1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет210/260
Дата14.09.2023
өлшемі6,3 Mb.
#107714
1   ...   206   207   208   209   210   211   212   213   ...   260
Байланысты:
1 - filosofiya keste t r nde

КОНСТЕЛЛЯЦИЯ 
— философияға 
Т.Адорно
енгізген және астрономиядан 
алынған термин. Ол жұлдыздардың жылжып отыратын орталықты 
айналатын қосарлы қозғалысты белгілейді. Бұл терминмен Адорно мәдениет 
пен рационалдылық типінде болып жатқан өзгерістерді – ұғымдар мен 
феномендердің қатаң иерархиядан бас тартуы және олардың констелляцияға 
ұқсас еркін арақатынасқа өтуін көрсетеді. 
КОСМОГОНИЯ 
(грекш. – дүние, әлем, ғарыш) — астрономия ғылымының 
үлкен бір бөлімі, космостық объектілер мен жүйесін зерттейтін арнаулы 


359 
саласы. Дүниенің пайда болуы туралы көне таным дін мен мифте аңыз боп 
айтылады және оны әлемнен сырт тұрған жаратқан күштің иесі туралы 
айтылады. 
КОСМОПОЛИТИЗМ 
(грекш. - «әлем азаматы») — мәдениеттанудың 
әлемдік азаматтық идеологиясын білдіретін ұғым – термин. Антиктік дәуірде 
қалыптасып, ХІХғ. қолданысқа енді. Ұғымның негізінде әлемдік мемлекет 
қалыптастыру немесе 
мемлекеттердің әлемдік федерациясын құру идеясы
жатыр. Космополитизм идеологиясына, сондай–ақ, жалпыадамзаттың 
мәдениетті қалыптастыру, дамыту және әлемдік глобальды мәселелерді 
шешу жатады.
КОСМОС 
(грекш. – ғарыш, әлем, ғалам) — ежелгі грек философиясында 
әлемнің әсем ұйымдасқан жүйе ретінде тұтас бүтіндігін көрсететін термин. 
Қазіргі таңда әлемді айқындаудың синонимі ретінде қолданылады. Жақын 
космос жер мен оның кеңістігін қарастырса, алыс космос жұлдыздар әлемі 
мен галактиканы қамтиды. 
КОСМОЦЕНТРИЗМ 

 
қоршаған ортаны, табиғат құбылыстарын, 
тіршілікті жасаушы дүлей, шексіз сыртқы күш – Ғарыш, барлық өзгерістер 
ғарыштық айналым арқылы жүзеге асады деп түсіндірілетін философиялық 
көзқарасты айтады (Ежелгі Үнді, Ежелгі Қытай, басқа да Шығыс елдері және 
Ежелгі Грекия).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   206   207   208   209   210   211   212   213   ...   260




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет