42
1-тарау.
Қазақстандағы ежелгі адамдардың өмірі
1.8.
Ежелгі адамдардың өміріне саяхат (2-сабақ)
Оқу мақсаты
5.1.2.1 алғашқы адамдардың
тұрмыс-тіршілігін
шығармашылық түрде көрсету.
Ресурстар
1. Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дей-
ін. I том. - Алматы: Атамұра, 2010.
2. Самашев З., Жетібаев Ж. Қазақ петроглифтері.
– Ал маты, Иль-Тех-Кітап, 2005.
3. Байпақов Қ.М., Таймағамбетов Ж.Қ. Қазақстан
ар хеологиясы. – Алматы, 2009.
Оқулық: Ежелгі адамдардың өміріне саяхат,
42-43-бет.
Сабаққа дайындық
Оқушыларға алған білімді жүйелеу
мақсатында
топтық жұмыс орындау берілетінін айтыңыз. Ежелгі
дәуірге уақыт мәшинесі бойынша бекеттерге тоқтау
арқылы қайталау жасайтынымызды ескертіп өтіңіз.
Сынып оқушыларымен Ботай,
Андронов және
Петроглифтер бекеттеріне тоқтай отырып,
осы ке-
зеңге қатысты бірнеше суреттермен танысып, өткен
ақпараттарды қайталайтынымызды айтып өтіңіз. Бұл
сабақта оқушылардың білімін жинақтайтын түрлі
шығармашылық тапсырмалар орындатуға болады
(постер, зерттеу күнделігі, альбом жасату).
Достарыңызбен бөлісу: