Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қоры имани гүЛ ҚАйрат жолдыбайҰлы алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет216/237
Дата12.09.2023
өлшемі3,36 Mb.
#106907
1   ...   212   213   214   215   216   217   218   219   ...   237
Байланысты:
515027 1387345936

ИМАНИ ГҮЛ
дүниеге әкеле алмағандығы үшін онсыз да жарым көңіл 
жүрген әйеліне опасыздық жасап, оны талақ етіп, басқа 
біреумен қол ұстасып кете бармақ па? Жоқ әлде әйелін де 
далаға тастамай, оған күйеу әрі сүйеу болып екінші бір 
әйелмен некелесе ме? Әрине, бұл тұста ақылға да, ар-
ожданға да қонымдысы екінші таңдау екені сөзсіз. Осы 
жерде бірінші әйелімен де ажыраспасын, екінші әйел 
де алмай жүре берсін деген ой туындауы мүмкін. Алай-
да, бұған барлық азамат көне алмайды ғой. Әр адамның 
өзінше бір әлем екені де ақиқат. Өмірде өз белінен перзент 
сүю сияқты арманы бар адам мақсатына жетпей байыз 
таппасы және белгілі. Тіпті, екі-үш бала емес, ұрпағының 
көп болғанын қалайтын еркектер де кездеседі.
Сондай-ақ, адам баласы өмірде әр түрлі жағдайға 
тап болады. Мысалы, әйелі айықпас дертке шалдығып, 
күйеуіне дұрыс қарай алмайтындай жағдайға душар бол-
са, ер азаматтың тағы да екінші нұсқаны таңдағаны абзал 
емес пе?
Жоғарыда айтылған жағдайлар болмаған күннің 
өзінде де көп әйел алуға ислам діні рұқсат етеді. Олай 
дейтініміз, бірінші әйелін жақсы көрумен қатар көңілі 
басқа әйелге де бұрып тұратын адамдардың да кездесері 
сөзсіз. Себебі, барлық адамның табиғаты, жаратылысы 
бірдей емес. Кейбір азаматтардың жыныстық қабілеті 
мен құмарлығы артықтау келеді. Бұған қоса, бірінші 
әйелі көңілінен шықпай қалуы да әбден мүмкін. Көп әйел 
алуға тыйым салған жағдайда мұндай күйдегі адамдар 
әйтеуір бір жолын тауып алғашқы жұбайымен ажырасып 
тынуы немесе жасырын көңілдес тауып, шариғат тыйған 
зина сияқты харам істерге баруы бек мүмкін. Сөйтіп, 
Жаратушының алдында – күнәһар, ал бала-шағасының ал-
дында екіжүзді болады. 
«Біреу біліп қоя ма?»
деген күдікті 
ойдан құтыла алмағандықтан, психологиялық тұрғыдан 


349
ИМАНИ ГҮЛ
мазасыз болады. Ол ол ма, көңілдес әйелдерді тек өткінші 
төсек ләззаты үшін ғана пайдаланғандықтан, олардың да 
абыройы айрандай төгіліп, әркімнің қол жаулығына айна-
лары белгілі. Екі ортада тірі жетім қорғансыз сәбилер мен 
олардың қорланған шешелері қалады. Бүгінде көп әйел 
алуға үзілді-кесілді тыйым салған европа бұнысымен 
қаншама әйелдермен жасырын түрде төсектес болуға, 
яғни көңілдестік пен ойнастықтыққа, жезөкшеліктің етек 
алуына, мыңдаған балалардың әкесіз дүниеге келуіне, 
қолдан сансыз түсік жасалуына көз жұмып қарауда. 
Бұл шындықты батыстық ғалым Густав Ли Вон: 
«Мұсылмандардың көп әйелмен некелесуі – заңды 
түрде бір әйелмен некелесіп, жасырын түрде көп 
әйелмен көңілдес болып жүре беретін европалықтардан 
әлдеқайда артық»
207
деп ашық мойындаған.
Негізінде, көп әйел алу ислам дінінде парыз да, уәжіп 
те емес. Тек рұқсат етілген кеңшілік жол ретінде ғана 
қарастырылады. Жоғарыда айтылғандай, көп әйел алудың 
өзіндік күрделі шарттары мен арнайы талаптарын ескерер 
болсақ, көп әйел алудың әркімнің батылы жете бермейтін 
жауапкершілігі зор іс екенін байқаймыз. Бұған қоса, ер 
кісінің екі немесе бірнеше жанұяны бірдей басқаруға 
қабілеті жеткіліксіз болса немесе екінші әйел алған 
жағдайда бірінші жанұяның шаңырағы шайқалар болса, 
мұндай іске барудың өзі қатерлі әрі жауапкершілігі де ауыр. 
Сондықтан үйленетін адам өз жағдайын, жанұясының әрі 
қоғамының ахуалын, тыныс-тіршілігін есепке алмастан 
мұндай қадамға баруы мүлдем дұрыс болмаса керек-ті. 
207
Проф. Др. Ибраһим Жанан, Күтүб-и ситте, 2-том, 274-бет. 
«Акчаг» баспасы, Стамбул.


350


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   212   213   214   215   216   217   218   219   ...   237




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет