Єл-Фараби атындаѓы Ќаз¦У оќу-єдістемелік кешені



Pdf көрінісі
бет37/41
Дата14.09.2023
өлшемі0,72 Mb.
#107320
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41
Байланысты:
Дәріс- (1)

11-тақырып; 
Сыбайлас-жемқорлық 
қылмыстылықтың 
криминологиялық 
сипаттамасы
(проблемалық дәріс)
Мақсаты: 
Қазіргі кезде қоғамның қай саласы болсын, сыбайлас жемқорлық 
қылмыстарының жылдан жылға өршіп бара жатқандығы барлығымызға да мәлім. Осы 
сыбайлас жемқорлық қылмыстарының алдын алу, оларды болдырмау шараларын жүргізу 
еліміздің, құқық қорғау органдарының басты мақсаты болып отыр. Сыбайлас жемқорлық 
қылмыстарының қндай күрделі екендігін, оларға қолданылатын жазалау шараларының 
жоғары болуын, осы аталған қылмыстылықтың алдын алу үшін қандай реформалар, қандай 
шаралар жүргізу керектігін талдау болып табылады.
Түйінді сөздер:
сыбайлас жемқорлық, коммерциялық емес ұйымдар, тектік объекті, 
парақорлық.
Негізгі сұрақтар:
1.Коммерциялыќ жєне µзге ±йымдардаѓы ќызмет м‰дделеріне ќарсы ќылмыстардыњ 
жалпы сипаттамасы.
2.¤кілеттілікті теріс пайдалану. Субъектісініњ ерекшеліктері.
3.Коммерциялыќ сатып алу. Оныњ параќорлыќтан айырмашылыѓы.
4.Жекеше аудиторлар мен нотариустардыњ µкілеттіліктерді теріс пайдалануы.
5.Міндеттеріне адал ќарамау. 
Дәріс тезистері:
ҚР ҚК 8-тарауы коммерциялық ұйымда, сондай-ақ Кәмелеттік орган, жергілікті басқару органы болып та-
былмайтын коммерциялық емес ұйымда қызмет атқаратын ерекше тұлғалар тобының өкілеттікті теріс пайдалану 
және өз қызметіне ұқыпсыз қарауына байланысты жауаптылықты көздейді. 
Заң шығарушы аталған қылмыстардың қоғамдық қауіпті іс-әрекетін жеке тарауға бөлуі, көрсетілген 
қылмыстың қылмыстық-құқықтық қорғау объектісінің өзгешеліктерін ҚК 13-тарауының нормаларымен 
салыстырып, сонымен қатар коммерциялық және өзге де қызмет аумағында қоғамдық қатынастың Кәмелеттік
басқару өрісін саяси шектеулікпен тікелей байланыстырады. 
ҚР АК 34-бабына сәйкес коммерциялық ұйымдар деп өз қызметінің негізгі мақсаты ретінде пайда 
келтіруді көздейтін заңды тұлғалар арқылы түсіндіріледі (Кәмелеттік кәсіпорын, шаруашылық серіктестігі, 
кооперативтер). 
Коммерциялық емес (өзге) ұйымдар партиялардың қоғамдық бірлесуі, қайырымдылық қорлары, діни 
бірлестіктер, спорттық қоғамдар, оқыту орындары және т.б. сияқты кәсіпкерлік істермен айналыса 
алғанымен пайда табуды өзінің басты мақсаты етіп қоймайды, яғни ұйымдар мен мекемелер, лауазымды 
тұлғалар заң шығарушы, орындаушы органдарының және сот билігі ұйымдары жұмысшыларының 
міндеттерін жүзеге асырмайды. 


Оқу-әдістемелік кешен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 31-бет 36 беттен 
Қаралып отырған тарауда қылмыстың тектік объектісі - жергілікті өзін-өзі басқару ұйымдарына сәйкес 
уставтық істер бойынша тіркелген Кәмелеттік ұйым болып табылмайтын коммерциялық және өзге ұйымдар-
дың мүддесі болып табылады. 
Ұйымды басқарушының, жекеше нотариустың немесе жекеше аудитордың, жетекшінің немесе жекеше кү-
зет қызметінің қызметкерлерінің өздерінің өкілеттіктерін дұрыс іске асыруы (заңға сәйкес), осы қарастырылып 
отырған топтың іс-әрекетінің тікелей объектісі болып табылады. 
8-тараудың барлық қылмыс құрамының қосымша объектісі бар (азаматтардың, ұйымдардың, 
қоғамның немесе мемлекеттің заңды мүддесі және құқығы сияқты). 
Осы тарауда қарастырылып отырған қылмыстың объективтік жағы, өзінің өкілеттілігін пайдалану арқылы 
өзге жекеше немесе қоғамдық мүддеге зиян келтіретін ісәрекеттермен (әрекет немесе әрекетсіздік) сипатталады 
(ҚК 231-баптың 1 және 2-бөлігінде қарастырылған қылмыстардан басқасы). 
ҚК 228 және 229-баптарында қарастырылған қылмыстың объективтік жағының міндетті белгісі ретінде 
елеулі зиян деп, мүліктік зиянды сонымен бірге адамның және азаматтың конституциялық құқығын және бостан-
дығын бұзуды түсінуге болады. Бұл белгі бағаланушы белгі болып табылады және тек сот қана келтірілген зиян-
ды елеулі деп тануға құқылы. 
Бұл қылмыстар субъективтік жағына байланысты кінәнің тек қана қасақаналық нысанымен жасалынады 
(тікелей немесе жанама қасақаналық). 
ҚК 231-бабының 1 және 2-бөлімі бойынша қылмыстық жауаптылыққа тартылатын субъект - 16 жасқа тол-
ған кез келген тұлға бола алады, ал қалған қылмыс құрамдарында арнайы субъектінің белгілері көрсетілген. 
Сонымен, коммерциялық және өзге ұйымдардағы қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстар ретінде, заң 
шығарушы ұйымдардың, орындаушы және сот билігі қызметкерлерінің міндеттерін атқармайтын тұлғалар-
дың, өзінің өкілеттілігін теріс пайдалану немесе өз міндетіне адал қарамауын азаматтардың, ұйымдардың, 
қоғамның немесе мемлекеттің мүддесіне және заңды құқығына қысым жасайтын қоғамға қауіпті іс -әрекетін 
түсінуге болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет