Бастауыш сынып


Ойлау дағдыларының деңгейлері



Pdf көрінісі
бет4/31
Дата10.09.2023
өлшемі3,62 Mb.
#106809
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
Байланысты:
Критериалды бағалау

Ойлау дағдыларының деңгейлері 
– әрбір деңгейі ойлау дағдыларын 
анықтауды қалыптастыруға бағытталған оқу мақсаттарының иерархиялық 
өзара байланыстағы жүйесі.
Оқу бағдарламасының ортақ тақырыбы 
– нақты пән бойынша оқу 
мақсаттарына жету үшін түрлі пәндер аясында білімі мен білігін біріктіретін 
құрал ретінде пайдаланылатын мазмұны бірыңғай ортақ компонент.
Оқу мақсаттары
– оқу бағдарламасына сәйкес пән бойынша оқу курсы 
аралығында білу, түсіну және дағды жетістіктеріне қатысты күтілетін 
нәтижелерді қалыптастыратын тұжырым. 
Оқытудың күтілетін нәтижелері 
– білім алушының оқу үдерісі 
аяқталған кезде нені біліп, түсініп, нені көрсете алатынын айқындайтын 
құзыреттіліктер жиынтығы. 
Рефлексия 
– қайта ойлауға және өз әрекетінің нәтижелеріне талдау 
жасауға, өзін-өзі тануға бағытталған ойлау үдерісі.
Рубрика
– бағалау критерийлеріне сәйкес білім алушылардың оқу 
жетістіктері деңгейлерін сипаттау тәсілі. 
Тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы
– тоқсандық 
жиынтық бағалаудың мазмұны мен құрылымын құрастыруға және оны 
өткізуге қойылатын талаптар. 
Түрлі деңгейдегі тапсырмалар
– білім алушының қабілетін есепке ала 
отырып, дифференциациялық оқытуды ұйымдастыру үшін қолданылатын 
күрделілігі түрлі деңгейдегі тапсырмалар.


7
2 КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУДЫҢ ҚАҒИДАТТАРЫ 
(ПРИНЦИПТЕРІ)
Критериалды бағалау төмендегідей қағидаттарға (принциптерге) сәйкес 
жүзеге асырылады: 
• Оқыту мен бағалаудың өзара байланысы. 
Бағалау оқытудың ажырамас 
бір бөлігі болып табылады, ол оқу бағдарламасындағы мақсаттармен, 
күтілетін нәтижелермен тікелей байланысты. 
• Шынайылық, сенімділік және валидтілік.
Бағалау дәл және сенімді 
ақпаратты ұсынады. Қолданылатын критерийлердің, құралдардың оқу 
мақсаттарына жетуге, күтілетін нәтижелерді бағалайтынына сенімділігі 
болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет