5
Автоматтандыру процесін құру үшін өлшеу құралдары – бергіштер (Б) мен
екінші реттік аспаптар (ЕА) арқылы АО туралы өлшеу ақпаратын алады. Қазіргі
өндірістер технологиялық аппараттардың күрделігімен және қуатымен,
өлшеуге қажетті түрлі параметрлердің көптеген санымен сипатталады.
Күрделілігі және түрлі әрекет ету принциптері бойынша өлшеу құрылғылар,
қондырғылар, жүйелер деп аталатын және өлшеу техникасына жататын арнайы
техникалық құралдар арқылы өлшеулер жүзеге асырылады.
Осы
өлшеу
техникасын, олардың
жіктелуін, метрологиялық
сипаттамалар мен түрлі қасиеттерін оқытуға метрология тарауы арналады.
Технологиялық
процестер
мен
объектілерінің
математикалық
модельдерді әзірлеу, орындаушы механизмдерді (ОМ), автоматты
реттеуіштерін (АР), аналогты-цифрлік түрлендіргіштерді (АЦТ), цифрлік-
аналогты түрлендіргіштерді (ЦАТ), оларды программалауды студенттер
келесіде басқару объектілерін модельдеу, автоматика элементтері мен
құралдары,
микропроцессорлар
мен
микропроцессорлық
жүйелер,
технологиялық процестерді автоматтандыру және басқа пәндерінде
оқиды. Сонымен, өлшеулер мәселелерін шешудің жалпы принциптерін білу
керек, және өлшеулердің жоғары сапасын қамтитын негізі болу керек. Осындай
негізі метрология болып табылады.
Метрология
–
өлшеудің
Мемлекеттік
жүйесінің
ғылыми
негізі.
Достарыңызбен бөлісу: