А. А. Құбаева Б. С. Мектепте физика курсын о Қ ытуды Ң теориясы мен Ә дістемесі Орал, 2012 2



Pdf көрінісі
бет91/93
Дата17.09.2023
өлшемі1,4 Mb.
#108294
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   93
Байланысты:
ФӘО

Кештің түрлері.
7-8 сыныптар үшін сыныптан тыс 
жұмыстардың тәжірибесінен үлкен қолдау тапқан кештер – 
қызықты физика, физика-техникалық кештер, тақырыптық және 
мерейтойлық күндерге арналған кештер болады. 
Қызықты физика кеші әсіресе 7-8 сынып оқушылары үшін 
ерекше орын алады. Бұл түсінікті де: 13-14 жастағы мектеп 
оқушыларын, олардың қиялын баурап әкететін ғажайып 
құбылыстар әуестендіреді. Алайда мұғалім кешті тек бір сарынды 
«ғажайыптармен» ғана ұйымдастырмауы керек. Өйткені кештің 
негізгі принципі оның мазмұндылығында болуы керек, әйтпесе 
кеш тек сыңар жақ көріністермен ғана шектеліп, өзінің танымдық 
маңызын жоғалтуы мүмкін. 
Кештің мақсаты
 -
«Атмосфералық қысым» мен «Архимед 
күші» деген тақырыптардың мазмұнын оқушылардың терең 
түсінуіне көмек ретінде, физикалық құбылыстар мен заңдар 
кейде күтпеген жағдайдың өзінде анықталып, демонстрация-
ланатыны бақылау және әсерлі деген физикалық тәжірибелерді өз 
бетінше істеуге мүмкіндік беріп отыру арқылы олардың ынта – 
ықыласын арттыру. 


188 
 Кештің жоспары.
Тақырыптық физика кешін өткізу мынадай кезеңдерден 
тұрады: I.Дайындық кезеңі (1-1,5 ай): а) мұғалім мен кешті 
басқаратын оқушылар тобының кештің жоспарын жасауы;
ә) баяндамашыларды бөлу; б) тәжірибелер мен экспериментті 
таңдап алып, даярлау; в) конкурс пен викторинаға есеп-сұрақтар 
таңдау; г) иллюстративті материалдарды қолдан жасау; д) көр-
кемөнерпаздарды жаттықтыру; е) кештің бағдарламасы көрсе-
тілген көркем жазылған хабарландыруды күні бұрын (5-6 күн) 
іліп қою. II. Кешті өткізу кезеңі (1-1,5 сағат): а) кеш өтетін 
бөлмені безендіру; ә) кештің негізгі бөлімдеріне жауапты 
оқушылардың есебін тыңдап, талдау; б) кешті өткізудегі 
кемшіліктердің себептерін ашып көрсету;
ІІІ. Кешті қорытындылап, бағалап, келешекке бағыт-бағдар 
көрсету.
Мектеп оқушыларымен мектептен тыс жұмыс формалары 
ішіндегі ең маңыздыларының бірі – оларды техникалық шығар-
машылыққа тарту болып табылады. Сабақтарда уақыттың көп-
шілік бөлігі оқушылардың жеке жұмыстарына кетеді, ал аз бөлігі- 
баяндамаларға, сөз сөйлеулерге, үйірмешілердің есептеріне жұм-
салады. Үйірменің ұйымдастырушылық жұмыстарына оқушы-
лардың өздерін тарту керек, старостаны, оның орынбасарларын, 
үйірме хатшысын тағайындау қажет. 
Конференция- ұжымның үлкен шығармашылық жұмысының 
қортындысы. Конференцияны өткізудің әдістемесі тақырыбы мен 
қойылған мақсатына орай әртүрлі болуы мүмкін. Жоғары сынып 
оқушылары үшін конференция бірнеше ай бойы өткен физика 
курсының немесе үлкен тарауды, тақырыпты меңгеру жұмысы-
ның қортындысы немесе тіпті бүкіл оқу жылының қортындысы 
да болып табылады. 
Физика бойынша олимпиадалар. 
Оқушылардың физикаға деген қызығушылықтары мен шығар-
машылық қабілеттерін дамытудың маңызды формалары ретінде 
физикалық олимпиадалар болып табылады. Олимпиадалар - 
сыныптан тыс жұмыстың жалпы мойындалған және көпшіліктік 
формасы болып табылады. Оларды қазіргі кезде көптеген пәндер 
бойынша еліміздің барлық аймақтарында ұйымдастырылады. 
Олимпиадалар оқушылар арасында кеңінен танымал, себебі оларға 
өз күштерін сынауға және жарысқа қатысуға мүмкіндік береді. 
Маңыздысы, олимпиада мақсаттары тек дарынды оқушыларды 


189 
анықтау ғана емес, сонымен қатар, оқушылардың басым көпші-
лігінде физиканы оқуға деген қызығушылықтарын оятуға жағдай 
туғызу екендігін естен шығармаған жөн. 
Олимпиадалар ұйымдастыру мен өткізуде келесі дидакти-
калық және тәрбиелік мақсаттар көзделеді:
- пәнге деген тұрақты қызығушылықты туғызу; 
- бұрын өткен материалды жүйелендіру мен қайталау; 
- оқушыларда рационалды физикалық ойлауды дамыту; 
- табандылық, мақсатқа тырысушылық, қиындықтарды жеңу 
сияқты сапаларды тәрбиелеу; 
- жоғары сынып оқушыларына мамандықты таңдауда көмек 
көрсету. 
Олимпиада нәтижелері бойынша ең қабілетті деген жастарды 
елдің жоғары оқу орындарына ұсынуға мүмкіндік туады. 
Физика бойынша олимпиадалар қазіргі кезеңде бес кезеңде 
өткізіледі.
1-ші кезең – мектепішілік олимпиадалар. Олар мұғалімдердің 
күшімен оқу жылының бірінші жартыжылдығында өткізіледі, 
оған қатысуға ниет білдірген оқушылардың барлығы қатыс-
тырылады.
2-ші кезең – аудандық, қалалық олимпиадалар. Бұл кезең 
өлкелік, облыстық ұйымдастыру комитеттерімен құрастырылған 
тапсырмалар бойынша желтоқсан-қаңтар айларында өткізіледі. 
3-ші кезең - өлкелік, облыстық олимпиадалар. Бұл кезеңді 
облыстық комитеттер қаңтар-ақпан айларында өткізеді. 
4-ші кезең – аймақтық. Ол наурыз айында өткізіледі. 
5-ші кезең – қортынды. Ол сәуір айында өткізіледі. Онда 
аймақтық олипиадада жеңіске жеткендер қатысады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   93




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет