Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет12/139
Дата14.09.2023
өлшемі1,6 Mb.
#107534
түріОқулық
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   139
Байланысты:
tebenova-arnaiy-psih

Есту бұзылуының зерттелу тарихы 
Есту 
қабілеті 
бҧзылған 
адамдардың 
мінез-қҧлық 
ерекшеліктері мен психологиясы алғаш рет ХІХ ғ. орта шенінде 
зерттеле 
бастайды. 
20-жылдары 
Л.С.Выготскийдің 
басшылығымен арнайы психологиялық мәселелер жҥйелі тҥрде 
қарастырылды. Оның шәкірттері Л.В.Занков пен И.М.Соловьев ӛз 
әріптестерімен бірге, есту қабілеті бҧзылған балалардың 
қабылдау, есте сақтау, ойлау, сӛйлеу қабілеттерін жан-жақты 
зерттеуге кіріседі. Бҧл зерттеулердің нәтижелері, 1940 ж. 
сурдопсихология бойынша алғаш жарияланған «Очерки 


17 
психологии глухонемого ребенка» монографиясында беріледі. 
Одан 
кейін, 
сурдопсихология 
саласындағы 
зерттеулер 
И.М.Соловьевтің 
жетекшілігімен 
жҥзеге 
асады. 
Сурдопсихологияның қалыптасуының кезеңдерінде, А.П.Гозова, 
Г.Л.Выгодская, Н.Г.Морозова, М.М.Нудельман, В.Г.Петрова, 
Т.В.Розанова, Л.И.Тигранова, Ж.И.Шиф т.б. ғалымдар ҥлестерін 
қосты. 
Кӛру бұзылуының зерттелу тарихы 
Тифлопсихологияның ғылым ретінде қалыптасуы мен дамуы 
соқырларды арнайы мектептерде оқытуды ҧйымдастыру ісімен 
байланысты.
«Алғашқы арнайы мектеп В. Гаюидің бастамасымен 
Парижде 1784 жылы ашылды. ХІХ ғасырдың 80-жылдарында 
бҥкіл әлемде, барлығы 150-ге тарта соқырларға арналған 
мектептер ашылды.
Соқырлар психологиясына талдау жасауға деген алғашқы 
ҧмтылысты, біз француз материализмінің негізін қалаушы 
Д.Дидроның «Кӛретін адамдарға уағыз ретінде соқырлар туралы 
жазбалар» (1749) еңбегінен табамыз.
Соқырлық 
жағдайындағы 
психикалық 
даму 
ерекшеліктерінеарналған алғашқы зерттеулер, ХІХ ғасырдың 70- 
жылдарында жҥргізіле бастады. Зерттеуді соқыр адамдар 
интроспекция әдсә арқылы (ӛзін-ӛзі бақылау) жҥргізді. 
М.Сизеранның «Зағип адам зағиптар туралы» монографиясы, сол 
кездегі елеулі еңбектердің бірі болып саналады. Онда ӛзін-ӛзі 
бақылау негізінде, соқыр адамның ішкі әлемі суреттеледі»
1
.
Ғылыми психологияның орнығып қалыптасуы, Т.Геллер, 
М.Кунц, К.Бюрклен, П.Виллей, А.А.Крогиус, М.И.Земцова, 
Ю.А.Кулагин, А.Г.Литвак, Л.И.Солнцева еңбектерімен тікелей 
байланысты.
Осы уақытқа дейін, әлемдік тифлопсихологияда соқырлар 
психологиясының қалыпты дамудағы кӛретін адамдардың 
психологиясына қаншалықты жақын және ӛзгеше екендігі туралы 
екі тҥрлі ҧстаным бар.
Бҧл ҧстанымдар адамның психикалық және әлеуметтік 
дамуындағы кемістіктің рӛліне кӛзқараспен ажыратылады. 
-------------------------- 
Литвак А.Г. Тифлопсихология. М.; Изд. «Просвещение», 1985.-С.22-23. 


18 
Олардың бірі, кӛру патологиясы бар баланың психикалық 
дамуында кӛру кемістігініің рӛлі негізгі және айқын деп 
қарастырады. Бҧл ҧстаным осы категорияға жататын балалардың, 
полисенсорлық қайта қҧрылу мҥмкіндіктерін ескермейді.
«Соқыр балалардың танымдық әрекеттерінде ӛзіндік 
ерекшеліктердің болатынын А. И. Скребицкий, А. Щербина 
анықтаған. Ал, соқыр балалардың психикалық дамуындағы 
ӛзгешелік ерекшеліктерді тым асыра карастыру Ф.Цехты кӛретін 
адамдардың тілінен ӛзгеше «соқырлар тілінің» қажеттігін
дәлелдеуге мәжбҥр етті. К. Бюрклен соқыр адамдардың қоғамнан 
бӛлек ӛмір сҥруі нәтижесінде, адамдардың жаңа бір ӛзгеше типі 
пайда болады деген қорытындыға келеді. Бірақ кӛру қабілеті 
зақымданған 
балалардың 
психикалық 
процестерінің 
ерекшеліктері ӛзгермейтін қҧбылыс емес. Ғалымдардың келесі 
бір тобы (Т.Касфорс, Б.Гомулицкий, К.Максфилд, А.Г.Литвак, 
М.И.Земцова, Л.И.Солнцева т.б.) бҧл балалардың психикалық 
даму динамикасын бақылай келіп, мынадай тҧжырым жасайды: 
аталған категориядағы балалардың психикалық даму динамикасы 
жақсарған сайын, кӛретін балалар мен кӛрмейтін балалардың 
жалпы психикалық мәртебесі арасындағы айырмашылық азая 
тҥседі. Кӛру патологиясы бар балалардың озық даму 
мҥмкіндігінің болатыны белгілі болды (М.Тобин)»
1
.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   139




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет