Кесте № 1. Қазақстан территориясын ихтиогеографиялық бөлу.
Облыс
Провин
ция
Округ Учаске
Учаске
шекаралары
Эндем балықтар
Циркумп
олярлы
Мұзды
теңіз
Сібір
Ертіс маңы
Ертіс, Бухтарма су
қоймасы, Ертіс
сағалары - Ишим,
Тобол
Phoxinus sedelnikowi
Дала
Нура, Шідерті, Селет,
Олент жән т.б,
солтүстік Қазақстандағы
аң* жүйелері
Phoxinus czekanowckii
Ignatovi
Ырғыз-
торғай
Ырғыз, Торғай және Улы-
Жыланшық бассейндері
Эндем түрлер жоқ
Маркаколь
Маркаколь көлі бассейні
Brachymystax lenok
savihovi6 Thymallus
areticus bree, Cephacus,
Nemachilus
barbatulus markakulensis
Тарбагатай
Тарбағатайдың
ақыайтын солтүстік
беткейіндегі өзендер
Nemachilus strauchy
Zaisanicus
Еділдік
Орал, Эмба, Сағыз,
Ойыл, үлкен және кіші
Узень
Эндем түрлер жоқ
Аралдық
Сарысу және Шу
бассейндері тауға
Chalcaburnus
chalcoides aralensis
Жерорта
теңіздік
Понто-
каспий
аралдық
Каспий
елік
дейінгі бөлігі
Шу-
Сарысулы
қ
Сарысу және Шу
бассейндері тауға
дейінгі бөлігі
Esox luncus kirgisorum,
Leuciscus leuciscus
kisgisorum,
Capoetobrama
kuschakewitschi orientalis
Турк
естан
Сырдар
иялық
Сырдарья
лық
Сырдарьяның ортанғы
бөлігі
Pseudoscaphirhynchus
fedtschenkoi,
Leuciscus
squaliusculus,
alburnoides oblongus,
Capoetobrana
spinolosus
Таулы -
азиялық
Балхаш
Б
а
л
х
а
ш
Балхаш -
Алакол
Балхаш,
Алаколь,Сасыкк
оль,
Шалақоккол,
Уялы және т.б.
Schizothorax argeutatus,
Perea schrenki
Тент
ек-
Іле
өзенд
ері
Көлге құятын өзендердің
төменгі және ортаңғы
ағысы
Schizothorax
psedaksainsis,
Nemachilus scwerzowi
Жоңғар -
Іле
Жоңғар және Іле
Алатауының
өзендері
Phoxinus poljakovi,
Plabrachyarus
Ыстық
– көл
Көлдік
таулық
Көлдің өзі және оған
қуятындар
Leuciscus
schmidti,
L.bergi,
Schizothorax
issykkuli,
Dipt
olybowskii Lansdell,
Nemachilus
strauchi
ulachelicus
Т
а
л
а
с
Талас
Талас өзені бассейні
және кейбір ақпайтын
өзендер және Каратау
көлі
Leuciscus lindbergi,
Schizothorax saltans,
Diptychus micromaculatus,
Nemachilus
conipterus
63
Қазақстанда тұщы сулардағы, өтпелі және тұзды сулардағы жергілікті
балықтарды 9 отрядқа, 17 тұқымдасқа және 50 туысқа жатқызуға болады,
негізнен ол балықтар Понто-Каспий-Арал және солтүстік-жазықтық
фауналарының комплекстерінің өкілдері. Бірақта III дәуірдің тұщы суларының
және жас таулы-азия комплекстерінің өкілдері де айтарлықтай орын алады
.
Түрлік жағынан салыстырғанда ең көп кездесетіндері шамамен 50% ол
тұқы тұқымдасы (карповые) өкілдері.
Қазақстан ихтиофаунасында кездесетің түрлердің нақты санын айту
қазіргі кезде қыйындау өйткені ихтиологттар жаңа түрлерді уақытына
байланысты әрқалай анықтады. Яғни тәсілдері бірдей болмады. Кейбір
түрлер уақытша жасалған қазір жойылып кеткен су қоймаларында
сипатталды. Дегенмен шамамен айтуға болады Каспий теңізінен басқа
Қазақстан су қоймаларында жергілікті балықтардың 100 шақты түрі және
акклиматизацияланған (жерсіндірілген )20 түрі бар деп айтуға болады.
Қазақстанда кездесетін балықтардың түрлері «Рыбы Казахстана»деген
5 томдық еңбекте сипатталған авторлары проф. В.П.Митрофанов,
Г.М.Дукравец және т.б. Ол еңбектер 1986-1990 жылдары «Наука»
баспасынан шығарылды.
Қазақ тілінде «Қазақстанның балықтәрізділері мен балықтарының
қазақша-орысша анықтауышы» кітабы «Қазақ университеті» баспасынан
1999 жылы А.А.Баймбетов және С.Р.Тимирханов шығарды.
Қазақстанда балықтардың шамамен 100 түрі кездеседі деп жоғарыда
айтылды.
Онын
бәрінің
таралуын,
биологиялық
ерекшеліктерін,
өсімталдығын, санын және шаруашылықтағы маңызын толық сипаттаудың
қажеті жоқ деп ойлаймын. Сондықтан тек шаруашылықтағы өте маңызды
саналатын кейбір туыс өкілдеріне семинар сабақтарында баяндамалар
жасалынып талқыланады. Семинар сабақтарында:
1)
қортпа -белуга
2)
бекіре -осетр
3)
албырт- лосось
4)
торта- плотва
5)
ақмарқа - жерех
6)
қаяз - усач
7)
табан балық -лещ
8)
сазан - сазан
9)
алабұға - окунь
10)
көксерке - судак және тағы басқа туыстар өкілдері қарастырылады.
Бұл жерде шаруашылықта маңызы зор бір туыс балықтарын мысал
ретінде сиппатап өтейік. Семинар сабақтарында студенттер осы жоба
бойынша дайындалып баяндамаларын жасауы керек.
Род Cyprinus – Сазан
Сазан Cyprinidae – карповые - тұқытектестер тұқымдасына жатады.
Сазан туысынан Cyprinus carpio - сазан түріне сипаттама беріп өтейік.
Бұрынғы СССР территориясында 3 түрше, ал Қазақстанада 2 түрше
64
кездеседі. Оның бірі Cyprinus carpio aralensis Spitcshakov – арал сазаны.
Қазақстанда (батыс Қазақстаннан басқа) кең таралған Арал су алабынан
басқасына жерсіндірілген. Ұзындығы 40-45 (80) см, салмағы 2-2,5 (22,5) кг.
Кәсіптік түрі Қазақстанда Орал, Каспий және Эмбадан басқа барлық су
алабтарында мекендейді. Ал Орал, Каспий және Эмба су алабтарында
европалық сазан мекендейді. Бірақта Арал сазанының табиғи ареалдары Арал
бассейнімен шектеледі Амурдарья, Сырдарья, Зеравшан, Сарысу және Шу да,
көлдерді (Камышлибалық, Акчатау, Биликоль) су қоймаларын Шардара,
Бугунь және Ыстык-көлді қосқанда.
Басқа
су
қоймаларында
арал
сазаны
жерсіндірілген
және
республикадағы су алабтарына тарау үшін Шу өзенігдегі сазандар
пайдаланылған. Мысалы өткен ғасырдың (XIX) сонында шу сазаны Балхаш
бассейініне жіберілген, ал XX ғасырдың басында Таласс бассейініне жіберілді.
Ал 1930 жылдары сазан Балхаштан Алаколь және Зайсанға, Ертіс бассейніне,
ал 1940 жылдары Нура өзеніне жіберілді. Кейінірек сазан Ишим, Тобол,
Иртыш, Торғай өзендеріне және Ертіс-Карағанды су қоймаларына жіберілді.
Көбеюі, өсуі және жасы.
Арал сазаны 3-7 жылда (2-6) жыныстық пісіп жетіледі.Ареалының
оңтүстігінде солтүстікке қарағанда тезірек пісіп жетіледі. Мысалы ертерек
пісіп жетілуі (2-4 жылда дене ұзындығы 20-25 см болғанда) Шардара су
қоймасында және бүгунде байқалған (Ерещенко, 1970,1972), Балшах көлінде
(Иванов, 1971), Бухтарма су қоймасында (Федоров,1979) арал сазанының
пісіп жетілуіне 4-6 жыл қажет. Соңғы су қоймаларында аталық балықтар дене
ұзындығы 16-30 см болғанда 3-4 жылда пісіп жетіледі, ал аналықтары
ұзындығы 34 см болғанда 5 жылда пісіп жетілетіндігі анықталған.
Сазанның жеке өсімталдығы 12800 ден 2534000 дейін уылдырық болуы
мүмкін (В.П.Митрофанове және т.б., 1986). Сазанның жалпы өсімталдығы
Арал теңізінде және Сырдарья су қоймаларында өте жоғары. Ал Талас, Шу,
Сарысу, Іле өзендерінде өсміталдығы төмен. Бірақта барлық су қоймаларында
сазанның өсімталдығы балықтын денесінің мөлшеріне және жасына тікелей
байланысты екендігі анықталған. Мысалы Балхашта жоғары өсімталдығы 12-
16 жылдары болатындығы дәлелденген.
Арал сазанының өсу қарқындылығы оның мекендеген жағдайына
тікелей байланысты ең алдымен су қоймасында қоректік заттардың болуына.
Арал сазанының жасының жоғарғы шегі Балхаш көлінде (Иванов, 1971) – 19
жас, Арал теңізінде – 17 жас (Никольский, 1940), Боген су қоймасында
(Кузнецов, 1975), Шардарада (Дукравец, 1986) – 15 жас, Алакольде
(Стрельников, 1974) – 13 жас. Қазақстанның басқа су қоймаларында арал
сазанының жасы 10 жылдан аспайды.
Қоректенуі.
Су қоймасының жем-шөптік құрамының жағдайына байланысты арал
сазаны өзінің қоректену спектрін өзгертуге қабілетті. Бірақта Қазақстанның
көптеген су қоймаларында арал сазанының ең унатып жейтін тамағы ол
әсіресе насекомдардың личинкалары, ең алдымен - хиронамадтар. Оларға
қосымша зоопланктон және макрофиттер және де өсімдіктер және жануарлар
65
детриттері (өлі органикалық заттар). Өте жас балықтар түгел дерлік
зоопланктонмен (баяу ағыспен жылжитын жануарлар) көректенеді. Арал
сазаны жасы ұлғайған сайын негізнен жануарлардан және өсімдіктерден пайда
болған әртүрлі жем-шөптерімен қореқтенеді.
Саны және шаруашылықтағы маңызы.
Қазақстанда сазан балығы бекіре және албырт балықтарынан кейін ең
бағалы кәсіптік балық болып саналады.Тамаққа негізінен жаңа ауланған
кезінде пайдаланалады сазан спорттық балық аулау объектісі. Ыстық
қақталған немесе сурленген сазан жақсы гастрономиялық сапасымен
ерекшеленеді.
Сазанның қолға үйретілген формасы – карп (тұқы) балығы – үзақ
жылдары бойы тоғандық балық шаруашылығының жалғыз объектісі болып
келді. Мүмкін өзінің осы негізгі орнын болашақта да сақтауы мүмкін.
Сазан көп уақыт бойы негізгі кәсіптік балық болған көптеген
тұщысулық және тұздысулық балықтардың бірі болып келді. Мысалы 1958
жылдан 1965 жылға дейін Қазақстанда сазанды аулаудын мөлшері 150 мың
тонна шамасында болды. Орал-Каспий бассейнін мекендейтін европалық
сазанда кәсіптік балық қатарына жатады. Оның аулану мөлшері әр жылдары
әр қалай. Мысалы 1932-1951 жылдары европалық сазанды аулау мөлшері 2
мыннаң 17,6 мың тоннаға дейін өзгеріп отырды.
Арал сазаны өзінің аналық бассеінінде аулау ерте заманнан бері
жүргізілді. Совет үкіметі кезінде сазанды аулау мөлшері 1932 жылы 3,5 – 9,6
мың тонна болса соғыс алдындағы жылдары 4,5-12,5 мың тонна шамасында
болды. Орташа жылдық мөлшері 1932-1941 жылдары 9,3 мың тонна
шамасында болды. 1952-1961 жылдары 8,3 мың тонна болды. 1972-1978
жылдары Сырдарья және Амурдарья өзендерінің суы теңізге құйылуы
тоқталғанда Аралдан сазан аулау мөлшері 30-1500 тонна ғана болды. Арал
бассейніне қатысты су қоймаларында сазанды аулауды былайша сипаттауға
болады. Боген су қоймасында 1967-1977 жылдары 200-700 тонна шамасында.
Шардара су қоймасында 1970-1975 жылдары 122-1400 тонна шамасында
болды.
Ал енді басқа су қоймаларын қарастыратын болсақ олардағы сазанды
аулауды былайша сипаттауға болады. Шу өзенінің төменгі ағысында жылына
200-250 тонна, Таласс өзені бассейнде жылына 1000-1300 тонна шамасында
ауланды (Пивнев, 1985). Балхаш-Іле бассейнінде 1929-1941 жылдары
сазанды аулау мөлшері жылына орташа 10700 тонна шамасында болды.
Капчагай теңізі салынғаннан кейін Балхаш көлінің жағдайы нашарлай
бастады соған байланысты 1970 жылдары сазанды аулау мөлшері 2600 тонна
немесе 2,3 есе азайып кетті.
Капчагай теңізі салынғаннан кейін Іле өзенінің өзіндегі сазандарды
аулау 1971 жылдары 210-650 тонна болса 1984 жылы болғаны 40 тонна ғана
болды. Қапшагай теңізінен сазанды аулаудың жылдық мөлшері орташа 18-
253 тонна аралығында болды (Мельников, 1985).
66
Алаколь көлінде сазанды кәсіптік аулау 1934 жылы басталды. Сол
1936-1971 жылдар арасында жылына орташа 29-3358 мың тонна арасында
болды.
Зайсан – Бухтарма бассейнінде сазанды кәсіптік аулау 1949 жылы
басталды. Орташа жылдық мөлшері көлде 30-760 тонна ал су қоймасында 20-
300т шамасында болды.
Қазақстанның кішкентай су қоймаларында мысалы Сергеевскіде 4,6-30
тонна, Вячеславкіде - 3-16 тонна, Қаратомарда - 2-4 тонна, Ертіс-Қараганды
каналында 14-20 тона, Орал обылысы су қоймаларында 5-70 тонна, Актобе
обылысы су қоймаларында 256-676 тонна, Торгай -су қоймаларында 30-97,
Жамбыл - 100-150 т сазан ауланады.
Кезінде сазанды акклиматизациялау Қазақстанның су қоймаларынан
кәсіптік балық аулаудың мөлшерін улғайтты. Бірақта соңғы жылдары су
қоймаларынның гидрологиялық жағдайының нашарлауына және ол су
қоймалларына
басқа
сазанға
жем-шөпке
бәсекелес
балықтарды
акклиматизациялау жұмыстары (мысалы табан балық) сазанның жағдайына
нашарлатып ол кәсіптік аулауға жеткіліксіз болып барады. Сазанның
Қазақстан су қоймаларындағы қорын қалпына келтіру үшін су
қоймаларының экологиялық тутастаған сақтайтын шаралар қажет. Сазаның
қорын қалпына келтіру үшін жасанды көбейтуменде айналасуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |