Т. С. Сарбасова Құнанбаева Д.Ә., Жұмамбаев С. К


Ұйымның ішкі ортасын құрылымдау қағидалары



Pdf көрінісі
бет12/80
Дата14.09.2023
өлшемі5,78 Mb.
#107731
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   80
2.2. Ұйымның ішкі ортасын құрылымдау қағидалары
Менеджер ұйымның басқаруын қамтамасыз етуге мүмкіндік 
беретін жағдайларды құру үшін оның ішкі ортасын белгілі бір 
қалыпта құрылымдауға тырысады, яғни оны жеке құрауыштар 
түрінде елестетеді. Менеджердің қызметтік бағыты өзгерістерге 
жауап беру болғандықтан, өзгерістерге жауап беру шешім 
қабылдау – нақты баламалы пайдасына шешілетін қызметті 
таңдай арқылы жүзеге асырылады. Егер шешім қабылдау проце-
дурасы жеке таңдау сипатқа ие болса, менеджер қабылданатын 
шешімді жүзеге асыруға басқа да тұлғаларды тартатындығын 
ескеруі керек. Менеджердің кәсіби қызметіндегі жеке тұлғалық 
қағидасы іске аспауы мүмкін: жеке тұлғалық басқалардың 
қатысуы болмайтын автономияға негізделген, ал экономикалық 
қызметте бұл мүмкін емес және мақсатты емес, себебі экономика 
ең алдымен кооперациялық байланыстар болып табылады. 
Құрылымдау қағидасы жеткілікті жылдамдықпен әсер етіп, 
айтарлықтай тезділікпен өзгертуге болатын ұйым шеңберіндегі 
блоктарды бөліп көрсетуді білдіреді. 
Ішкі ортаны құрылымдауда оның толықтылығы мен ұйымның 
қызмет ету үдерісіне мазмұндық мән беретін жеті блокты немесе 
құрауыштарды бөледі. Бұл ішкі ортаның жеті құрауышын ішкі 
айнымалылар деп атайды. Осы ішкі айнымалыларға: мақсат, тех-
нология, құрылым, міндеттер, адамдар, нәтиже, нарықтық белгі 
жатады
 (2.1- сурет).


23
2.1-сурет.
Ұйым: ішкі ортасы
Ішкі ортаны құрылымдау үдерісін ойластыру процедура-
сы ұйымның мақсатын анықтаудан басталады. Мақсат - өндіріс 
нәтижесі, бірақ та ол нақтылықта жоқ, тек сана сезім, түсінікте 
ғана қалыптасқан. Мақсатты анық, нақты және тыңғылықты 
қалыптастыру мен оның мазмұнын бағыныштыларына дәл сон-
дай анық, нақты және тыңғылықпен жеткізу – менеджердің 
негізгі қызметтік лауазымдарының бірі. 
Басқарып отырған ұйымға менеджердің белгілеген мақсаты 
бірыңғай болып табылады, бірақ ол сол мақсатты екі өзара байла-
нысты, өзара тәуелді формада құрастыруға мәжбүр: ұйымнан тыс 
және ұйымішілік мақсаттар. 
Ұйымнан тыс мақсат ұйым қызметінің өнімін сыртқы ортаға 
жеткізуден қүтілетін нәтижесін ақшалай сипатта немесе мини-
малды болуы мүмкін табыс немесе пайда алуын бір мезгілде 
белгілеумен қатар нарықтағы өз үлесін бекіту сипатын білдіреді. 
Бірақ, сыртқы ортаға ұйымның қызмет етуінің белгілі 
нәтижесін сапалық және сандық сипаттамасымен шығарғаннан 
кейін ғана ұйымнан тыс мақсатқа қол жеткізіледі. Сондықтан 
ұйым ішілік мақсат та күтілетін нәтиженің сандық және сапалық 
сипаты болып табылады. 
Өндірістік үдерісті ұйымдастыру нысаны мақсатты қалыптас-
тыруға негіз болады. Өндірістік үдерісті ұйымдастырудың мүмкін 
екі– маркетингтік және өткізу нысаны бар. 
Маркетингтік тұжырымдаманы қолданар алдында менеджер 
нарықты зерттейді. Егер менеджердің нарық қажеттіліктері мен 
ұйым мүмкіншіліктерінің толық баланстылығына көзі жеткізсе, 
онда ол нарықта қалыптасатын жағдайларды ескере отырып 
қандай табыс алуға болатынын белгілейді. 
Өнімді өткізу тұжырымдамасын қолданғанда менеджер ал-
дымен ұйымішілік мақсатты белгілейді, ал ұйымнан тыс мақ-


24
сатты мүмкін болатын минимум немесе абстрактілі (тауарды 
мүмкіндігінше жоғары бағамен сату) түрде қалыптастырады. 
Ұйым мақсаты – ұйымның ұмтылатын түпкі нәтижесі, осы үшін 
ұйым құрылады, осы негізінде ұйымдастырушылық механизмі 
қалыптастырылып ұйымның тұтас кешендік қызметіне өзгерту-
лер енгізіледі. Алдына қойған мақсатты дұрыс анықтамай өз ар-
налуына жауап бермейтін ұйымдар да қазіргі кезде сирек емес. 
Шынайы мақсаттық ұмтылыстар жалғанмен алмастырылады. 
Мысалы, мұндай жағдай әдетте, шынайы мақсат тәртіп, ережені 
мүлтіксіз орындау, бақылау сияқты абстрактілі (ішкімге керек 
емес, қоғамға зиян) ұғымдармен ауыстырылатын бюрократиялық 
құрылымдарға тән.
Менеджер ұйым мақсатын анықтағаннан кейін осы мақсатқа 
жету әдісін таңдайды. Басқару көзқарасы тұрғысынан техноло-
гия – бұл мақсат анықталған сәттен бастап нәтижені белгілі бір 
нысанда алуға және бұл нәтижені тұтынушыға жеткізуге дейінгі 
уақытта мақсатқа қол жеткізуді қамтамасыз ету. Анықталған 
мақсатқа тиімді жету үшін басқарушы тұлға өндірістік үдерісті 
ұйымдастырудың оңтайлы технологиясын таңдайды.
Өндірістік үдерісті оңтайлы ұйымдастыру деп өндірістік 
функцияларды бөлу және белгілі функцияларды орындауға нақты 
маманды тағайындау негізінде барлық адамдардың бірге қызмет 
ету, өзара әрекеттесу сызбасын атаймыз.
Екі: өндіргіш және өндірістік үдерістер сияқты негізгі ұғымды 
ажырата білуіміз қажет.
Өндіргіш үдеріс - өндірістік үдеріске қарағанда әрі кең әрі 
көлемді ұғым. Өндірістік үдеріс – ұйымның кәсіби бағытына 
сәйкес тауарды, өнімді немесе қызметті тікелей қалыптастыру 
үдерісі болып табылады. Өндірістік үдеріс тұтас өндіргіш 
үдерісінің үш фрагментінің біреуі ғана, қалған екеуіне өндірістің 
ырғақты сипатына дайындық пен тауарды өндіріс орнынан тұтыну 
орнына дейін жылжыту және тауарға меншіктің өндірушіден 
тұтынушыға өтетін кезді тиісті рәсімдеу үдерістері жатады.
Өндіріс технологиясы дегеніміз − затты оның табиғатынан 
алып және оны тұтынуға даяр кемеліне дейін жеткізу шеңберіндегі 
ұйымның кәсіби функцияларын жүзеге асыру үшін қолданылатын 


25
әдіс-тәсілдер, нысандар жиынтығы. Технология деңгейі, бірін-
шіден, кәсіпкердің өз кәсіби қызметін жүзеге асыратын саласына, 
екіншіден, таңдалған өндіріс саласының өндіргіш үдерістің тұтас 
шеңберінде алатын орнына байланысты болады. 
Сала тұрғысынан өндірістер келесідей жіктелуі мүмкін:
1. Өндірістің 
дәстүрлі технология салалары,
оларға қызмет 
көрсету саласы жатады (туризм, денсаулық сақтау, білім беру, 
сауда, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, құрылыс, көлік, 
банктік қызмет, аудит, сақтандыру қызметі және т.б.). 
2. 
Қол еңбегі технологиясын қолданатын салалар
, оларға 
көбінесе қолөнер өндірісі жатады (тоқылған себетті, матрешканы 
дайындау, шілтер тоқу және т.б.).
3. 
Төмен технологиялы салалар,
оларда өндіріс үдерісте 
физикалық, ауыр немесе қол еңбегінің үлесі едәуір жоғары болып 
келеді (көмір өндіру, орман дайындығы жұмысы және т.б.).
4. 
«Лас» (қызметкерге және қоршаған ортаға зиян болып 
келетін) технологиялар,
оларға, мысалы, химия өнеркәсібінің 
көптеген өндірістері, шахта өндірісін жатқызуға болады. Шах-
та өндірісінен жер бетінде үлкен террикондар пайда болып, жер 
телімдерін өндірістік мақсатта пайдаланыла алмайтын конустүрлі 
жер үйіндісіне айналады.
5. 
Ортатехнологиялы салалар,
адаммен басқарылатын және 
өндіріс үдерісінде оның белсенді рөлін болжамдайтын механизм-
дерді қолдануға негізделген салалар (мысалы, машина жасау, 
автомобильді құрастыру өндірісі және т.б.).
6. 
Жоғарытехнологиялы салалар, 
бұл өндіргіш үдерісті авто-
маттандыру, адамның өзін өндіргіш үдерісінен жарым-жартылай 
шығаруға негізделетін салалар: роботехникаларын, микропро-
цессорларды, автоматтандырылған конвейерлерді қолданатын 
өндірістер (сусындарды ыдыстарға құю мен орау, электрондық 
өндірісте көптеген компоненттерді шығару және т.б.).
7. 
Ғылыми сыйымды технологиялар,
қолданбалы ғылымның
соңғы нәтижелерін пайдалануға негізделеді (электронды өндіріс, 
компьютерлі техниканы өндіру және т.б.).
Сонымен қатар менеджерге заманауи өндіріс технологиясын-
да қолданылатын басқа да жіктемелер маңызды:


26
– цехтік, конвейерлік технологиялар;
– үздіксіз және үзілісті технологиялар;
– тауарларды бірлік, сериялық және жаппай өндіру техноло-
гиялары;
– жұмыс операцияларын тізбектеп орындайтын көпдеңгейлі 
технологиялар;
– көпоперациялық технологиялар;
– қалдықсыз технологиялар;
– тиімсіз технологиялар (өндіріс факторлары қалдықтарының 
жоғарғы деңгейі, негізінен шикізат қалдықтары).
Технология таңдау немесе оны оны негіздеу – менеджердің 
кәсіби қызметінің маңызды бөлігі. Менеджер нақты бір техноло-
гияны таңдау барысында: 
1. Менеджер басқаратын ұйымның кәсіби бағытына техноло-
гиясының сай келуіне;
2. Технологияның өнімділігіне;
3. Өнімділігі, қайтару мерзімі, үнемділігі, энергиясыйым-
дылығы сияқты факторлармен анықталатын технология құнына;
4. Персонал біліктілігінің нақты деңгейі мен таңдалатын тех-
нология талаптарының сәйкес келуіне;
5. Таңдалынатын технологияның бәсекелестік технология 
стандарттарына сай келуіне назар аударады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет