57
Әлемнің физикалық бейнесі
әлемнің жаратылысының ғылы-
ми бөлігі болып табылады. ӘФБ ұғымдық құрылымының ма-
ңызды компоненттері ретінде: материя, кеңістік пен уақыт, өзара
байланыс пен өзара әрекеттесу
туралы философиялық идеялар,
сонымен қатар, физикалық теориялар арасындағы өзара
байланыстарды бейнелейтін іргелі физикалық идеялар мен
ұстанымдар болып табылады. Әлемнің
физикалық бейнесінің
компоненттері:
1. бастапқы философиялық ұғымдар
2. физикалық теориялар
3. физикалық теориялар арасындағы байланыстарды сипат-
тайтын ұстанымдар.
Физика тарихында әлемнің үш физикалық бейнесі болды.
Бұлар:
механикалық, электродинамикалық және кванттық-өріс-
тік. Олардың әрбіреуі материя, кеңістік пен уақыт, қозғалыс пен
өзара әрекеттесу жөнінде түсініктерімен сипатталады. Олардың
әрқайсысына теорилар мен заңдардың белгілі бір жүйесі енеді.
Әлем бейнесінің ауысуы – осы түсініктердің сапалы әрі түбегейлі
өзгеруіне алып келеді.
Әлемнің физикалық бейнесінің
құрылымдық элементтерінің
бірі физикалық теория болып табылады. Кез-келген білім өзінің
табиғаты жағынан жүйелі, яғни белгілі бір элементтерден тұрады,
білімнің басқа да элементтерімен байланыста, дамуға қабілетті.
Физикалық теорияны ерекшелендірір
тұратын белгілері -
ұғымдар жүйесінің тұйықтығы болып табылады. Әрбір теория
айрықша бастапқы ұғымдарға,
анықтамаларға, аксиомаларға,
теорияны талдаумен байланысты математикалық аппарат пен
идеяларға ие. Әртүрлі теориялардың әртүрлі топтастырулары
болады. Олардың ішінде Гейзенбергтің
топтастыруында төрт
іргелі теориялар бөлініп көрсетіледі:
- Ньютон механикасы;
- Статистикалық механика;
- Электродинамика
(толқындық
оптика
мен
арнайы
салыстырмалылық теориясы);
- Кванттық теория.
Іргелі теориялардан басқа тарихи аспектіде солардың пайда
болуының негізі болып табылатын
жеке теориялар немесе жеке
теориялық cұлбалар бар.