А. М. Сманова- алматы: ҚазМемҚызПУ, 2012. 234 б


«Ҥлкен секіріс» және оның зардаптары



Pdf көрінісі
бет38/134
Дата16.09.2023
өлшемі1,31 Mb.
#108066
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   134
Байланысты:
Сманова-А.М.-Азия-және-Африка-елдерінің-қазіргі-заман-тарихы

«Ҥлкен секіріс» және оның зардаптары.
Қытайдың ке-
ңестік үлгі деңгейінде даму жолдарындағы жаңа қадамы әлеу-
меттік-экономикалық саясатта «үлкен секіріс» және деревнялар-
ды коммунистік жолға салу болды. 1958 жылы мамырда Мао 
Цзэдун ауылдарда халық коммуналарын ұйымдастыруға шақыр-
ды. Бұл саясат негізінде жаңа ӛмір құрылысында Кеңес Одағын 
басып озуға ұмтылу идеясы болды. Мұнда тек еңбек және негіз-
гі ӛндіріс кӛзі ғана емес, сонымен бірге шаруалардың жеке мен-
шігі де кірді. Кірісті бәріне бірдей бӛліп беру орнады, ең бірінші 
кезекте ортақ асханалардан тегін тамақ ішу. Осының барлығы 
казарма түрінде болып, материалдық қызығушылық қағидасы-
нан нақты бас тарту басталды. Ондағы басты ұран «үш жыл 
ауыр күрес-он жыл бақыт» деп аталды. Бірақ бұл одан да кӛп 
жылдарға созылды. Ӛндіріс ӛнімі 2,5 есеге ӛсті, елде жаңа ӛнді-
ріс орындары мен жергілікті әдістер бойынша болат балқыту 
қолға алынды. Барлық жерлерде, ауылдарда, институттардың
мектептердің, емханалардың, театрлардың аулаларында жүзде-
ген мың шойын және болат балқытатын пештер, тау-кен және 
қазбалар пайда болды. Сонымен Қытайды алдыңғы қатарлы дер-
жаваға айналдыратын «үлкен секіріс» осылай басталды. 
Алайда, халықтың үлкен күші жұмсалған кӛп кӛлемді ең-
бек шикізаты шығын болып, металдың кӛп бӛлігі және басқа 


58 
ӛнімдердің сапасы ӛте тӛмен болды. Әсіресе ауыл шаруашылы-
ғы ауыр дағдарысқа ұшырады. 1959 жылдың ӛзінде ел аштықты 
сезіне бастады. Ӛз жекеменшігінен айырылған шаруалардың ең-
бекке деген белсенділігі тӛмендеді. Партия басшылары жағынан 
болған сарапшылардың саны қуғын-сүргінмен аяқталды. Мао 
Цзэдун идеясына қарсы шыққан армия арасында да тазалау бас-
талды. 
КСРО-мен байланыс нашарлады. 1950 жылдары КСРО
Пекинге ұзақ мерзімге несие беріп, ӛз мамандарын жіберіп 
отырса, 1960-шы жылдары оларды кері қайтара бастады. Осы 
«үлкен секіріс» жылдары ҚХР-ның ауыл шаруашылық ӛнімі
3 есеге, ұлттық кіріс 4 есеге қысқарып кетті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   134




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет