байланысты.
Құрамында алкалоидтары бар өсімдіктер, әсіресе алкалоидтары мол
өсімдіктер негізінен ыстық тропикалық аймақтарда таралған.
Алкалоидтардың әртүрлі құрамы белгілі бір ендіктерге байланысты.
Бірыңғай, орташа аймақта ең көп тараған алкалоидтар, ол - пиридин тобының
алкалоидтары. Әртүрлі географиялық аймақтарда алкалоидтардың балқу
температурасы
әртүрлі.
Мысалы,
тропикада
өсетін
өсімдіктердің
алкалоидтарының балқу температурасы 200-250
0
С болса, орташа бірығай
(умеренный) аймақта – 100-150
0
С. Алкалоидтардың молекулярлық массасы
тропикадан бірыңғай, орташа аймақа қарай азаяды.
Өте жиі кездесетін жағдай мысалы Швецияда Бәрпілер (Aconіtum-Борец)
құрамында алкалоидтар өте аз немесе тіпті болмайды, ал Шығыс қытайда,
Индияда, Қазақстанда олар - улы өсімдіктер. Яғни құрамында алкалоидтар мол
деген сөз. Қылшада (Ephedra-Хвойник) Европаның батысында алкалоидтар
болмайды, ал Орта Азияда, Қазақстанда олардың құрамында өте мол алкалоидтар
болады.
Жоғарыда келтірілген мәліметтер қоршаған ортаның кейбір жеке
факторларының алкалоидтар мөлшеріне әсерін көрсетеді. Бірақ та дұрысы
факторлар жиынтығы әсері деп айтқан дұрыс, өйткені бір факторды екіншісінен
бөліп алу өте қиын.
Алкалоидтардың өсімдіктердегі ролі туралы әртүрлі көзқарастар бар.
Олардың негізгілері мыналар:
1.
Алкалоидтар - өсімдіктердің тіршілік әрекеттерінің қалдықтары. Бұл
көзқарасты жақтайтындар, алкалоидтар дегеніміз өсімдіктердегі зат алмасудың
соңғы өнімдері - азот қосылыстарының ыдырауы нәтижесінде пайда болған деп
санайды. Бірақ та, егер де алкалоидтар қалдықтар болса, онда олар өсімдіктер
организмінен шығарылуы керек. Ондай факторлар жоқ. Сосын алкалоидтар
өсімдіктерде әртүрлі органикалық қышқылдармен байланысады және тұздар
түрінде өсімдікте қалады.
2.
Алкалоидтар - қорлық заттар. Бірақ та алкалоидтар бар өсімдіктер
тұқымдарында қорлық заттар құрамында алкалоидтар жоқ, олар кейін тұқым
өнгенде содан өсіп шыққан өсімдік құрамында болады.
3.
Алкалоидтар - қорғаушы заттар. Кейбір өсімдіктерде алкалоидтың болуы
оларды жануарлардың жеуінен қорғайды. Бірақ та ешкілер темекінің жапырағын
жейді, қояндар красавка өсімдігінің жапырақтарын жейді, ал құстар – осы
өсімдіктің жидектерін жейді. Кейбір бунақденелілер құрамында алкалоиды бар
өсімдіктердің көк массасын жұтып ºояды.
4.
Алкалоидтар - өсімдіктерде жүретін биосинтез процесіне қажетті белсенді
заттар. Алкалоидтар туралы осы көзқарасты анық, нақты деп санауға болады.
Әдебиеттерде алкалоидтармен биохимиялық процестер байланысы бар екендігін
көрсететін көптеген фактілер бар.
Достарыңызбен бөлісу: