Методические рекомендации по обучению детей на дому по учебным программам



Pdf көрінісі
бет66/132
Дата14.09.2023
өлшемі2,02 Mb.
#107683
түріМетодические рекомендации
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   132
Байланысты:
үйде оқыту әдістемелік нұсқаулық 2017

 
 
 
 
 
 


104 
 
Қорытынды 
Дәстүрлі мектептегі оқу жүктемесі дені сау баланың өзіне оңай емес, ал 
мүмкіндігі шектеулі бала үшін ол кейде шамадан тыс ауыр болады. Жүктеме 
болып табылатыны оқудың өзі емес, мектепте оқу жағдайлары, яғни балалар 
санының көп болуы, бір баламен емес барлық балалармен бірден жұмыс 
істейтін оқыту жүйесі, сабақты жылдам қарқында өткізу және т.с.с.
Әдістемелік ұсынымдарда айтылғандай, медициналық көрсеткіштері 
бойынша мектепке бара алмайтын балаларды оқытудың бір түрі үйде оқыту 
болып табылады 
Берілген тақырып бойынша ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді зерттеу, 
үйде оқытатын мұғалімдердің тәжірибесін талдау, мамандар мен пән 
мұғалімдерінің әр түрлі топтарында үйде оқыту мәселелерін талқылау осы 
тәжірибені жүзеге асыру көптеген сұрақтар туындататынын көрсетті. Дегенмен, 
жүргізілген жұмыс нәтижесі үйде оқытуды ұйымдастырудың келесі 
ерекшеліктерін айқындауға мүмкіндік берді:

балаға жұмыс істеуге мүмкіндік беретін оқыту жоспары мен 
қарқынының жеке болуы, тек бір күнде емес, тіпті апта бойы, қажет болған 
жағдайда оқу кезеңінің барысында мөлшерленетін жеке жүктемелер үйде 
оқытудың жағымды жақтары болып табылады. Баламен жеке жұмыс оның 
жұмыс істеу қарқынын, қабілеттілігін, шаршауын және басқаларды ескеруге, 
мүмкіндігі шектеулі балалар мен жасөспірімдердің қоғамнан, мектептен 
оқшаулануының орнын толтыруға мүмкіндік береді;

үйде оқытуды реттейтін бекітілген нормативті-құқықтық құжаттар 
білім беру процесі субъектілерінің, яғни, білім алушы мен ата-анасының 
(немесе заңды өкілдерінің), білім беру ұйымы және жергілікті атқарушы 
органдардың құзыреті мен қызметтерін анық белгіледі; 

үйде оқыту тәжірибесінде ұзақ уақыт бойы ауырып жатқан балалардың 
танымдық қабілеттерінің даму деңгейін және денсаулық жағдайын ескеретін 
оқытудың әдістемелік жүйесінің жетілмегендігіне байланысты бірқатар 
қиындықтар бар. Атап айтсақ, білім беру бағдарламаларының мазмұны нашар 
бейімделген, оқытуды ұйымдастырудың баламалы формаларының тапшылығы, 
үйде оқыту құралдары мен әдістері жинақтамасының шектеулі болуы және 
т.с.с.;

білім беру ұйымдарында үй жағдайында түзете-дамыта жеке оқытуды 
іске асыра алатын білікті педагогикалық кадрдың жетіспеушілігі. Баланы үйде 
оқытатын мұғалім тәжірибеде нақты мәселелерге тап болады. Оларды шешу 
мұғалімнен белгілі бір психологиялық-педагогикалық дайындық деңгейін және 
ерекше түзете-дамыту дағдылары мен іскерліктерін, сондай-ақ «мұғалім-
оқушы-ата-ана» жүйесінде ерекше тұлғааралық қарым-қатынасты құруын талап 
етеді;

үйде оқытатын мұғалімдердің жинақтаған тәжірибесі ғылыми 
негізделген жүйелеуді қажет етеді. Ал өз кезегінде, ғылыми негізделген модель 


105 
(немесе әдістемелік жүйе) үйде оқыту сапасын арттыруға және үйде 
оқытылатын балалар мен жасөспірімдердің әлеуметтену мәселелерін шешуге 
ықпалын тигізер еді.
Осылайша, тәжірибеде қолдану үшін бірқатар әдістемелік ұсыныстарды 
тұжырымдауға мүмкіндік берген балаларды үйде оқыту мәселесін зерделеу мен 
талдау, сондай-ақ сәйкес теориялық мәнін ұғынуды және практикада іске 
асыруды қажет ететін бірқатар мәселелелерді де анықтады.


106 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет