354
Экологиялық тәрбие жұмысының негізі – табиғатты қорғау
ниеттерін іс жүзінде іске асыру. Ӛмір бір жақты экологиялық
тәрбие ісімен шектелмей, оларды үздіхсіз табиғат қорғау
әрекетімен байланыстыру, еңбек тәрбиесімен ұштастыруды талап
етеді. Осыған орай тәрбие ісі бастауы экология туралы білімдерге,
яғни қажетті ақпаратгарды қабылдау, талқылау, түсіну.
Бұл істің кӛзі адам ӛмірінің бастауы - жер, су, ауа, аң, ӛсімдік.
Аймақ қажеттігі жергілікті табиғат жағдайы тәрбие ісі бағытын,
түрін, оны үйымдастыру мен іске асыру формалары мен мазмұнын
анықтайды (жасыл патрулдер, орман достары, аңдар мен құстар
қорғаушылар тобы). Егер білім алушы ӛзінің ертеңгі күні, ӛзімен
бірге достары және жақыңдарының бақыты қоршаған ортадағы
ауаның, судың тазалығына байланысты екенін түсінсе, жасыл
желек пен ағын суды таза ұстауға кӛмек тигізсе, ол табиғатты
қорғаушылар қатарында болғаны. Тӛменде осы тақырыпқа дәріс
жоспары беріледі.
Тақырыбы:
Достарыңызбен бөлісу: