13
білім алушылардың дайындық деңгейін есепке ала отырып
таңдалады. Оқу пәнінің басты қызметі – оқу. Пәннің құрылымын
жасауда ғылыми білім тек беріліп қана қоймайды сонымен қатар
олар нақтыланады, ұғымдары тереңдетіледі, жүйеленеді. Оқу пәні
белгілі бір жүйе ретінде құрылады.
Оқу пәні ғылымда нәтижелі болып келетін білімді кіріктіреді.
Оқу пәнінің құрылуы ұзақ процесс. Оның мазмұнын анықтауда
ғалымдар, оқытушылар тарапынан дидактикалық мәселелер
бойынша пікірталас жүргізіледі. Соған байланысты ғылымда жаңа
мәселелер пайда болып, оның дамуы жүзеге асады. Бұл
шығармашылық жұмыс ғылымның дамуына, оқу пәнінің
тұрақтануына ықпал етеді. Бастапқыда оқытылатын пәндердің
құрылымынан арнайы орта және жоғары мектептерде оқытылатын
пәндердің белгілі бір айырмашылықтары бар. Жоғарғы оқу
орындағы оқу пәнінің мазмұны ғылым құрылымына жақын, онда
ғылымның жаңалықтары, шешілмеген мәселелері де қамтылады.
Әрбір ғылымның нақты-ғылыми әдіснамасы және оның сәйкес
қызмет ететін практикасы ӛзіндік салыстырмалы түрде ӛз бетіндік
кӛзқарастар немесе принциптер арқылы анықталады.
Ғылым үнемі жаңа фактлермен толықтырылып отырған
жағдайда ғана дами алады. Ал оның жинақталуы мен
интерпретациясы үшін ғылыми негізделген зерттеу әдістері қажет
болады. Зерттеу әдістері ғылымтануда
әдіснама
деп аталатын
теориялық принциптердің жиынтығына тәуелді болып келеді.
Зерттеушілер кӛбінесе
«әдіснама»
Достарыңызбен бөлісу: