау дағдыларын меңгеретін болады.
99. Тұлғалық нәтижелер. Білім алушылар:
1) жауапкершілік, ұқыптылық, тәртіптілік;
2) еңбекке деген ынта, қиындықтарды еңсеру икемдік;
3) құрбылармен және ересектермен ынтымақтастық орнату дағдыларынан; өтініш
айту және көмекті қабылдай білу; өз ойын, тілектерін білдіру, қарсылықты мәдениетті
түрде білдіру, алғыс айту, жанашырлық таныту;
4) басқалармен төзімді және жақсы қарым-қатынаста болу;
5) дау-дамайлардан шығу жолдарын білу дағдыларын танытады.
100. Жүйелік-әрекеттік нәтижелер. Білім алушылардың:
1) еңбекке икемдерінен;
2) әлеуметтік нысандардың (сауда, тұрмыс, байланыс, мәдениет, медициналық
көмек қызметтері) және қоғамдық көлік қызметін пайдалана білу дағдыларынан;
3) таныс емес ортада адамдармен қарым-қатынас құру икемдерінен көрініс табады.
Қазақстан
Республикасы
Білім
және
ғылым
министрінің
2013
жылғы
3
сәуірдегі
№ 115 бұйрығына 344-қосымша
Тірек-қозғалыс аппаратында бұзылыстары бар білім алушыларға арналған
негізгі орта білім беру деңгейінің 5-10 сыныптары үшін "Емдік дене
шынықтыру" пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы
Ескерту. Бұйрық 344-қосымшамен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым
министрінің 27.07.2017
(1, 2, 6, 8, 9, 10, (11, 12)-сыныптарының ерекше білім
№ 352
беруге қажеттіліктері бар білім алушылары үшін 05.09.2017, 3-сыныптың ерекше білім
беруге қажеттіліктері бар білім алушылары және 10-сыныптың білім алушылары үшін
01.09.2018, 4-сыныптың ерекше білім беруге қажеттіліктері бар білім алушылары,
сонымен қатар 11-сыныптың білім алушылары үшін 01.09.2019 бастап қолданысқа
енгізіледі) бұйрығымен.
1–тарау. Түсінік хат
1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы
№ 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта
білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру
сәйкес әзірленген.
стандартына
2. Оқу пәнінің мақсаты - білім алушылардың емдік дене шынықтыру негіздерін
меңгеруі, оның қосындылары келесі: аталған санаттары балалардың денсаулық
деңгейін тұрақты түрде қолдау, емдік дене шынықтыру саласындағы білімдерді
меңгеру және меңгерген тәсілдер және икемдердің көмегімен сауықтыру әрекеттерін
жүзеге асыру; қимыл қозғалыста кейін пайда болған бұзылыстарды тұрақтандыру,
-
түзету, олардың өршу мүмкіндігінің алдын алу.
3. Оқу пәнінің міндеттері:
1) білім беру міндеттері:
емдік дене шынықтыру жаттығуларын орындауға қажетті қозғалыс икемдері және
дағдыларын, білімдерін қалыптастыру;
қосалқы сипаттағы қозғалыс икем дағдыларын қалыптастыру;
қозғалыс әрекеттеріне үйрету;
2) дамыту міндеттері:
негізгі дене бітім қабілеттерін, қозғалыс икем дағдыларын дамыту және жетілдіру;
ұсақ моториканы, дұрыс сөйлеу тілін, дикцияны, дұрыс тыныс алуды дамытуға
ықпалдасу;
өз денесінің сызбасында бағдарлау икемін дамыту (өз денесінен кеңістік бағытын
меңгеру); кеңістікте бағдарлау қабілетін дамыту;
3) тәрбиелік міндеттер:
адамгершілік жігерлік қасиеттерін тәрбиелеу;
-
денсаулық мәдениетін тәрбиелеу, тұлғаның өз денсаулығына жауапкершілігін және
оны сақтау қажеттілігін тәрбиелеу;
салауатты өмір салты туралы білім қалыптастыру;
4) сауықтыру міндеттері:
денсаулықты нығайтуға, ағзаны шынықтыруға ықпалдасу;
соматикалық бұзылыстардың алдын алуға ықпалдасу;
жеткілікті физикалық жүктемелер көмегімен ағза мүшелері және жүйелерінің
қызметтік деңгейін еселеу;
орын алған тірек-қозғалыс аппаратының, көру, жүйке, жүрек-қантамырлары, тыныс
алу және ағзаның басқа да жүйелерінің қызметтік бұзылыстарын түзету;
дене бітімін дұрыс қалыптастыруға ықпалдасу;
дене және ақыл-ой жұмыс қабілетін еселеу;
ауыруды төмендету;
5) түзету міндеттері:
өзін түзу ұстау және тепе-теңдікті дамыту, дененің жеке құрылымдары, дене мен
қоршаған кеңістік арасындағы өзара байланысты ұстап тұру қабілетін, кеңістікте басты
дұрыс бақылауды қамтамасыз ететін постуралды механизмді (кеңістікте дененің
қалпын реттеу) дамыту;
қолдың және заттық-манипулятивті әрекеттенуді дамыту;
көру-моторлы тепе-теңдікті дамыту, дұрыс емес отырып тұруды тежеу және еңсеру;
екінші қозғалыс стереотипінің қалыптасуын алдын алу;
жүру, дене бітімі, қолдары және аяқ қимылдарының бұзылыстарын түзету;
тепе-теңдікті қалыптастыру;
тыныс алу қызметін қалыпқа келтіру;
алмасу және жүйке-тамыр бұзылыстарын төмендету немесе жою үшін зақымдалған
аймақта қан айналым және алмасу процестерін жақсарту;
қозғалыс тепе-теңдігін қайта орнатып, қосымша бұзылыстармен күресу үшін:
омыртқа қозғалысының шектелуі және қисаюы, әлсіз бұлшықеттерді нығайту.
4. "Емдік дене шынықтыру" тірек-қозғалыс аппаратында бұзылыстары бар білім
алушыларды арнайы оқыту және тәрбиелеудің арнайы түзету құрылымының негізгі
пәндерінің бірі болып табылады (бұдан әрі - ТҚАБ). Бағдарлама түзете-дамыту,
сауықтыру және білім беру міндеттерін шешуге бағытталған.
5. Емдік дене шынықтыру (бұдан әрі - ЕДШ) дене бітімінде мүмкіндігі шектеулі
тұлғалардың әлеуметтік, психологиялық және дене бітімін оңалтуға аса маңызды,
ТҚАБ бар балалардың бұзылған психофизикалық қызметтерін толықтыруды және
тиімді кешенді түрде түзетуге бағытталған бірегей білім беру кеңістігін жетілдіруді,
әлеуметтік бейімделу және оларды қоғамға кіріктіруді қамтиды. ЕДШ қолдану
әдістерінің физиологиялық сипатымен ерекшеленеді, өйткені ол баланың табиғи
қозғалысына және емдік педагогика және психология әдістерін практикалық жұмыста
кеңінен қолдануына байланысты.
6. ЕДШ ТҚАБ бар 5-10 сынып білім алушыларына 102 сағаттық жылдық көлемімен
құрастырылған. Құрылымы бойынша сабақтар дене шынықтыру сабақтарын құрудың
негізгі ұстанымдарына, мазмұны бойынша – аталған аурудың жетекші емдік
міндеттеріне сәйкес. Бөлімдерге және тақырыптарға сағаттарды бөлу шартты болып
табылады, өйткені көпшілік сабақтарда теориялық және практикалық материалдардың
мазмұны, бір сабақта түрлі бөлімдер және тақырыптардың жаттығулары және кешенді
жаттығулар ұштасады.
7. Емдік дене шынықтыру сабақтары санитарлық және өртке қарсы талаптарды
қанағаттандыратын арнайы жабдықталған спорттық және жаттығу залдарында өтеді.
Кабинеттер түзету бағдарламасын жүзеге асыруға қажетті емдеу-түзету және дене
шынықтыру құралдарымен жабдықталады.
8. ЕДШ сабақтарының оқу бағдарламасы дене шынықтыру, түзету ритмикасы,
логопедия және емдік гимнастика пәндерімен кіріктенуімен сипатталады. ЕДШ
сабақтарында пәнаралық байланыс құралдары қолданылады: ойлау, сөйлеу тілі, зейін,
есте сақтау, математикалық қабілеттерінің белсенділігін арттыратын әдеби-музыкалық,
хореографиялық, ертегі-, драма-, ойынтерапияларында, тақырыптық ойын
композицияларындағы рөлдік–қозғалыс қызметтерімен байланысты би жаттығулары.
9. Барлық оқу әрекеті дене бітімі, танымдық және сөйлеу тілінің кемшіліктерін
еңсеруге арналған түзету бағытына ие. ЕДШ сабақтары қол, аяқтардың дұрыс
ұстамауды түзетуге, бұлшықет тонусын қалпына келтіруге, гиперкинезді төмендетуге
ықпалдасады.
10. "Емдік дене шынықтыру" пәні балалардың жасы және ауруларының сипатын
ескере жүргізіледі. Олардың мүмкіндіктерін мұқият зерттеп, медициналық тексеру
көрсеткіштерін ескере отырып, педагогикалық бақылау және тексеру нәтижесінде білім
алушылар диагноздары бойынша, жүрек-қан тамырлары және тыныс алу жүйелерінің,
дене дайындығының қызметтік жағдайы бойынша білім алушылар топтарға бөлінеді.
11. Емдік дене шынықтыру сабақтарының нәтижесін бақылау мақсатында әр
сыныпта жылына екі рет балалардың дене бітімі дайындығын тексеру жүргізіледі.
ЕДШ тиімділігін және білім алушылардың физикалық даму деңгейін анықтау үшін
мониторингтік зерттеу қолданылады: педагогикалық бақылау әдістері, тестілеу,
медициналық бақылау. Өткізілген зерттеу қортындылары сарапталып, физикалық
дайындық жетіспеушіліктерін жоюға шаралар қолданылып және ол мәліметтер білім
алушыларға, ата-аналарға және педагогикалық ұжымға жеткізіледі.
12. ЕДШ сабақтарынан уақытша босату мектеп дәрігерінің рұқсатымен ғана
жіберіледі. Сабақтан уақытша босаған білім алушылар физикалық даму ауытқуларын
түзетуге жеке тапсырмалар орындайды.
13. Тірек-қозғалыс аппаратында бұзылыстары бар балалармен басқа сабақтар мен
үзілістерде сабақтың дене шынықтыру-сауықтыру түрі қолданылады: денешынықтыру
үзілісі, алдын алу гимнастикасы, логомоторика.
14. Сабақтардың дәстүрден тыс түрлері тірек-қозғалыс аппаратының зақымдануына
байланысты жеке жұмыс жасаумен сипатталады:
1) фитбол-гимнастика;
2) заттармен жаттығу жасау;
3) идеомоторлы жаттығулар;
4) стретчинг-гимнастика;
5) тренажерлы гимнастика;
6) автономды гимнастика;
7) өзіне массаж жасау;
8) аутотренинг;
9) жүйке жүйесін әлсіретуге және нығайтуға арналған жаттығулар (релаксация);
10) суды сезу арқылы емдеу (гидрокинезотерапия).
15. Оқу жүктемесінің көлемі:
1) 5-сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында барлығы 102 сағат;
2) 6-сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында барлығы 102 сағат;
3) 7-сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында барлығы 102 сағат;
4) 8-сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында барлығы 102 сағат;
5) 9-сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында барлығы 102 сағат;
6) 10-сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында барлығы 102 сағат.
16. ЕДШ барлық әдістерінің жалпы және міндетті қағидалары болып табылады:
1) тұрақтылық, жүйелілік және емдік дене шынықтыруды қолданудың үздіксіздігі;
2) ауру деңгейіне, оның күрделігіне, баланың жасына, оның психикалық дамуына
сәйкес ЕДШ жаттығуларын қатаң даралау;
3) физикалық жүктемесін біртіндеп, қатаң бөлшекпен ұлғайту.
2-тарау. Оқу пәнінің 5-сыныптағы базалық білім мазмұны
17. Білім негіздері (сабақтарда): салауатты өмір салты жайлы білім қалыптастыру,
адам ағзасына физикалық жаттығулардың ықпалы туралы; денсаулық белгілері және
физикалық белсенділіктің жүрек-қан тамырлары жүйесіне әсері.
18. Диагностикалық тексеру (6 сағат). Оқу жылы басында білім алушыларды іріктеп
ЕДШ сабақтарына топтастыру мақсатымен білім алушыларды медициналық карталары
бойынша диагностикалық тексеру жүргізіледі. Топтарға бөлінген білім алушылардың
тірек-қозғалыс аппараттарының қызметтік жағдайын бағалау және физикалық даму
көрсеткіштерін тестілеу өткізіледі.
19. Жүру бұзылыстарын түзету (6 сағат): түзету жүрісі; жүрудің түрлі нұсқаларын
ендіріп жүру мен тыныс алуды ұштастыру; қолдардың жайын өзгертіп жүру; тірек
қасында жаттығулар.
20. Омыртқа бұзылыстарын түзету (6 сағат): омыртқаны созуға арналған
жаттығулар, омыртқаны белсенді және баяу созуға арналған, омыртқаның барлық
бөлімдеріндегі қозғалыстарды дамытуға арналған, өздігімен созуы.
21. Кеңістікте бағдарлауды дамыту (6 сағат): 360 градусқа аттап басып әрі қарай
түзу сызықпен 3-4 метр жүріп бір орында бұрылу; бағдар бойынша, қиғаш орындықпен
бағытты өзгертіп жүру; көздерін ашып және жұмып аяқтың ұшын ашып және жинап
тұрған күйде тұрақтылықты сақтау; қолдарын тіреу қылып бір аяқта тұру.
22. Қол буындары қимылдарын ұлғайту (6 сағат): қолдарымен бір уақытта қозғалу;
иықтарын және қолдарын ашып жұму; кезекпен және бір уақытта саусақтарын
жұдырыққа жинау және ашу; қолдарын шеңбер бойынша айналдыру; қол
буындарының пронациясы, супинациясы; қолдарының саусақтарын алыстатып
жақындату; қолдарын артқа және алдыға жылжыту; алдыға және артқа шеңбер
бойынша айналдыру; саусақтық гимнастика.
23. Дене бітімін қалыптастыруға арналған жаттығулар (6 сағат): аяқтың ұшымен
жүру, қолдары басының артында, шынтақтары жан жақта, жауырындарын жақындату;
қабырғаға тақалып оған желкесін, арқасын, бөкселерін және табандарын тигізіп тұрып
қабырғадан алыстап және бастапқы жайды сақтаған күйде қайта бару, қолдарын жан
жаққа көтеру; тамға желке мен арқаны тигізіп отыру.
24. Аяқ буындарының қимылдарын ұлғайту (12 сағат): отырып: кезекпен аяқтарды
жан жаққа жылжыту, аяқтарды кезекпен көтеру, тізелерін қолдарымен құшақтаған
күйде аяқты кезекпен бүгу; аяқтарды ашу: денені алдыға, артқа, оңға, солға еңкейту;
қолдарын артқа тіреп: денесін көтеру, кезекпен аяқтарын алға және жан жаққа сермеу;
төртаяқтап тұрып аяқтарын жан жаққа қозғау; аяқтарын артқа көтеру, алдыға және
артқа қозғалту.
25. Тыныс алу қызметтерін қалыпқа келтіру (12 сағат): К.П. Бутейко бойынша
тыныс алу – сабақ түрлі дене тұрысында өткізіле береді (тұрып, жатып, отырып,
қозғалыста); әдісті отырып меңгерген дұрыс; логомоторика: тақпақ мәтінімен
жаттығуларды орындау.
26. Фитбол гимнастика (12 сағат): допта отырып (бөкселерін доптан ажыратпай)
оңға-солға жүру; еденнен ажырап допта секіру, өзінің айналасында допта секіру,
шеңбер бойынша; допта отырып орындалатын жаттығулар аяқтары ашық, оңға және
солға теңселу кезекпен әр өкшесін тірек етіп, денесін оңға және солға еңкейту; денесін
оңға, солға бұру, табан мен сирақты допқа неғұрлым жақын, аяқтарын еденнен
ажыратып тепе-теңдікті барынша ұзақ сақтау, қолдары екі жақта; допта жатып
орындайтын жаттығулар, алдыға және артқа жылжу; бір қолымен еденді тіреп допта
қырымен жату; тірек еткен қолымен жылжытып алдыға және артқа қозғалу.
27. Заттармен орындалатын жаттығулар (12 сағат): қолдардың ұсақ моторикасын
түзетуге арналған жаттығулар; үлкен доптармен жаттығулар (волейбол, баскетбол,
жағажай); отырып, жартылай отырып, тұрған күйде қарсы алдындағы серіктесіне
допты дөңгелету; гимнастикалық орындықтың шетімен допты дөңгелету; допты өзінің
үстіне лақтыру және оны екі қолымен ұстау және еденге тигеннен кейін оны ұстау;
допты қабырғаға лақтыру және оны ұстау, еденнен секіргеннен кейін ұстау,
шапалақтағаннан кейін ұстау; допты екі қолымен төменнен лақтыру, серіктесіне
басынан асырып лақтырып және оны екі қолымен ұстау; оң, сол, жүргенде допты
қозғалту; гимнастикалық таяқпен орындалатын жаттығулар – таяқ тік тұрған кезде
астынан екі қолымен ұстау – қол буындарын жоғары және төмен жылжыту; алдындағы
таяқты үстінен ұстау – буындар пронациясы және супинациясы; таяқ астында тұрған
күйде – көтеру және түсіру; отырып үстінен ұстау, таяқ алдыда – алдыға еңкею;
отырған күйде астынан ұстау, шынтақ буындарында жинау және ашу; ішіне жатып
қолдарын алға созу – дененің майысуы; арқасында жатып аяқтары тізесінен бүгілген,
таяқ аяқтың артында – денені алдыға, артқа аудару.
28. Өзіне өзі массаж жасау элементтері (6 сағат).
29. Аутотренинг (6 сағат).
30. Сауықтыру және дамыту сипаттағы қозғалыс ойындары (6 сағат).
3-тарау. Оқу пәнінің 6-сыныптағы базалық білім мазмұны
31. Білім негіздері (сабақтарда): салауатты өмір салты жайлы білім қалыптастыру,
адам ағзасына физикалық жаттығулардың ықпалы туралы. Физикалық жаттығулардың
тыныс алу мүшелеріне әсері.
32. Диагностикалық тексеру және бірегей мониторинг жүйесінің негізінде оның
физикалық қасиеттерінің өзгеру динамикасы (6 сағат).
33. Жүру бұзылыстарын түзету (6 сағат).
34. Омыртқа бұзылыстарын түзету (6 сағат).
35. Кеңістікте бағдарлауды дамыту және түзету (заттармен және затсыз)
жаттығулары (2 сағат): симметриялық және ассиметриялық (6 сағат).
36. Қол буындарының қимылдарын ұлғайту (12 сағат).
37. Аяқ буындарының қимылдарын ұлғайту (12 сағат).
38. Тыныс алу қызметтерін қалыпқа келтіру (12 сағат).
39. Өзіне өзі массаж жасау (12 сағат): мойнына, қолдарына, аяқтарына, табандарына
; табандарының тірек қызметтерін дамытуға: рефлекторлық жаттығулар.
40. Жаттығу гимнастикасы (12 сағат): беломыртқа, тізе, табан буындарындағы
қозғалысты еселеуге және баяу қозғалысты алуға арналған тренажердағы жаттығулар;
жүруді қалыпқа келтіру үшін жүгіру жолындағы жаттығулар, табандарының бұрыс
тұруын түзеу, аяқ буындарының қозғалыстарын дамыту, ағзаның жүрек-қан тамырлар,
бұлшықет жүйелерін жаттықтыру; аяқ буындарының қозғалысын ұлғайтуға арналған
жаттығулар, табандардың бұрыс орналасуын түзеу, жүрек бұлшық етін және қан
тамырлары жүйесін нығайту.
41. Мақсатты бағдарлы және жаттықтырушы сипатты қозғалыс ойындары (6 сағат).
42. Жүйке жүйесін әлсіретуге және нығайтуға арналған жаттығулар (релаксация),
суды сезу арқылы емдеу (гидрокинезотерапия) (12 сағат).
4-тарау. Оқу пәнінің 7-сыныптағы базалық білім мазмұны
43. Білім негіздері (сабақтарда): физикалық жаттығулармен айналысудың адам
иммунитетіне ықпалы; релаксация, босаңсудың пайдасы.
44. Денсаулық жағдайын және оның өзгеріс динамикасын бірегей мониторинг
жүйесінің негізінде диагностикалық тексеру (6 сағат): топтарға бөлінген білім
алушылардың тірек-қозғалыс аппараттарының қызметтік жағдайын бағалау және
физикалық даму көрсеткіштерін тестілеу өткізіледі.
45. Жүру бұзылыстарын түзету (6 сағат).
46. Омыртқа бұзылыстарын түзету (6 сағат): омыртқаны белсенді және баяу созуға
арналған жаттығулар (отырып, жатып, тұрып жасау): мойын және желке
бұлшықеттерін керуге арналған; арқасының және ішінің бұлшық еттеріне арналған;
кеуде бұлшық еттеріне арналған; денені қырымен еңкейтуге арналған бұлшық еттер
үшін; қолдарының және аяқтарының бұлшық еттері үшін; омыртқаның барлық
бөлімдеріндегі қозғалыстарды дамытуға арналған (жан жаққа денені еңкейтіп бұру,
еңбектеу): омыртқаны керуге арналған жаттығулар; кеуде бұлшықеттерін отырып
керуге арналған жаттығулар; өздігімен созу жаттығулары.
47. Кеңістікте бағдарлауды дамыту (8 сағат).
48. Қол буындарының қимылдарын ұлғайту (8 сағат).
49. Аяқ буындарының қимылдарын ұлғайту (8 сағат).
50. Қолданбалы жаттығулар (12 сағат): еңбектеу, жүру, жүгіру, секіру, лақтыру,
табиғи жағдайларда қолданылатын өрмелеу; жаттығулар дене бітімін дұрыс ұстауды
ескеру, жүруді тыныс алумен ұштастыру арқылы, жылжудың басқа түрлерін ендіру
арқылы: аяқтың ұшымен, өкшесімен, табанның сыртқы және ішкі жақтарымен,
өкшеден аяқтың ұшына ауыстырып жүру, бөкселерін жоғары көтеріп жүру, жартылай
отырып жүрумен күрделенеді; өрмелеу нұсқалары (еңбектеу, үстінен өту, астынан өту
және арасынан өту) омыртқаға неғұрлым аз салмақ салып; өрмелеу, гимнастикалық
тамға өрге және төмен түрлі тәсілдермен теңселу; тік қанатта түрлі тәсілдермен
өрмелеу.
51. Босаңсуды түзету (12 сағат): бұлшықеттің жеке топтамаларының қатты
тырысудан босаңсуға контрастты ауысу; қолдарының ротациялық тырыспай қозғалуы;
мойын бұлшық еттерін босату; басқаға назар аударып еркіндікке үйрететін
тапсырмалар мен ойындар, музыка және мимикалық жаттығулар.
52. Өзіне өзі массаж жасау (12 сағат).
53. ТренажҰрлы гимнастика (12 сағат): арқа бұлшықеттерін нығайтуға арналған
тренажердағы жаттығулар, бұлшықет корсетін қалыптастыру, дене бітімінің
бұзылыстарын, омыртқаның сколиоздық өзгерістерін түзету; қол және аяқ
буындарының қозғалыстарын ұлғайтуге, дененің барлық бұлшық еттерін жаттықтыруға
арналған көп қызметті тренажерда орындалатын жаттығулар.
54. Түзету сипаттағы жаттығулар (12 сағат): омыртқаның орталық жағдайы
сақталатын симметриялық физикалық жаттығулар, оның осал бұлшықеттері бар жаққа
ауысуына төтеп беретін мықты бұлшықеттер; омыртқаның берілген бөлігіне сәйкес
бұлшықет салмағын және тұрақты жағдайын табуға арналған асимметриялық түзету
жаттығулары.
5-тарау. Оқу пәнінің 8-сыныптағы базалық білім мазмұны
55. Білім негіздері (сабақтарда): физикалық жаттығулардың адам ағзасына әсері
туралы; П.Ивановтың "Детка" сауықтыру жүйесі; стретчингпен айналысу ережелері.
56. Диагностикалық тексеру (6 сағат).
57. Жүру бұзылыстарын түзету (6 сағат).
58. Омыртқа бұзылыстарын түзету (6 сағат).
59. Кеңістікте бағдарлауды дамыту (6 сағат).
60. Қол буындарының қимылдарын ұлғайту (12 сағат).
61. Аяқ буындарының қимылдарын ұлғайту (12 сағат).
62. Қолданбалы жаттығулар (12 сағат): тұрмыста және өндіріске қажетті
қолданбалы және спорттық қозғалыс элементтері: қолымен ұстау, қысып ұстау, түрлі
заттарды ауыстыру; түйме түймелеу және ажырату; қақпақтарды ашып жабу (
эрготерапия шеңберінде); тұрмыстық қозғалыстар арнайы жаттығулар ретінде және
күнделікті тұрмыста қолданылуы мүмкін (елестету сипатта болуы мүмкін тамақ
ішкенде, киінгендегі қолдардың қимылы, толық дағды сипатты киініп шешіну, асхана
құралдарын пайдалану икемдері; ауыспалы сипаттағы табиғи қимылдар (жүру, жүгіру).
63. Стретчинг (12 сағат): керілу, аяқтың ұшымен тұру, қолдарын жоғары көтеру,
созылу, тыныс алу (5 дейін ұстау); табанға түсу, ауаны шығару, қолдары төменде;
алдыға еңкею, қолдары артта, алақандарын жабыстыру, ішті тарту; тізелерін бүгу,
қолдарын еденге тигізіп алдыға еңкею; мүмкіндігінше тізелерін түзу ұстау (8-10 дейін
ұстау); солға еңкею, оң қолын оң бөксесінің үстіңгі жағына қою, сол қолын басының
үстіне қою; сол қолымен оң жаққа қабырғаны итеретіндей созу (10 дейін ұстау);
ақырындап бастапқы жайға қайта келіп басқа жаққа жаттығуды қайталау; жартылай
отыру: оң аяғымен шетке сырғып сол аяғын бүгіп, оң бөксесінің ішкі жағының толық
керілуін сезу (10-ға дейін ұстау), аяқтарын ауыстырып жаттығуды басқа жаққа
қайталау, табандардың жайын бақылау: жаттығу барысында табаны еденге тиіп тұрады
; арқада жатып: оң тізесін кеудесіне тарту (5-ке дейін ұстау), аяғын баяу түсіріп,
жаттығуды басқа аяғымен орындау; арқада жатып екі тізесін кеудесіне тарту, басын
алдыға тізесіне еңкейтіп 8-10-ға дейін ұстау; арқада жатып: тізелерін кеудесіне тартып
табанын қолымен ұстау (10-ға дейін ұстау), ақырындап аяқтарын мүмкіндігінше тік
созу; аяқтарын еденде айқастырып отырып: басын жан жаққа ию, иыққа қойғандай
қылып (5-ке дейін ұстау), бастапқы жағдайы және жаттығуды басқа жаққа орындау, екі
рет қайталау; аяқтарын еденде айқастырып отырып иығынан көру үшін басты бұру (5-
ке дейін ұстау), бастапқы жағдай, содан кейін басты басқа жаққа бұрып ұстап тұру, екі
рет қайталау, керілуге арналған жаттығулар кешенінің аяғында бірнеше терең тыныс
алу орындалады.
64. Заттармен орындалатын жаттығулар (18 сағат).
65. ТренажҰрлы гимнастика (12 сағат).
6-тарау. Оқу пәнінің 9-сыныптағы базалық білім мазмұны
66. Білім негіздері (сабақтарда): психофизикалық өзін-өзі тұрақтандыру; бұлшық
еттерді созуға арналған жаттығулар; Брэгг бойынша сауықтыру жааттығулар кешені.
67. Қолдарын дұрыс ұстамауды түзету (12 сағат).
68. Қол буындарының қимылдарын ұлғайту (12 сағат).
69. Аяқ буындарының қимылдарын ұлғайту (12 сағат).
70. Толтырылған доптармен жаттығулар жасау (18 сағат).
71. Стретчинг-гимнастика (18 сағат): қол және аяқ бұлшық еттерін созуға арналған
жаттығулар – тұрып, қолдары кеудесінің алдында қосылған, алақандарына қысым
жасау; қолдарының саусақтарын қосып алақандарымен жоғары созылу, отырып
орындайтын жаттығулар: аяқтарды екі жақта ұстап қолдарын алдыға созып денесін
алға еңкейту; аяқты бүгіп қолдарының көмегімен тізені кеудеге тарту; арқада жатып
аяғын бүгіп және қолдарының көмегімен тізені ішке қарай тарту, кезегімен оң және сол
аяқпен; топталып алдыға артқа домалау.
72. Тренажерлы гимнастика (18 сағат): Брэгг бойынша омыртқаны сауықтыруға
арналған жаттығулар.
73. Аутотренинг (12 сағат).
7-тарау. Оқу пәнінің 10-сыныптағы базалық білім мазмұны
74. Білім негіздері (сабақтарда): өз денсаулығын бағалау; денесінің негізгі
бұлшықеттерінің орналасуы – үлкен төс бұлшықеттері, іштің және арқаның
бұлшықеттері.
75. Өзін дұрыс ұстамауды түзету (12 сағат).
76. Қол буындарының қимылдарын ұлғайту (12 сағат).
77. Аяқ буындарының қимылдарын ұлғайту (12 сағат).
78. Диафрагманы нығайтуға арналған жаттығулар (6 сағат): ішпен тыныс алу,
арқада жатып, жүксіз және іштегі жүкпен.
79. Көруді түзеуге арналған жаттығулар (6 сағат).
80. Шаршауға төзімділікті дамытуға арналған жаттығулар кешені (6 сағат):
дайындық кезінде көздерге арналған гимнастика.
81. Заттармен орындалатын жаттығулар (6 сағат): толтырылған доптармен немесе
гантелдермен жаттығулар жасау (1 кг).
82. Автономды гимнастика (12 сағат): өзіне өзі қарсыласуға арналған жаттығулар –
дененің алдыңғы бұлшықеттерін дамытуға арналған жаттығулар – үлкен төс
бұлшықеттері, іштің және арқасының бұлшықеттері, бір уақытта омыртқаның
бұлшықеттеріне салмақ салу және "ауытқуларымен" байланысты (яғни қисаюымен);
өкшенің және табанның сыртқы бұлшықет топтарын өңдеуге арналған жаттығулар,
үлкен бұлшықеттерді дамытуға арналған жаттығулар (В.Г. Фохтина).
83. ТренажҰрлы гимнастика (18 сағат).
84. Аутотренинг (12 сағат): дене және қол-аяқтарын босатуға арналған жаттығулар.
8-тарау. 5-сынып білім алушыларының дайындық деңгейіне қойылатын
талаптар
85. Пәндік нәтижелер.
86. Білім алушылар:
1) кабинетте өзін ұстау тәртібін;
2) күн тәртібі және жеке тазалық туралы мәліметтерді;
3) денсаулық белгілері және физикалық белсенділіктің әсерін;
4) омыртқа бұзылуларын түзетуге арналған жаттығулар кешенін;
5) жүрген кезде табанды дұрыс қоюды;
6) логомоторика тесттерін;
7) фитбол-доптарымен жаттығулар кешені, ауру ерекшелігіне байланысты
заттармен орындалатын жаттығуларды;
8) босаңсуға, аутотренингке арналған кешенді жаттығулар, өзіне өзі массаж жасау
элементтерін;
9) қозғалыс әрекеттерінің негізгі базалық түрлері, дене бітімінің дұрыс дағдысын
қалыптастыруды білетін болады.
87. Білім алушылар:
1) салауатты өмір салтын ұстана білу;
2) омыртқа бұзылыстарын түзетуге арналған жаттығуларды орындау;
3) жүруді бақылау;
4) қозғалысты тақпақ мәтінімен ұштастыру;
5) мұғалімнің тапсырмасымен кешенді орындай білу;
6) аутотренинг формулаларымен босаңси білу, өз денесін басқару;
7) дұрыс емес жағдайларды түзету;
8) сабақта тәртіп сақтау дағдыларын меңгеретін болады.
9-тарау. 6-сынып білім алушыларының дайындық деңгейіне қойылатын
талаптар
88. Пәндік нәтижелер.
89. Білім алушылар:
1) физикалық белсенділіктің адам ағзасына әсерін;
2) логомоторика тесттерін;
3) ауыру ерекшеліктеріне сәйкес заттармен жаттығулар кешенін;
4) босаңсуға арналған кешенді жаттығулар, өзіне өзі массаж жасау элементтерін;
5) Хатха-Йога жаттығуларын;
6) физикалық жаттығулардың тыныс алу мүшелеріне әсерін;
7) омыртқа бұзылыстарын түзетуге арналған жаттығулар кешенін;
8) жүрген кезде табанды дұрыс қоюды;
9) өзіне өзі массаж жасаудың негізгі тәсілдерін;
10) гидрокинезотерапиялық жаттығулар кешенін білетін болады.
90. Білім алушылар:
1) қолмен ассиметриялық қимыл-қозғалыстарды орындау: бір қол алдыға, екінші
қолды жанға созу, кеуде алдына – басқасы жанға, аяқ қозғалысымен бірлескен қолдың
ассиметриялық қозғалыстары;
2) қолдардың жақтардағы және жоғарыдағы, оң және сол жақтағы, қалпынан
қолдарды дене алдында шеңбер бойымен айналдыру;
3) қайта жасауды әр түрлі әдістермен орындау;
4) мұғалімнің сөзбен айтқан нұсқаулары бойынша қолдарды алдыдағы қалыптан
төменге және жоғарыға доға жасау арқылы айналдыру;
5) негізгі тұрыста дене бітімін дұрыс ұстау және сау аяқта серіктестің
сүйемелдеуімен жүрелей отыруды орындау;
6) қозғалыс кезінде тепе теңдікті сақтау және бір (екі); тізеде тұрған күйде
шалқаюды орындау;
7) жүрісті жүгірумен алмастыру, бір және екі аяқтап секіру;
8) орында тұрып бір қолмен ауырлығы әр түрлі доптарды лақтыру;
9) отырған, тұрған күйде денені алға, артқа, жақтарға еңкейтудағдыларын
меңгеретін болады.
10-тарау. 7-сынып білім алушыларының дайындық деңгейіне қойылатын
талаптар
91. Пәндік нәтижелер.
92. Білім алушылар:
1) физикалық жаттығулармен айналысудың адам иммунитетіне әсерін;
2) омыртқа бұзылыстарын, дұрыс тұрмауды түзетуге арналған жаттығулар кешенін;
3) Хатха-Йога жаттығулар кешенін;
4) өзіне өзі массаж жасау элементтерінің негізін;
5) стретчинг – гимнастиканың жеке дара кешендері, фитбол жаттығулары,
тұрақтылықты дамытуға, қалыпты және өзгеретін тепе теңдікті дамытуды;
6) көруді түзетуге арналған жаттығулар кешенін білетін болады.
93. Білім алушылар:
1) өз мүмкіндіктеріне қарай физикалық және сезімдік жүктемелерді бағалап және
бөлу;
2) ЕДШ-мен жүйелі түрде айналысу, жеке кешенді жаттығуларды орындау
дағдыларын меңгеретін болады.
11-тарау. 8-сынып білім алушыларының дайындық деңгейіне қойылатын
талаптар
94. Пәндік нәтижелер.
95. Білім алушылар:
1) физикалық жаттығулардың адам ағзасына әсерін; П.Ивановтың "Детка"
сауықтыру жүйесін;
2) стретчингпен айналысу ережелерін;
3) тұрақтылықты дамытуға, қалыпты және өзгеретін тепе теңдікті дамытуға
арналған заттармен орындалатын жаттығулар кешенін;
4) тренажерлы гимнастика кешенін білетін болады.
96. Білім алушылар:
1) денсаулықты сақтау және нығайтуға күн тәртібінің рөлін және маңызын сипаттау
;
2) оқу және сабақтан тыс уақытын, денсаулық көрсеткіштерін, физикалық дамуы
және дайындығын ескере отырып күн тәртібін жоспарлау және түзету дағдыларын
меңгеретін болады.
12-тарау. 9-сынып білім алушыларының дайындық деңгейіне қойылатын
талаптар
97. Пәндік нәтижелер.
98. Білім алушылар:
1) мектепте ортопедтік тәртіп ережелерін;
2) күн тәртібі және жеке тазалығы туралы мәліметтер;
3) өзін өзі психофизикалық ретке келтіру негіздерін;
4) стретчинг – жаттығулары, аутотренинг әдісін білетін болады.
99. Білім алушылар:
1) жеке стретчинг гимнастика, фитбол жаттығулар кешенін орындау;
2) көру қабілетін түзету кешенді жаттығулар орындау;
3) тұрақтылықты дамытуға, қалыпты және өзгеретін тепе теңдікті дамытуға
арналған заттармен орындалатын жаттығулар кешенін орындау дағдыларын меңгеретін
болады.
13-тарау. 10-сынып білім алушыларының дайындық деңгейіне қойылатын
талаптар
100. Пәндік нәтижелер.
101. Білім алушылар:
1) қозғалыс әрекеттерінің базалық түрлерінің негіздерін;
2) дұрыс дене бітімінің қалыптасқан дағдысын;
3) автономды гимнастика жаттығуларын;
4) аутотренинг әдісін білетін болады.
102. Білім алушылар:
1) "дене шынықтыру", "күн тәртібі" түсініктерінде бағдарлау;
2) таңғы жаттығудың, дене шынықтыру үзілістерінің, дене шынықтыру
сабақтарының, шынығудың, таза ауада серуендеу, қозғалысты ойындардың,
денсаулықты нағайтуға арналған спортпен шұғылдану, ағзаның негізгі жүйелерін
дамытудың рөлі және маңызын сипаттау;
3) өз денесін басқару, дұрыс емес жағдайларды түзеу;
4) өзіне-өзі массаж жасау, таза тыныс алу элементтерін қолдану дағдыларын
меңгеретін болады.
103. Тұлғалық нәтижелер. Білім алушылар:
1) тұлғаның физикалық және эстетикалық мәдениеті, салауатты өмір салты және
өзін өзі бақылау және өзін-өзі сараптау тәсілдері туралы қалыптасқан түсініктері;
2) өз сезімдерін басқару, құрбылармен қарым қатынас орнату дағдылары, қатынас
мәдениетін меңгеру, өз пікірі, жауапкершіліктің болу;
3) ағзаның қызметтік мүмкіндіктері, аурулардың және қатты қысымның алдын алу
тәсілдері туралы білімі;
4) Отанға деген сүйіспеншілік таныту, қазақ халқының рухани мұрасына мақтаныш
сезімі дағдыларын танытады.
104. Жүйелік-әрекеттік нәтижелер білім алушылардың:
1) пән бойынша жүйелі білім, оны практикалық әрекетте қолдана білуінен;
2) танымдық, зияткерлік және шығармашылық белсенділігін арттыру;
жауапкершілік, ұстамдылық, өзін ұстау, әділдігінен;
3) үлкен адамдармен және құрбыларымен ынтымақтастық орнату икемдері,
айналасындағы адамдарға көмек көрсету; түзету міндеттерін шешуде шығармашылық
таныту, жұмыста нәтижеге жетуінен;
4) дамыған қарым-қатынас қабілеттерін меңгеруінен көрініс табады.
Қазақстан
Республикасы
Білім
және
ғылым
министрінің
2013
жылғы
3
сәуірдегі
№ 115 бұйрығына 345-қосымша
Психикалық даму тежелісі бар білім алушыларға арналған негізгі орта білім
беру деңгейінің 5-10 сыныптары үшін "Әлеуметтік-тұрмыстық бағдар" пәнінен
үлгілік оқу бағдарламасы
Ескерту. Бұйрық 345-қосымшамен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым
министрінің 27.07.2017
(1, 2, 6, 8, 9, 10, (11, 12)-сыныптарының ерекше білім
№ 352
беруге қажеттіліктері бар білім алушылары үшін 05.09.2017, 3-сыныптың ерекше білім
беруге қажеттіліктері бар білім алушылары және 10-сыныптың білім алушылары үшін
01.09.2018, 4-сыныптың ерекше білім беруге қажеттіліктері бар білім алушылары,
сонымен қатар 11-сыныптың білім алушылары үшін 01.09.2019 бастап қолданысқа
енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Түсінік хат
1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамызда
№ 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта
білім) мемлекеттік жалпыға міндетті
сәйкес әзірленген.
стандартына
2. Оқу пәнінің мақсаты - жасөспірімдерде түрлі әлеуметтік және тұрмыстық
жағдайларда белсенді және дербес болуға мүмкіндік беретін әлеуметтік-бейімдік
арнайы икем мен дағдылар қалыптастыру.
3. Оқу пәнінің міндеттері:
1) үйдегі өмірдің құрылысы жайлы, күнделікті тұрмыстық шаруа түрлері, тұрмыста
қоршаған заттардың қажеттілігі туралы түсініктерін кеңейту;
2) үйдегі және мектептегі күнделікті түрлі жұмысқа ат салысуға ынта мен икем
қалыптастыру, шамасына қарай сол жұмыстарға араласу;
3) қарым-қатынас икемдерін қалыптастырып және әлеуметтік қатынастың
қабылданған рәсімдерін қолдануды үйрету;
4) әлеуметтік нысандардың (сауда, тұрмыс қызметі, байланыс, мәдениет,
медициналық көмек қызметтері) және қоғамдық көлік қызметтерінде бағдарлап
пайдалану дағдыларын қалыптастыру;
5) әлеуметтік-тұлғалық даму кемшіліктерін түзеуге ықпалдасу; сөздік қорын байыту
және жүйелеу, ауызша диалогтық және монологтық сөйлеу тілін дамыту.
4. Психикалық дамуы тежелген білім алушылардың танымдық әрекеттерінің
ерекшеліктері және әлеуметтік-эмоционалдық дамуы қоршаған ортаны толық тануға,
әлеуметтік нормалар мен қатынастарды меңгеруге, қарым-қатынастың тиімді түрін
құруға және әлеуметтік тәртіпті меңгеруге кедергі келтіреді.
5. "Әлеуметтік-тұрмыстық бағдар" түзету курсы әлеуметтік бейімдеуге ықпал ететін
дағдыларды қалыптастыруға, танымдық қызығушылықты қалыптастыруға, психикалық
дамуы тежелген білім алушылардың қарым-қатынас орнату қабілетін қалыптастыруға
бағытталған.
6. Оқу бағдарламасы жаңа әлеуметтік-тұрмыстық икемдер және дағдыларды
қалыптастыруға арналған өткен материалды әр сыныпта қайталап және тереңдетуге
мүмкіндік беретін концентрлік ұстанымына сәйкес жүзеге асады.
7. Оқу жүктемесінің көлемі:
1) 5 сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат;
2) 6 сынып - аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат;
3) 7 сынып - аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат;
4) 8 сынып - аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат;
5) 9 сынып - аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат;
6) 10 сынып - аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат.
8. Әлеуметтік-тұрмыстық бағдар курсын оқыту барысында келесі пәндермен
пәнаралық байланыс орнатылады:
1) "Қазақ тілі және әдебиет". Өз ойын, сөйлемдерді, қорытынды және
пайымдауларын құрастыруға қажетті қазақ тілінің ережелерін қолдану;
2) "Математика". Есептеу және өлшеуді талап ететін өмірдегі жағдайларды
жандандыру;
3) "Қазақстан тарихы". Қазақ халқының салт-дәстүрлерін, тұрмысын көрсететін
жағдайларды қолдану;
4) "Технология". Еңбек дағдыларын қолдану, дербес практикалық, еңбек әрекетін
жоспарлай және бақылай білу.
9. Тақырыпты өту кезеңділігін мұғалім өзі белгілеп күнтізбелік жоспарда көрсетеді.
Бағдарламада тақырып бойынша сағат санын бөлу үлгі ретінде берілген. Мұғалім оны
білім алушылардың қажеттілігі бойынша өз қалауымен өзгерте алады.
10. Пәннің мазмұны білім алушылардың әлеуметтік және тұрмыстық тәуелсіздігіне
және тәуелсіздігіне мүмкіндік беретін оқытудың қарым-қатынастық үлгісіне
бағытталған. "Әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау" түзету курсы бағдарламасының
мазмұны тоқсанға бөлінбейді.
11. Дағдыларды қалыптастырудың маңызды шарты ол білім алушылардың
өздігімен орындай алатын табысты әрекеттерін ұйымдастыру болып табылады. Сабақ
қажетті жабдықталған арнайы кабинетте өткізіледі.
12. Сабақтар арнайы жабдықталған кабинетте өткізіледі.
2-тарау. Оқу пәнінің 5-сыныптағы базалық білім мазмұны
13. Денсаулық және қоршаған орта (8 сағат):
1) білім алушының таңертеңгі және кешкі тазалығы. Душта жуыну. Шашты күту (
жуу, шаш үлгісі). Құлақтарын тазалау (тазалау, жуу);
2) көру гигиенасы. Теледидар көру, компьютерде жұмыс істеу ережелері. Столда
жұмыс жасағанда арқаны түзу ұстау;
3) жер сілкінісі. Жер сілкіндегі өзін ұстау тәртібі;
4) өрт. Өрт кезінде өзін ұстау.
14. Отбасылық қатынастар (5 сағат):
1) білім алушылардың отбасы құрамы: аттары, тегі, жасы, отбасы мүшелерінің оқу,
жұмыс орындары. Туысқандық қатынастар (ана, әке, аға, әже); Отбасындағы жеке
қарым-қатынастар; құрбыларына және үлкендерге өтініш жасау, сурақ қою түрлері;
2) отбасылық дәстүрлер, отбасы мүшелерінің туылған күндерін атап өту, сыйлық
таңдау;
3) фотоальбом жасау. Фотоаппаратты пайдалану;
4) отбасы мүшелері арасында міндеттерді бөлісу.
15. Бос уақытты өткізу және әуестенулер (5 сағат):
1) әуестенулер (тігу, тоқу, кесте тігу; ағаш күйдіру, құрастыру, үлгілеу);
2) саяхат, спорт секциялары. Білім алушылар үйі, стадион және жүзу бассейні.
16. Мерекелер, салтанаттар, дәстүрлер (4 сағат):
1) туылған күн. Оны дайындау және өткізу ерекшеліктері;
2) "Жаңа жыл", "Наурыз". Тарихи деректер. Түрлі халықтардың Жаңа жыл
мерекесін тойлау дәстүрлері;
3) қоныс тойы. Сыйлық таңдау.
17. Тамақтану (10сағат):
1) азық-түлік, олардың адам ағзасына маңыздылығы;
2) негізгі азық-түліктің бағасы;
3) тамақ дайындағанда қойылатын санитарлық-тазалық талаптар;
4) ас үй құрал-жабдықтары, ыдыс. Пайдалану және қолдану тәртіптер;
5) ыдысты күтуге қажетті химиялық құралдар;
6) тамақтану тәртібі. Таңғы ас. Таңғы ас мәзірі; үстелді таңғы асқа дайындау;
7) тамақ дайындау: салаттар, салаттар жасау; жұмыртқадан жасалған тағамдар,
жұмыртқаны қуыру, қайнату, қарапайым бутербродтар әзірлеу;
8) қазақ халқының шай ішу дәстүрі. Шайды демдеу.
18. Сауда (4 сағат):
1) азық-түлік дүкендері, әмбебап дүкендер, арнайы дүкендер;
2) азық-түлік дүкенінде товарларды сатып алу тәртібі.
19. Тұрғылықты жер (6 сағат):
1) қалада және ауыл аймақтағы тұрғын үй түрлері. Жылыту түрлері;
2) тұрғын үй. Уақытша тұратын орын (қонақ үйлер, интернаттар, жатақханалар).
Үйдің және мектептің пошталық мекен-жайлары;
3) тұрғылықты жердің іш құрылымы.
20. Киім және аяқ-киім (5 сағат):
1) киім және бас киімнің жыл мезгіліне және қажеттілігіне қарай түрлері;
2) киімді күнделікті күту (кірлеудің алдын алу, тазалау, ұсақ-түйек жөндеу);
3) аяқ-киім түрлері, оларды қолдану, аяқ-киімді тазалау (кептіру, тазалау, мезгілдік
аяқ-киімді сақтауға дайындау).
21. Көлік (5 сағат):
1) мектепке жол жүру (жол сызбасы, көлік түрлері);
2) жол жүру ережелері.
22. Байланыс құралдары (5 сағат):
1) пошта. Поштамен жіберу түрлері (хаттар, бандерольдар, посылкалар, ақшалай
аудармалар, жедел хаттар). Пошта коверттеріне мекен жайды жазу. Хаттарды жіберу
тәртібі.
23. Отбасылық экономика (5 сағат):
1) ақша. Заманауи ақша түрлері: қағаз ақша, айырбастайтын ұсақ ақша.
Қазақстандық ақшалар (тиын, теңге);
2) отбасы бюджетінің құрамды бөлшектері: кіріс және шығыс. Шығыстың негізгі
бөлімдері. Отбасылық бюджетті жоспарлау.
24. Жұмысқа орналастыру. Іскерлік қатынастар (6 сағат):
1) завод. Фабрика. Ферма. Соларда жұмыс істейтін адамдардың мамандықтары:
жұмысшы, тігінші;
2) пошта. Көлік. Адамдардың мамандықтары: пошташы, газет таратушы, жүргізуші;
3) құрылыс мамандықтары: сылақшы, бояушы, тас қалаушы.
3-тарау. Оқу пәнінің 6-сыныптағы базалық білім мазмұны
25. Денсаулық және қоршаған орта (8 сағат):
1) ағзаны шынықтыру (жаттығу, сүртіну, мезгілдік киімдер, денешынықтыру
сабақтары). Қолдарды, аяқтарды күту (қолдардың, аяқтардың терісін және
тырнақтарын күту);
2) медицина мекемелері (емханалар, дәріханалар, ауруханалар), олардың қызметі;
3) медицина мекемелерінің қызметкерлері (дәрігерлер, медбикелер, дәріхана
қызметкерлері);
4) медициналық көмек түрлері: "жедел жәрдем", үйде көрсетілетін көмек,
амбулаторлық қабылдау, ауруханаға жатқызу, жедел жәрдемді және дәрігерді үйге
шақырту;
5) қарапайым медициналық көмек: дене температурасын өлшеу, жараны өңдеу және
таңу;
6) су тасқыны, су тасқыны кезіндегі әрекеттер.
26. Отбасылық және жеке қатынастар (4 сағат):
1) ата-аналарға кішкентай балаларды күтуде көмек көрсету;
2) демалыс күндері дем алу түрлері.
27. Мерекелер, салтанаттар, дәстүрлер (4 сағат):
1) мемлекеттік мерекелер: Тәуелсіздік күні; Атазаң күні; Халықаралық әйелдер күні
; Қазақстан халықтарының ынтымақтастық күні; Отан қорғаушылар күні.
28. Бос уақытты өткізу және әуестену (5 сағат):
1) үй және бөлме жануарлары. Үй жағдайында ит және мысықтарды ұстау
ерекшеліктері;
2) аквариумның құрылымы, балықтарды асырау;
3) үй жағдайында құстарды асырау ерекшеліктері;
4) аурудың алдын алу шаралары (санитарлы-тазалық талаптарды сақтау,
жануарлардың ауруларының алдын алу).
29. Тамақтану (10 сағат):
1) тамақ дайындау тазалығы, азық-түлікті және суық тамақтарды сақтау;
2) электр және газ плитасы. Сіріңке және электртұтатқышты қолдану;
3) кесуге арналған құралдармен жұмыс істегенде сақтандыру ережелері және
санитарлы-тазалық талаптары;
4) макарон өнімдерінің түрлері. Кеспеден тамақ дайындау;
5) жарма түрлері. Жарманы бірінші және жылумен өңдеу. Ботқаны (қарақұмық)
суда және (ұсақ жарма) сүтте дайындау;
6) көкөністер. Көкөністерді бірінші және жылумен өңдеу. Көкөністерден гарнир
және салаттар дайындау (пюре, бұқтырылған көкөністер).
30. Сауда (4 сағат):
1) базар. Базар бөлімдері. Халықты азық-түлікпен қамтамасыз етуге базардың орны.
Зат сататын базар, ашық, жабық, уақытша, көп мөлшерде, аз мөлшерде сататын;
2) аспазхана. Тауар түрлері.
31. Тұрғын үй (6 сағат):
1) тұрғылықты үйге қойылатын тазалық талаптары және оны қамтамасыз ету
шаралары;
2) білім алушының жұмыс орнын ұйымдастыруға қойылатын негізгі ережелер;
3) киіз үй. Заттарды (киім, қажетті бұйымдар) киіз үйде сақтау ерекшеліктері;
4) пәтерді күнделікті жинау (құрғақ және сулы). Шаңсорғыш;
5) төселіміне сәйкес еденді күту (лак, бояу, линолеум);
6) шамдарды күту, әрекет түрлері. Қауіпсіздік ережелері.
32. Киім және аяқ киім (6 сағат):
1) киімді ұсақ-түйек жөндеу (ілгіштерді, түймелерді тігу, сөтілген тігісті тігу);
2) киімдерді кір жуғыш машинада жуу. Кір жууға арналған құралдар;
3) ірі киімдерді, төсегіштерді үтіктеу.
33. Байланыс құралдары (5 сағат):
1) байланыстың негізгі құралдары (пошта, телефон, телеграф). Поштамен жіберу
түрлері (хаттар, бандерольдар, посылкалар, ақшалай аудармалар, жеделхаттар);
2) хаттардың түрлері (жабық, ашық, жай, тапсырыс). Әртүрлі хаттарды жіберу реті;
3) телеграф. Телеграф қызметінің түрлері. Жеделхаттардың мәтіндерін құрастыру;
4) байланыс бөлімшелерінде өзін ұстау тәртібі.
34. Көлік (5 сағат):
1) қалалық және қаламаңындағы көлікті пайдалану. Жол жүру ақысын төлеу
ерекшеліктері (бір реттік, бір айлық жол жүру билеті). Қала маңына жүретін
автобустардың жүру кестесі. Автобусқа отыру тәртібі;
2) қоғамдық көлікте жүру тәртібі (отырғанда, билет алғанда, салондағы және
көшеге шыққан кездегі тәртібі).
35. Отбасылық экономика (5 сағат):
1) ақша; ақшаның рөлі және қызметі: айырбастау құралы, тауарды немесе қызметті
сатып алғандағы төлем түрі, тауардың бағасы және құнының өлшемі; сақтау және
жинау құралы; күн көру құралы. Заманауи ақша түрлері: төлеп және төлемсіз (
пластикалық карточкалар);
2) үй шаруасындағы үнемдеу.
36. Жұмысқа орналастыру. Іскерлік қатынастар (6 сағат):
1) еңбек және жұмыс. Еңбек және еңбек әрекеті;
2) әрекеттену нәтижелері (кітап оқу, телебағдарламалар көру, би, достарға бару,
қонақ қабылдау) және еңбек азығы;
3) оңай және қиын еңбек, біліктілік.
4–тарау. Оқу пәнінің 7-сыныптағы базалық білім мазмұны
37. Денсаулық және қоршаған орта (10 сағат):
1) жасөспірімнің жеке тазалығы. Күн тәртібі, тамақтануы; өзіне арналған тамақ
тәртібін таңдау;
2) үй дәріханасы. Емдік өсімдіктер. Суық тию аурулары. Асқазан-ішек құрылысы
жолдарының аурулары. Тіс ауруы;
3) жарақат алғандағы алғашқы көмек: жара, соққы, сүйек шыққанда, сынғанда.
Ауруларды емдегенде халықтық емдер;
4) су тасқыны, су тасқыны кезіндегі әрекеттер.
38. Тұлғааралық және отбасылық қатынастар (5 сағат):
1) сыйлық жасау қазақ халқының салты ретінде;
2) дау-дамайлар. Оның алдын-алу мүмкіндіктері, одан шығу жолдары;
3) ата-ананың міндеті, балаларға деген сүйіспеншілік. Ажырасу және оның салдары;
4) кинода, театрда, мұражайда, кітапханада, көшеде өзін ұстау. Әңгімелесу тәртібі.
39. Бос уақыт және әуестену (5 сағат):
1) кітаптар, газеттер, журналдар;
2) теледидар хабарлары, оларды таңдау және көру.
40. Мерекелер, салтанаттар, рәсімдер (5 сағат):
1) діни мерекелер: Рождество; Пасха; Масленица; Құрбан айт.
41. Тамақтану (10 сағат):
1) ас дайындау. Көкөніс, ет және балық өнімдерін өңдеу әдістері;
2) ас дайындағанда қауіпсіздік техника ережелері; қайнаған сумен, тұрмыс
техникасын қолданғанда;
3) үстелді түскі асқа дайындау және асхана құралдарын қолдану ережелері. Үстел
үстінде өзін ұстау;
4) сорпа және етсіз борщ дайындау. Картоптан котлет жасау және көкөністен
гарнир жасау. Кептірілген жемістерден кисель және компот жасау.
42. Сауда (5 сағат ):
1) әмбебап дүкендер және арнайы азық-түлік дүкендері, олардың бөлімдері. Кейбір
товарлардың бағасы, оларды сатып алу тәртібі. Товарды сатып алу жолдары: талдап,
дайын түрінде, өлшеп алу.
43. Тұрғын үй (6 сағат):
1) тұрғын үйді жинақтау. Үйді мезгілді жинау. Терезе күтімі. Пешке от жағу;
2) жеңіл жөндеу жұмыстары. Терезелерді, есіктерді, еденді бояу.
44. Киім (6 сағат):
1) тондарды және былғарыдан тігілген киімдерді күту. Сақтауға дайындау;
2) тоқылған киімдерді күту. Жуу, кептіру және үтіктеу ерекшеліктері.
45. Байланыс құралдары (5 сағат):
1) бандероль түрлері (қарапайым, құнды, тапсырыс). Посылкалар. Оларды салу реті.
Жіберу бағасы. Түбіртектерді толтыру.
46. Көлік (5 сағат):
1) қалааралық, теміржол көлігі. Вокзалдар. Вокзалдардың анықтама бөлімі. Поездар
кестесі. Жолаушы вагондарының түрлері. Түрлі орындарға жол жүру бағасы. Теміржол
билеттерін сатып алу. Жүк сақтау камералары.
47. Жұмысқа орналасу, іскерлік қатынастар (6 сағат):
1) жеке меншік – адам, адамдар және еңбек нысандарының, заттардың арасындағы
қатынас түрлері (жекеменшік иесінің объекті және субъектісі). "Менікі", "сенікі", "
біздікі", "бөтен" түсініктері. Адам және оның жеке меншігі: дене, денсаулығы, ақылы,
уақыты, жеке заттары. Меншік түрлері: мемлекеттік, жеке, бірлесе, шағын
кәсіпорындар.
5-тарау. Оқу пәнінің 8-сыныптағы базалық білім мазмұны
48. Денсаулық және қоршаған орта (8 сағат):
1) бет терісінің күтімі. Косметикалық құралдар (лосьондар, кремдер). Қырыну,
қырыну жиілігі, электр қырынғыш және станокпен қырыну. Бет әлпетті бояуға
арналған опа далаптар және оны қолдану;
2) құрт аурулары және олардың алдын алу шаралары;
3) қышыма, алдын алу шаралары, күресу жолдары;
4) қайғылы жағдайларда көрсетілетін алғашқы көмек (жарақаттанған жерді өңдеу
ережелері, тамаққа уланғанда асқазанды жуу. Түрлі деңгейде үсік шалғанда, күн
өткенде қолданылатын шаралар);
5) ашушаңдық нұсқалары, шабуыл жасағанда қашу жолдары және тәртібі.
49. Тұлғааралық қатынастар (4 сағат):
1) көршілермен қарым-қатынас орнату;
2) достық сезімнің пайда болуы. Танысу; әңгімелесу. Бойжеткеннің (бозбаланың)
сырт келбеті. Махаббат және ғашықтық, олардың ерекшелейтін сипаттар. Сөз байласу,
бір-біріне қоятын талаптар.
50. Мерекелер, салтанаттар, дәстүрлер (4 сағат):
1) түрлі халықтардың дәстүріндегі жерлеу. Ұйымдастыру және өткізу ерекшеліктері
. Қатысушылардың тәртібі.
51. Бос уақытты өткізу және әуестену (5 сағат):
1) бақша отырғызу. Жерді дайындау, дәнді егуге дайындау (қияр). Көкөністердің
көшеттерін егу. Қыста терезе алдында көкөніс егу.
52. Тамақтану (10 сағат):
1) қамыр түрлері және одан жасалатын өнімдер. Құймаққа арналған қамыр. Одан
жасау. Тәтті нанға арналған қамыр, печенье жасау. Бисквитті қамыр, торт жасау.
Қатпарлы қамыр, торт жасау;
2) тамақты буға пісіру;
3) духовка, қысқатолқынды пеш пайдалану.
53. Сауда (4 сағат):
1) сауда үйлері. Тауар түрлерінің ерекшеліктері. Олардың жұмыс кестесі. Тауар
таңдау;
2) аспазхана, тауар түрлері, тауар таңдау.
54. Тұрғын үй (6 сағат):
1) үйді жекешелендіру. Тұрғын үйді жалға алу (жалға беру);
2) ас үйді тазалау, дәретхананы, ваннаны, раковинаны жуу. Жуу құралдары.
55. Киім және аяқ киім (6 сағат):
1) киімнің және аяқ киімнің мөлшерлерін бағдарлай білу. Өлшемді алу, киімдерде
қажетті белгіні табу;
2) кір жуатын орын. Қолдану тәртібі (белгілер, түбіртектерді толтыру). Қызмет
түрлері. Өзіне-өзі қызмет жасайтын кір жуатын орын;
3) қазақ халқының ерлерге арналған ұлттық киімі.
56. Байланыс құралдары (5 сағат):
1) телефон. Телефон анықтамасын пайдалану. Милиция щақыру, өрт сөндіру тобын
шақыру, газ шыққан кезде аппаттық қызметті шақырту. Телефон арқылы ақпарат алу;
2) халықаралық телефон байланысы. Телефон байланысының ақысы. Телефонмен
сөйлесу мәдениеті.
57. Көлік (5 сағат):
1) халқаларалық автокөлік. Автобекет, негізгі автобустың жол жүру сызбалары;
2) автобустардың жүру кестесі. Билеттерді алу реті. Жол ақысы. Автобекет қызметі.
58. Отбасылық экономика (5 сағат):
1) ірі сатып алуларды жоспарлау (киім, жиһаз). Жазғы демалысты жоспарлау;
2) тұрғын үйді ұстау. Тұрғылықты жердің және коммуналды қызметтер ақысын
төлеу. Банк бөлімшелері;
3) ағымдағы қаражат жұмсаулар және мәдени қажеттілікті қанағаттандыруға
арналған қаражаттар (киноға, театрға билеттер, жол жүру ақысы, жеке тазалыққа
арналған заттар, аяқ киім және киімді жөндеу).
59. Жұмысқа орналасу және іскерлік қарым-қатынастар (6 сағат):
1) жұмысқа орналасу. Өндірістік қарым-қатынастар. Әріптестерімен қатынас орнату
. Жұмысқа және үйге арналған киім, маңызы, оның ерекшелігі, оны күту.
6-тарау. Оқу пәнінің 9-сыныптағы базалық білім мазмұны
60. Денсаулық және қоршаған орта (8 сағат):
1) темекі шегудің, ішімдіктің, есірткінің зияны;
2) жыныстық қатынас арқылы жұғатын, жұқпалы аурулар және олардың алдын алу
шаралары;
3) ауырған адамдарды күту. Еңбекке жарамсыздық қағазы. Сақтандыру медицинасы
. Диагностикалық орталықтар. Жекеменшік емханалар;
4) емханаға бару, дәрігердің қабылдауына жазылу, талон алу.
61. Тұлғааралық және отбасылық қатынастар (4 сағат):
1) некеге тұру. Құда түсу, атастыру, сөз байласу, некені тіркеу, сырға салу. Қазақ
халқының үйлену той дәстүрі; тойға дайындық, салтанатты өткізу, некелесушілер және
қонақтардың киімдері.
62. Мерекелер, салтанаттар, рәсімдер (4 сағат):
1) мерейтойлар, зейнетке щығу, бала туылу.
63. Бос уақытты өткізу және әуестену (5 сағат):
1) гүлзар, оны қалыптастыру, күтім (біржылдық және көпжылдық өсімдіктер,
гүлдердің көбею тәсілдері);
2) коллекция жинау. Жинауға арналған заттар, тәсілдері, таңдау.
64. Тамақтану (10 сағат):
1) тоңазытқыштың күтімі. Мұзды еріту, жуу;
2) қазақ асханасының ерекшеліктері, столды дайындау. Ұлттық тағамдарды
дайындау, бауырсақ, палау (етсіз);
3) кішкентай балалардың тамақтануы. Ботқа дайындау;
4) диеталық тамақтану, оның ерекшеліктері.
65. Сауда және қызмет (6 сағат):
1) комиссиялық дүкендер (секонд хэнд, сток). Товарларға мезгілдік жеңілдіктер;
2) жөндеу шеберханалары. Суретке түсіру ательесі. Сән салондары;
3) негізгі азық-түліктерге және тұрмысқа қажетті заттардың бағалары.
66. Тұрғын үй (4 сағат):
1) интерьер. Пәтерде жиһазды орналастыру. Пәтердегі ағымдағы жөндеу
жұмыстары; әктеу, түсқағаз жабыстыру;
2) киіз үйдің іші. Оны безендіруде ұлттық қолданбалы өнер бұйымдары.
67. Киім және аяқ киім (6 сағат):
1) киім үлгісі, сән, сәннің пайда болу тарихы;
2) киімді жаңалау. Киім таңдау, аяқ киімді дүкеннен және базардан сатып алу;
3) кір жуатын орын, көрсетілетін қызмет түрлері. Киімдерді өткізуге дайындау
тәртібі;
4) қазақтың зергерлік өнері. Зергерлік бұйымдар ұлттық киімге қосымша ретінде.
68. Байланыс құралдары (5 сағат):
1) ақша аударымдары. Аударым түрлері (поштамен, телеграф арқылы),
түбіртектерді толтыру. Аудармалардың бағасы.
69. Көлік (5 сағат):
1) әуекөлігі. Аэропорт, аэробекет, маршруттар. Билеттерді сатып алу реті (
авиакассалар). Жол жүру құны. Жүкті және қол жүгін рәсімдеу.
70. Отбасылық экономика (5сағат):
1) сақтандыру - дүние мүлікті және денсаулықты сақтау тәсілі. Міндетті сақтандыру
, ерікті сақтандыру. Сақтандыру келісім шарты, жарналар, қосындысы, сақтандыру
жағдайы;
2) несие беру жүйесі. Несие алуға қажетті құжаттар;
3) жинақтарды сақтау әдістері. Банктерге жинақтау түрлері.
71. Жұмысқа орналасу. Іскерлік қатынастар (6 сағат):
1) жұмысқа орналасу. Жұмысқа орналасуға қажетті құжаттар, оларды рәсімдеу.
Жұмыспен қамту бөлімдері және мекемелер (кадрлар бөлімі, халықты жұмыспен қамту
орталықтары). Уақытша жұмыс, үйде орындайтын жұмыс, шағын бизнес.
Жұмыссыздық, жәрдемақылар;
2) халыққа көрсетілетін кәсіби емес еңбек қызметтері (пәтер жөндеу, аяқ киім
жөндеу, ауру адамға қарау, еден жуу, кір жуу, үй жинау, бала қарау).
7-тарау. Оқу пәнінің 10-сыныптағы базалық білім мазмұны
72. Денсаулық және қоршаған орта (8 сағат):
1) демалысты жопарлау. Табиғатта демалу, шипажай, демалыс үйлері. Жолдама алу
және "жабайы" демалыс;
2) "Ең ұятты нәрсе жайлы...". Бала туылуын жоспарлау. Сақтану жолдары. Жасанды
түсік, оның салдары. Жүктілік, оның белгілері, әйел адамның ағзасындағы өзгерістер.
Оның өту ерекшеліктері (тамақтану, қоршаған орта);
3) отбасының бала туылуына дайындығы. Тұрғын үйге қойылатын
санитарлы-гигиеналық талаптар. Нәрестеге қажет заттар. Баланың жатырдағы дамуы:
ағзасының ерекшеліктері, нәрестені күту.
73. Тұлғааралық және отбасылық қарым-қатынастар (4 сағат):
1) неке – отбасылық өмірдің негізі. Отбасы бақытының құрамды бөлшегі.
Отбасының психологиялық ахуалы. Отбасылық өмірдің қиындықтары және оны жеңу
жолдары. Балалар – отбасының негізі.
74. Мерекелер, салтанаттар, рәсімдер (4 сағат):
1) қазақтың мерекелік ұлттық салт-дәстүрлері:
"Бесік той" - "Бала туылуы";
"Тұсаукесер" - "Баланың тұсауын кесу";
"Сүндет той" - "Ұл баланы сүндеттеу";
"Тілашар" - "Мектепке баратын кезде". Оларды дайындау және өткізу ерекшеліктері
.
75. Бос уақытты өткізу және әуестену (5 сағат):
1) бақша отырғызу, бақша жерін жоспарлау. Жеміс бұталары және ағаштар, оларды
күту.
76. Тамақтану (10 сағат):
1) асхана, дәмхана, мейрамхана. Қызметі және айырмашылығы. Ас мәзірі. Банкет.
Фуршет, Тамақ дайындау және столды безендіру ерекшеліктері. Коктейлдер;
алкоголсіз сусындарды және фитококтейлдер дайындау. Шейкер, миксер. Құрылымы,
қызметі, қолдану тәртібі.
77. Сауда (4 сағат):
1) жәрмеңкелер: халықаралық, қалааралық, ауылдық;
2) жәрмеңке-көрмелер, үлгі жәрмеңкелері.
78. Тұрғын үй (6 сағат):
1) үйді сатып алу және сату. Сату-сатып алуды рәсімдеуге қажетті құжаттар. Пәтер
құжаттарын сақтау. Нотариус, нотариус қызметіне ақша төлеу;
2) тұрмыстық қызметтер және басқа да халыққа тұрмыстық қызмет көрсету
мекемелері. Заттарды жалға беру. Пәтер жөндеу. Тұрмыстық техниканы жөндеу.
79. Киім және аяқ киім (6 сағат):
1) жағдайға байланысты киім және аяқ киімді таңдау (жұмысқа, қонаққа, театрға,
спортпен шұғылданғанда, демалысқа);
2) қазақтың ұлттық әйелдерге арналған киімдері (көйлек, бас киім, аяқ киім).
80. Байланыс құралдары (5 сағат):
1) автоматты түрде номерді анықтайтын телефон (бұдан әрі - АНА);
2) ұялы телефон байланысы. Қызметі. Қолдану тәртібі.
81. Көлік (5 сағат):
1) тасымалдау (транзит). Билеттерді алдын ала алу. Билетті баратын жерге дейін
және қайтарға алу.
82. Отбасылық экономика (5 сағат):
1) жөндеу шеберханалары. Аяқ киім, киім, қолшатыр, телефон жөндеу;
2) фотоателье. Қызметін пайдалану тәртібі.
83. Жұмысқа орналасу. Іскерлік қатынастар (6 сағат):
1) жалақы: уақытылы, нақты. Келісім шарт бойынша. Ең төменгі жалақы. Күн
көрістің төменгі сатысы. Кедейлік шегі;
2) халықты әлеуметтік қолдау. Еңбек шарттары. Еңбекті қорғау. Жеңілдіктер. Еңбек
тәртібі. Еңбек заңының негіздері.
8-тарау. 5 - сынып білім алушыларының дайындық деңгейіне қойылатын
талаптар
84. Пәндік нәтижелер.
85. Білім алушылар:
1) жер сілкінген және өрт шыққан кезде өзін ұстау тәртібі;
2) негізгі азық-түліктердің бағаларын білу;
3) тамақ жасағанда қойылатын санитарлы-тазалық талаптарын;
4) дүкеннен азық-түлікті сатып алу ретін;
5) киім, аяқ киімді күту ережелерін;
6) жол жүру ережелерін;
7) пошта аударымдарының түрлерін білетін болады.
86. Білім алушылар:
1) таңертең және кешке жуынады; шаштарын тарап және шаш үлгісін таңдай алады;
дене тазалығы және оның күтіміне байланысты әрекеттерді орындау;
2) спорттық нысандарда қосалқы бөлмелерді пайдалану (шешінетін орын, душ);
3) сабақтар және сециялардың кестесінде бағдарлау;
4) үлкен адамдармен және құрбыларымен әңгімелесу кезінде өзін әдепті және
сыпайы ұстау;
5) сыйлықтар таңдап және оларды сыйға тарту;
6) суретке түсіріп және альбом жасай білу;
7) бутербродтарға қажет азық-түлікті пышақпен кесу; жай салаттарды дайындау;
сүтпен және сүтсіз шай демдеу; жұмыртқаны қайнату және оны қуыру;
8) ас үйге қажет құралдарды, плитаны, ыдысты тазалап, жуу;
9) сатып алынған заттардың ақшасын төлеу;
10) дүкендегі азық-түліктің сақталу мерзімін анықтау;
11) су аяқ-киімді құрғату, оны сақтауға дайындау; крем таңдау және былғары
аяқ-киімді тазалау;
12) қоғамдық көліктерде, дүкенде өзін ұстау тәртібін орындау; жол жүру ережесін
сақтау;
13) конвертте мекенжайды жазу дағдыларын меңгеретін болады.
9-тарау. 6 - сынып білім алушыларының дайындық деңгейіне қойылатын
талаптар
87. Пәндік нәтижелер.
88. Білім алушылар:
1) ағзаны шынықтыру ережелерін;
2) медициналық көмек түрлерін;
3) сел кезінде өін ұстау ережелерін;
4) үй жағдайында мысықтарды және иттерді ұстау ережелерін;
5) тұрғын үйге қойылатын талаптарын;
6) негізгі байланыс құралдарын;
7) қоғамдық көлікте өзін ұстау ережелерін білетін болады.
89. Білім алушылар:
1) сүлгімен сүртініп және денесіне су құюды; қолдарын жуып; тырнақтарын алып
қолдарының терісіне күтім жасау;
2) дәрігер және "жедел жәрдемді" үйге шақырту;
3) өзінің киіміне және сырт келбетіне қарау; балаларды серуенге киіндіру;
4) кішкене сыйлықтарды өз қолдарымен жасауды;
5) үй жануарларын күту; қажет болған жағдайда мал дәрігерінің көмегіне жүгіну;
6) макарон өнімдерін қорапта, этикеткада берілген стандартты нұсқау бойынша
қайнату;
7) ботқаны суда және сүтте қайнату;
8) картопты қайнатып пюре даярлау;
9) түрлі ас мәзірін есепке ала отырып столды кешкі асқа дайындау;
10) бөлменің құрғақ және сулап тазалау; кілемдерді; жұмсақ жиһазды, кітап
сөрелерін, батареяларды тазарту;
11) ілгек және түймелерді тігу;
12) киімдерді кір жуғыш машинада жуу;
13) конверттерге мекен-жайды жазу; жеделхаттарды жіберу (мәтінін үлкен адамдар
құрастырады);
14) қоғамдық көліктерде; поштада және басқа да байланыс бөлімшелерінде тәртіп
сақтау дағдыларын меңгеретін болады.
10-тарау. 7- сынып білім алушыларының дайындық деңгейіне қойылатын
талаптар
90. Пәндік нәтижелер.
91. Білім алушылар:
1) жеткіншектің тамақтану кестесін;
2) жарақат, соққы алғанда, сүйек шыққанда, сынғанда көрсетілетін алғашқы
медициналық көмек ережелерін;
3) қоғамдық орындарда өзін ұстау ережелерін;
4) тұрмыстық техниканы қолданғанда қауіпсіздік техника ережелерін
5) столды дайындау және столда өзін ұстау ережелерін;
6) вокзал анықтама қызметін пайдалану ережелерін білетін болады.
92. Білім алушылар:
1) қораптардағы стандартты нұсқауларға сәйкес шөп дәрілерден тұнбалар жасау;
2) жарақаттарды өңдеп және таңа алу;
3) қарапайым сувенирлер дайындау;
4) отбасында демалыс және бос уақытты өткізуді дайындау;
5) қонақ қабылдауды, қонаққа бару;
6) столды түскі асқа дайындайуды; столда өзін ұстау мәдениетін сақтау, ас үй
құралдарын пайдалануды, әңгімелесуді, құттықтау сөздерін айта алу;
7) қарапайым бірінші, екінші, үшінші тағамдар дайындау;
8) жиһазды тазалау; айна және әйнектерді жуу;
9) бандероль, посылкаларды толтыру;
10) теміржол кассасынан билет сатып алу дағдыларын меңгеретін болады.
11-тарау. 8 - сынып білім алушыларының дайындық деңгейіне қойылатын
талаптар
93. Пәндік нәтижелер.
94. Білім алушылар:
1) опа далапты пайдалану ережелерін;
2) қайғылы оқиғалар орын алған жағдайда алғашқы көмек көрсету ережелерін;
3) духовка және қысқатолқынды пешті қолдану ережелерін;
4) жуу құралдарын қолдану ережелерін;
5) апаттық қызметтердің телефон номерлерін білетін болады.
95. Білім алушылар:
1) мақсатына, терісінің ерекшелігіне байланысты косметикалық құралдарды таңдап
және қолдану;
2) қырыну;
3) опа-далапты пайдалана алу;
4) күйіп, үсіп қалған жағдайларда алғашқы көмек көрсету;
5) суға батып бара жатқан адамға алғашқы көмек көрсету;
6) түрлі жағдайларды пайдаланып танысады; бейтаныс адаммен әңгімелесуді; өзінің
сырт келбетіне қарайды; күтілетін жағдайға сәйкес киіну;
7) жерлеу, еске алу рәсімдерін ұйымдастырып, өткізгенде қажетті көмек көрсете
алады; жерлеу және еске алу ерекшеліктеріне сәйкес: салт-дәстүрге сәйкес өзін ұстайды
, сырт келбеті жағдайға сәйкес болады, көңіл айту және қолдау сөздерін айту;
8) егін егуде жерді және дәнді дақылдарды дайындай алады; көкөністерді, картоп
отырғызуға көшеттерді дайындау;
9) рецепт бойынша қамырдан өнім жасай алу;
10) духовканы, қысқатолқынды пешті пайдалана алу;
11) қабырғаларды жуып, раковинаны тазалау;
12) кір жуу қызметін пайдалану;
13) өз киімінің және аяқ киімі мөлшерін білу;
14) телефон арқылы анықтамалар алып, уақытты білу; телефонмен сөйлесу
тәртібіне сәйкес әңгімелесе алу;
15) билет сатып алуды, қалааралық автобустардың кестелерінде бағдарлай алу;
16) санау құралдарының көрсеткіштерін алып пайдаланған электрқұатын және
газды санай алу; түбіртектерді толтыру дағдыларын меңгеретін болады.
12-тарау. 9 - сынып білім алушыларының дайындық деңгейіне қойылатын
талаптар
96. Пәндік нәтижелер.
97. Білім алушылар:
1) ауырған адамға қарау ережелерін;
2) диеталық тамақтану ережелерін;
3) негізгі азық-түлік және өндірістік товарлардың бағасын;
4) ақша аудару ережелерін;
5) билеттерді сатып алу ережелерін білетін болады.
98. Білім алушылар:
1) ауырған адамды киіндіріп, жуындырып, тамақтандыру (үлкен адамды, баланы);
2) емханаға барғанда тәртіп сақтау; гүлдерді күте алу; бақшадағы зиянды
жәндіктермен күресе алу;
3) ұлттық тағамдарды дайындай алу;
4) кішкентай балаларға тамақ дайындай алу; диеталық тағамдар;
5) романтикалық қарым-қатынастар орын алған жағдайда өзін ұстай алу,
ата-анасымен танысу, құда түсу, той;
6) жөндеу шеберханаларының, фотосурет, сән салондарының қызметтерін
пайдалана алу;
7) пәтерде жиһазды орналастыру (тұрғылықты жердің ерекшеліктерін және
мөлшерін ескере отырып, бөлменің қажеттілігін, жиһаздың болуын);
8) жеңіл жөндеу жұмыстарын жүргізе алу;
9) анықтамалардан аэровокзал, аэропорттың телефон номерлерін таба алу;
ұшақтың қонатын уақытын телефон арқылы біле алу;
10) пошта және телеграф аудармаларының түбіртектерін толтыру;
11) сауалнама толтыру; өтініш жазу, өмірбаян жазу, жеке парақшасын толтыру,
кепілдік хат, түсініктеме жазу;
12) гүлді өсімдіктерді күту, бақшаға зиян келтіретіндермен күресу дағдыларын
меңгеретін болады.
13-тарау. 10-сынып білім алушыларының дайындық деңгейіне қойылатын
талаптар
99. Пәндік нәтижелер.
100. Білім алушылар:
1) халыққа тұрмыстық қызмет көрсету мекемелерін;
2) тұрғылықты жерге қойылатын санитарлық-гигиеналық талаптарын;
3) нәрестені күту ережелерін білетін болады.
101. Білім алушылар:
1) алкоголсіз коктейль дайындау;
2) рецептер кітабын қолданып жеңіл тағамдар дайындау;
3) отбасылық бюджетті жоспарлау;
4) мерекелік көңіл-күйге сәйкес өзін ұстау; өз қажеттіліктерін және тілектерін айта
алу; құттықтау сөздерін айту;
5) жөндеу шеберханаларының, фотоателье, жинақ кассасының қызметін пайдалану;
6) үйді алып-сату тәртібін; қажетті құжаттар рәсімдеу;
7) АНА пайдалану, телефон анықтамасын, телефон қызметін төлеу түбіртектерді
толтыру;
8) байланыс түрлерінің төлемақысын білу;
9) несие беру шарттары (кепілдік, ақылық, жылдамдық және қайтару);
10) міндетті сақтандыру мен өз еркімен сақтандыруды ажырату; сақтандыру
полисының (келісім шартының) түбіртегін үлгі бойынша толтыру;
11) тарифты біліктілік разрядына қарай жалақыны төлеу;
12) еңбек шартының бланкын толтыру;
13) білім алушылар меңгере алатын мамандықтардың еңбек шартын сараптау: бір
күнгі, бір аптада, бір айдағы жұмыс уақытының ұзақтығын; бір жылғы еңбек
демалысының ұзақтығын; жұмыс уақытының сапасын (үзілістердің болуы және
ұзақтығын, жұмыстың кезекшілігін, түнгі кезек, өндірістік зияндық, бөлмеде немесе
далада жұмыс істеу);
14) ішкі тәртіпке бағыну;
15) іскерлік қарым-қатынас дағдыларын меңгеретін болады.
102. Тұлғалық нәтижелер. Білім алушылар:
1) жауапкершілік, ұқыптылық, тәртіптілік;
2) еңбекке деген ынта, қиындықтарды еңсеру икемдігі;
3) құрбылармен және үлкендермен ынтымақтастық орнату; өтініш айту және
көмекті қабылдай білу; өз ойын, тілектерін білдіру, қарсылықты мәдениетті түрде
білдіру, алғыс айту, жанашырлық таныту;
4) басқалармен төзімді және жақсы қарым-қатынаста болу;
5) дау-дамайлардан шығу дағдыларын танытады.
103. Жүйелік-әрекеттік нәтижелер білім алушылардың:
1) еңбектік икемдерінен;
2) әлеуметтік нысандардың (сауда, тұрмыс, байланыс, мәдениет, медициналық
көмек қызметтері) және қоғамдық көлік қызметін пайдалана білу дағдыларынан;
3) таныс емес ортада адамдармен қарым-қатынас құру икемінен көрініс табады.
Қазақстан
Республикасы
Білім
және
ғылым
министрінің
2013
жылғы
3
сәуірдегі
№ 115 бұйрығына 346-қосымша
Психикалық даму тежелісі бар білім алушыларға арналған негізгі орта білім
беру деңгейінің 5-сыныбы үшін "Тіл дамуы кемшіліктерін түзеу" пәнінен
үлгілік оқу бағдарламасы
(оқыту қазақ тілінде жүргізілетін сыныптар үшін)
Ескерту. Бұйрық 346-қосымшамен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым
министрінің 27.07.2017
(1, 2, 6, 8, 9, 10, (11, 12)-сыныптарының ерекше білім
№ 352
беруге қажеттіліктері бар білім алушылары үшін 05.09.2017, 3-сыныптың ерекше білім
беруге қажеттіліктері бар білім алушылары және 10-сыныптың білім алушылары үшін
01.09.2018, 4-сыныптың ерекше білім беруге қажеттіліктері бар білім алушылары,
сонымен қатар 11-сыныптың білім алушылары үшін 01.09.2019 бастап қолданысқа
енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Түсінік хат
1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы
№ 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта
білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру
сәйкес әзірленген.
стандартына
2. Оқу пәнінің мақсаты – психикалық дамуы тежелген балалардың ауызша және
жазбаша сөйлеу тілінің бұзылыстарын түзетіп және дамытып, қарым-қатынас
құралдары ретінде қолданып, әлеуметтік ортаға бейімдеу.
3. Оқу пәнінің міндеттері:
1) сөйлеу тіліндегі дыбыстарды дұрыс айтып, ажырату;
2) сөз қорын анықтау, кеңейту, толықтыру;
3) сөзжасам, сөзөзгерту дағдыларын меңгеріп, белсенді сөз қорында қолдану;
4) сөздің буындық, дыбыстық құрамын сөйлемді талдау, жинақтау дағдыларын
жетілдіру;
5) сөйлем құрау дағдыларын жетілдіру;
6) байланыстырып сөйлеуін дамыту;
7) өтілген ережелерді сақтап сөздерді, сөйлемдерді дұрыс жазуға үйрету;
8) жазбаша сөйлеу тіл бұзылыстарын түзету.
4. Психикалық даму тежелісі бар білім алушыларға арналған мектептің оқу
жүйесінде логопедиялық жұмыс ерекше орын алады. Психикалық дамуы тежелген
балалардың сөйлеу тілінің барлық компоненттерін меңгеруде әртүрлі деңгейде
байқалатын бұзылыстар орын алады. Атап айтқанда, артикуляциялық-акустикалық
жағынан ұқсас дыбыстарды ажырата алмауы, сөйлем құрамының бұзылуы,
байланыстырып сөйлеуінің жетілмеуі, сөзжасау мен сөзөзгерту дағдыларының
қалыптаспауы, фонематикалық талдау мен жинақтау процестерінің бұзылуы, сонымен
қатар, сөзсіз функцияларының (кеңістікті, уақытты) толық қалыптаспауы ауызша
сөйлеу тілінің қалыптаспауы, жазбаша сөйлеу тілін меңгеруге әсерін тигізеді.
Психикалық дамуы тежелген балалар арасында дисграфияның аграмматикалық,
акустикалық, тілдік талдау, жинақтаудың бұзылу негізіндегі дисграфия түрлері жиі
кездеседі.
5. Психикалық даму тежелісі бар білім алушыларға арналған мектеп логопедінің
негізгі міндеті – қазақ тілі пәнінің бағдарламасындағы материалды меңгеруге
көмектесу болып табылады.
6. Логопедиялық сабақтар кешенді түрде келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:
1) артикуляциялық, ұсақ және жалпы моториканы дамыту;
2) графо-моторлық дағдыларын жетілдіру;
3) оптикалық-кеңістіктік бағдарлауын;
4) сөйлеу тілінің барлық компоненттерін (дыбыс айту, сөз қоры, грамматикалық
жағын);
5) просодикалық компоненттерін;
6) психикалық процестерін дамыту;
7) сөзсіз функцияларды жетілдіру;
8) жазбаша сөйлеу тілі бұзылыстарын түзету.
7. Бағдарлама жалпы педагогиканың қағидаларын, сонымен қатар арнайы
педагогиканың келесідей қағидаларын басшылыққа ала отырып құрастырылды:
1) онтогенетикалық;
2) дамуында ауытқуы бар балалардың психикалық процестері мен сөйлеу тілінің
даму ерекшеліктерін ескеру;
3) сақталған анализаторларға сүйеніп, түзету жұмысын ұйымдастыру;
4) кешенді ықпал ету;
5) концентрлік.
8. Оқу жүктемесінің көлемі:
1) 5 сынып – аптасына 2 сағат, жылына 68 сағат.
9. Логопедиялық жұмысты ұйымдастыру түрлері: "Тіл дамуы кемшіліктерін түзеу"
бойынша бағдарлама жеке, шағын топтық және топтық логопедиялық сабақтар түрінде
жүзеге асырылады. Топтық логопедиялық сабақтарда ауызша және жазбаша сөйлеу
тілін түзету, дамыту жұмыстары қатар жүргізіледі. Жеке, шағын топтық сабақтарда
жоқ, бұзып айтатын дыбыстарды қою, түзету, машықтандыру жүзеге асырылады.
Әртүрлі дисграфия түрлерін түзету жұмысы топтық сабақ барысында жүзеге
асырылады. Қажеттілігіне, бұзылу деңгейіне байланысты сабақ санын логопед өзі
анықтайды.
2-тарау. Оқу пәнінің 5- сыныптағы базалық білім мазмұны
10. Білім алушылардың ауызша, жазбаша сөйлеу тілінің сөзсіз функцияларының
жағдайын анықтау, сөйлеу картасын толтыру (6 сағат).
11. Сөйлеу тілінің дыбыс айтуын жетілдіру (10 сағат):
1) жуан, жіңішке дауысты дыбыстарды анық айту, ажырату, үндестік заңына
байланысты айтылу ерекшеліктері, жазылуы;
2) дауыссыз дыбыстар (б-п, д-т, в-ф, с-з, ш-ж) артикуляциялық, акустикалық
ұқсастықтары бойынша ажырату: қатаң, ұяң дыбыстар;
3) жоқ немесе бұзып айтатын дыбыстарды қою, сөзде, сөйлемде бекіту;
4) дыбыс пен әріпті сәйкестендіру, оптикалық, кинетикалық ұқсастығы бойынша
ажырату;
5) дыбыстық құрамы күрделі сөздерді анық айту;
6) сөйлеу тілінің жылдамдығын, әуезділігін, мәнерлілігін жетілдіру.
12. Сөздің семантикалық, морфологиялық құрылымын жетілдіру (12 сағат).
Тақырыптар, мәтіндерді өту барысында сөз қорын молайту, кеңейту, белсендіру
жұмысын келесі бағыттар бойынша жүргізу:
1) сөздің номинативті функциясын дамыту;
2) сөздің мағынасын түсінуін дамыту;
3) сөздің ассоциативтік байланысын дамыту;
4) сөздің семантикалық аясын қалыптастыру;
5) сөз өзгерту дағдысын қалыптастыру;
6) сөз қорын бекіту.
13. Әртүрлі сөз таптары бойынша синоним, антоним, жалпылама сөздерді ауызша
сөйлеу тілінде қолдану (6 сағат).
14. Сөздің морфологиялық құрылымымен жұмыс жүргізу (8 сағат):
1) түбір, жалғау, жұрнақ. Жалғау, жұрнақтардың сөз өзгертудегі рөлі. Сөз құрамын
талдау. Түбірлес сөздердің мағынасын түсіну (балапанның аяғы, үстелдің аяғы),
ауызша сөйлеу тілінде қолдану. Түбірлес сөздерді мәтіннен табу, сөздер ойлап мысал
келтіру.
15. Сөйлеу тілінің грамматикалық жағын дамыту (8 сағат):
1) сөз жасау, сөзөзгерту дағдыларын үлгі бойынша тәжірибелік түрде белсендіру,
бекіту;
2) зат есім тудыратын жұрнақтарды пайдаланып сөз жасау ма-ме- (аялдама), ба-бе (
сүзбе), қыш-ғыш (жапқыш, сызғыш) уыш-уіш (тырнауыш, өлшеуіш);
3) сын есімнің салыстырмалы түрлерін түсіну, қолдану: жылдам- жылдамырақ, тез –
тезірек, қысқа –қысқарақ;
4) етістіктің шақтарын, есімдіктің жақтарын өзгерту, қолдану;
5) грамматикалық категорияларды өзгертуін дамыту (мамандықтардың атауларын
түсіну, қолдану. Мысалы: өртсөндіруші өртті сөндіреді, тәрбиеші балаларды
тәрбиелейді, би-биші, оқу-білім алушы, оқытушы, оқулық; септік жалғауларды дұрыс
қолдануға жаттықтыру);
6) сөйлем құрау дағдыларын жетілдіру. Сөйлемнің бірыңғай мүшелерін қолданып
сөйлемде кеңейту;
7) берілген сөздерден (ретпен, ретсіз) сөйлем құрау;
8) тірек сөздермен сөйлем құрау;
9) сөйлемді сызбамен сәйкестендіру, талдау.
16. Етістік (8 сағат):
1) етістіктің шақтарын (осы, өткен, келер шақ) дұрыс түсініп, қолдану; сұрақ
бойынша ажырату (не істедің? не істеп отырсың? не істейсің?) сұрақ қоя білу;
есімдіктің шақтарын өзгерту, қолдану (мен жаздым, сен жаздың, ол жазды);
2) етістіктің жекеше, көпше түрде жіктелуін білу, мысалдар келтіру арқылы
жаттықтыру. Дара және күрделі етістіктер. Негізгі және туынды етістік, олардың
анықтамасы. Туынды етістік жасайтын жұрнақтар. Осы, өткен, келер шақтарының
анықтамасын білу, сұрақ қою арқылы мысал келтіру.
17. Байланыстырып сөйлеуін дамыту (8 сағат):
1) затты ерекше белгілері бойынша салыстырып, сипаттау, жұмбақ құрастыру;
2) ілеспелі, сюжетті суреттер бойынша әңгіме құрастыруын жетілдіру, бекіту;
3) әңгімені бөлімдерге бөліп, олардың арасындағы себеп-салдарды, уақыт
кезектілігін анықтап, талдауын бекіту;
4) заттарды өзара салыстырып, әңгіме құрастыру дағдысын жетілдіру, бекіту;
5) мәтін, ертегі, әңгімелердің мазмұнын айту дағдысын жетілдіру жұмысын
жалғастыру: сөйлемдерді кеңейту, қосымша эпизодтар қосу, мазмұнына жаңа деректер,
өз пікірін қосу;
6) тақпақ, жаңылтпаштар жаттау.
18. Жазбаша сөйлеу тілін жетілдіру, түзету (8 сағат):
1) оптикалық-кеңістікте бағдарлауын дамытуды жалғастыру;
2) графо-моторлық дағдыларын жетілдіру;
3) дыбыс ұғымын сипаттайтын барлық терминдерді меңгеріп, дұрыс қолдану,
ажырату;
4) өтілген әріптердің графикалық және оптикалық-кеңістіктік белгілері бойынша
талдау және ажырату дағдыларын қалыптастыру, бекіту;
5) сөздің дыбыстық-буындық дағдыларын жетілдіру;
6) сөз құрамын талдау (түбір, жұрнақ, жалғау);
7) буындық құрамы күрделі сөздерді талдау, дұрыс айту, жазу;
8) сөздегі, буындағы әріптерді алмастыру, қосу немесе алып тастау арқылы буынды,
сөзді өзгерту дағдысын қалыптастыру (су-шу, түлкі-күлкі, ана-шана, шай –сай, қасық-
қашық, күш –күс, қас-қаш), мағынасын түсіну, қолдану, жазу;
9) сөйлемдегі сөздердің санын және кезектілігін анықтау, сызбасын сызу, кеспе
әріптерден құрастырып оқу, жазу;
10) сабақ тақырыптары бойынша жазбаша жаттығулар, жатқа жазу, өзіндік жұмыс
түрлерін (мазмұндама, шығарма) жазғызу. Өтілген ережелерді сақтап жазу;
11) танымдық процестерін (есте сақтау, зейінін) жазуда, оқуда өзін өзі бағалауын
жетілдіру;
12) жылдам, саналы оқу дағдыларын дамыту.
3-тарау. 5-сынып білім алушыларының дайындық деңгейіне қойылатын
талаптар
19. Пәндік нәтижелер.
20. Білім алушылар:
1) сөйлеу тілі ағымында ана тіліндегі дыбыстарды нақты айтып ажыратады (сөйлеу
аппаратының күрделі органикалық зақымдалуы бар балалардан басқа) және әріп пен
дыбысты сәйкестендіріп жазуда дұрыс белгілеуді;
2) қарапайым сөздің дыбыстық құрамын талдау, жинақтауды;
3) ауызша өздігінен сөйлегенде жайылма, бірыңғай мүшелері бар сөйлемдерді
қолдануды, айту мақсаты бойынша сөйлемдерді ажыратуды (сұраулы, лепті, хабарлы);
4) шағын әңгімелер құрастырып, қарапайым мәтіннің мазмұнын айтады, сұраққа
толық жауап беруді;
5) қарым-қатынаста әртүрлі сөз таптарын (зат есім, етістік, есімдік, сын есім)
қолдануды;
6) өтілген тақырыптар аясындағы жаңа сөздерді қолжетімді сөзжасау дағдыларын,
жалпылама, антоним, синоним сөздерді;
7) мектеп бағдарламасының талабына сай оқу мен жазу дағдыларын меңгеруді;
8) диалогтық және монологтық сөйлеуді;
9) фонематикалық түсініктерді (тіл дыбыстарын естіп, ажырату, анық айту, сөздің
дыбыстық құрамын талдау, жинақтау дағдылары) білетін болады.
21. Тұлғалық нәтижелер. Білім алушылар:
1) сөйлеу мәдениетін сақтап айналасындағылармен сыпайы қарым-қатынас жасау;
2) Отанға, халқына, үлкендерге деген сүйіспеншілігін арттыру, сыйлауға үйрету;
патриоттық сезім;
3) басқа адамдарға жанашырлық, түсінушілік;
4) ұлттық құндылықтарды (салт-дәстүр, тағылым) үйрену, түсіну, күнделікті өмірде
сақтау, қолдану, өз әрекетін бақылау, бағалау дағдыларын танытады.
22. Жүйелік – әрекеттік нәтижелер білім алушылардың:
1) түзету жұмыс нәтижесінде білім алушылардың тіл дыбыстарын анық айту, естуде
, айтуда ажырату; әртүрлі сөз таптары бойынша сөз қорынан;
2) сөзжасам, сөзөзгерту дағдыларын меңгеруінен;
3) әртүрлі сөйлем түрлерін құрастырып, қолдануынан;
4) шағын әңгіме құрастыру, мәтіннің мазмұнын түсіну, ауызша жеткізу; өтілген
ережелерді сақтап дұрыс жазу; саналы, жылдам оқу дағдыларынан көрініс табады.
Қазақстан
Республикасы
Білім
және
ғылым
министрінің
2013
жылғы
3
сәуірдегі
№ 115 бұйрығына 347-қосымша
Психикалық даму тежелісі бар білім алушыларға арналған негізгі орта білім
беру деңгейінің 5-сыныбы үшін "Тіл дамуы кемшіліктерін түзеу" пәнінен
үлгілік оқу бағдарламасы
(оқыту орыс тілінде жүргізілетін сыныптар үшін)
Ескерту. Бұйрық 347-қосымшамен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым
министрінің 27.07.2017
(1, 2, 6, 8, 9, 10, (11, 12)-сыныптарының ерекше білім
№ 352
беруге қажеттіліктері бар білім алушылары үшін 05.09.2017, 3-сыныптың ерекше білім
беруге қажеттіліктері бар білім алушылары және 10-сыныптың білім алушылары үшін
01.09.2018, 4-сыныптың ерекше білім беруге қажеттіліктері бар білім алушылары,
сонымен қатар 11-сыныптың білім алушылары үшін 01.09.2019 бастап қолданысқа
енгізіледі) бұйрығымен.
Достарыңызбен бөлісу: |