67
14 Дәріс.
Қазақстанның құстар әлемі
Мақсаты:
Қазақстанда кездесетін құстар
туралы және Қызыл кітапқа
енгендері туралы түсінік беру. Биологиялық алуан түрлілікті тепе-теңдікте
сақтап пайдаланудың жүйелі тәсілімен таныстыру.
Кілттік сөздер:
жүйелі кесте, экологиялық тауша, конвенция
Негізгі сұрақтар:
1)
Қазақстандағы құстардың түрлер саны және қызыл кітапқа енген
құстар түрлері
2)
Қазақстан обылыстарындағы құстардың салыстырмалы саны.
Алматы
облысында ұя салатын, қыстайтын,
кездейсоқ ұшып келетін және
территория арқылы ұшып өтетін құстардың түрлерінің саны
3)
Биологиялық алуан түрлілікті тепе-теңдікте
сақтап пайдаланудың
жүйелі тәсілінің негізгі принциптері
Құстар казіргі кезде 28 отрядқа жатқызылады олардың 9000
шамасында түрлері бар (БЭС 1986). Құстар Арктикадан Антарктика
жағдайларына дейін барлық табиғат аймақтарында кездеседі. Құстардың 80%
жуығы тропикалық аймақтарда кездеседі.
Проф. Ковшарь А.Ф. (1988) мәлімті бойынша Қазақстанда жылдың
әртүрлі мезгілдерінде 480 құс түрі кездеседі. Ол құстар түрлері 23
отрядқа
жатады.
Қазақстанда кездесетін 480 құстар түрінің қызыл кітапқа енгендері:
1.
Қара дегелен (черный айст)
2.
Қокиқаз (фламинго розовый)
3.
Сұңқылдақ аққу (лебедь-кликун)
4.
Кутұмсық, қытай қазы (сухонос)
5.
Жекдуадак (джек)
6.
Орақтумсық (серноклюв)
7.
Алтай улары (алтайский алар)
8.
Бидаяқ (шахин)
9.
Ақ сұңқар (крегет)
10.
Үлкен мықы (европейский тювик)
11.Жұртша (стервятник)
12.
Құмай (кумай)
13.
Қара құс (могильник)
14.
Дала қыраны (степной орел)
15.
Жұмақ шыбыншысы (райская мухоловка)
16.Көкқұс (синяя птица)
Сонымен, Қазақстанда кездесетін 480 құстар түрінің 16 түрі сирек
кездеседі немесе жойылып бара жатыр сондықтан олар қызыл кітапқа
ендірілген.
Қазақстан обылыстарынды құстардың
таралуына келетін болсақ
әдебиеттерде қай обылыстарда қандай құстар ұя салатын, қыстайтыны,
кездесетіні, ұшып келетін және қандай құстар ұшып өтетіні туралы дәл
68
мәліметтер бар (Ковшарь, 1988). Ол мәліметтермен
семинар сабақтарында
танысып талқылауға болады.
Семинар сабақтарында қандай жоба бойынша дайындалып баяндама
жасау керектігін көрсету үшін тек бір облысты Алматы обылысын мысалға
алып танысып өтейік. Алматы обылысында құстардың 345 түрін кездестіруге
болады, олардың 248 түрі мысалы: ителгі (сокол - балобан), үкі (филин),
жекдуадақ (джек), құз кептер (скалистый голубь) қаратөс торғай (испанский
голубь), қара сайлақ (черный дрозд) және т.б. ұя салады.
Құстардың 28 түрі Алматы обылысында қыстайды мысалы: жүкбалақ
тілеміш (мохноногий курганник), ақ жапалақ (белая сова),
кәдімгі сұлыкеш
(обыкновенная овсянка), шымшық (чиж), шекілдек ( чечетка) және т.б.
Құстардың 64 түрі Алматы обылысы территориясынан ұшып өтеді
мысалы: дуадақ (дрофа), дала құладыны (степной лунь), айдарлы аражегіш
(хохлатый осоед) және т.б.
Алматы обылысы территориясына құстардың 5 түрі ұшып келеді.
Мысалы ақ тырна (стерх), қылқұйрық сурқарлығаш (иглохвостый стриж),
теңбіл шырылдақ (пятнистый сверчок) және т.б.
Қазақстан облыстарын құстардың түрлері
санын салыстырын қарасақ
онда проф. Ковшарьдың (1988) мыíаäàй мәліметтерін келтіруге болады.
Алматы обылысында ұя салатың, қыстайтын, кездейсоқ ұшып келетін және
территория арқылы ушып өтетін құстардың түрлерінің саны – 345, ал шығыс
Қазақстан обылысында – 319, солтүстік Қазақстан обылысында - 164,
Маңгышлақ облысында - 231. Шығыс Қазақстан облысында -319, Солтүстік
Қазақстан обылыснда - 164, Маңғыстау обылысында - 231.