*
Көне заманның адамы өзіне сену қасиетін мəңгілік кеңістік дүниесінен, оның ішінде табиғаттан алды.
*
Жаңа заманда (ХVІІ-ХІХғ.ғ.) мəдениеттің көптеген теориялары өмірге келді. Бұл дəуірдің мəдениет теориясына үлес қосқан
өз алыптары болды. Олар (Англияда — Толанд, Францияда — Вольтер мен Монтеське, Германияда — Лессинг, Шиллер, Гете)
дүние мен адамзат жайындағы ақиқатты айту құқығын діннен тартып алып, адамның ақыл-ойының тəуелсіздігін
батыл
қолдады. Адам өзінің табиғи жаратылысынан-ақ қабілетті, ақылды жан, соны тиімді пайдаланудың нəтижесінде адам игілігіне
сай қоғам құруға қабілетті.
*
Ұлы неміс философы Иммануэль Кант (1724-1804) «ақыл-ойға» табынған. Ол француз ағартушыларының дүниенің
негізінде «ақиқат», «қайырымдық» деген идеяларын қолдай отырып, мəдениет ұғымын моральдық тұрғыдан басқаша əрекет
жасады. Канттың «мен үшін екі құпия нəрсе бар, олар: жұлдызды аспан мен адамның ішкі рухани дүниесі» деген қағидасы
кең таралған. Кантта мəдениеттің мағынасы – адам бойындағы хайуандық сезімнің бастауы, ақыл-ойдың немесе
адамгершіліктің көмегімен жеңуге əкеліп тіресе, ұлы ойшылдың бірі Фридрих Вильгельм Шеллинг (1775-1854) мəдениетті
эстетикалық
тұрғыдан ұғынып, меңгеруді басты орынға қойып, мəдениеттің басты мазмұны адамдардың көркемдік қызметі
деп атады.
*
Болмыстың адамгершілік (моральдық) жағына ерекше мəн бере отырып, мəдениетті адамды хайуандардан айыруға мүмкіндік
беретін құдайдың адамға берген ерекше қабілеті адам бойындағы қайырымдылық пен ізгілік қасиеттерді «келісімді
императив» деп атады. Бұл идеяға ұқсас идеяларды Спеноза, Фейербах, Маркс, Фрейд сияқты ұлы философтар айтқан. Кант
ұғымынша «мəдениет – табиғаттан бостандық патшалығына» барар жол.
*
ХІХ ғасырда мəдениет мəселелерімен тығыз айналысқан ғалымның бірі, ағылшын ойшылы Эдуард Бернетт Тайлор
(1832-1917) болды.
Ол «мəдениет жөніндегі ғылым-реформалар жөніндегі ғылым» деп тұжырымдай отырып, мəдениетті
үздіксіз даму үстіндегі процесс деп қарастырды. Нақты идеалды тұрғыдан мəдениет – жеке адам мен бүкіл қоғамды адамның
бақыты мен болашағы жолындағы құндылықтарды дамыту арқылы адамзат баласын жан-жақты жетілдіру болып табылады.
Тайлор мəдениетке адамның
ақыл-ойы мен еңбегінің жемісі, дəлірек айтқанда материалдық жəне рухани құндылықтар ретінде
қарады.
5
6
Көне заманнан бастап ХІХ ғасырдың аяғына дейін мəдениеттанымдық ойдың дамуын ғылыми тұрғыдан
қарастыра отырып, қысқаша қорытынды жасауға болады. Еуропада кеңінен тараған мəдениет ұғымы діни сипатта
мынадай қағидаларға келіп тіреледі:
а) мəдениетті ақыл-ойдың не табиғи сезімнің көмегі арқылы түсіну;
ə) мəдениетті ішкі адамгершілік заңдарының көмегімен тану (Кант);
в) ең соңында мəдениеттің адамзаттың тегіне қатыстылығы жəне оның абсолюттік идея мен дүниежүзілік
рухты жүзеге асырудың құралына айналғандығы (Гегель);
г) адамзат мəдениеті үздіксіз дамып, өркендей отырып эволюция мен прогрестің жалпы заңдарына сөзсіз
бағынады.
Мəдениет – адамзат баласының қызметінің жемісі деп есептелді. Мəдениетке байланысты қағидаларды,
ағартушылық кезеңінің ойшылдары жаңа мəдени үлгілері (адам, қоғам,
мемлекет, құқық, философия) жасауға
тырысты жəне өткен заман мен жаңа заманның мəдени тəжірибесін жаңаша сын елегінен өткізе отырып
қарастырды.
*
1.Мəдениет түсінігінің дамуы мен логика тарихы.
*
Анықтаманың əр түрлілігі. Мəдениеттану – мəдениет туралы ғылым, алайда ойшылдар көптен бері
мəдениеттің өзіне анықтама беруді ойластырып келеді. Əсіресе бұл мəселе «мəдениет» түсінігі қазіргі
заманғы қоғамда фундаменталды түсінік болып қалған кезінде аса маңызды.
Оның бірнеше
анықтамалары бар, оның саны да үнемі артып келеді. Батыстық мəдениеттанушылар санағандай егер
1871 жылдан 1919 жыл аралығында тек қана жеті анықтама берілген болса, ал 1950 жылдан 1990
жылдары – 400 артық анықтама берілген.
*
«Мəдениет» сөзі – қазіргі заманғы қоғам танудың тек қана фундаменталды түсінігі ғана емес, ол
күнделікті қолданыстағы тілдің, күнделікті тұрмыстың ажырамас бөлігі. Мəдениет туралы айтқанда ол
тұрмысты реттейтін
жағдайлардың барлығын қамтиды, адамзат тілінің тазалығы, көркемдігі, əдебі мен
заңдылықтары сақталған қоғамға басшылық ету, театрлардың, мұражай мен кітапханалардың болуы,
оған бару т.б.
*
А.С.Карминнің классификациясы. Күнделікті санада мəдениеттің түсінігі,деңгейі
анықталмайды, тек
қана эмпирикалық түрде түсіндірумен шектеледі. Олардың мағыналары аз, əрі бір тектес. Мəдениеттің
ғылыми түсінігі көп түрлі, себебі ол əр түрлі ғылымдар арқылы беріледі. Олар социологиялық, мəдени-
антропологиялық анықтамалар.
Достарыңызбен бөлісу: