50
нің жаңа «халықтық үш қағидасы» талқыланды: «ұлтшылдық»-
шетелдіктердің зорлық-зомбылығын жою; «халық билігі»-мили-
таристерді үкімет билігінен қуу; «халық берекесі»-мемлекеттің
халықты әлеуметтік жағынан қорғауы.
Гоминьдан партиясының Жарғысында үш саяси бӛлім
сақталды: Кеңестік Ресей және ҚКП мен одақ құру, жұмысшы,
шаруаларға қолдау кӛрсету. Ал ҚКП-ның Бағдарламасында мы-
надай нысандар қаралды: 1) әскери бірігу; 2) алты жылдық қам-
қорлық кезеңі; 3) конституциялық басқаруға кӛшу. 1924 жылы
мамырда Ванпу (Хуанпу) аралында (Қытайдың оңтүстігі)
КСРО-ның кӛмегімен офицерлер мектебі ашылды.
Бірінші Азамат соғысы.
1924 жылы қазан айында
Чжилидегі генералдар тобынан шыққан Фэн Юйсян Пекиндегі
Чжан Цзолинге қарсы соғыс ашып, билікті ӛз қолына алды. Ол
Сунь Ятсенмен, Гоминьдан партиясымен және ҚКП-мен байла-
ныс орнатып, тіпті КСРО-дан да кӛмек сұрады. Ол әскерін Ұлт-
тық Армия ден қайта жасақтады. Фэн Юйсяннің қолбасшылы-
ғында үш армия: біреуі - Пекинде, ал екеуі - Хунань провинция-
сында болды. Фэн Юйсян Қытайда коалициялық партия құру
үшін Сунь Ятсенді Пекинге шақырды. Сонымен 1924 жылы қа-
рашада Сунь Ятсен тұтас мемлекет құру үшін Пекинге келді.
Бірақ ол кезде Сунь Ятсен ӛте қатты науқас болатын. Ауру ӛз
дегеніне жетіп, 1925 жылы наурызда бірнеше ай Пекинде ауы-
рып жатқан
Сунь Ятсен қайтыс болды
. Алайда, Қытайда одан
басқа беделді қайраткер болған жоқ. Сунь Ятсеннің қазасынан
кейін Гоминьдан партиясы ішінде билік үшін күрес басталды.
Гоминьдандағы алдыңғы қатарлы рӛлге таласып жүргендердің
бірі, әскери қызметкер
Чан Кайши
болды. Дегенмен, Оңтүстік-
тегі үкімет билігін Ван Цзинвэй басып алды.
Достарыңызбен бөлісу: