Оқу жылында қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында



Pdf көрінісі
бет146/183
Дата14.09.2023
өлшемі5,81 Mb.
#107510
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   183
Байланысты:
Снимок экрана 2023—08—10 в 2.35.48 PM


«Медиасауаттылық және қаржылық сауаттылық»
бөлімі

«Отбасының 
кірістері мен шығыстары неден тұрады
?
»,
«Отбасы бюджеті дегеніміз не?», 
«Жеке табысты
қалай тиімді басқаруға болады
?
»,
«Отбасының міндетті және 
міндетті емес шығындары», «Жинақтарды қалай сақтауға болады
?
»,
«Жоспарсыз 
сатып алулар», «Отбасы
шығындары», «Ақша жинақтары қалай құрылады?»,
«Байланыстың заманауи әдістері», «Менің цифрлық ізім», «Телефон алаяқтары: 
не істеу керек?» тағы да басқа
тақырыптарды қамтиды.
«
Этика және әдеп»
бөлімінде «Адалдық пен әділеттілік 

өмірдің 
ұстанымдары», «Барлығы сәлемдесуден басталады», «Мен өз әрекеттерім үшін 
жауап беремін», «Шешім қабылдаймыз», «Уақытты бағалауды үйренеміз», «Біз 
эмоциямызды басқарамыз», «Қарым
-
қатынас мәдениеті», «Еңбек мәдениеті», 
«Отбасылық құндылықтар: әкем, анам және мен тату отбасымыз» тақырыптары 
білім алушылардың бойында адалдық,
тәртіптілік, өз іс
-
әрекеттері үшін 
жауапкершілік, әдептілік, ізгі ниет және ұжымда жұмыс істей алу сияқты жеке 
қасиеттерін дамытуға, мінез
-
құлық мәдениетінің стандартын қалыптастыруға 
бағытталған.
«Азаматтық және патриотизм»
бөлімінің мазмұны «Мен үшін Отан деген 
не?», «Біз 

біртұтас
халықпыз!», «Туған халқы мен Отанға деген адалдық»

«Отбасындағы өзара сыйластық», «Туған жерге деген махаббат», «Әлеуметтік 
жауапкершілік», «Менің мектебімнің жетістіктері», «Өзге тілдің бәрін біл, өз 
тіліңді құрметте!», «Өз елін танымал еткен тұлғалар»
тағы да басқа 
тақырыптарды қамтиды.
Қауіпсіз мінез
-
құлық, салауатты өмір салтын ұстану дағдыларын 
қалыптастыру

«Менің қауіпсіздігім 

менің қолымда», «Менің денсаулығым 

маған байланысты», «Мен не жеймін? Азық
-
түлік қауіпсіздігі»

«Қауіп туралы 
дабылды қалай беруге болады?», «Төтенше жағдайларда өзіме және басқаларға 


249 
қалай көмектесе аламын?» және тағы басқа
тақырыптарды
қамтиды.
«Жаһандық құзыреттер»
курсын аяқтау нәтижесінде (5
-9-
сыныптар) білім 
алушыларда әлемдегі өз орнын анықтауға қажетті құндылық бағдарлар, 
коммуникативтік дағдылар, этикалық нормалар мен мінез
-
құлық ұстанымдар 
қалыптасады.
«Зайырлылық және дінтану негіздері» бөлімін
зерделеу
9-
сыныпта келесі
тақырыптар бойынша ұсынылады: «Зайырлы мемлекет және дін», «Діннің шығу 
тегі
мен маңызы, оның әлеуметтік мақсаты мен жіктелуі», «Діннің құрылымы 
мен қызметі», «Діннің шығу тегі мен тарихи
формалары», «Ежелгі наным жүйесі

ұлттық және дәстүрлі діндер», «Буддизмнің діни ілімінің негіздері», 
«Христиандықтың діни сенімінің
негіздері», «Ислам дінінің негіздері», 
«Қазақстан жеріндегі
ислам», «Ислам мәдениеті», «Жалған діни ұйымдар мен 
ағымдар туралы түсінік. Терроризм», «Қазақстан –
унитарлық
және зайырлы 
мемлекет», «Қазақстанның бейбітшілік пен дінаралық келісім саласындағы 
саясаты».
Жалпы орта білім беру деңгейінің 10
-
сыныбына арналған «Жаһандық 
құзыреттер» жалпылама курсы.
Курстың мақсаты: білім алушыларда жергілікті және жаһандық 
проблемалардың өзара байланыстылығы мен өзара тәуелділігін, мәдениетаралық
өзара іс
-
қимыл мәселелерін түсінуді, әртүрлі көзқарастар мен дүниетанымдарды 
түсінуді және бағалауды, бірегей білім мен идеяларды құру дағдыларын 
қалыптастыру.
Оқу курсы мазмұнының бағдарламасы білім алушылардың жас 
ерекшеліктері мен қызығушылықтарын ескере отырып әзірленген бес бөлімнен 
тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   183




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет