Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет4/139
Дата14.09.2023
өлшемі1,6 Mb.
#107534
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   139
Байланысты:
tebenova-arnaiy-psih

Арнайы психологияның қағидалары.
Объективтілік қ
ағидасы - ғылыми негізделген дәйектерге 
сҥйену және зерттеу нәтижелерін логикалық тҧрғыдан талдау, 
қазіргі заманғы психологиялық теорияларға сҥйену. 
Кешенділік 
қағидасы – дәрігерлік, психологиялық және 
педагогикалық тексеру болып табылады. Дамуында кемістігі бар 
бала диагностикалық тексеруге психоневролог, отоларинголог, 
офтальмолог 
т.б. 
дәрігерлер, 
психологтар, 
педагог–
дефектологтар, логопедтер қатысады.
Жоспарлылық қағидасы
– баланы жҥйелі тҥрде зерттеу. 
Детерминизм 
қағидасы – кез-келген қҧбылыстың ӛзіндік 
себептері атты қағиданы ҧстану.
Кеміс дамудың себептерін есепке алу қағидасы
. Бҧл - 
дамуында кемістігі бар балалардың, психикалық дамуындағы 
ерекшеліктердің себептерін анықтау қажеттілігі. Ол ҥшін 
кемістіктің қҧрылымы, тегі және тереңдігі туралы медициналық 
білім, психологиялық-педагогикалық мәліметтер қажет. 
Генетикалық қағида
– динамикада, яғни баланың 
психикасында жалпы даму барысында, іс-әрекет барысында 
зерттеу. 
Әлеуметтік және биологиялық даму деңгейінің ӛзара 
байланысын есепке алу
қағидасы. Яғни, бала дамуына әлеуметтік 
ортаның әсер етуі және керісінше.
Талдау-жинақтау 
(анализ-синтез) 
қағидасы.
Л.С. 
Выготский ілімі бойынша, алғашқы кемістікті есепке алу, негізгі 
симптомдар және психикалық қосымша асқынулар немесе 
туынды кемістіктерді талдау.
Арнайы психологияның терминологиялық аппараты. 
Әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау және білім беру 
саласының нормативті қҧжаттамаларына сәйкес ҧғымдар мен 
терминдер. 
«Дамуында бұзылуы бар балалар
 
– бҧл әртҥрлі немесе 
бірнеше анализаторлардың (кӛру, есту, қимыл-қозғалыс, сӛйлеу) 
қызметіндегі бҧзылу салдарынан, сондай-ақ, орталық жҥйке 



жҥйесінің органикалық зақымдануы салдарынан, психикалық 
және дене бітімдік дамуы бҧзылған балалар. Бҧл термин 
психологиялық-педагогикалық әдебиеттерде арнайы білім беруді 
қажет ететін балалар категориясын ажырату ҥшін қолданылады.
Мүмкіндігі шектеулі балалар
 – 
бҧл дамуындағы кемістіктер, 
әлеуметтік жеңілдіктер мен жәрдемақы алуға мҥмкіндік беретін, 
яғни бинефицитарлық мәртебеге ие балалар


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   139




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет