178
Аймақтық және жергілікті аспектілерде қолданбалы құндылығы бар
оқушылардың жобалық қызметін ұйымдастыру, физика саласындағы
Қазақстанның ғылыми жетістіктерін зерттеу ұсынылады.
Сабақта жергілікті сипаттағы материалдарды (нысандар, кәсіпорындар,
ақпарат көздері) пайдалануға бағытталған оқу
-
жобалау іс
-
әрекеттерін
ұйымдастыру арқылы танымдық және әлеуметтік тұрғыдан білім алушының
белсенділігін арттыру ұсынылады. Технология, медицина, ауыл шаруашылығы,
өнеркәсіп пен энергетиканың әртүрлі саласындағы жетістіктер ғылыми идея мен
ғылыми прогресс дамуының жарқын мысалдары болып табылады. Мысалы оған
төмендегідей мақсаттар берілген:
-
Техникада және тұрмыста жылу беру түрлерінің қолданылуына
мысалдар келтіру.
-
Әртүрлі
температураларда тірі ағзалардың бейімделуіне мысалдар
келтіру.
-
Жылу қозғалтқыштарындағы энергияның түрленуін сипаттау.
-
Жылу машиналарының қоршаған ортаның экологиясына әсерін
бағалау.
-
Қазақстанда
және дүниежүзінде электр энергиясын өндірудің
мысалдарын келтіру.
Достарыңызбен бөлісу: