Дамира Өмірзаққызы Ибрагим



Pdf көрінісі
бет154/276
Дата14.09.2023
өлшемі2,95 Mb.
#107041
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   276
Байланысты:
Адамзаттың Асыл Тәжі

"Айналаларыңдағы 
бәдәуилер мен Мәдина тұрғындарының арасында бірқатар мунафиқтар 
бар, олар екі жүзділікте өте шебер. Сен оларды білмейсің, оларды біз 
білеміз..." 
делінген онда. 
Мунафиқтардың қоғамдық топ өкілі ретіндегі дәрежесі, ұлты, тұрмыс 
ғұрпы әр қилы болғанмен, олардың бәріне ортақ сипаттары бар-тын. 
Біріншісі, олар жүректерінде жоқ нәрсені тілімен айтатұғын. Сенбей, иланбай 
тұрып, сенген кісіше әрекет ететін. Қылықтарын өзгерту арқылы 
мұсылмандармен араласып, түк білмегенсіп муминдерді бір-бірімен 
шатастырып, арам ойларын жүзеге асыратын. 
Сиқырсып сөйлеп, жағымпаздықпен жұрт көңілінен шығып, астарлы 
армандарына - Хазіреті Мұхаммедке күйе жағуға тырысатын. Қара ниет 
мунафиқтар өз дегендеріне жеткенше қулық, сұмдықтың түр-түрін игеретін. 
Екіжүзді есерлердің халық арасына іріткі салу, Ислам атты тұғырлы 
қамалды іштен кеміріп жою әрекеттерін мұсылмандар, парасатты пайғамбар 


232
сезбей қалған жоқ, әрине. Хақ жолының жетекшісі бұл істе де білгірлік 
танытып отырған. Әлдебір мунафиқтық амалдан шүбәлана қалса, 
күмәндануға себепші болған кісіні тергеуге алған кездері де аз болмаған. 
Бірақ өтірікшіге не дауа? Шімірікпестен жалғанды жалпағынан басып жүре 
бергендер қатары сиремей-ақ қойған. Жоғарыда баяндалғандай Абдуллаһ ибн 
Үбәйдің "Мәдинаға барған соң күштілер дәрменсіздерді ықтырып шығарар" 
деген сөзін Хазіреті Зәйд ибн Әркам пайғамбарымызға айна-қатесіз айтып 
келгенде, мунафиқ: 
"Ол не сөз? Саған Құранды түсірген Аллаһтың атымен ант етемін, Зәйд 
өтірікшінің нақ өзі!" - деп табан астынан жазықсызға жала жауып шыға 
келген. 
Құран мұны былайша сипаттайды: 
"Мунафиқтар саған келгенде 
"Сенің хақ Аллаһтың пайғамбары екендігіңе куәміз" дейді. Аллаһ Сенің 
пайғамбар екендігіңді біледі. Бұнымен қоса Аллаһ ол мунафиқтардың 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   276




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет