Аксиология
(
грек
,
axios
-құнды,
logos
- ілім) -құндылықтардың табиғаты, олардың əлеуметтік шындықта
аталған орны жəне құндылық əлемінің құрылымы туралы философиялық ілім. Мəдениеттануда құндылықтар
мəселесі ерекше орын алады, өйткені, мəдениет адамзат жасаған барлық құндылықтардың жиынтығы деген
түсінік кең тараған. Құндылықтардың болмыстық жалпы мəнін ашуға бағытталған Аксиологияның
философиялық қырынан, оның мəдениеттанулық өлшемі өзгеше болып келеді. Аксиология əртүрлі
өркениеттердің жетістіктерін, мəдени құндылықтардың қалыптасуын, нақтылы даму тектерін жəне
бағдарларын айқындайтын білімдердің нақтылы-тарихи жүйесі ретінде көрініс тапты. Бұл əсіресе тарихи
мəдениеттануда анық байқалды.
Мəдениет
— адамдық қарым-қатынастарды реттеудің маңызды тұлғалық
əлеуметтік тетігі, ал құндылық — норма, үлгі, мұраттармен қатар осындай реттеу жүйесінің шешуші элементі
екендігі белгілі. Сол себепті Аксиология əлеуметтік-мəдени талдаудың маңызды құралына жатады.
Қазіргі
мəдениеттануда
құндылықтардың тарихтан тыс əмбебапты жүйелерінен бас тартып, тарихи əдістеме
арқылы тең құқықты құндылықтар жүйелерінің молдығына негізделген мəдени-тарихи релятивизм мектебі
(Дильтей, Шпенглер, Тойнби, Сорокин, т.б.) қалыптасты. Салыстырмалы мəдени зерттеулердің дамуы
нəтижесінде кез келген
мəдениет
құрылымының, басымдылықтарының жəне мазмұнының салыстырмалылығы
туралы
идеялар
(Боас,
Риверс,
Бенедикт)
өрістеді.
Сонымен
қоса,
Аксиологиялық
плюрализм
концепцияларының тарауы бұрынғы жалпы құндылықтар ілімінің негіздерін шайқалтып, олардың құрамына
нақтылы тарихи-мəдени контекст енгізді. Қалыптар мен құндылықтар əрбір мəдениетке өзіндік сипатымен
айқындалғандықтан, бүкіл адамзатқа бірдей тұжырымдалған
мəдениет
кодексін ұсыну мүмкін емес. Алайда,
жалпы қоғамдық ынтымақтастық, үйлесімдік пен келісімді де бекерге шығаруға болмайды, яғни, тұлға үшін
ортақ мақсаттар да қажет (Клахкон). Аксиологиялық зерттеудің маңызды жақтарына психоанализ (Əсіре-Мен,
Құндылық архетиптерін талдау — К.Юнг), құндылықтар сұхбаты (М.Бахтин), т.б. жатады.
12
*
3) Қазіргі заманғы ғылымдар жүйесіндегі мəдениеттанудың алатын орны жəне оның басқа ғылым
салаларымен байланысы. Мəдениеттану жеке пəн ретінде XIX ғасырдың соңғы ширегінде қалыптаса
бастады, сондықтан да оны əлі де болса да буыны бекімеген жас ғылымдар саласына жатқызамыз.
Мəдениеттану — мəдениет туралы ғылым, сонымен қатар философиялық ілім, өйткені ол философияның
басты саласы — мəдениет философиясын қамтиды. Мəдениеттану қоғамда болып жатқан түрлі
процестерді (материалдық, əлеуметтік, саяси, адамгершілік, көркемдік т.б.) барынша қамтып, мəдениет
дамуының жалпы заңдылықгарын, оның өмір сүруінің принциптерін жəне бір-біріне этно-əлеуметтік,
саяси-моральдык,ғылыми-көркемдік жəне тарихи сипаттамаларымен, жағдайларымен ерекшелінетін
алуан мəдениет түрлерінің өзара байланыстары мен тəуелділіктерін зерттейді.
*
Мəдениеттану пəні сонымен қатар жергілікті жəне аймақтық мəдениеттердің сапалық ерекшеліктерін,
олардың өзара байланыстары мен мəдениеттің басқа түрлерімен мирасқорлығын, қарым-қатынасын
зерттей отырып, адамзат баласының біртұтас мəдени даму процесінің жалпы заңдылықтарын анықтайды.
Демек, мəдениеттану пəні түрлі қоғамдар барысындағы мəдени өмірді жан-жақты қамти отырьп,ондағы
басты мəдени процестерге ғылыми тұрғыдан талдау жасайды. Мəдениеттануды тек қана гуманитарлық
ғылымдар саласына ғана емес, жалпы теориялық пəндер қатарына да жатқызуға болады. өйткені бұл пəн
адамзат баласының мəдени өмірдегі толып жатқан құбылыстарын жүйелі түрде қарастырады. Ал мəдени
процестердің мəнін ашып көрсетуде түрлі ғылым салаларының өкілдері, атап айтқанда, этнографтардың,
əдебиетшілердің, социологтардың, психологтардың, тарихшылардың, демографтардың жəне т.б. ат
салысатынын ескерсек, мəдениеттанумен барлық ғылымдар саласының айналысатындығын айқын
аңғаруға болады.
13
14
*
Шындығында да, мəдениеттануға осы уақытқа дейін түрлі ғылым салалары, атап айтқанда, антропология,
психология, тарих, педагогика зор ықпал етті. Енді осы аталған ғылым салаларының мəдениеттануға
қалайша ықпал ететіндігін қарастырып көрейік.
*
Антропологияның басты бағытының бірі — қоғаммен адамды салыстырмалы тұрғыдан зерттеу. Осы
тұрғыдан алып қарағанда, «антропология»мəдениет деген ұғымның мағынасын анықтауда үш жағдайға
назар аударады. Олар:
*
1.Қоғам мен адамның мəдени қалыптасуы (ағартушылық);
*
2.Қоғамдық жəне адамзаттық салт-дəстүрлердің, əдет-ғұрыптардың, қалыптасқан дағдылардың, қоғамдық
мекемелердің жəне т.б. жиынтығы (бірлігі);
*
3.Белгілі бір қалыптасқан мəдени жүйеніңбасқа мəдени құндылықтарға қарсылығы.
*
Мəдениетке антропологиялық тұрғыдан берілген бұл анықтаманы мəдениеттану саласындағы көптеген
сыншылар «жалпылама» деп есептеп, оның эмпирикалық сипатта екендігін баса көрсетеді. Сонымен қатар
олар «əлеуметтік антропология» əлеуметтанудың (социологияның) негізгі əдістері мен үлгілерін қабылдап,
осы ғылымға мүлде бет бұрып кетті деп пайымдап, ал «мəдени антропология» деп аталатын
антропологияның басты саласы — психология мен тарихқа ден қойды деп тұжырым жасайды. Социология
мемлекет, таптар, топтар, сословие жəне одан да ұсақ қоғамдық топтарды этникалық белгілеріне қарай емес,
олардың қоғамда алатын орны мен атқаратын кызметіне қарай зерттейді. Шын мəнісінде, социология
мəдениеттанушыларға қоғамның əлеуметтік əрекетшілігіне байланысты мəдениеттің материалдық жəне
рухани көріністерін дұрыс түсініп, ой елегінен өткізуге көмектеседі.
*
Ұлттық мəдениеттің ойдағыдай зерттелуі этникалық немесе ұлттық психологияның мəліметтеріне де тығыз байланысты
болып келеді. Этнопсихологиялық зерттеулер ұлттық мəдениетті жасаушылардың психологиялық ерекшеліктерін
есепке ала отырып, кез келген ұлттық мəдениеттің өзіне ғана тəн сипатын ашып көрсетуде қомақты табыстарға жетіп
отыр. Мысалы: орыс биінің, аргентин тангосының, негрлер музыкасының терең ұлттық мəнін тамаша рухани
дүниелерді өмірге келтірген халықтың ұлттық мінезін ескергенде ғана толық түсінуге мүмкіндік алған болар едік.
*
Халық туралы жəне қоғамдық факторларға байланысты оның даму заңдылықтары жайындағы демография ғылымының
да мəдениеттануға тікелей қатысы бар. Ұлттық мəдениеттің тоқырауы немесе оның орны толмас ауыр зардаптарға
ұшырауы — қоғамдық-саяси жағдайларға жəне т.б. тікелей байланысты екендігін дəлелдеп жатудың қажеті бола
қоймас, өйткені мың өліп, мың тірілген қазақ халқының өткен тарихы сөзімізге нақты дəлел бола алады.
Достарыңызбен бөлісу: |