Бейсенбекова Гүлмира Бекінқызы Молдабаева Роза Аппакбайқызы Нұрғалиева Сәуле Мұқанқызы


Жеткіншек психикасының дамуының өзіңдік сипаты



Pdf көрінісі
бет39/67
Дата08.09.2023
өлшемі0,6 Mb.
#106624
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   67
Байланысты:
Beisenbekova

Жеткіншек психикасының дамуының өзіңдік сипаты
. Жеткіншектік кезеңнің 
баланың дамуындағы ерекше орны оның «
өтпелі»,
»
бетбұрыс
», »
қиын»,
»
сыналатын» 
Кезең деген атауларында бейнеленген. Бұл атауларда осы жастарда болатын, өмірдің 
бір дәуірінен екінші дәуірне өтумен байланысты. Даму процестерінің күрделігі 
айтылған. Балалық шақтан ересектікке өту осы кезеңдегі дене, ақыл-ой, адамгершілік, 
әлеуметтік дамудың барлық жақтарының негізгі мазмұны болып табылады. 
Барлық бағыттарда сапалық жаңа құрылымдар қалыптасады, организмнің, сана –
сезімнің , олардың танымдық және оқу іс-әрекетінің , мінез-құлыққа, мүдделердің , 
моральдық –этикалық нормалар мазмұмының қайта құрылуы нәтижесінде ересектік 
элементтері пайда болады. 
Ересектіктің дамунда әр түрлі бағыттардың болуы жеткіншектің ересектік белгілерді 
қабылдауда соларға теңелсем дейтін үлгілердің ар алуан болуында байланысты. 
Қалыптасатын өмірлік құндылықтардың мазмұны, жеткіншектің жеке басының 
қалыптасуының жалпы бағыты көбіне –көп белгілі бір үлгілерге бағдарлануға 
байланысты болады. 
Ересектіктің сырт белгілеріне еліктеу. 
Ересектердің сыртқы келбетінің өзіне тән 
белгілері мен мінез –құлық мәнерлері, кейбір артықшылықтары болғандықтан 
балалармен салыстырғандағы артықшылық жағдайлары неғұрлым айқын көрінетін 
ересектіктің сыртқы белгілері жеткіншектер үшін тартымды болып көрінеді. 
Жеткіншектің «
мен
» қасиетінің қалыптасуы. Оның психологиясында көп жаңалықтар 
болады деген сөз. Өзінің кім екенін біліп, күшіне сеніп, өз мүмкіншілігін дұрыс 
бағалауға пайдасын тигізеді. 
Олар үлкен болуға асығады, қымбат нәрсені көздеп, құнды деген жағдайларға әуестене 
бастайды. Мәселен, мода, музыка т.б. 
Т.В.Дрогунова зерттеулерінде есеюдің белгілерінің түрі мынандай мәнде берілген 
-
үлкендерге еліктеу – темек шегу, карта ойнау, шарап ішу, отырыс ұйымдастыру, 
модаға әуестену, қыздарға қырындау, үлкендердің киміне назар аудару т.б. 
-
ұл балалардың нағыз ер адамдарға өздерінің теңей алуы. Ол күшіне сене білуі, 
достыққа берік болуы, өжет болуы, спортпен айналысады. 

әлеуметтік есеюі. Үлкендермен немесе құрбыларымен бірлесіп әрекет етуі. 

инттелектуальды өсуі. Білуге құмарылығының негізделуі. Көп оқып үйренуге 
ынтасын қалыптасуынан көрініс береді. 
«Нағыз еркектің» қасиеттеріне теңесу
. Ересектіктің дамуындағы енді бір бағыт 
жеткіншек ер балалардың мұратқа сай келетін ер адамның - 
«Нағыз еркектің» 


45 
қасиеттерінің 
белгілі бір мазмұынына белсенді түрде бағдар алуымен 
байланысты.Мұның өзі, бір жағынан – күш, ерік,батылдық,ерлік, төзімділік; екінші 
жағынан – достыққа, жолдастарына адалдық. 
Балалардың 
арасында 
күштілігімен, 
батылдығымен, 
ептілігімен,спорттық 
іскерліктерімен көзге түсетін құрдасы да жеткіншекке үлгі болуы мүмкін. Мұндай 
балалар өте-мөте белгілі болады, ал мұның үстіне олар жақсы жолдас болса, олардың 
беделі өте жоғары болуы мүмкін. Қорқақтықтың көріністері үзілді- кесілді 
айыпталады.Өзінің батылдығын көрсету үшін жеткіншек шектен асқан істергеғ ал 
кейде қоғамдық жағымсыз істерге де тәуекел баруы мүмкін. Дене күші жоғары 
бағаланады. Кейде сыныпта немесе бір топ баланың ішінде барлық балалар кімнің күші 
кіммен асып түсетінін біледі. Жеткіншектер өздерінің дене күшінің өсуіне өте сергек 
қарайды. Олар күресіп, күш сынасқанды жақсы көреді.Күрестің алуан түрлері жұрттың 
алдында өтеді. Кейбір балалардың төбелесқойлығы көбіне біреуден өзінің күші басым 
екенін дәлелдеуге тырысумен байланысты. Жолдастары сыйлайтын болуы үшін 
жеткіншек өзі айтатын ерлік қасиеттерінің әр түрлі көріністеріне қатысу шамасын 
едәуір асыра көрестуі мүмкін. Бұл тұрғыдан жоғарғы баға алу жеткіншек үшін өте 
маңызды. Ол былай тұрсын, жолдастары өзін «әлжуас», »қыз құрлы жоқ» деп 
ойламасын деп жеткіншек өзі дұрыс емес, әділетсіздік,қаталдық деп санайтын қылық 
жасауы немесе сондай ұжымдық істерге қатысуы мүмкін. Ол өзінің де, жолдастарында 
іштей айыптауы мүмкін, бірақ ашық наразылық айтуға көбіне батылы бармайды . 
Өздерінің қылмыстық мақсатарын жүзеге асыру үшін құқық тәртібін бұзушылар (жасы 
жетпегендері де, ересектері де) жеткіншек ер балалардың нақ осы «ер болып көрінсем» 
деген ниетін пайдаланады. 
Танымдық – іс -әрекетте ересектіктің дамуы.
Ересектердің дамуындағы маңызды 
бағыт мазмұнды мүделлердің дамуымен және болшаққа жоспарлар жасаумен 
байланысты. Ол жеткіншектің бір нәрсені шын мәнінде танып білуге ұмтылуынан 
барып өседі. Мұның өзі мазмұны мектеп бағдарламасының шеңберінен асып түсетін 
танымдық іс-әрекетін дамуына себепші болады. Мұндай іс-әрекетін ғылымға, 
техникаға,өнерге, білімнің бірнеше саласына қатысты болуы мүмкін және кәсіптік 
ниеттерімен әрдайым байланыс бола бермейді. Әуестенуі құштарлық сипатта болып, 
ондайда бір қатар уақыт ( бос уақыт қана емес, сабақ даярлауға қажетті уақыттында) 
солөзіне ұнамды іспен шұғылдануға кетеді. Қайсы бір іске ынталы жеткіншек өте 
белсенді болады: қажетті кітаптарды,материалдарды, аспаптарды іздестіріп,әр түрлі 
әсілдермен игереді. Жеткіншектер үнемі кіткапханаға, көрмелер мен мүзейлерге барып 
экпозицияның белгілі бір бөлігін егжей- теңжейлі зерттей бастайды. Мүдделердің 
үйлесуі негізінде жолдастарымен қарым қатынасы орнайды. Балалар әртүрлі 
мәселелерді талқылайды кітептармен, материалдармен алмасады. Әр түрлі 
қиыншылықтарда ақыл кеңеспен және іспен жәрдемдеседі. Ықыластанған білімді табу 
немесе сәтсіздіктің себебін анықтау үшін жеткіншек кітаптармен анықтамаларды 
қарайды. Мұның өзі ынта ықыласпен нәтижелі іс-әрекеттерін дамуындағы өте маңызды 
қадам: жаңа білімдерді қажетсінуі дербес, яғни өздігінен білім алу арқылы 
қанағаттандырылады. Жеткіншектің дербес іс-әрекеттеріне кейде шығармашылық 
элементтері болады. оны жаңа нәрсе жасау процесі және жалпы алғанда танымдық 
процестің өзі әуестендіреді. Бұл орайда инттелектілік даму жеделдеп білім терең 
сипатта әрі көлемді болады. 
 
Танымдық мүдделердің басым бағыттылығы нақ осы жеткіншектік шақта 
қалыптасады Әрбір сыныпта білімнің әр түрлі салаларынан өз мамандары болады, 
сыныптары одан ақыл кеңес алады, дау туа қалса, соның төрелігіне жүгінеді. Мұндай 
жеткіншектердің едәуір көп білім алуы – дербес жұмыс істеудің нәтижесі. Олар білімге 
және таным процесіне өздері үшін маңызды әр қажетті деп қарайды. Бесінші 
сыныптағылардың кейбірбеулерінде-ақ өздігінен білім алу элементтері болады. Әдетте 


46 
бұлар ұлының не қызының танымдық мүдделерін дамытуға және мазмұнды іс-
әрекетіне көп көңіл бөлетін ата-аналардың балалары болады. 
Кейде нақ осындай жағдайда бастауыш мектеп шағында немесе жеткіншектік 
жастың басында тиянақты кәсіптік ниеттер қалыптасады. ( бұлар мектеп бітіргенге 
дейін айтарлықтай өзгермейді), ал бесінші , алтыншы сыныптарда өзін болшаққа 
даярлау жөніндегі іс-әрекет басталады. Кейбір жағдайларда ойын,өздігінен білім алу 
және өзін -өзі тәрбиелеу элементтері өзінше ұштасады: белгілі бір мамандық туралы 
арман, біржағынан, әр түрлі ролдер болатын ойындардың мазмұнында және тандап 
алынатын ролдерде бейнеленеді, ал екінші жағынан, мүдделер тобын анықтап, белгілі 
бір білімге іскерлікке, қасиеттерге жетуге ынталандырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет