Дана әйел кімнің сөзін елемей қою керегін біледі. Әр
сөйлеген адамға ренжи бермей, тек сөйлеуге қақылы
адамның сөздерін ғана тыңдайды. Қалай? Оған кеңес
беретін адамдарды 4 типке бөлу арқылы:
Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_
Некеден кейін әйел бақыты
57
1.
Тип:
Кеңес беріп жатқан істе маман емес және өзіне
жақын емес адам. Мысалы, сіз Instagram-да пост
жаздыңыз. Сізге бөтен және эксперт емес адам
негатив жазып, өзінің кеңесін қыстырып жіберді.
«Зыпылдамай, қазақша жазбайсың ба?» деді. Дана
әйел ол комментарийді мүлдем көңіліне алмайды.
Себебі бұл типтегі адам смм маманы емес, оның 1млн
оқырманы
жоқ,
инстаграм
саласында
ақыл
айтатындай дәрежесі жоқ, және ол адам не туыс емес,
не дос емес. Сіз бұл типтегі адамдарды бірден танып,
өз көңіліңізді басқара алуыңыз қажет. Егер олай
адамдарды типтерге бөле алмасаңыз, сіздің миыңыз
барлығына бірдей реакция беретін болады. Мен тек
Instagram-мен ғана мысал келтіріп жатырмын. Бұндай
мысалды өмірдің кез-келген саласынан келтіруге
болады.
2.
Тип:
Жақын адам, бірақ кеңес беріп жатқан істе
эксперт емес. Дана әйел бұндай жағдайда дауласып,
сөз таластырып тұрмайды, келісе де салмайды. Егер
де оған адамның кеңесі ұнамаса, және оның экспрет
еместігін біліп тұрса, онда дана әйел жайлап әңгімені
басқа жаққа ауыстырады. Жақыныңды ренжітпей,
бірақ ақылы саған дәл қазір қажет еместігін көрсету
үлкен ерлік және даналық!
3.
Тип:
кеңес беріп жатқан істе эксперттер, бірақ жақын
адам емес. Егер бұндай адам сізге пікір білдірсе, дана
әйел бұны үлкен көмек ретінде қабылдайды. Рахметін
жеткізіп, жақсы қабылдайды. Кеңесін қолдана ма,
қолданбай ма өзі шешеді.
Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_
Достарыңызбен бөлісу: |