232
сипатта болады. Әдістемелік ұсынымдарды дайындау кезінде ресми интернет
-
сайттарда ашық қолжетімді ресурстар пайдаланылды.
Әдістемелік
ұсынымдарда «Алғашқы әскери және технологиялық
дайындық» бағдарламасы бойынша білім алушылардың сабақты аяқтау
кезеңінде бақылау
-
тексеру тест тапсырмаларын жүргізу кезінде білім
алушылардың теориялық білімдерін тексеруге арналған әскери қызмет
негіздерін игеру, білім беру ұйымдарындағы технологиялық дайындық бойынша
тест тапсырмалары берілген. Ұсынылатын тест тапсырмаларын оқу барысында
ағымдағы тексеріс кезінде де қолдануға болады.
Оқытушы
-
ұйымдастырушы алғашқы әскери және технологиялық
дайындық сабағын ұйымдастырушы, бастапқы шарттардың ерекшелiктерi, оқу
орнының материалдық базасының болуы мен жай
-
күйіне, оқытудағы дербес
тәжірибесіне, жеке дайындық деңгейіне қарай бағдарламада айқындалған
мақсаттар мен міндеттердің сапалы орындалуын қамтамасыз ететін сабақтарды
өткізудің басқа да әдістерін, нысандарын, тәсілдерін қолдана алады.
Білім алушылардың практикалық дағдылары мен біліктіліктерін шыңдау
және жетілдіру, сонымен қатар әскери істі оқып
-
үйренуге деген
қызығушылықтарын арттыру мақсатында оқу жылының соңында спорттық
-
қорғаныс сауықтыру лагерлерінде, әскери бөлім базаларында (әскери бөлім
басшылығымен келісе отырып) 10
-
сынып ұлдарымен 30 сағат көлеміндегі бес
күндік оқу
-
далалық (лагерьлік) жиыны өткізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: