308
Жалпы орта білім беретін мектептегі педагогикалық бақылау
негіздері
Бақылаудың оқуға ынталандыру қызметін атқаратыны және
студенттердің әрекетіне әсер ететіні белгілі. Тәжірибелер
кӛрсеткендей, оқу процесінен бақылауды жартылай немесе мүлдем
алып тастау білім сапасының тӛмендеуіне әкеледі. Қазіргі уақытта
оқу процесіне оқытудың жаңа әдістерін ендіру педагогикалық
бақылаудың сапасы мен тиімділігі саласында жаңіа ізденістерді,
бақылаудың жаңа формаларының, мысалы, рейтинг, пайда болуын
қажет етеді.
Педагогикалық бақылаудың қызметтері
Бақылау саласында үш негізгі ӛзара байланысқан қызметтерді
атауға болады: диагностикалық, оқыту және тәрбиелеу.
Диагностикалық қызметі:
бақылау – бұл студенттердің білім,
іскерлік, дағдыларының деңгейін анықтау, студенттің шынайы
әрекетін бағалау.
Оқыту қызметі
оқу материалын меңгеру жұмысын
белсендендіруден кӛрінеді.
Тәрбиелеу қызметі
: бақылау жүйесінің болуы тәртіпке
шақырады, студенттердің іс-әрекетін ұйымдастырады және бағыт
береді, біліміндегі ақаулықтарды, тұлғаның ерекшеліктерін
анықтауға кӛмектеседі, осы ақаулықтарды жоюға кӛмектеседі,
пәнге деген шығармашылық қарым-қатынасты қалыптастыруға
және оларды дамытуға ұмтылысын дамытады.
Оқу-тәрбие процесінде аталған үш қызметі ӛзара тығыз
байланысты, бірақ осы қызметтер ішінен біреуі ғана басымдылыққа
ие болатын бақылаудың формалары бар. Мысалы, семинарда
негізінен оқыту қызметі бірінші орынға ие: түрлі пікірлер
айтылады, сұрақтар қойылады, қателер талқыланады, сонымен
қатар семинар тәрбиелеу және диагностикалау қызметтерін де
атқарады.
Сынақ, емтихан, коллоквиум, тестілеу негізінен бақылаудың
диагностикалық қызметін атқарады.
Достарыңызбен бөлісу: