Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет129/179
Дата11.09.2023
өлшемі2,14 Mb.
#106904
түріОқулық
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   179
Байланысты:
muhanbetjanova-pedagogikany-okytu

 
Даму 
– 
тӛменнен жоғарыға, 
қарапайымнан күрделіге қарай қозғалыс. Даму кезінде барлық 
философиялық заңдар жүзеге асады: ӛзгеру, санның сапаға ауысуы, 
Бұл қозғалыс, ӛзгеріс жеке тұлға дамуының қозғалыс күші болып 
келетін қарама-қайшылықтар күресі арқылы жүхеге асады. 
Жеке тұлғаның дамуы – оның қасиеттері мен сапасындағы 
сандық және сапалық ӛзгерістер процесі (адамның анатомиялық-
физиологиялық жетілуі, оның жүйке жүйесі мен психикасының 
дамуы, танымдық және шығармашылық іс-әрекетіндегі, оның 
дүниетанымы, ӛнегелілігі, қоғамдық-саяси кӛзқарастары мен 
сенімдерінің кеңеюі). 


262 
Қалыптасу 
– 
бір нәрсеге пішін мен тұрақтылық беру; толықтық 
пен нақты бір түр беру; жеке тұлғаның дамуының нәтижесі және 
оның пайда болып, тұтастыққа, бірқалыпты қасиеттер мен 
сапаларға ие болуы. Бұл арада тұқымқуалаушылықтың мәні ӛте 
зор.
Тҧқымқуалаушылық
– 
баланың ата-анасынан немесе ата-
бабаларынан қалған биологиялық ерекшеліктердің жиынтығы. Ол 
екі түрге бӛлінеді: жалпы адамзаттық (тік жүру, сана, ақыл, сезім 
мүшелерінің даму бейімділігі, шартсыз рефлекстер, нәсілдік және 
ұлттық белгілер) және даралық (жүйке жүйесінің түрі, 
анатомиялық-физиологиялық бейімділіктер).
Жеке тұлғаның қалыптасуына қоршаған орта да әсер етеді, яғни 
адам және қоғам ӛміріндегі әлеуметтік-экономикалық, тарихи 
қалыптасқан жағдайлар. Оның екі түрі бар: макро және микро. 
Макроорта – адамға әлеуметтік-экономикалық ықпалдардың мол 
жиынтығы (ӛндіргіш күштер мен ӛндірістік қатынастар деңгейі, 
ӛмірдің қаржы жағдайлары, мәдениеттің даму деңгейі, бұқаралық 
ақпарат құралдары). Микроорта – адамның ең жақын қарым-
қатынас ортасы. 
Жеке тұлғаның қалыптасуына әсер ететін факторлардың 
арасында тәрбие ең маңызды орын алады. 
Тәрбие - 
ӛсіп келе жатқан 
ұрпаққа жалпы адамзаттық құндылықтарды игерту үшін мұғалім 
мен оқушылар, балалар мен ата-аналар арасындағы бірлескен іс-
әрекеттердің педагогикалық процесін ұйымдастыру.
Тұқымқуалаушылық пен қоршаған ортамен қатар тәрбие тұлға 
қалыптасуының үшінші факторы болып саналады. Тәрбиеде 
тұқымқуалаушылық, бейімділік пен қоршаған ортаның ӛзгерістері 
жӛнге келтіріледі. Барлық балалар тәрбие-білім беру мекемелерінен 
ӛтеді, ол мекемелер педагогикалық процесті сауатты құрастырып, 
оқушылардың жан-жақты қызмет әрекетін жемісті ұйымдастырады.
Тек тәрбие ғана жеке тұлға дамуының әлеуметтік бағдарламасын 
жүзеге асырады, оның бейімділігі мен қабілеттілігін күшейтеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   179




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет