Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет24/179
Дата11.09.2023
өлшемі2,14 Mb.
#106904
түріОқулық
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   179
Байланысты:
muhanbetjanova-pedagogikany-okytu

2. Педагогика курсының қҧрылымы 
Педагогиканың оқу пәні ретіндегі мазмұны білім берудің 
мақсатымен белгіленеді және оның нақты кӛрінісі болып табылады. 
Қоғам дами отырып, білім берудің жаңа міндеттерін белгілейді, 
олар оқу пәндерінің мазмұнында кӛрініс табады. Педагогика 
қоғамдық ғылым болғандықтан ол қоғамның талаптарын 
айқындайды. 
Оқу пәнінің мазмұнына педагогиканың ғылым ретінде дамуы 
әсер етеді. Біздің еліміздегі жалпы орта білім, кәсіби орта және
жоғары мектептің дамуы педагогикада жаңа мәселелердің 
туындауына, оның әрі қарай дамуына әкеледі. Осылайша, 
педагогиканың жаңа салалары пайда болуда: педагогикалық этика,
жоғарғы мектеп педагогикасы, білім берудің экономикасы, 
педагогикалық психология, дефектология және т.б. 
Педагогика курсының мазмұнын құруда білім алушылардың 
жас шамасы, олардың жалпы білімділік деңгейі, болашақ кәсіби 
қызметтің сипаты сынды ӛлшемдер есепке алынады. Мазмұнды 
белгілеуде педагогикалық мәселелердің теориялық ӛңделу деңгейі 
де маңызды.
Педагогика ғылымының құрылымына
педагогика тарихы, 
жалпы педагогика, жас ерекшелік педагогикасы, әлеуметтік 
педагогика, тҥзету педагогикасы, этнопедагогика, салыстырмалы 
педагогика, жеке әдістеме кіреді. 
Педагогика тарихы
әртүрлі тарихи кезеңдердегі адам 
тәрбиесінің қоғамдық құбылыс ретінде дамуын, педагогикалық 
білім тарихын зерттейді.
Тарихилық принципі – кез келген ғылымның маңызды 
принципі, ӛйткені ӛткенсіз бүгін жоқ. Ӛткен кезеңдердегі 
мұраларды зерттей отырып, бүгінімен салыстыра отырып, кез 
келген құбылыстың даму жолын білуге және ӛткеннің қателігін 
түзетуге, келешекке болжам жасауға болады.
Жалпы педагогика
педагогика ғылымының негізі болып 
табылады. Ол адамдарға білім берудегі жалпы заңдылықтарды 
зерттейді, 
барлық 
типтегі 
білім 
беру 
мекемелеріндегі 
педагогикалық үрдістің негізін жасап шығарады.


57 
Жас ерекшелік педагогикасы
оқу-тәрбие мекемелерінің 
типтерін немесе жас ерекшелік топтарды анықтауды сипаттайтын 
оқу және тәрбие заңдылықтарын зерттейді. Мұнда мектепке дейінгі 
педагогика, мектеп педагогикасы, ересектер педагогикасы деп
ажыратылады. 
Мектепке дейінгі педагогика мектепке дейінгі кезеңдегі 
балаларды оқыту мен тәрбиелеу мәселелерін қарастырады. 
Мектеп педагогикасы орта жалпы білім беретін мекемелердегі 
оқу-тәрбие ерекшеліктерін қарастырады.
Ересектер педагогикасын зерттейтін салалар ішінде 
жоғарғы 
мектеп педагогикасы
ерекше белгіленеді. Ол студенттерге білім 
беру мен тәрбиелеудің арнайы міндеттерін, жоғарғы оқу 
орындарының педагогикалық үрдіс заңдылықтарын зерттейді.
Әлеуметтік педагогика
тұлғаны әлеуметтендіру үрдісінің 
заңдылықтарын зерттейді. Педагогиканың бұл саласы баланың 
қалыптасуы мен дамуына әлеуметтік ортаның тәрбиелік ықпалын 
зерттеумен айналысады (қоғам, мемлекет, қоршаған орта, 
әлеуметтік шындық). 
Тҥзету педагогикасы
арнайы педагогика ретінде ерекшеленеді. 
Оған: 
сурдопедагогика 
(естімейтін-сӛйлемейтін, 
нашар 
еститіндерді оқыту мен тәрбиелеу), тифлопедагогика (кӛзі 
кӛрмейтіндерді 
және 
нашар 
кӛретіндерді 
оқыту 
мен 
тәрбиелеу),олигофренопедагогика (ақыл-ойы кеміс балаларды 
оқыту және тәрбиелеу), логопедия (тілінің кемістігі бар балаларды 
оқыту және тәрбиелеу). 
Этнопедагогика 
әртүрлі халықтардың педагогикалық кӛзқарас 
ерекшеліктерінің адам дамуына ықпалын, халықтық тәрбиенің 
заңдылықтарын зерттейді. 
Салыстырмалы педагогика
әртүрлі елдердегі оқыту мен 
тәрбиелеудің заңдылықтары мен тұжырымдамаларын зерттеумен 
айналысады.Салыстырмалы педагогиканы білу басқа елдердің озық 
тәжірибелерін игеруге кӛмектеседі. 
Педагогика ғылымының ерекше тобын 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   179




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет