382
ҚОСЫМША
Кәмен Оразалин 1920 жылы 16 маусымда қазіргі Шығыс Қазақстан облысы
Абай ауданы Құндызды ауылының Қылышбек жайлауында туған. 1939 жылы орта
мектепті тәмамдап, Қызыл Армия қатарына алынып,
кіші командирлер мектебін
бітіреді. 1947 жылы Семей педагогикалық институтының қазақ тілі мен әдебиеті
факультетін бітірген. Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1950 жылы алғаш рет
«Жексен» повесі жарық көрген. «Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген мұғалімі». Октябрь
Революциясы, III-ші дәрежелі «Даңқ» ордендерінің, «Парасат» орденінің және
көптеген медальдардың иегері. Төрт рет
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің
Грамотасымен марапатталды.
Қарт Семейдің тарихы
Семей қаласында Абай өмірімен байланысты тарихи жерлер өте көп.
А.Е. Врангель 1833 жылы туып, Петербургтегі лицейде оқыған. Лицейді бітірген
соң, Врангель заң министрлігінде істей жүріп, 1854 жылы Семей облысы
құрылғанда облыстық прокурор болып сайланады. Сол кезде Врангель 21 жаста
еді, ол Семей қаласының сол кездегі келбетін, қаланң жағдайын жинақтап жазып
отырған, кейіннен кітап қылып бастырған..
Врангель кітабынан:
«…Семей
жартылай қала, жартылай деревня сияқты еді. Қала халқының
саны 5-6 мыңдай болатын. Жартылай отырықшы қазақтар Ертістің сол жақ
жағалауын мекендейді. Олардың көпшілігі киіз үйде тұрады. Кей бай адамдардың
ағаштан салынған үйлері де бар. Олар үйлеріне тек қыс түссе ғана көшіп келеді. Ол
жақтағы халықтың саны (қазақтар) 3 мыңдай.
Қалада бір шіркеу, 7 мешіт бар. Түйеге, атқа жүктерін теңдеп келген
керуендер, үлкен
айырбас сауда сарайы, казарма, қазыналық госпиталь және
мекеме үйлері болатын.
Уездік бір мектептен басқа оқу орны жоқ. Бір ғана дәріхана бар. Барлық
керек жарағың, ұсақ-түйек, яғни кәдімгі шегеден бастап, Парижден келетін иіс
майға дейін сатылатын бір дүкен болатын. Кітап дүкені дегенді ауызға алмасаң да
болады. Қаладан газет алдырып оқитын 10-15-ақ адам болса керек. Бүкіл
Семей
қаласында бір-ақ фортепиано болушы еді».
Бұл Абайдың Семейде медреседе оқып жүрген кезіндегі бейнесі еді.
Абай көшесі-83 Бекбай қарттың үйі болған, Абай осы үйге түсетін. Қала
адамына да, қыр қазақтарына да ыңғайлы үлкен аулалы үй еді.
Комиссарский-132, екі қабатты кішірек үй бұл Әнияр Молдабаевтың үйі еді.
1883 жылы Өлкетану мұражайы құрылып, қоғамдық кітапхана ашылды.
Өлкетану мұражайын ашушылардың, ұйымдастырушылардың бірі-Абай. Ол
өлкетану мұражайына 60-тан астам бағалы заттарды әкеп берген.
Ямышевский атанған тарихи бекініс қақпа бұрынғы Большая Владимировка,
кейін Совет көшесі, қазіргі Абай көшесінде тұр..
Ертеректе Слаботка деп, одан кейін Алаш қаласы деп, кейіннен Жаңа Семей
атанған шаһарды әлі күнге қыр қазағы «бер жақ» дейді.
Жаңа Семейдегі Ертістің жағасының ең биік жерін ертеректе «Қайық ауызы»
383
дейтін. Қазір мұнда «Турист» қонақ үйі мен өзен вокзалы салынған.
Совет көшесі, Абай көшесімен жарыса, бұл күндері бұрын «Крепостная» бұл
күндері Достоевский есімі берілген көше бар.
Қазіргі Неке сарайы орналасқан жерден жоғарырақ жерде Абай заманында
Ақ диірмен атанған ұн тартадын диірмен бар. Дәл осы жерден халықты қаланың
екінші жағымен байланыстырып, паром жүріп тұрған.
Абайдың жас шағында Семейдің өзін үш топқа бөліп тастаған.
Қаланың солтүстік жақ бөлігін қазақ-орыс слабодкасы деп, ал оңтүстік
жағын татарлар мекені, қаланың дәл ортасын бекініс деп атаған.
Семейдің «жеті шатыр» атануы орыс жұртының бұл маңға келуімен
байланысты. Қалаға бекініс салғаннан кейін қазақтар арғы жағаға ысырылады.
Бірақ ата жұртынан кетпейді. Қазіргі Жоламан селосынан Мұрат, Жайылма өңірін
қалың қазақ ауылдары жаз күндері жайлау еткен. Бертін
келе қазақ байлары да
арғы жағадан үй салдыртып, Семей қаласының қарсысына орын тепкен.
«Полковник аралы» деу де беріректе аталып кеткен. Абайдың іні-бауырлары
Исраил, Әрхаш ақсақалдың бұл аралды «Түйе мойнақ» деп атайтынын кейінгі жұрт
көп айтатын. Шәкәрім атамыздың замандастары Сабыржан, Әлмәнбет, Балғабай,
Шоқан, Рақым ақсақалдар дүниеден кеткенше ескі атымен «Түйе мойнақ» деп
кетті. Аралдың өзі де Ертістің ағысын өрлей, өзеннің бойымен түйе мойынша
созылып жатыр.
Қала
салынбай тұрып, ар жақты жайлайтын бір байдың айтулы атаны
жоғалып, жаз бойы табылмапты. Атанның қайратына сенетін бай «қолды болды»
деп қойса керек. Күз түсіп, ел қыстауына көше бастаған кезде, Ертістен мал суарып
жүргендер, ағысты қақ жарып, малтып келе жатқан бір дүлейді көреді де,
шошынып қашады. Сөйтсе, бұл жоғалған түйе болып шығады. Жаз бойы ағаштың
жапырағын, аралдың тәтті-дәмді шөбіне семірген түйені көргендер «Түйе мойнақ»
аралының қасиеттілігіне таңданысыпты. Ертісті түйе түгел аттардың да еркін
малтып өте беретінін әңгіме ету-бұл өңірдің адамдары үшін
ерекшелік болып
есептелінбейді.
«Түйе мойнақ» аралы жайлы әңгімелерді М.Әуезов те жиі айтатын.
Семинарияда оқып жүргенде, ең жиі келетін жері еді.
Достарыңызбен бөлісу: