Бейсенбекова Гүлмира Бекінқызы Молдабаева Роза Аппакбайқызы Нұрғалиева Сәуле Мұқанқызы



Pdf көрінісі
бет54/67
Дата08.09.2023
өлшемі0,6 Mb.
#106624
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   67
Байланысты:
Beisenbekova

3. Әдістеме. «Рубик» (кубигі). 
Бұл әдістеме көрнекі -әрекеттік ойлаудың даму деңгейін зерттеуге арналған. Рубиктің 
текшесін қолдана отырып, шекттелген уақыт ішінде балаға әртүрлі дәрежедегі күрделі 
тапсырмалар беріледі. 9 тапсырма ұсынылады. Жақша ішіндегі 1 минут уақыт 


58 
мөлшерінде шешкен тапсырманың баллдар жиынтығы көрсетілген. Барлық тәжірбиеге 
9 минут беріледі. Әр тапсырмадан келесісіне ауысқанда міндетті түрде жинақатлған 
текшелердің қырларының түсін ауыстырып отыру керек. 
1- 
тапсырма. Текшенің кез-келген қырынан 3 ұсақ шаршысының 1 түсінен бағана 
немесе жол жинақтау керек. (0,3, балл) 
2- 
тапсырма. Текшенің кез-келген қырларының шаршыларынан және сол түстен 2 
бағана немесе 2 жол жинақтау керек (0,5 балл) 
3-
тапсырма. Бір шаршыдан және сол түстен , өзінің құрамына 9 ұсақ шаршылар 
кірістірген кубиктің бір қырын яғни толық бір түсті шаршы жинақтау керек.(0,7балл) 
4- 
тапсырма.Бір түсте толық быр қырын және оған қоса, текшенің басқа қырына үш 
ұсақ шаршыдан тағы бір бағана немесе бір жол жинақтау керек (0,9 балл) 
5-
тапсырма. Текшенің толық бір қырын жинақтап және қосымша ретінде оған тағы 
текшенің басқа бір қырынан сол түсте екі бағана немесе екі жол жинақтау керек (1,1 
балл) 
6-
тапсырма. Бір түсте текшенің толық екі қырын құрастыру керек (1,3 балл) 
7-
тапсырма. Бір түсте текшенің толық екі қырын құрап және одан басқа сол түсте 
текшенің 3-ші қырынан 1 бағана немесе 1 жол құрастыру керек (1,5 балл) 
8-
тапсырма.Текшенің толық екі қырын құрап және оған тағы 3-ші қырынан сол түсте 2 
бағана немесе 2 жол құрастыру керек (1,7 балл) 
9-
тапсырма. Бір түсте текшенің барлық 3 қырын құрыстыру керек (2,0 балл) 
Қортынды бағасы:
Егер бала 10 балл жинаса, онда оның көрнекі-әрекеттік ойлауы жоғары дамыған болыа 
есептеледі

Егер 4,8-8,0 балл аралығында жинаса, онда оның ойлауы жоғары дамыған болып 
есептеледі. 
Ал 1,5-3,5 балл орташа дамыған, бірақ бала мектепке оқуға дайын. 
0,8 баллға дейін жинаса көрнекі-әрекеттік ойлауыәлсіз дамыған, бала мектептегі оқуға 
дайын емес деп есептеледі. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет