202
тоқсан соңында оқушылар өз зерттеулерін аяқтап, әр түрлі формада сынып
алдында таныстырады. Бұл баяндамалар, презентациялар, рефераттар, шағын
жобалар, мақалалар, эссе және т.б. болуы мүмкін. Зерттеу жұмысы бойынша
формативті бағалау қарастырылған. Сонымен, қоғамдық
-
гуманитарлық
бағыттағы сыныптарында оқитын оқушылар өздерінің зерттеу, креативті және
сыни ойлау дағдыларын, қарым
-
қатынас, ынтымақтастық және азаматтық
жауапкершілік дағдыларын жетілдіру үшін көп мүмкіндіктерге ие. Осы
материалдарды әзірлеу кезінде әрбір тоқсанның соңында берілетін зерттеу
жұмысы бұл жобалық жұмыс емес. Ол теориялық
-
практикалық зерттеу, онда
оқушылар келесі зерттеу іскерліктері мен дағдыларын көрсетуі тиіс:
-
зерттеу мәселесін (тақырыбын) анықтау және тұжырымдау;
-
зерттеу жүргізу жоспарын (оның кезеңдері)құру;
-
зерттеудің мақсаты мен міндеттерін, болжам жасау,
-
зерттеу әдістерін таңдау және пайдалану;
-
алынған ақпарат көздерін көрсете отырып, зерттеу тақырыбы бойынша
теориялық (сандық және сапалық) материалды (әдебиетке сілтеме, электрондық
дерек көздері)таңдау және жүйелеу;
–
ақпаратты бір түрден екінші түрге түрлендіру: сөздік –
кестелік, кестелік
-
сызбалық немесе графикалық және т. б.;
-
зерттеудің басында ұсынылған болжамды растайтын немесе жоққа
шығаратын қорытынды жасау.
-
жүргізілген зерттеу жұмыстарын жетілдіру жолдарын немесе алынған
теориялық қорытындыларды практикалық қолдану мүмкіндігін анықтау.
Достарыңызбен бөлісу: