309
екінші жағынан, адамдар жанының экстаз арқылы құдаймен қосылу үшін
жоғары қозғалысы.
ПОППЕР
,
Сэр Карл Раймунд
Поппер
(1902–1994) —
австриялық және британдық философ әрі социолог; XXғ.
жүзжылдығындағы
ықпалды философтардың бірі; еңбектері
негізінен әлеуметтік және саяси философиядан тұрады; өзінің
ашық қоғам
ұғымымен танымал.
Шығармалары:
«Ғылыми
білім логикасы мен өсуі», «Ашық
қоғам және оның
жаулары», 2-томдық, «Тарихшылдықтың қайыршылдығы»,
т.б. Ол өзінің философиялық концепциясын – сыншылдық
рационализм мен ғылыми білім өсуі теориясын (
фальсификационализм
ді) -
неопозитивизмге антитеза ретінде қарастырды. Оның ойынша, барлық қоғам
туралы болжам жасау және оны өзгерту мүмкін емес.
ПРИСТЛИ
,
Джозеф Пристли
(1733–1804) —
ағылшын
философы, Девентри деген жердегі Рухани академияда білім
алған, жаратылыстану ғылымдарын зерттеген. Фотосинтезді
ашқан, аммиякты жасап, оттегін ашқан адам.
Достарыңызбен бөлісу: