Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет169/179
Дата11.09.2023
өлшемі2,14 Mb.
#106904
түріОқулық
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   179
Байланысты:
muhanbetjanova-pedagogikany-okytu

 
Экономикалық тәрбие
 
Мақсаты:
экономикалық тәрбие, экономикалық білім беру 
ұғымдарын меңгерту. Экономикалық білім беру бойынша қазіргі 
уақыттағы білім беру жүйесіндегі әдіс-тәсілдерді игерту.
Ӛткізу әдістері:


348 
Мәселелік түсіндіру тәсілі; «Оқу және жазу арқылы сыни 
тұрғыдан ойлауды дамыту» стратегиялары: ассоциация, «2 жақты 
күнделік», «Эссе». 
Кҥтілетін нәтижелер:
Студенттер дәрістің соңында:
-
Экономикалық тәрбие, экономикалық білім беру ұғымдарын 
меңгереді; 
-
Сабақта экономикалық тәрбие беру әдіс-тәсілдерін меңгереді. 
Дәрістің мазмҧны: 
1.
Экономикалық тәрбие, экономикалық тәрбие және оның 
мақсаты. 
2.
Экономикалық тәрбие бойынша қазіргі білім беру 
жүйесіндегі жұмыс формалары. 
1 КЕЗЕҢ – ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚТЫ ОЯТУ 
 
1. Жаттығу «Ассоциация» 
Ассоциация стратегиясы. Студенттерге сұрақ қойылады: 
«Экономикалық тәрбие беру дегенді қалай түсінесіздер?». 
Жауаптар тақтаға жазылады. 
Жауаптар бойынша неге олай ойлайтыны сұралады, пікір 
алмасу жүргізіледі. 
 
 
 
 
2 КЕЗЕҢ – НЕГІЗГІ БӚЛІМ 
 
2. Ауызша пікір алмасу 
 
1. Экономикалық тәрбие, экономикалық тәрбие және оның 
мақсаты 
 
Лектор сӛзі (слайд 1): 
Экономикалық тәрбие – 
бҧл... 


349 
Экономикалық 
тәрбие
– 
оқушыларға 
жоспарлау, 
қаржыландыру, еңбек ӛнімдерін есептеу мен бӛлу тәжірибесін 
үйрету. 
Экономикалық білім беру
– оқушылардың еңбекті қажетсінуін, 
еңбексүйгіштігін, қоғамдық еңбектегі белсенділігін, сапалы еңбек 
тәртібін және басқа да моральдық сапаларын қалыптастыру 
мақсатында берілетін білім. 
Оқушыларға экономикалық білім 
берудің мақсаты
– қоғамның экономикалық саясатын ұғындыру, 
ӛндіріс, айырбас, бӛлісу және тұтыну шеңберіндегі негізгі 
экономикалық қатынастарды тәжірибеде меңгерту. Экономикалық 
білім теориясы қоғам ӛмірінің материалдық негіздеррін түсінуге, 
қоғам дамуының қазіргі кезеңіне сай оқушылардың оқушылардың 
экономикалық ойлауын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Осының 
негізінде 
оқушылар 
қоғамның 
әлеуметтік-экономикалық 
дамуындағы адамның шешуші ролін ұғынып, қоғам мен жеке адам 
мүддесі үшін қоғамдық ӛндіріс пен еңбекке жаңа кӛзқарастарды 
қалыптастыруы керек. Оқушыларға экономикалық білім беру 
қазіргі кезеңдегі ең ӛзекті мәселелердің бірі. Сондықтан оларды 
халық шаруашылығының әр түрлі салаларында жұмыс істей білуге 
үйрету үшін экономикалық, ғылыми-техникалық, гуманитарлық 
білімдермен қаруландыру керек. 
2. Топтық жҧмыс «Екі жақты кҥнделік» 
Студенттер 3 топқа бӛлініп оларға тапсырмалар беріледі. 
1-топ тапсырмасы (слайд 2): Тӛмендегі кестені толтырыңыз 
Слайд 2 
Ұғымдар 
Түсінік 
Жоспарлау
(түрлері, кімді, нені, неге, қашан) 
қаржыландыру 
(түрлері, кімді, нені, неге, қашан) 
еңбек 
ӛнімдерін 
есептеу 
(түрлері, кімді, нені, неге, қашан) 
еңбек ӛнімдерін бӛлу 
(түрлері, кімді, нені, неге, қашан) 
2-топ тапсырмасы (слайд 3): Тӛмендегі кестені толтырыңыз 
Слайд 3 
Ұғымдар 
Түсінік 
еңбекті қажетсіну
(ол не, неліктен, не үшін керек, 
қалай және қашан қалыптасады?) 


350 
еңбексүйгіштік 
(ол не, неліктен, не үшін керек, 
қалай және қашан қалыптасады?) 
қоғамдық еңбектегі 
белсенділігі
(ол не, неліктен, не үшін керек, 
қалай және қашан қалыптасады?) 
сапалы еңбек тәртібі 
(ол не, неліктен, не үшін керек, 
қалай және қашан қалыптасады?) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   179




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет