Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қоры имани гүЛ ҚАйрат жолдыбайҰлы алматы, 2011


ИМАНИ ГҮЛ – бүкіл әлемдердің Раббысысың. Өйткені Сен Құрандағы:  «Ей, (көп күнә істеп) өздеріне жаманшылық жасауда



Pdf көрінісі
бет131/237
Дата12.09.2023
өлшемі3,36 Mb.
#106907
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   237
Байланысты:
515027 1387345936

ИМАНИ ГҮЛ
– бүкіл әлемдердің Раббысысың. Өйткені Сен Құрандағы: 
«Ей, (көп күнә істеп) өздеріне жаманшылық жасауда 
шектен шыққан құлдарым! Алланың рақымынан 
үміттеріңді үзбеңдер! Алла барлық күнәларды 
кешіреді. Өйткені Ол – өте кешірімді және рақымды»,
деп үміт шашқан қасиетті сөздің Иесісің.
Уа, 
Алланың 
мен 
секілді 
ертеңінен
бейғам құлдары!
Өлімнен кім қашып құтылған? Пәнилікке бас име-
ген, сірә, біреу бар ма? Қайда кешегі сән-салтанатымен 
саят құрып, зәулім-зәулім сарайларда ғұмыр кешкен аты 
әйгілі заңғар тұлғалар? Қайда кешегі біздің көз алдымыз-
да жүрген ақ сақалды қариялар мен бетін әжім басқан 
ақ жаулықты әжелер? Олардан қане, кім қалды? Кім? 
Кешегі олардың орнын бүгінгі біздер басатынымызды 
ұмытпайық!
Жастығыңның тұла бойыңды жасындай шарпып, 
сарқылмастай көрінген күш-қуатын 
«мәңгілік»
деп ал-
данба! Жалғанның жарын жағалап жүріп, күндердің бір 
күнінде аңдаусыз ажалдың құрығына іліккен сәтте ғана қу 
түлкідей құбылған сұм дүниеге алданғаныңды аңғарып: 
«Қап, әттеген-ай, жарығы сөнбестей көрінген жалған 
дүние жалт бұрылып мені де қапыда қалдырды-ау»
деп 
аһылап -үһілеп өкінгеннен не шара?!
Алла Тағалам! Мен Саған, Сенің асыл дініңе бет 
бұрдым. Алла Тағалам! Қалған ғұмырымда Құран нұрынан 
таймай, Сенің жолыңда, иман нұрында, тақуалықтың 
ізінде жүруді нәсіп ет! Амин, Әмин!!!


ІІ КІТАП
КҮДІКПЕН КҮРЕС
 


215
Күллі жаратылысты Алла Тағала 
жаратқан, ал Алла Тағаланың өзін кім
жаратты?
Адам баласы кез-келген нәрсені ойлаған уақытта 
әдетте осы дүниеде жүретін заңдарға және көрген 
нәрселеріне салыстыру арқылы пайымдайды. Мысалы, 
жәннатта бір ағаш бар екен делінсе, дереу осы дүниеде 
көріп жүрген кәдуілгі топыраққа, күнге, ауа мен суға 
мұқтаж ағаш елестейді. Бұрын-соңды мүлде көрмеген, 
бізге беймәлім бір нәрсе түсіндірілген уақытта: 
«Неге 
ұқсайды екен?»
деп сұрақ қойып жатамыз. Демек, біз 
көрмеген өзімізге таңсық нәрсені тек салыстыру жолы 
арқылы ғана пайымдай аламыз. Ал Алла Тағаланы салыс-
тыру жолымен түсіну мүмкін бе? Әрине жоқ. Өйткені, 
Оның мына дүниеде теңдесі әрі ұқсасы жоқ. Құранда 
былай делінеді:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   237




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет