Дәріс Кіріспе. Қазақстандағы биологиялық алуантүрлілік жағдайын қысқаша талдау. Өсімдіктердің биологиялық алуантүрлілігі Мақсаты



Pdf көрінісі
бет33/34
Дата15.09.2023
өлшемі0,86 Mb.
#107974
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34
Байланысты:
Дәріс Қазақстан биоресурстары

 
15 Дәріс. Биологиялық алуан түрлілікті тепе-теңдікте сақтап 
пайдаланудың жүйелі тәсілі және негізгі принциптері 
Академик И.О. Байтулиннің ойынша қазіргі кезде Қазақстанның көптеген 
региондарындағы экологиялық жағдай нашар. Шөлге айналу процесі кең 
масштабта жүруде. Соның нәтижесінде табиғи ресурстар экологиялық 
деградацияға ұшырап ол биологиялық өнімділіктің жоғалуымен қатар жүруде. 
Қазақстандағы шөлге айналған жерлер ауданы бүкіл Қазақстан 
территориясының 59,9

шамасында. Жерлердің мұндай масштабта 
деградацияға ұшырауының себебі ССРО-да дамудың негізгі идеологиялық 
принципі ол адамға табиғатты бағындыруда басымдық экологияға емес 
экономикаға берілді. Табиғаттың қулдырау (деградация) процесі одан әрі 
күшеймеу үшін ең алдымен жалпы мемлекеттік деңгейде Республикалық 
экологиялық саясатты анықтау керек. Онда қоғамның дамуындағы 
экономика және экология мәселелерін сәйкестендіру мемлекеттік дәрежеге 
шығарылуы керек. Сосын ұлттық экологиялық бағдарлама жасалып ол 
бағдарлама қоғамның даму стратегиясының құрамалы бөлігі болуы керек. Әр 
облыстың және ауданның өзінің региондық табиғатты қорғау стратегиясы 
болуы керек. Ол стратегия ұлттық экологиялық бағдарламаның бөлігі болуы 
керек. Тек осындай табиғатты қорғауға келісілген әдістеме болғанда ғана 
табиғатты қорғау қоғамның даму жоспарына қайшылыққа келмейді. 
Әр облыс және район үшін қорғауды қажет ететін өсімдіктер және 
жануарлар түрлерінің экосистемалардың және басқада табиғат обьектілерінің 
тізімі жасалуы керек, олардың ғылымдағы және практикадағы бағалығы
және экосистемадағы мәдениеттегі және тарихтағы ролі көрсетілуі керек. 
Әсіресе этолондық экожүйелерді, әртүрлі өсімдіктер және жануарларға бай 
эндемизм орталықтарын, мәдени өсімдіктердің және үй жануарларының 
жабайы туған туыстарының таралған жерлерін, реликті сирек және жоғалып 
бара жатқан өсімдіктер және жануарлардың басқада бірегей табиғи 
обьектілерді өзгеруден немесе модификациядан сақтандыратын шаралар 
жасалуы керек. 
Әрбір жоба (проект)- кішкентай немесе үлкен жалпы мемлекеттік 
жергілікті немесе мекемелік, қоршаған ортаға зиян келтірмейтіндей етіп 
жасалуы керек және міндетті түрде экологиялық экспертизадан өтуі керек. 
Әскери базалар территориялары толық масштабты экологиялық 
тексеруден өтуі керек. Бұл базалар қоғамның бақылауынан тыс қалған және 
өте жиі олар ластанудың таралуының ошағы болып табылады. 
Жоспарлайтын жобалайтын өндірістік және ғылыми мекемелердің 
жұмыстарының басы бірікпеушілігі көптеген региондарда халықтың ауруына 
жүйелі санақтың жоқтығы экологиялық ситуацияға ғылыми тұрғыдан баға 
беруді қиындатады. 
Ең алдымен барлық бар материалдарды жинақтап мұқият 
инвентаризиция жүргізіп табиғи ресурстардың (топырақ, өсімдіктер, 
жануарлар дүниесі) жағдайын анықтап біздің жер асты байлықтарымыз
қалай жұмсалып жатқанын анықтап, олардың қанша жылға жететіндігі 


70 
болашақ ұрпаққа не қалатынын білу керек. 
Академик И.О. Байтулиннің (1996) пікірінше орнықты дамудың ұлттық 
стратегиясында мыналар болуы керек: 
1)
Қазақстан Республикасының ұлттық экологиялық саясаты 
2)
Жалпы мемлекеттік қоғамның даму бағдарламасының құрам бөлігі 
ретінде ұлттық экологиялық бағдарлама 
Биосфера ресурстарын қорғап және тиімді пайдалану жердің биологиялық 
өнімділігін арттыру және өндірістің дамуына байланысты кен масштабты 
антропогендік өзгеріс болып жатқанда қолайлы экологиялық ортаны сақтау 
шараларын жетілдіру тек кең биогеоценологиялық негізде жүйелі келісте 
(системных подход) ғана мүмкін. 
“Система” деген термин грек тілінен “целое” яғни “бүтін, тұтас” деген
мағана береді , ол жеке бөліктерден құралады, Қазіргі ғылыммен
техниканың даму кезеңінде система- жүйе дегеніміз бір-бірімен тығыз 
байланыстағы белгілі бір бүтін жүйені құратын көптеген элементтер 
жүйеліліктің негізгі принциптері. 
1.
Тұтастық немесе бүтіндік жүйенің қасиеттері оның құрамындағы 
элементтердің жиынтығы емес, өйткені элементтердің жиынтығынан 
бүтіннің қасиеттері шықпайды, әрбір элементтің қасиеті және жүйеге қатысы 
оның тұтастық ішіндегі орнына, қызметіне бағынышты 
2.
Құрылымдықтар – байланыстардың тармағы және жүйелердің қарым – 
қатынасы. 
3.
Жүйелер және ортаның өзара тәуелділігі – жүйе ортамен әрекеттестік 
процесінде өзінің қасиеттерін қалыптастырып көрсетеді. Екі жақтың өзара 
қатынасында жүйе оның жетекші белсенді компоненті болып қалады. 
4.
Тұтастықтың (бүтіннің) элементтерін жоғарыдан төмен қарай 
орналастыруда жүйенің әрбір компоненті өз кезегінде жүйе ретінде 
қаралады. 
5.
Әрбір жүйені көп рет сипаттау. 
Биологиялық алуан түрлілікті тепе–теңдікте сақтап пайдаланудың 
ұлттық стратегиясы басқару жүйесіне жатады және жүйе
жиынтығын, басқарудың жеке жақтарын көрсетуі керек: мақсатын, 
тәсілдерін, орындарын, кадрларын, техниканы және технологиясын және т.б. 
Ұлттық стратегияның бағыты, ниеті ол – Биологиялық алуан түрлілікті тепе – 
теңдікте сақтап пайдалануда қоғам талабына және планетамыздағы 
тіршіліктің дамуының объективтік заңдылықтарына сәйкестендіру. 
Басқару жүйесінің тиімділігі оның басқарған объектісінің тіршілікке 
қабілеттілігіне және қызметі көрсеткіштермен бағаланады (Бронинков, 1976). 
Жүйелі келіс ғылыми біліктіліктің методологиясы бағытын көрсетеді, оның 
негізіне обьектілерді, құбылыстарды, процестерді зерттеу, обьектілердің 
байланыстарының әртүрлілігін айқындау және олардың барлығын бүтін 
бірлестікке алып келу жатады. 
Биогеоценоз компоненттері кеңістікте бір-бірімен конкуренциясы нашар 
болатындай болып таралады. Бұлай орналасуды биогеоценозда жер бетіндегі 
және жер астындағы ярустылығынан көруге болады, әрбір түр өзінің 
тіршілігін қамтамасыз ететін кеңістікте яғни өзінің экологиялық таушасында 


71 
орналасады. 
Экологиялық тауша (Экологическая ниша) деген түсінікті қауымдар 
структурасындағы түрдің орнын көрсету үшін американ орнитологі ЖД. 
Гринвел (1917) енгізген (Байтулин 1996). Адамдар тіршілігіне байланысты 
экожүйелердің 
бөліктері 
өзгерістерге 
(трансформацияға) 
ұшырады, 
антропогендік ландшафтар пайда болды, ал олардың жағдайына аймақтың 
көптеген түрлері бейімделмеген. 
Техногендік ландшафтардың, құмдағы массивтердің, кесілген ағаштардың 
және т.б. қалпына келу ерекшеліктерін зерттеу өсімдіктер қауымдарының 
табиғи қалыптасу жолдарын айқындауға мүмкіншілік береді. Сол білімдердің 
нәтижесінде деградацияға ұшыраған қауымдарды қайта құрып қалпына 
келтіруге бағытталған экологиялық тұрғыдан ақталған ұсыныстар жасауға 
болады.Табиғи бейнедегі жаңа агроценоздар құруға болады. 
Биологиялық алуан түрлілікті тепе- теңдікте сақтап пайдалану шараларын 
жасаудың алғашқы кезеңі ол фундаментальді есеп және жағдайын талдау. 
Биологиялық алуан түрлілікті дәл тізімге алып түгендеп яғни 
инвентаризация жасап жүйеге келтірілген мәліметтер болғанда ғана 
конвенция ережелерін талабын тиімді орындау шараларын жасауға болады. 
Қазақстанда бұл бағытта біраз жұмыстар жасалды. Бірақта, әліде келешекте 
көп жұмыстар жасалуы керек. 
Биологиялық алуан түрлілікті тепе-теңдікте сақтап пайдалануда конвенция 
деградацияға ұшыраған табиғи жүйелерді қалпына келтіру мәселесіне 
маңызды орын береді. Биологиялық алуан түрлілік туралы конвенция №8 
бабында (пункт F) былай жазылған әрбір келісім шартқа отырған ел 
"Деградацияға ұшыраған экосистемаларды қалпына келтіруге тиімді 
пайдаланудың стратегиясын және жоспарын жасап шара қолданады". 
Әрбір келісім шартқа отырған ел оның нақты жағдайына және 
мүмкіншіктеріне сәйкес: 
1)
Биологиялық алуан түрлілікті тепе-теңдікте сақтап пайдаланудың ұлттық 
стратегиясын, жоспарын немесе бағдарламасын жасайды немесе жетілдіреді. 
2)
Тиісті бөлімдер (сектор) және бөлімдераралық жоспарларда, 
бағдарламаларда және саясатта мүмкіндігінше және мақсатқа сәйкес 
шаралар алдын-ала ескеріледі. 
Біздің 
Республикамызда 
табиғатты 
тиімді 
пайдаланудың 
ұлттық 
бағдарламасы жасалған, шөлге айналумен күресудің ұлттық стратегиясы 
жасалуда. Сондықтан биологиялық алуан түрлілікті тепе-теңдікте сақтап 
тұрақты пайдаланудың стратегиясы, бағдарламасы осы жоғарыда көрсетілген 
және басқа да Республикамызда қабылданған табиғатты қорғауға
байланысты құжаттармен келісілген болуы керек және еліміздің
биологиялық ресурстарын қалпына келтіру тиімді пайдалану және қорғау 
жүйесіне кірістірілген болуы керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет