Аксиология (
грек
, axios -құнды, logos-
ілім)
-құндылықтардың
табиғаты, олардың
әлеуметтік шындықта аталған орны және құндылық әлемінің құрылымы туралы
философиялық ілім. Мәдениеттануда құндылықтар мәселесі ерекше орын алады, өйткені,
мәдениет адамзат жасаған барлық құндылықтардың жиынтығы деген түсінік кең тараған.
Құндылықтардың
болмыстық
жалпы
мәнін
ашуға
бағытталған
Аксиологияның
философиялық қырынан, оның мәдениеттанулық өлшемі өзгеше болып келеді. Аксиология
әртүрлі өркениеттердің жетістіктерін, мәдени құндылықтардың қалыптасуын, нақтылы
даму тектерін және бағдарларын айқындайтын білімдердің нақтылы-тарихи жүйесі
ретінде көрініс тапты. Бұл әсіресе тарихи мәдениеттануда анық байқалды.
Мәдениет
—
адамдық қарым-қатынастарды реттеудің маңызды тұлғалық әлеуметтік тетігі, ал
құндылық — норма, үлгі, мұраттармен қатар осындай реттеу жүйесінің шешуші элементі
екендігі белгілі. Сол себепті Аксиология әлеуметтік-мәдени талдаудың маңызды құралына
жатады. Қазіргі
мәдениеттануда
құндылықтардың тарихтан тыс әмбебапты жүйелерінен
бас тартып, тарихи әдістеме арқылы тең құқықты құндылықтар жүйелерінің молдығына
негізделген мәдени-тарихи релятивизм мектебі (Дильтей, Шпенглер, Тойнби, Сорокин, т.б.)
қалыптасты.
Салыстырмалы
мәдени
зерттеулердің
дамуы
нәтижесінде
кез
келген
мәдениет
құрылымының,
басымдылықтарының
және
мазмұнының
салыстырмалылығы туралы
идеялар
(Боас, Риверс, Бенедикт) өрістеді. Сонымен қоса,
Аксиологиялық плюрализм концепцияларының тарауы бұрынғы жалпы құндылықтар
ілімінің негіздерін шайқалтып, олардың құрамына нақтылы тарихи-мәдени контекст
енгізді.
Қалыптар
мен
құндылықтар
әрбір
мәдениетке
өзіндік
сипатымен
айқындалғандықтан, бүкіл адамзатқа бірдей тұжырымдалған
мәдениет
кодексін ұсыну
мүмкін емес. Алайда, жалпы қоғамдық ынтымақтастық, үйлесімдік пен келісімді де бекерге
шығаруға болмайды, яғни, тұлға үшін ортақ мақсаттар да қажет (Клахкон). Аксиологиялық
зерттеудің маңызды жақтарына психоанализ (Әсіре-Мен, Құндылық архетиптерін талдау —
К.Юнг), құндылықтар сұхбаты (М.Бахтин), т.б. жатады.
12
*
3) Қазіргі заманғы ғылымдар жүйесіндегі мәдениеттанудың алатын орны және оның
басқа ғылым салаларымен байланысы. Мәдениеттану жеке пән ретінде XIX ғасырдың
соңғы ширегінде қалыптаса бастады, сондықтан да оны әлі де болса да буыны
бекімеген жас ғылымдар саласына жатқызамыз. Мәдениеттану — мәдениет туралы
ғылым, сонымен қатар философиялық ілім, өйткені ол философияның басты саласы —
мәдениет философиясын қамтиды. Мәдениеттану қоғамда болып жатқан түрлі
процестерді (материалдық, әлеуметтік, саяси, адамгершілік, көркемдік т.б.) барынша
қамтып,
мәдениет
дамуының
жалпы
заңдылықгарын,
оның
өмір
сүруінің
принциптерін және бір-біріне этно-әлеуметтік, саяси-моральдык,ғылыми-көркемдік
және тарихи сипаттамаларымен, жағдайларымен ерекшелінетін алуан мәдениет
түрлерінің өзара байланыстары мен тәуелділіктерін зерттейді.
*
Мәдениеттану пәні сонымен қатар жергілікті және аймақтық мәдениеттердің сапалық
ерекшеліктерін, олардың өзара байланыстары мен мәдениеттің басқа түрлерімен
мирасқорлығын, қарым-қатынасын зерттей отырып, адамзат баласының біртұтас
мәдени даму процесінің жалпы заңдылықтарын анықтайды. Демек, мәдениеттану пәні
түрлі қоғамдар барысындағы мәдени өмірді жан-жақты қамти отырьп,ондағы басты
мәдени процестерге ғылыми тұрғыдан талдау жасайды. Мәдениеттануды тек қана
гуманитарлық ғылымдар саласына ғана емес, жалпы теориялық пәндер қатарына да
жатқызуға болады. өйткені бұл пән адамзат баласының мәдени өмірдегі толып жатқан
құбылыстарын жүйелі түрде қарастырады. Ал мәдени процестердің мәнін ашып
көрсетуде түрлі ғылым салаларының өкілдері, атап айтқанда, этнографтардың,
әдебиетшілердің, социологтардың, психологтардың, тарихшылардың, демографтардың
және т.б. ат салысатынын ескерсек, мәдениеттанумен барлық ғылымдар саласының
айналысатындығын айқын аңғаруға болады.
13
14
*
Шындығында да, мәдениеттануға осы уақытқа дейін түрлі ғылым салалары, атап
айтқанда, антропология, психология, тарих, педагогика зор ықпал етті. Енді осы аталған
ғылым салаларының мәдениеттануға қалайша ықпал ететіндігін қарастырып көрейік.
*
Антропологияның басты бағытының бірі — қоғаммен адамды салыстырмалы тұрғыдан
зерттеу. Осы тұрғыдан
алып қарағанда, «антропология»мәдениет деген ұғымның
мағынасын анықтауда үш жағдайға назар аударады. Олар:
*
1.Қоғам мен адамның мәдени қалыптасуы (ағартушылық);
*
2.Қоғамдық
және
адамзаттық
салт-дәстүрлердің,
әдет-ғұрыптардың,
қалыптасқан
дағдылардың, қоғамдық мекемелердің және т.б. жиынтығы (бірлігі);
*
3.Белгілі бір қалыптасқан мәдени жүйеніңбасқа мәдени құндылықтарға қарсылығы.
*
Мәдениетке антропологиялық тұрғыдан берілген бұл анықтаманы мәдениеттану
саласындағы көптеген сыншылар «жалпылама» деп есептеп, оның эмпирикалық сипатта
екендігін баса көрсетеді. Сонымен қатар олар «әлеуметтік антропология» әлеуметтанудың
(социологияның) негізгі әдістері мен үлгілерін қабылдап, осы ғылымға мүлде бет бұрып
кетті деп пайымдап, ал «мәдени антропология» деп аталатын антропологияның басты
саласы — психология мен тарихқа ден қойды деп тұжырым жасайды. Социология
мемлекет, таптар, топтар, сословие және одан да ұсақ қоғамдық топтарды этникалық
белгілеріне қарай емес, олардың қоғамда алатын орны мен атқаратын кызметіне қарай
зерттейді. Шын мәнісінде, социология мәдениеттанушыларға қоғамның әлеуметтік
әрекетшілігіне байланысты мәдениеттің материалдық және рухани көріністерін дұрыс
түсініп, ой елегінен өткізуге көмектеседі.
*
Ұлттық мәдениеттің ойдағыдай зерттелуі этникалық немесе ұлттық психологияның мәліметтеріне
де тығыз байланысты болып келеді. Этнопсихологиялық зерттеулер ұлттық мәдениетті
жасаушылардың психологиялық ерекшеліктерін есепке ала отырып, кез келген ұлттық
мәдениеттің өзіне ғана тән сипатын ашып көрсетуде қомақты табыстарға жетіп отыр. Мысалы:
орыс биінің, аргентин тангосының, негрлер музыкасының терең ұлттық мәнін тамаша рухани
дүниелерді өмірге келтірген халықтың ұлттық мінезін ескергенде ғана толық түсінуге мүмкіндік
алған болар едік.
*
Халық туралы және қоғамдық факторларға байланысты оның даму заңдылықтары жайындағы
демография ғылымының да мәдениеттануға тікелей қатысы бар. Ұлттық мәдениеттің тоқырауы
немесе оның орны толмас ауыр зардаптарға ұшырауы — қоғамдық-саяси жағдайларға және т.б.
тікелей байланысты екендігін дәлелдеп жатудың қажеті бола қоймас, өйткені мың өліп, мың
тірілген
қазақ
халқының
өткен
тарихы
сөзімізге
нақты
дәлел
бола
алады.
Достарыңызбен бөлісу: |