Дәріс Кіріспе. Қазақстандағы биологиялық алуантүрлілік жағдайын қысқаша талдау. Өсімдіктердің биологиялық алуантүрлілігі Мақсаты



Pdf көрінісі
бет13/34
Дата15.09.2023
өлшемі0,86 Mb.
#107974
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   34
Байланысты:
Дәріс Қазақстан биоресурстары

Иллюстрациялық материалдар: 
Демонстрациялық гербариилер 
-
Amigdаlis 
-
Ricinus comminis 
-
Gossypium 
-Zea mays 
-Linum usitassimum 
Өзін-өзі бақылау сұрақтары: 
1.
Климат факторларының өсімдік мүшелерінде майдық түзілуіне әсері. 
2.
Өсімдіктер майларының типтері 
3.
Қазақстанда өсірілетін негізгі майлы өсімдіктер 
Ұсынылған әдебиеттер: 
1.
Д.А. Муравьева Д.А. 
Фармакогнозия, Москва, "Медицина", 1991, 560с. 


 
6 Дәріс.
Балды өсімдіктер және олардың шаруашылықтағы маңызы 
 
Мақсаты: 
Ара 
шаруашылығының 
шаруашылықтағы 
маңызымен 
таныстырып, тозаң, нектар және прополис туралы түсінік беру.Қазақстандағы 
бағалы балды өсімдіктермен таныстыру. 
Кілттік сөздер: 
Тозаң, нектар, прополис, протерандия, протерогиния 
Негізгі сұрақтар: 
1.
Ара шаруашылығының шаруашылықтағы маңызы 
2.
Тозаңдану, тозаң, нектар және прополис туралы түсінік 
3.
Тозаңдардың химиялық құрамы 
4.
Егіс даласының бау бақшалардың, орман алқаптарының және 
шалғындықтардың бағалы балды өсімдіктері 
Азық қорын тиімді пайдалану ара шаруашылығын дұрыс ұйымдастыру 
шаруашылыққа үлкен табыс әкеледі. Мысалы Совет үкіметі кезінде кейбір 
колхоздарда шаруашылқтағы жалпы табыстың-кірістің 35-50 

ара 
шаруашылығы беретін еді. Одан басқа насекомдармен тозаңданатын 
дақылдардың аралармен тозаңдануы оған қосымша алдыңғы қатарлы 
агротехниканы қолдану өнімділікті 20-30 

пайызға көтереді. Жоғары өнімді ара 
шаруашылығы мәдени және табиғи фитоценоздардағы балды өсімдіктерді тиімді, 
ебін тауып дұрыс пайдалануға негізделген. Сондықтан ара-шаруашылығын дұрыс 
жолға қойып табыс табу үшін сол регион флорасындағы балды өсімдіктерді 
зерттеп, олардың биологиялық ерекшеліктерін білудің маңызы зор. 
Көп өсімдіктердің гүлдері қос жынысты бірақта жиі гүлде біздер тек
аталықты немесе тек аналықта көреміз мұндай гүлдер біржынысты деп аталады. 
Егерде аталық және аналық гүлдері өсімдіктің бір индивидінде орналасса оларды 
бір үйлі ал егерде әртүрлі индивидтерге орналасса екі үйлі деп атайды. Бірүйлі 
өсімдіктерге мысалы , асқабақ, емен, қияр сияқты өсімдіктер жатады. 
Ал екі үйлі өсімдіктерге Тал (Salix), терек (Populus- Тополь), кенешөп 
(Сannabis- канопля), құлмақ (Humulus- Хмель) жатады. 
Кейбір өсімдіктердің қосжынысты гүлдерімен қатар біржынысты гүлдері бар. 
Ол гүлдердің екі типіде әртүрлі комбинацияда кездеседі. Мұндай өсімдіктер көп 
үйлі немесе көп некелі деп аталады. Өсімдіктердің бұл тобына үйеңкінің (Acer- 
клен) түрлері, Шаған (Fraxinus - ясень), қарамық (Fagopyrum- гречиха), қауын 
(Melo- Дыня), күнбағыс (Helianthus- Подсолнечник) және т.б жатады. 
Жеміс тек гүлдерде пайда болады, гүлдерде жемістік болады. Жемістің пайда 
болуы үшін аталықта тозаңдар пісіп жетіліп әртүрлі жолдармен, аналықтың 
аузына барып түсуі керек. 
Бұл процесс тозаңдану деп аталады. Содан кейін оны білесіңдер сперма барып 
жұмыртқа клеткасымен қосылады. Бұл процесті ұрықтану деп атайды. Табиғатта 
тозаңдану өздігінен және айқас тозаңдану деп бөлінеді. Екеуін салыстыратын 
болсақ әрине айқас тозаңданудың биологиялық маңызы жоғары айқас тозаңдану 
табиғатта желдің, судың насекомдардың, аралардың қатысуымен іске асады. 


Тозаңдану желдің көмегімен болса- анемофильдік өсімдіктер, ал 
насекомдармен тозаңданғандар, энтомофильдік өсімдіктер деп аталады. 
Тозаңдану және ұрықтану туралы айтқанда табиғат айқас тозаңданудың 
маңыздырақ екендігін көрсетті. Өйткені өздігінен тозаңдануға жол бермей 
тозаңданудың айқас болуына біраз бейімделушілік бар екендігін көруге болады. 
Мысалы 1) дихогамия- аталықпен аналықтың әртүрлі уақытта пісіп жетілуі. 
Егерде аталық ерте пісіп жетілсе ал аналық әлі дайын болмаса оны 
протерандрия (грек протерос-бурып, ерте, андрос-еркек) деп атайды, ал егер 
керісінше болса протерогиния (грек, протерос-буын ерте, гине-әйел) деп атайды. 
Мысалы күнбағыс (
Helianthus
- подсолнечник) және Сылдыршөпте (
Selene- 
смоловка
) аталықтары ерте пісіп жетіледі, ал бақажапырақта (
Plantago

подорожник) шалғындық байменеде (
Cardamine
- pratensis- Сердечник луговой) 
аналықтары бұрын жетіледі. Табиғатта протерандрия жиірек кездеседі. 
2) Гетеростилия- аталықтың және аналықтың биіктіктері әртүрлі. Сондықтан 
өсімдіктің аталықтары және аналықтары бірдей уақытта пісіп жетілгенімен бір 
гүлдің өзінде аталықтың тозаңы аналықтың аузына барып түсе алмайды. Мысалы 
Қарамық (
Fagopyrum
- Гречиха) 
Өсімдіктерден шырынды және тозаңды жинап аралар оны ұяларына алып 
барады. Ұяларында шырынды балға айналдырады, ал тозаңдарды- пергаға (бал 
арасының қорегі) айналдырады. Бал және перга ересек аралардың корегі олармен 
аралардың личинкаларыда қоректенеді. Бал және пергана пайдаланған аралар 
воск- балауыз өндіреді. Бір жылда араның семьясы 90 кг бал пайдаланады. Сол 90 
кг нан қалған бал және Балауыз пасеканың (омартаның) товарлық өнімі болып 
саналады. 
Ара шаруашылығының маңызы тек өнім яғни бал алуда ғана емес. Бал 
өндіретін аралар бал өндіруден басқа бақшалардың, егістіктердің, баулардың, 
өнімділігін арттырады. Өсімдіктер аралармен тозаңданғанда онымен мөлшері 
ғана емес сапасыда артады. Мысалы, ара шаруашылығымен айналысатын ғылыми 
зерттеу институтының мәліметтері бойынша арамен тозаңданған күнбағыста 
толық пісіп жетілген тұқымдар 85,3

, ал тормен қоршап жауып қойған 
күнбағыста толық пісіп жетілген тұқымдар мөлшері 40

болған, ол торды 
қосымша дәкемен жауып қоршап қойғанда 14,2

ғана болған. 
Москва жанындағы бірінші көкөніс фабрикасында қолмен тозаңдандыруды 
арамен тозаңдандырумен салыстырғанда арамен тозаңданғанда 1 гектардан қияр 
110 кг артық алынған. 
Аралардың өсімдік гүлдерінен негізгі жинайтындары ол 1) нектар 
2)тозаң, 3) Ара желімі (прополис) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет