Университеті, 2002, 313с.
9 Дәріс.
Қазақстандағы ресурстанулық аудандастыру және Қазақстандағы зерттеу
жұмыстарының болашағы
Биогеография ғылымының негізі 18 ғасырда қаланды.
Оның дамуына
экваторлық Африка, Оңтүстік
Америка, Азия елдерінің фаунасы мен флорасын зерттеу
үшін
жүргізілген
экспедициялар мен сол кезеңнің жаратылыстанушылары — неміс ғалымы
А.Гумбольдт пен ағылшын ғалымы А. Уоллестің, т.б. еңбектері негіз болды.
Биогеография биоценоздар мен организмдердің таралу аймақтарын зерттей отырып,
олардың көп түрлілігін
тиімді пайдалану, аудандастыру, санын реттеу және қорғау
мәселелерін қарастырады. Биогеография зерттеу бағыттары бойынша бірнеше салаға
ажыратылады:
ареалогиялық биогеография
Жер шарындағы әр түрлі организмдердің (түрлердің)
таралу аймағын анықтап, олардың сол аймақтардағы орналасу ерекшеліктерін
зерттейді, соның негізінде анықтамалық және
кадастрлық карталар жасалады;
аймақтық
биогеография
организмдердің
фауналық
және
флоралық
аудандастырылуын
қарастырады,
соның
нәтижесінде
биогеографиялық
аудандастырудың
кешенді
кестесі
құрылады.
Бұл
зерттеулер ауыл
шаруашылығына пайдалы немесе зиянды организмдер популяцияларын анықтауға,
күрес шараларын ұйымдастыруға, жойылып бара жатқан сирек түрлерді
қорғауға
жол ашады;
экологиялық
биогеография
әр
түрлі
географиялық
облыстардағы организмдер топтарының
биоценоздағы
рөлін,
биологиялық
өнімділігін және биомассаларын анықтайды;
тарихи биогеография
организмдердің жер бетіндегі таралуын нақты аймақтың
геологиялық тарихымен байланыстырып зерттейді.
Биогеография
организмдердің
арасындағы
жұқпалы
аурулармен,
оның
қоздырғыштарымен күресті жүзеге асыруды,
өсімдіктердің жаңа сорттарын,
жануарлардың асыл тұқымдарын шығаруды, өсімдіктер мен жануарларды
жерсіндіруді, табиғат
ресурстарын тиімді пайдалануды, т.б. үйлестіріп отыратын
табиғат қорғаудың теориялық негізі болып табылады.
Биогеография - өсімдік және жануарлар географиясына бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: