291
«Графика және жобалау» пәндері бойынша «сыналды» / «сыналмады»
қойылады.
Жеңіл және орташа ақыл
-
ой кемістігі бар білім алушылардың
оқу
жетістіктерін бағалау оқушыларға сараланған және жеке тәсілді қолдану арқылы
жүзеге асырылады. Сараланған тәсіл психикалық дамуы тежелген студенттердің
педагогикалық классификациясына негізделеді (В.В. Воронкова бойынша).
Жетістіктерді бағалау кезінде
әр түрлі типологиялық топтағы оқушылардың
мүмкіндіктерін ескере отырып, деңгейлік мақсат қою негізінде критериалды
бағалау жүйесі қолданылады.
Жеңіл ақыл
-
ой кемістігі бар білім алушылардың жетістіктері бес балдық
шкала бойынша бағаланады. Нөлдік және 1
-
сыныптарда балдық бағалар
қойылмайды. Оқытудағы ілгерілеу нәтижесі оқушылардың өнімді іс
-
әрекетін,
сөйлеу, жазбаша жұмыстар, суреттер, қолөнер және сабақтардағы іс
-
әрекеттерді
бақылау деңгейін талдау негізінде анықталады және сипаттамалық сипатта
болады. Орташа ақыл
-
ой кемістігі бар білім алушылардың жетістіктерін бағалау
кезінде жеке оқу бағдарламаларында ұсынылған оқыту мақсаттары негізінде
жүзеге асырылатын критериалды сипаттамалық бағалау пайдаланылады. (Ақыл
-
есі кем диагнозымен білім алушыларды критериалды бағалау бойынша
әдістемелік ұсыныстарды Ы. Алтынсарин атындағы КЕАҚ сайтынан табуға
болады.
www.uba.edu.kz
).
Медициналық көрсеткіштер бойынша үйде оқитын ерекше білім берілуіне
қажеттілігі бар оқушылар үшін педагог оқу жүктемесі мен олар оқыған оқу
материалын ескере отырып, жеке бақылау тапсырмаларын әзірлейді.
Достарыңызбен бөлісу: