Дамира Өмірзаққызы Ибрагим


ОМАР БАСТАҒАН МҰСЫЛМАНДАРДЫҢ КӨШІ



Pdf көрінісі
бет116/276
Дата14.09.2023
өлшемі2,95 Mb.
#107041
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   276
Байланысты:
Адамзаттың Асыл Тәжі

ОМАР БАСТАҒАН МҰСЫЛМАНДАРДЫҢ КӨШІ
Мұсылмандардың 
көбісі 
жасырынып, 
оңаша 
сәтті 
не 
түн 
қараңғылығын пайдаланып жолға шықса, Хазіреті Омар қару-жарағын 
майлап, садағын сайлап Қағбаға барып, жеті рет ашықтан-ашық тауап етті. 
Мұнан соң маңғаздана сол жерде отырған мүшріктерге қарап: 
"Мен де дінімді қорғауға Аллаһ жолында көшкелі жатырмын. Әйелін 
жесір, бала-шағасын жетім етіп, ата-анасын еңіретіп қалдырғысы келетіндер 
болса қарсыма шықсын. Жекпе-жекке дайынмын", - деді. 
Айтарын айтып болып, қасына жиырмаға жуық мұсылманды ертіп тапа 
тал түсте Меккемен қош айтысты. Мүшріктер оның соңынан қуғыншы салуға 
батылы жетпеді... 
Бас-аяғы бірнеше айдың ішінде мұсылмандардың көпшілігі Мәдинаға 
көшіп үлгерді. Қалғандар - Хазіреті Мұхаммед, Хазіреті Әбу Бәкір, Хазіреті 
Әли және жолға жарамайтын науқастар мен жанын әрең бағып отырған 
кедей-кепшік, сондай-ақ мүшріктерге тұтқын болғандар ғана. 
Сүйікті Пайғамбарымыз да көшуге әзір болатын, бірақ Аллаһ 
Тағаланың тікелей бұйрығы түскен жоқ еді. Хазіреті Әбу Бәкір 
сабырсызданып өзге мұсылмандар сияқты көшкісі келетінін айтқанда 
Пайғамбарымыз: 
"Уа, сыддық достым! Шыдамыңды шыңдай түс. Аллаһ Тағала сені де 
жалғыз тастамас", - дейді. 
Мәдинаға ағыла көшкен мұсылмандарды Әус пен Хазраж руының 
өкілдері қуана қарсы алып, жылы қабақ танытты. Көптен күткен қонақтарына 
ілтипат көрсетіп, отбасы, бала-шағасымен келгендер үйлі-барандылардың 
мейманы болса, бойдақтар Құба алқабында тұратын салт басты Саад ибн 
Хәйсаманың үйіне түсті. 


181
ДАРУН-НӘДУАНЫҢ ҚОРҚЫНЫШТЫ ҚАУЛЫСЫ
Құрайыш мүшріктері болған жайттарды ұзынқұлақтан естіген сайын, 
дегбірі қашып, қауіптері арта түсті. Мұсылмандардың бас қосып, ынтымақ 
жарастыруы оларды үркіте берді. Хазіреті Мұхаммед те (с.а.у.) күндердің 
күнінде Мәдинаға көшіп барып, басшылықты қолына алса, мұсылмандар 
ашық шайқасқа шығып, тіпті Шамға баратын сауда жолын жауып тастауы 
мүмкін екендігін ойлап, мүшріктердің түн ұйқысы төрт бөлінді. 
Осы мәселелерді кеңінен кеңесіп, талқылау үшін мүшріктер Дарун-
Нәдуада жиналды. 
Дарун-Нәдуа - қақпасы Қағбаға қарайтын, пайғамбарымыздың үлкен 
аталарының бірі Құсайдың тарапынан тұрғызылған ғимарат. Құрайыштың 
атқамінерлері ылғи осында жиналып, алқалы кеңестерін өткізуді үрдіске 
айналдырған еді... 
Хазіреті Мұхаммедтің (с.а.у.) және оның ізбасарларының мәселесін 
шешуге тағы да таң ертемен осы жерде бас қосқан олар, қақпа алдында жып-
жинақы киінген ақсақалды байқап, одан кім екендігін, бұйымтайын сұрайды. 
"Мен Нәжиттен келіп едім. Бүгінгі мәжілісті естіп, өз пікірімді айтқалы 
ат басын арнайы бұрдым. Өмірден көрген-түйген тәжірибелерімді аянып 
қалмайын дедім", - деген мүсәпірге құрайыштар төрден орын береді. 
Негізінде ол - адам кейпіне енген шайтан еді! 
Мәжіліске жүз шақты құрайыш қатысты. Араларында Хашим руынан 
тек Әбу Ләһаб бар еді. 
Күн тәртібінде бір ғана мәселе: 
"Мұхаммедке қандай шара қолдансақ тыйылады?" 
"Қол-аяғын шынжырлап, зынданға тастайық", - деді сөз алғандар. 
Әлгі мүсәпір қария кейпіндегі шайтан: 
"Жоқ. Бұлай жасамаңдар, өздеріңе бәле тілеп аласыңдар. Жақтастары 
естісе тыныш жатар дейсіңдер ме? Қол жинап келіп бас салса, алмай 
қоймайды. Сосын ол бостандыққа шыққан соң үгіт-насихатын жалғастыра 
береді. Сондықтан басқа шара іздестіріп көріңдер", - деді. 
Енді біреулері: 
"Онда оны Меккеден қуып жіберейік, қайда барса өз еркі...", - дей беріп 
еді, "қонақ қарт" сөзге араласып: 
"Бұлай ойлауларың да - асығыстық. Оның тілі тәтті, көргенінің, 
кездескенінің іші-бауырына кіріп, баурап алатынына талай рет куә 
болдыңдар. Қуып жіберсеңдер араб тайпаларын аралап жүріп, адамдарды 
жанына үйіре береді. Жақтастарын көбейтіп алған соң сендерге қырғын 
салмасына кім кепіл? Асықпай шешім қабылдаңдар", - деді. 
Ақыры Әбу Жәһил сөз алды: 
"Мен таптым, оны өлтірсек қана құтыламыз. 
Алдымен әр рудан ең күшті жігіттерді таңдаймыз. Әрқайсысының 
қолына өткір қылыш береміз. Бәрі бір сәтте өлтіруге ұмтылатын болады. Бәрі 
бірдей тарпа бас салғанда кімнің қолынан қаза болғаны да белгісіз боп 
қалады. Сөйтіп оның көзін жоямыз. Ал көпшілікке қарсы шығуға Хашим 


182
ұлдарының шамасы келмейді. Нақты кім өлтіргенін білмегендіктен көп 
болып аз-кем құн төлеп, басымызды арашалап аламыз". 
Ақсақал бейнесіне енген шайтан көзі күлімдеп орнынан атып тұрды да: 
"Мінекей, тауып айтылған сөз. Ең дұрысы да осы", - деді. 
Жиналғандар Әбу Жәһилді қолдап, тарасты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   276




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет