Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет21/179
Дата11.09.2023
өлшемі2,14 Mb.
#106904
түріОқулық
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   179
Байланысты:
muhanbetjanova-pedagogikany-okytu

Жетінші заңдылық
– оқу үрдісінің интенсификациясы. 
Оқытушылар оқу үрдісінің жан жақты интенсификациясына, яғни 
студенттердің ӛз бетімен жұмысына негізгі басымдық беру 
жолымен назар аударады. Ол түрлі елдерде оқу жұмысының басты 
формасына айналған. ЖОО түлегі меңгеру қажет жоғары оқу орны 
мазмұны жылдан жылға ұлғаюда, сондықтан ақпаратты «біріктіру» 
туралы, ақпараттың кең кӛлемін аз уақытта игеруге болатын 
ғылыми білімді жалпылау инварианттарын табу туралы мәселе 
туындайды. Бұл мәселемен жас әрі тез дамып жатқан ақпараттық 
технология саласы 
білім инженериясы
айналысады. Оқу үрдісінің 
интенсификациясын зерттеушілер білім беру үрдісінде субъект-
субъект ӛзара әрекетін жүзеге асыратын оқытудың белсенді 
әдістерімен, формаларымен байланыстырады. Олардың ішінде: 
кейс-стади технологиясы, жобалар әдісі, нақты іскерліктен мен 
дағдыларды игеруге арналған тренингтер және т.б. 
Сегізінші заңдылық 
– жоғары білім берудің бейімделгіштігін 
арттыру. Сонымен бірге жоғары білім берудің кӛпсатылығы, 
студенттерге бейім білім беру траекториясын қалыптастыру үшін 
оқу курстарының модульдік топтастырылуы (яғни білім беру 
мазмұнының бейімділігі), оқытудың ұйымдастыру формаларының, 
тіпті сабақ кестесінің (сабақты демалыс күндері және кеште оқуға 
таңдау немесе педагогпен электрондық пошта арқылы хабар алысу) 
бейімделгіштігі.
Білім беру үрдісін ұйымдастырудың кредиттік жүйесі, 
студенттердің оқу үлгерімінің рейтингілік бағалануы, жоғары білім 
берудің бейімділігін күшейтеді. Зерттеушілердің бағалауы 
бойынша, кредиттік-рейтингілік жүйе :

ЖОО оқытудың түрлі техноллогиялары мен формаларын 
дамытуды 
ынталандырады 
(күндізгі, 
сырттай, 
қашықтан, 
экстернат); 


49 

Оқу үрдісін либерализациялайды, және студенттің ӛздік 
жұмысын мадақтай келе, оны студентке бағдарлайды;

Мазмұнды және соңғы нәтижелерді ескерек отырып, 
курстарды әдістемелік қамтамасыз етуді тиімді жоспарлауға 
мүмкіндік береді;

Диагностиканың 
қазіргі 
әдістерін 
қолдана 
отырып, 
мониторинг үрдісін жетілдіруге және білім беру бағдарламасын 
меңгеру сапасын бағалауға ынталандырады; 

ЖОО білім беру қызметі мен мамандар даярлауда сапа 
менеджментінің қазіргі жүйесін жасауға мүмкіндік береді;

Кәсіби біліктіліктер мен жоғары білім туралы дипломдарды 
нострификациялау процедурасы негізінде жеке мемлекеттердің 
жоары мектептерінің жоғары білімнің әлемдің жүйесімен 
интеграциясына ықпал етеді.
Тоғызыншы заңдылық
– жоғары білім берудің интегративті 
тенденциялары.
 
Зерттеушілер интеграцияның түрлі модельдерін 
бӛледі:
- интегративті үрдістер екікомпонентті жүйеде «жоо-ғылым» 
және «жжо-ӛндіріс» дамиды; 
- жоғары кәсіби білім беру жүйелерінің «білім беру-ғылым-
ӛндіріс» макроқұрылымында дамуы. Интеграцияның бұл түрінің 
мысалына шетелде қарқынды дамып жатқан технопарктерді
жатқызуға болады; 
- білім беру жүйесінің ішіндегі интегративті үрдістер. ЖОО бір 
бірімен бірігеді, «тігінен» интеграцияланады, оған орта жіәне 
бастауыш кәсіби білімнің мекемелерінің құрылымы енеді; жоғары 
білім беру мекемесінің жалпы орта білім беретін мектептермен
бірігу мысалдарын келтіруге болады;
- жоғары білім берудің қосымша кәсіби білім берумен
интеграциясы (мамандардың біліктілігін арттыру және қайта 
даярлау). Бүкіл әлемде жоғары мектеп үздіксіз білім беруге 
бағдарланған, олар ӛз түлектерін бүкіл кәсіби карьера бойы 
қамқорға алуға тырысады. Әлемдік экономиканың дамуы және 
ғылыми техникалық прогресстің дамуына байланысты барлық 
саладағы мамандарға ӛз кәсіби құзыреттіліктерін жаңарту үшін ӛз 
жоо «қайта келетіні» сӛзсіз. Ересектерге білім беру (жаңа 
педагогикалық ғылым андрогогиканың зерттеу объектісі болып 
табылады), дипломнан кейінгі оқытудың түрлі формалары қазіргі 
таңда жоғары мектеп тарапынан белсенді меңгерілуде.


50 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   179




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет