138
қойылған мақсатқа кӛп күш-қуат жұмсамай жететін неғұрлым
пайдалы жолды айтамыз.
Оқыту әдісін таңдауды анықтайтын жалпы жағдайларға
мыналар жатады: оқытудың мақсаттары және міндеттері, мазмұны;
білім алушылардың жастық ерекшеліктері; ұжымның қалыптасқан
деңгейі; білім алушылардың жекелік және тұлғалық ерекшеліктері;
оқытудың жағдайы; маманнның педагогикалық шеберлігінің
деңгейі; оқыту уақыты; күтілетін нәтижелер, қорытындылар.
Жаңа әдістер мен формаларды ендіру колледждер мен жоғары
оқу орындарының үнемі қажеттілігі болып отыр. Соңғы оншақты
жылда
педагогика,
психология
мен
әлеуметтанумен
интеграциялана бастады. Жаңа оқу ӛзара әрекетінің мазмұнын
бейнелейтін анықтама іздеу үрдісінде интерактивті оқыту термині
пайда болды, ол шын мәнінде педагогикалық ӛзара әрекеттің мәнін,
мазмұнын және құрылымын жақсартуға қабілетті. Мұндай
технология педагогты даярлау үрдісінде белгілі бір қайта
құруларды талап етеді. Ол студенттермен қарым-қатынаста жаңа
ӛзара іс-әрекет түрін қалыптастырумен байланысты, сабақтың
ӛзіндегі бағалау жүйесінің ӛзгерісіне, оқытушы, әкімшілік,
студенттер тарапынан интерактивті сабақты бағалауына да әсер
етеді.
Соңғы кезде
белсенді оқу әдістері
(интерактивті) кең тарауда,
оған әлеуметтік-психологиялық тренингтер, топтық талқылау және
әртүрлі ойындардың (рӛлдік, иммитациялық, т.б.) түрлері жатады.
Бұл әдістің ерекшелігі оқытудың белсенді түрі, топтық сипат және
кері байланыстың үздіксіздігі.
Оқытудың белсендігі бірқатар процедуралармен қамтамасыз
етіледі: оқыту үрдісіне проблемалық жағдайдың қосылуы,
зерттеушілік элементтері, нақты үрдістердің әртүрлі моделдерін
қолдану. Белсенді оқытудың кӛптеген әдістері, әсіресе әлеуметтік-
психологиялық тренингте міндетті принципі кері байланыс
саналады, бұл сабаққа қатысушыға ӛзін сырттан қаруға мүмкіндік
береді, ӛз мінез-құлқын біршама адекваттыға ӛзгертуге және ӛзін
жаңа ұстанымда сынауға мүмкіндік береді. Белсенді әдістерде
топтық ӛзара әрекет әсері кең қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: