Т. С. Сарбасова Құнанбаева Д.Ә., Жұмамбаев С. К


Бағыныштылардың рөлдік функциялары



Pdf көрінісі
бет38/80
Дата14.09.2023
өлшемі5,78 Mb.
#107731
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   80
Бағыныштылардың рөлдік функциялары.
Бағынышты бас-
қару үрдісінің субъектісі рөлінде де, басқару объектісі рөлінде де 
бола алады. Ұйым шеңберінде менеджер үшін өндіруші үдеріс 
басқару объекті болып келеді. Егер бағыныштылар менеджер 
жағынан басқару шешімдерін қабылдау мен әзірлеу үрдісіне
қатысса, онда ол басқару үрдісінің қатысушысы, яғни субъекті 
рөлінде болады. Дәл осы рөлдік қызметті өзінің өкілеттіліктерінің 
шеңберінде шешім қабылдаған кезде де немесе өндіруші үдеріске 
тиімді әсер ететін өзіндік әдістер, тәсілдер ұсынса да орындай-
ды. Менеджер бағыныштылардың бұл рөлін дұрыс түсініп 
қолдау керек. Сонымен қатар менеджер шешім қабылдау сәтінде 
бағыныштылар басқару объектісі болатынын ұмытпауы керек. 
Мұндай жағдайда олардың рөлдік қызметі нақты әсер ету объек-
тісі, ерекше арнайы объектісі болып табылатындығын көрсетеді.
Қатаң авторитаризм орын алған ұйымдарда бағыныштылар 
басқару үрдісінің субъектісі рөлінде болу мүмкіндігінен айырылған, 
бұл олардың ұйым жұмысына деген қызығушылықтарын тө-
мендетеді. Және де, керісінше, менеджер басқарудың үйлестіруші 
стилін қолданса, бағыныштылар ұйым жұмысына өздерінің ма-
ңыздылығын және қатыстығын саналы түрде ұғынады.
Тәжірибеде қызмет ететін менеджерге тән стильдер комби-
нациясы
. Басқару стильдерді жіктеудің әртүрлі формалары бар 
болғандықтан тәжірибедегі менеджерге жалғыз бір ғана стиль 
тән болуы мүмкін емес. Әр нақты менеджер басқару стильдерінің 
қандай да бір нақты комбинациясын қолданады. Мысалы, менед-
жерге бір уақытта қатаң келісу стилі мен бірге бағыныштыларын
кәсібилік деңгейіне қарай және бағыныштылардың әр тобына 
тиімді басқару стилдерін қолдану қабілеті тән болуы мүмкін. Со-
нымен қатар стильдердің міндетті түрде жұптасып жүруі әрқашан 
орын ала бермейтінін ескерген жөн. Басқарудың қатаң стилі 
тән менеджерді авторитарлы басқарушылар қатарына жатқызу 
міндетті емес, яғни оған бір уақытта басқарудың авторитарлы 
стилі әрқашан да тән бола бермейді.


95


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет