13
«Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық
талаптар» санитариялық қағидаларын (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар)
басшылыққа алу ұсынылады. Санитариялық қағидалардың талаптарына сәйкес
сабақ кестесін құрған кезде бір күн (және бір аптаның) ішіндегі оқушылардың
ақыл-ой еңбегіне қабілеттілік серпіні ескерілуге тиіс және қиындық бойынша
пәндерді саралау кестесі пайдаланылады (Санитариялық қағидаларға 12-
қосымша). Апта ішіндегі жоғары сынып оқушыларына арналған оқу жүктемесі
сейсенбі және (немесе) сәрсенбі күндеріне оның барынша көп көлемі
келетіндей; кіші және орта сынып оқушылары үшін сейсенбі мен бейсенбіге
келетіндей бөледі. Осы күндері сабақ кестесіне ең қиын немесе орташа және
жеңіл пәндерді қояды және қалған күндерге қарағанда пәндердің саны да
көбірек болады. Сәрсенбіде кіші және орта сынып оқушылары үшін
жеңілдетілген күн көзделеді. Бір күн ішіндегі баллдың ең аз саны дүйсенбі және
сенбі күндеріне келуі тиіс.
2-
кесте. Үй жағдайындағы жеке сабақ кестесінің үлгісі
Достарыңызбен бөлісу: